Материалдар / Апталық жоспар, анықтамасымен, бірінші тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Апталық жоспар, анықтамасымен, бірінші тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылына біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында айлық, апталық жоспар анықтамасымен, бірінші тоқсан бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2024
93
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

1 қыркүйек – «Білім күні»

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні.

Қазақ тілтанушысы, филология ғылымдарының докторы Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл (17.08.1924–04.07.2020).

Тарихшы–этнографХалел Арғынбаевтың туғанына 100 жыл (21.09.1924–08.08.1998).

Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл (10.09.1894–1939).

* Ұсынылған жоспарды білім беру ұйымы өңірдің, ұйымның ерекшеліктеріне, білім алушылардың қажеттіліктеріне орай толықтыра алады.

** Ұсынылған жоспарға сәйкес сынып сағаттарының, мектепішілік шаралардың мазмұны, өткізу түрі, орны, әдіс-тәсілдері ұйым ерекшеліктеріне, білім алушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес білім беру ұйымдары дербес таңдай алады.

***Білім беру ұйымының типін және ерекшелігін ескере отырып, сынып сағаттарын сабақ кестесіне қою және оны жүйелі өткізу ұсынылады.

****

Апта сайынғы әр сынып сағатының соңында немесе басында 10 минут қауіпсіздік сабақтарына арналады.





Р с

Іс шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімдері

1

Білім күні.

«Мектебім – мейірім мекені!»

«Менің Отаным-Қазақстан!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Салтанатты іс-шара.



сынып сағаты

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

Қыркүйектің 1 аптасы

2

1. «Тілім менің ғасырларға аманат»

(А.Байтұрсыновтың туған күніне орай)



2. Қазақ тілтанушысы, филология ғылымдарының докторы Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл (17.08.1924–04.07.2020)

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған жалпы мектептік іс-шара

Гуманитарлық цикл пәндер мұғалімдері

Қыркүйектің 1 аптасы

3

Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру.



Ата аналар жиналысы

Балалар буллинг, кибербуллингтің құрбаны болғанда не істеу керек?






Жалпы ата-аналар жиналысы



жадынама тарату

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, педагог-психолог,әлеуметтік-педагог

Қыркүйектің 1 аптасы

4

Аналар күніне орай сынып сағаты

1-11-сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)




Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Қыркүйектің 2 аптасы.

5

«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі

Отбасы күніне арналған челлендж

тәлімгер, сынып жетекшілері

Қыркүйектің 2 аптасы

6

1.Буллингтен қорған. «Буллинг және оның түрлері»

2. Қауіпсіз қоғам. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылыққа арналған видеороликтер көрсету.



2. Жарнама әсерлеріне бейімделу, тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?



3. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында «Электрондық темекінің зияны» туралы


Жиын 4,8-11-сынып.

Ақпараттық сағат

Тәрбие ісі жөн.орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік-педагог, Сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен (ІІД және т. б.) бірлесіп

Қыркүйектің 3 аптасы

7

Буллинг және оның алдын алу. 1-11-сынып

Қауіпсіздік сабағы (10минут)

«Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа- райында не істек керек?

(қадамдық жоспардан алынды)

сынып сағат

Сынып жетекші

Қыркүйек

3 аптасы

8

Еңбек түбі-береке. 1-11-сынып.

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Еңбек күніне арналған сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Қыркүйектің 4 аптасы


9

Әлеуметтік желілерде құмар ойындардың зияны туралы (#лудомания,менқұмаройындарғақарсымын) хештегтермен материалдар орналастыру.

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

Педагог-ұйымдастырушы,педагог-психолог,сынып жетекші

Қыркүйек

4 аптасы

10

Учаскелік полиция инспекторларымен бірге жастар көп шоғырланатын аймақтарға рейдке шығу

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

Полиция бөлімі

Мектеп әкімшілігі

Сынып жетекшілері

Ерікті жастар

Жыл бойы

11

Наркобекет жұмыстарының қызметін ұйымдастыру

Жылдық жоспары

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

Мектеп әкімшілігі

ДТІЖО

Мектеп тәлімгері

Сынып жетекші

Жыл бойы

12

  1. Білім алушының құмар ойынға бейімділігін анықтау, ішкі есепке алу, жеке жұмыстар жүргізу



  1. Құмар ойынға тәуелділікке байланысты білім беру ұйымдары психологиялық қызметі мен жеке және отбасылық кеңес беруге психолог сағатын ұйымдастыру

бақылау









Фотоесеп, анықтамасы

Мектеп әкімшілігі

Педагог-психолог

Жыл бойы

13


Медиация жұмысын жандандыру


Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

Мектеп әкімшілігі


Жыл бойы қыркүйек

14

Тарихшы–этнограф Халел Арғынбаевтың туғанына 100 жыл (21.09.1924–08.08.1998)


Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

Тарих пәні мұғалімдері

қыркүйек

15

Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл (10.09.1894–1939).

