Материалдар / Апталық циклограмманың таңғы жаттығу бөліміне өзгеріс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Апталық циклограмманың таңғы жаттығу бөліміне өзгеріс

Материал туралы қысқаша түсінік
ПШО курсн окып жүрген тірбиешілерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2023
194
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда қаласы ПШО «ЖМ » филалы



Апталық циклограмманың таңғы жаттығу бөліміне өзгеріс

Өзгерісті алуымның себебі менің тобымда Заңғар есімі бала мазасыз жаттығу жасағысы келмейді . Топқа араласпай жеке дара өзбетінше ойнағанды жақсы көрді .Заңғардың қызығушылығын ояту , және топқа қосу барысында таңғы жатттығуды музыкалық ырғақпен «Тірек таяқшалар» жаттығуын алдым . Заңғар музыкалық ырғақтарға еліктеп қызығушылық таныта бастады . Баланың жас ерекшелігіне ескере отырып «Шар үрлеу» арқылы тыныс алу жаттығуын жасатым . Заңғарды топқа араластыру үшін, балалардың дербес іс- әрекет кезінде «Өз үйіңді тап»еркін ойын ойнатуды ұйғардым.

Екінші өзгеріс циклограмма аясында күннің режимдік сәті шығармашылық дағды бойынша сурет салу .

Нұрислам сурет салу барысында өз еркімен сурет салуға еш қызығушылық танытпады . Балалардан оқшау ештеңе жасамай отырғанын байқадым. Сол себепті мен Нұрисламға қызығушылығын ояту үшін дәстүрден тыс сурет салу технологиясын қолдана отырып балаға гуашь,трофареттер,үрлеу таяқшаларын және мақта таяқшаларын шығармашылық орталыққа орналастырдым . Нұрисламды балалармен қарым- қатынас жасау үшін , балалармен топтық ойын ойнатуды дұрыс деп таптым . күнің екінші жартсында балалардың іс -әрекеті барысында « Суретті ата » ойынын алдым .Ойын алғандаға себебім баланы ойын , арқылы сурет салу дағдысын дамыту .

Сурет салуға деген қызығушылығын ояту ,түстерді ажырата білуге дағдыландыру . Нұрисламның сурет салу барысында мақта таяқшасын дұрыс пайдалана білуге, гуашты дұрыс қолдануға қалыптастыру .

Таңғы жаттығу кезінде Заңғардың қызығушылығын дамыту үшін мен жаттығуды музыкалық ырғақпен жасаттым .

Заңғарға музыкалық ырғақпен жасаған жаттығу ұнады сондықтан әрі қарай дамыту үшін жаттығуды балалармен бірге «Тірек таяқшалармен » жасаттым . Жаттығу барысында Заңғар балалармен бірге топпен бірігіп таяқшалармен музыка арқылы әр түрлі жаттығулар жасады

Музыка мен жасалған жаттығу Заңғарға ұнады таяқшаларды дұрыс пайдалана білді, және балалармен топтық қарым -қатынас түсті. Заңғарды , балалармен жақсы байланыс орната білді ырғақты музыка арқылы , «Шарды үрлеу» жаттығулары арқылы баланың бойында достарына деген жақсы қарым - қатынас қалыптасты. Мазасыздығы бәседеп өзін- өзі бағалауы артты жаттығу барысында ортаға тез қалыптасты .

Күнің екінші жартсында балалардың дербес іс -әрекеті барысында Заңғарға балалармен бірге еркін ойын алдым « Өз орныңды тап » ойынға қызығушылық танытып достарымен бірлесе ойнады. Заңғар ойын барысында ортаға қалыптаса бастады . Сұрақ ,жауап арқылы кері байланыс орната білді, ойында бала өзін- өзі бағалай алды.Заңғар балалармен кері байланыс жасады .Балалармен топтық қарым қатынасқа түсе білді достарымен ойнау қызықты болды .

Шығармашылық дағды бойынша сурет салу барысында Нұрислам сурет салуда кезінде сурет салғысы келмей, қызығушылық танытпады. Нұрисламның сурет салуға қызығушылығын ояту үшін шығармашылық орталықта , дәстүрден тыс сурет салуды технологиясын қолдана отырып сурет салдырдым . Нұрислам үшін тиімді тұстарын ойластыра отырып өз қалауы бойынша сурет салуды ұйғардым. Нұрислам сурет салу барысында мақта таяқшамен жұмыс жасауды қалады . Мақта таяқшамен сурет салу Нұрислам үшін тиімді болды . Сурет салуға қызығушылық танытып сурет салуды аяқтауға үшін белсенділік танытты .Топпен жұмыс жасау барысында қызығушылық танытпады, жеке жұмыс жасағанды тиімді деп санады .Нұрисламды топқа қосу үшін күнің екінші жартсында балалардың іс әрекеті барысында балалармен «Суретті ата» топтық ойын , ойнау балаға тиімсіз болды өз –өзімен, топқа қосылғысы келмеді , балалармен қарым- қатынасқа түсе алмады . Нұрислам жеке жұмыс пен топтық жұмысты ұштастырғысы келмеді . Топпен сурет салуға қызығушылығы жоқ екенін байқауға болады .Нұрислам өз бетінше жеке жұмыс жасауға қызығушылық танытты .Нұрисламды алдағы уақытта топтық кіріктірілген ойындарға, саханалық қойылымдарға қатыстыру керек екенін білдім . Топпен ойын Нұрисламға тиімсіз болды . Топтық қарым -қатынасқа түсу үшін, баланы ортаға бейімдеу керек деп шештім . Баланы ортаға бейімдеу үшін сөздік қорларын кеңейту , сөйлемді басынан аяғына дейін толық айтуды , қалыптастырдым .Бала өз қиялын жеткізу үшін , баланың өзіне ерік бердім .

Тиімді жақтары Заңғар жаттығу бары сында балалармен жақсы қарым қатынас жасай білді . Нұрисламның жеке жұмыс барысында сурет салуға қызығушылығы артты .

Тиімсіз тұстары Заңғарға сұрақ қойғанда қысқа я, немесе жоқ деп жауап берді . Нұрислам сурет салу барысында топпен қарым қатынасқа жасауға қызығушылық танытпады ,оған топпен жұмыс жасау қызықты болмады .

Өз тәжірбиеме сүйене отырып балаларға дайын нәрсені бермей өзіне жасату керек деп ойлаймын .

Балалардың есту ,көру , есте сақтау қабілеттерін артыру үшін АКТ технологиясын көбірек қолдану керек деп ойлаймын .



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!