Сыныптан тыс іс-шара Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

8-10-сынып жетекшілері

қыркүйек

01 – 06 қыркүйек аралығында орындалатын жұмыстар.

Апта дәйексөзі: Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына

(Мұзафар Әлімбаев)


р/с

Апта күндері

Атқарылатын жүмыстар

Формасы

Жауаптылар

1



01.09.24ж

02.09.24ж

Білім күні.

«Мектебім – мейірім мекені!»

«Менің Отаным-Қазақстан!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Салтанатты іс-шара

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

2

03.09.24ж

1. «Тілім менің ғасырларға аманат»

(А.Байтұрсыновтың туған күніне орай)


2. Қазақ тілтанушысы, филология ғылымдарының докторы Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл (17.08.1924–04.07.2020)

«Жол қауіпсіздігі – басты міндет

Сынып сағаты

Қазақстанхалқытілдері

күнінеарналғанжалпы мектептік іс-шара


Сынып жетекшілері

Гуманитарлық цикл пәндер мұғалімдері

3

04.09.24ж

Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру.



Ата аналар жиналысы


Ата-аналаржиналысы, хаттама

дөңгелек үстел

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, педагог-психолог,әлеуметтік-педагог

4

05.09.24ж

«Аналар мектебі» , «Әкелер мектебі» жобасы қызметін жұмысын құру,

ұйымдастыру


Үнемді тұтыну айдары


Хаттама, жоба жоспары



Түсіндірме жұмыс

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынып жетекшілері


ДТІЖО

тәлімгер

5

06.09.24ж

Кәмелет жасқа толмағандар

арасындағы құқықбұзушылық, зорлық- зомбылық, буллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу бойынша

сауалнама жүргізу.


Сауалнама нәтижесі








Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары педагог-психолог әлеуметтік педагог

5-11 сынып жетекшілері

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

1 қыркүйек — Білім күні құтты болсын!


Бүгін, 01.09.2024 ж 10:00-де Білім күніне арналған "Мектебім - мейірім мекені "тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен 1,11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара өткізілді.

Мақсаты:

білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру;

қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету.


Жаңа оқу жылының салтанатты шарасындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең жолдарын арнады. Күмбірлете соғылған қоңырау үні оқушыларды, мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндерін жаңа қадамға талпындырып, жаңа оқу жылының алғашқы сабағына шақырды!

Білім — игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің негізгі көзі. Кемел келешекке қадам басқан Тәуелсіз қазақ елінің әрбір азаматы терең біліммен қаруланып, туған жерінің айбыны, мектептің мақтаны болуға міндетті.

Ұлттық құндылықты бойларына сіңірген өрендеріміздің өресі биік болсын!

Білім күні мерекесі құтты болсын!

Білім көзін ашатын, балдырған шәкірттеріміздің асыға күткен алтын ұя мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып бүлдіршіндері бұл мерекенің көркін келтірді.

Қасиетті білім ордасының ұстаздарының биік дәрежеге жетуі ұстаз алдындағы оқушы арқылы танытатын болса мектеп жетістіктері толағай табыстармен өзінің жоғары бастамалары арқылы биік беделге ие болатынын тілге тиек еткен мектеп директоры 1 сыныпқа қабылданған бір топ шәкірттер қоңырау қағып, барша мектеп ұстаздарын білім күнімен құттықтады.


" МЕНІҢ ОТАНЫМ– ҚАЗАҚСТАН"

Мектеп оқушыларымен 2 қыркүйек күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-11 сыныптарында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сабақтары ҚР Мемлекеттік Әнұранымен, апта дәйексөздерімен басталды.

Мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Білімге деген құндылықты қалыптастыруға, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылысты арттыруға бағытталған сабақтарда оқушылар Отан, Туған жер туралы өлеңдерін оқып, видеороликтер тамашалады және тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. «Отанға деген құрмет отбасынан бастау алады» тақырыбында ой бөлісті. Сынып сағаты қауіпсіздік сабағымен аяқталды.

Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталды. Оқушыларға патриоттық сезімді ояту мақсатында Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, сонымен қатар, аумағы, облыстары туралы видеоролик, презентация көрсетіліп, сынып жетекшілер тарапынан түсінік жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сай "Қауіпсіздік сабақтары" өткізілді.










Тілім менің ғасырларға аманат

5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Тілім менің ғасырларға аманат" атты мерекелік іс -шара өтті.

Мақсаты: Оқушылар туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз ана тілін, туған жерін аялауға тәрбиелеу. Ана тілін сүюге, құрметтеуге баулу.

Бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ахметтің әрбір даналы сөзі ғасырлар көшінен ұрпаққа қалдырған ұлы аманаты. Тіліміздің мерейін асқақтатуда мектеп өнерпаздары тақырып аясында қара өлең оқып, әсем әндерін көрермен назарына тарту етті.

Тіл-тұнық ойдың кәусары. Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл мерекесі біз үшін еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл"деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөздерінде терең мағына жатыр.

Жұмыс барысында: баяндамалар тыңдалды, жатқа тіл туралы өлеңдер оқылды, тіл мәртебесі мен қолданылуы төңірегінде пікір бөлісті, мақал- мәтелдер айтып жарысты. Шара барысында оқушылар белсене қатысып, тақырып төңірегінде өз қызығулықтарын көрсетті. Ана тіліміздің абыройы асқақтай берсін

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа арнаған дәстүрлі жолдауында «Мемлекеттік тіл» мәселесін назардан тыс қалдырмай, қазақ тілінің қолданыс ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқандығын жеткізді. Дегенмен, ел президенті бүгінгі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауында да қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретіндігін және ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін ерекше атап өтті.

Қоғамда жиі талқыланып жүрген, көптің көкейіндегі мәселелер барынша қамтылған жолдауда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін арттыру бағытындағы бағдарымызды айқындап берді.


Қазақ тілтанушысы, филология ғылымдарының докторы Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл (17.08.1924–04.07.2020)

Қазақ тілтанушысы, филология ғылымдарының докторы Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл толуына байланысты 7 "А" сыныбында дөңгелек стол өткізілді. Дөңгелек стол үстінде оқушылар ғалымның өмірбаяны мен зерттеу жұмыстарымен танысып, білімін шыңдады. Ғалым анамыздың ғибратты жолы жас буынға үлгі екені айтылды Рәбиға Сәтіғалиқызының тіл білімі саласына қосқан үлесі телегей теңіз.

Қазақ тілін насихаттау, тілдің сөз мұхитына ұрпақты терең бойлатуды мақсат етіп, ұлтқа зор еңбек сіңірген, руханияттағы ғажайып бірегей тұлға, ардақты ұстаз, академик Рәбиға Сәтіғалиқызының тұлғалық бейнесін таныту мақсатында,қалалық балалар кітапханасында бейне-шолу дайындалды.

Көрнекті ғалым Рәбиға Сыздықова өзінің еңбек жолында,қазақ сөзінің тарихы мен түп-төркінін бір-бірімен сабақтастыра толғап, бүгінгі ұрпақ үшін мағынасы бейтаныс сөздерді сөйлетті. Батырлар жыры, лиро-эпостарда, ауызша тараған ғақлияларда бар сөздердің мағыналық қыр-сырын аршып берді. Өйткені ғалым өзінің ғылым-ғұмырында тіл — халықтың тарихының, ұлттық ерекшеліктердің айнасы, бабадан келе жатқан мұра, ал сөз — тілдің өміршеңдігін сақтап қалудың өзегі деп танып, осыны жаңа замандағы тілдер тайталасына араласқан бүгінгі ұрпақтың көкірегіне сәуле етіп шашуды мақсат еткені кеңінен әңгімеленді.Зиялы қауымның ғалым туралы ой-пікірлеріне сүйенсек,жазушы

Ғ.Мүсірепов «Тіл мәселесіне күйіп-жанып араласып келе жатқан нағыз ғалым адам- Рәбиға Сыздықова» деген болатын. Әбу Сәрсенбаев: «Сенде ғажайып жан сұлулығы бар» десе, Кәкімбек Салықов: «Ұлттық тіл әлемін шарлаған, Рәбиға – ғарышкер деп қалам» деп,бағаласа, Әбіш Кекілбаев: «Ұлттық руханиятымыздың ең биік шынарларының біріне» теңеді. Мұзафар Әлімбаев:«Өзі – бір институттың сыбағасы, Өзі – бір кітапхана, терең білім!» деп, Рәбиға Сыздықованың еңбегіне үлкен баға берді.Бүгінде ғылымның қарыштап дамыған шағында,ғалымның ғылыми мұралары ұлт руханиятының көкжиегінде жарық жұлдыз болып шырағын жағып тұра берері анық екені алға тартылды.


«Жол қауіпсіздігі – басты міндет»


Мектебімізде балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жол белгілерін ажырату дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Абайлаңыз, балалар!"жедел профилактикалық іс-шарасы негізінде оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету, көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында "Жол тәртібін, білейік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен бірге, мектеп инспекторлары мен мұғалімдер тарапынан балаларға жол қозғалысы ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Байлығымыз – балалар. Ал, олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал.


АПҚО аясында: «Ата-ананың мектептегі бір күні» жалпы

мектепішілк жиналыс 1-11 сынып

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен мектептің бірлескен әрекетінде екені ешуақытта күмән туғызбайды. Ата-аналармен жұмыстың бір түрі – жиналыс болса, соны өткізудің дәстүрден тыс үлгісі мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты жаңа белестерге бастайтыны сөзсіз. Осы бағытта мектеп әкімшілігі мен 11-сынып жетекшілерінің бастамасымен 11 «А» сыныбының, 1 қазан, жексенбі күні 11 «Б» сыныбының ата-аналарымен кезекті жиналысын өткізді.

Өзгеше форматта өткізілген басқосуда ата-аналар арнайы ұшақпен бірнеше аралдарға саяхат жасады. Ұшақтың әуелі аялдаған аралының атауы - «Балалық шақ». Бұл аралда ата-аналар мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұйымдастыруымен «Жылулық нұры» тренингіне қатысты. Бір-бірмен танысып, жылы лебіздерін арнады. Келесі «Біз бір отбасы» айдарындағы тапсырмада топ-топқа бөлінген ата-аналар топ басшысының қабырғадағы үлкен айнаға салып бастаған суретінің желісін ара қарай дамытып, белгілі бір тақырыпта түрлі көріністерді қыл қаламмен өрнектеп берді. Өздері салған суретінің беретін мағынасын түсіндірді. Ата-аналардың салған суреттерінің барлығы да бала тәрбиесіне қатысты және ойлары бір арнаға тоғысып, бір-бірін толықтырып тұрғандығымен ерекшеленді. «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбындағы тапсырмада жұмған көзбен шарларды жинау бәсекесінде бала рөліне енген ата-аналар өздері де балалық шаққа бір саяхаттап қайтты.

Алғашқы аялдаған аралдағы қызықты шаралардан соң, көкке қайта самған ұшағымыз «Мамандықтар әлемі» аралына келіп қонды. Мұнда қонақтарды күтіп алған 11 «А» сыныбының жетекшісі және 11 «Б» сыныбының жетекшісі алдағы ҰБТ-ға дайындық барысы, жоғарғы оқу орындары және ондағы оқытылатын мамандық түрлері, болашақтың мамандықтары жайында слайдтар көрсетіп, балалардың алдағы жауапты науқанға дейінгі қалған уақытты тиімді пайдалануын қадағалауды ұсынды. Мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары өткен оқу жылындағы ҰБТ қорытындысына талдау жасап, биылғы ҰБТ-дағы өзгерістермен таныстырды.

Бүгінгі әуе жолымен жасалған саяхаттың соңғы нүктесі «Бақытты ата-аналар» мекеніне келген ұшақ жолаушыларына алдарында жайылған хаттардың ішінен өзіне жазылғанын тауып алу міндеті тұрды. Бұның бір ерекшелгі балалар хаттың сыртында ата-аналарының аты-жөнін емес, үйдегі өздерін еркелетіп атайтын есімдерін жазған. Хатты үйге барған соң ғана ашып оқу керектігі ескертілді. Бұдан кейін 11-сынып оқушыларымен түсірген бейнеролигі лэд экран арқылы көрсетілді. Онда биылғы түлектер ата-аналарына деген сүйіспеншіліктерін айтып, үкілі үміттерінің ақталуына сенім білдірген жүрекжарды лебіздері өте әсерлі шықты. Кері байланыс беру, пікір алмасу кезеңінде ата-аналар оқушылардың жетістікке жету жолындағы және дайындық сабақтарына қатысты тиімді ұсынысын жеткізді. Кезекпен пікірлерін білдірген ата-аналар бүгінгі жиналыстың ерекше болғандығын, көптеген мағлұматтарға қаныққандықтарын, жиналыс үлгісі, өткізудегі әдіс- тәсілдер, ақпараттық- технологияны тиімді пайдаланудағы мектеп-лицей қызметкерлерінің шеберліктеріне риза болғандықтарын баса айтты. Жиналысты қорытындылаған мектеп директоры бүгінгі айтылған ұсыныс, пікірлердің барлығы да қаперге алынатынын, түлектердің ҰБТ-ға дайындығын жетілдіру, нәтижеге бағытталған жұмыстардың күн тәртібінен түспейтіндігін атап өтті. Бүгінгі ерекше форматтағы жиналысқа қатысқан ата-аналарға алғысын білдіріп, алда бұндай басқосулар тағы да ұйымдастырылатынын, ұрпақ тәрбиесіндегі жұмыстарды бірлесе атқарғанда ғана жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге болатындығын білдірді.

Бала - ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. Мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынасын, ынтымақтастығын жүзеге асыруда ата-ана мен ұстаздар негізгі рөл атқарады. Әр отбасының мектеппен бірлесе бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру үшін бұндай жиналыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.


«Аналар мектебі» , «Әкелер мектебі» жобасы қызметін жұмысын құру,

ұйымдастыру


Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі.

Отбасы – адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Адамды қалыптастыратын, оны тұлға етіп шығаратын басты институт. Әрбір істің, әр жақсылықтың бастауында отбасы тұрады. Отбасы басқадай ешнәрсемен өзгертуге және орнын толтыруға болмайтын өте қажетті баспалдақ, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Аналар мектебі» , «Әкелер мектебі» жобасы қызметін жұмысын құру, ұйымдастыру туралы таныстырылым жасады.

Таныстырылымда мектебіміздегі ұлттық жобалар, “Данышпан” аталар, “Кимешек” әжелер, “Тірек” әкелер, “Мейірім” аналар мектептерінің жұмыстары таныстырылды.

Таныстырылым ата-аналар дайындаған концерттік бағдарламамен өз мәресіне жетті. Аталмыш шарадан оқушылардың отбасындағы әке мейірімі, аға қамқорлығына қанық болып тәрбиеленіп келе жатқанына көз жеткіздік.

Бала тәрбиесіне отбасындағы әр адам дәл осылай аса мықты жауапкершілікпен қараса, жас өрендеріміз ел үмітін ақтар үлкен азамат болып өсетініне сеніміміз мол

Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Отбасының мәні - бала. Әрбір ата-ана перзентінің келешегін кемел етіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Бала үшін барын аямай, бойдағы игі болмысын сіңіру,әке мен ана жылуы, махаббаты баланың тұлға болып қалыптасуына, мейірімді болуына оң әсер етеді. Ендеше перзенттеріңізге деген ерекше ықыластарыңыз таусылмай, жанұялық жылуды сақтай білудің маңызы орасан зор.

Барша ата-аналарға АЛҒЫС айтамыз!

Мерейлі мереке қарсаңында әрбір отбасыға шаттық, қуаныш тілейміз! Балалардың жарқын болашағы үшін бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарымыздың нәтижелі болуын тілейміз!



ҮНЕМДІ ТҰТЫНУ

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры және тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толысуын қамтитын үздіксіз процесс.

Үнемді тұтыну” - суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында оқушыларға ақпарат беріліп, парақшалар таратылды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының күнделікті өткізетін шараларының бірі - Үнемді тұтыну. мектепте апта бойы энергияны тұтыну және оны үнемдеу бойынша 11 а сынып оқушылары жаднамалар таратты, парақшалар әзірледі, оқушылар арасында энергияға ұқыпты қарауды қалыптастыру туралы шаралар ұйымдастырды.

Мақсаты- оқушыларға суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Суды, энергияны үнемдеуді өзімізден бастайық!


Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, зорлық- зомбылық, буллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу бойынша сауалнама туралы


Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, зорлық- зомбылық, буллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу бойынша мектепішілік жоспар негізінде 10-11 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама алынды.

Мақсаты : Оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын -алу және жол бермеу, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Нәтижесі: Сауалнама негізінде оқушылар өз құқықтарын білетіндігі және құқықтық ережелерді сақтайтынын көрсетті .

Әр оқушыға сауалнама таратылып, ережеге сай жасырын түрінде алынды. Буллингтің алдын алу мақсатында, мектептегі оқушылардың хал-ахуалын зерттеу мақсатында алынған сауалнама қорытындысының нәтижесінде оқушылар арасындағы мәжбірлеу, бопсалау, қорқыту, қорлау, әлеуметтік жерлерде қорлық көру сипатындағы фактілері анықталған жоқ. Мектептегі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу, оған жол бермеу шаралары өз нәтижесін көрсетті.


















09 – 13 қыркүйек аралығында орындалатын жұмыстар.


Апта дәйексөзі: Тіл - достық көпірі


р/с

Апта күндері

Атқарылатын жүмыстар

Формасы

Жауаптылар

1

09.09.24ж

Аналар күніне орай сынып сағаты

1-11-сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)


Діни экстремизм және терроризм жөнінде түсінік беру

Тәрбие сағаттары

Сын. жетекшілер



2

10.09.24ж

Жол қауіпсіздігі 1-11 сынып

Қауіпсіздік сабағы (10 минут) 1-11 сынып

Сынып сағаты

Сынып жетекшілер

3

11.09.24ж

«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі 5-11 сынып


ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ



Отбасыкүнінеарналған

челлендж,әлеуметтік желілерде жариялау

Көңілді үзіліс


Директордың

тәрбие ісіжөніндегі орынбасары сынып жетекшілері,

4

12.09.24ж

«Қыз бала – отбасының шырайы». Қыздар кеңесі. 8-11 сынып

Жиналыс





5

13.09.24ж

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу...


«Денсаулық – зор байлық» фестивалі

Мониторинг


«Денсаулық фестивалі»

Мектепішілік шара



ДТІЖО

Мектеп әкімшілігі


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:























Аналар күніне орай сынып сағаты

Аналар күніне орай “Ананың жүрегі- мейірім көзі” атты тәрбие сағаты өтілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Оқушылар аналарына деген ыстық лебіздерін білдірді. Ана туралы тақпақтар айтылды. Өмірдені ең қымбат жан ана екенін ұғына білді.

Аналар мен балалар түрлі тренингтерге, ойындарға белсене қатысты. Балалар өз аналарына жасаған сыйлықтары арқылы жылы лебіздерін білдіріп, құрмет көрсетті. Әсем әндерін шырқап, өзара сүйіспеншіліктерін ұлғайтты

Ана - барлық өмірдің бастауы. Адам бойындағы асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген.

Ананың жылуы мен махаббатына бөленіп өскен бала жақындарына, айналасына мейірімді, адал жүректі, парасатты, өмірге сүйіспеншілігі жоғары, оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенді, досына адал болады. Ананың балаға деген сүйіспеншілігі мен мейірімі қандай зор болса, баланың да анаға деген, айналаға деген махаббаты шексіз

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК


Білім алушылардың әр түрлі сайттарда, желі бағдарламаларында жүргізіліп жатқан жат ағымдардың уағыздарын тыңдап жат қылықтарға бармау үшін мамандардың берген мәліметтеріне сүйенуді үйрету мақсатында Қызылорда облысының дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы, "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" психолог маманы 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру,олардың түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру болды.

"Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндама барысында «Экстермизмге қарсы іс – әрекеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламалары , «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары кеңінен түсіндірілді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, қазіргі қоғамдағы қиындық тудырып отырған мәселелерге кеңінен тоқталды. Мектеп оқушыларын тәрбиелі, саналы, еліміздің патриот жастары болуға шақырды!

Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм әлемдегі қауіпті мәселелердің бірі болып табылатынын, экстремизм- бұл өзге көзқарасты әсіресе шараны ұстану. Осындай шаралардың ішіне тәртіпсіздіктерді насихаттау, азаматтық бағынбаушылықтар, террористік акциялар әдістерін жатқызуға болатынын ашып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жол қауіпсіздігі

"Абайлаңыз, балалар!"жедел профилактикалық іс-шарасы негізінде оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету, көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында "Жол қауіпсіздігі" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен бірге, мектеп инспекторлары мен мұғалімдер тарапынан балаларға жол қозғалысы ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Байлығымыз – балалар. Ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал.


«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»

Отбасы – адам өмірінде кездесетін бағалы құндылықтың бірі. Жер жаһанда жанұясынан жылулық, ата-анасынан махаббат, шаңырағынан шаттық іздемейтін адам жоқ-ау, сірә? Өйткені, күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырда көңілді көтеріп, жанды жадырататын бірден-бір орын отбасы. "Өзін-өзі басқару " ұйымының ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы " аясында, жоспарға сәйкес "Отбасы" күніне орай "ОТБАСЫ - ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ!" атты тақырыбында челлендж өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.

"Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталады”. Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар.

Еліміздің берекесі артып, әрбір шаңырақта татулық пен бірлік болсын!

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі — бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол.

Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады.

Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.


ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ


Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында мектебімізде үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру мақсатында асық атудан оқушылар арасында спорттық ойындар сайысы өткізілді.

Мақсаты - ұлттық спортты дамыту арқылы мектеп оқушылары арасында достық қарым қатынасты нығайту, танымал және халық спорты ойындарын одан әрі дамыту.

Ұлттық спортымыздың қай түрі болсын жас ұрпақты төзімділік пен шеберлікке, ұлтжандылыққа баулумен қатар, ерік-жігерін шыңдауға қосар үлесі көп екенін аңғару қиын емес. Халқымыздың асыл мұрасында баланың физиологиялық тұрғыдан жетілуіне ғана емес, қағылез, епті, алғыр болуына себін тигізетін ойындар баршылық. Өз кезегінде ол дана бабамыздың балаға, оның тәрбиесіне бейжай қарамағанын, баса назар аударғанын білдірсе керек. Ал бұл ұлттық тәрбие, ұлттық білімнің түп-тамыры біз ойлағаннан анағұрлым тереңде жатқан тәрізді. Кез келген ойынның баланың жетілуіне, ой-санасының дамуына қосар үлесі бар. Бес асық ойыны баланың бұлшық еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, ептілікке, қырағылыққа, тез шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйретеді. Сонымен қатар көздің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіреді. Ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрететін қасиетке ие.


ҚЫЗ БАЛА - ОТБАСЫНЫҢ ШЫРАЙЫ

Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 8-11 сыныптың қыз балаларымен «Қыз баланың бой жетуі» атты қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, гимназия медбикесі мен психологі, мектеп инспекторы қатысты.

Алғы сөзді алған мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Уразова қыз балалардың жүріс-тұрысы, мектеп формасының сақталуы, жеке-бас гигиенасы туралы сөз қозғады.

Елімізде зорлық-зомбылыққа көбіне әйелдер, қыз балалар көптеп ұшырап жататынын айтқан мектеп инспекторы қыз балаларға көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау қажеттігін айтып тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, мектеп психологіне және полицияға хабарлау қажеттігін түсіндірді.

Мектеп аяжаны қыз балаларының арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жұмыс жүргізілді. Әсіресе, етекір кезіндегі болатын ағзадағы физиологиялық өзгерістер, сонымен қатар «Ерте жүктілік несімен қауіпті?» деген сауалды түсіндіріп өтті. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.


Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу...

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. 2024 жылдың 12 қыркүйек күні мектебімізде тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы мүшелерімен тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді. Мектеп асханасын тексерудегі мақсат: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2018жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамызындағы №76 Қаулысы негізінде бекітілген мектеп асханаларында тыйым салынған тағамдардың (шұжық өнімдерін, шұжықшалар мен құрамында табиғи бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргештер, дәмді күшейткіштер, тәттілендіргіштер бар өзге де өнімдерге), оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың сапасын қадағалау; тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарға сай болуы. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес және қауіпсіздік техникасы ережелері сақталып, жүзеге асырылып келеді. Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылған. Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.Ас мәзірімен асхананың санитарлық талаптарға сәйкестігі, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету барысы мен сапасы, шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журналдың уақытында толтырылуын, бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігі қаралады. Мектеп аяжаны ас сақтайтын қоймаларды және тоңазытқыштарды тексеріп отырады. Оқушыларға ас мәзірі бойынша тамақ беріледі, балалар уақытында келіп тамақтанады, тегін ыстық тамақ тиісті мөлшермен беріледі. Қызметкерлер санитарлық талапқа сай қызмет көрсетеді. Дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журнал мектепа яжаны тарапынан уақытында толтырылған.

Асханада берілген тамақ талапқа сай, тегін ыстық ас мәзірі бойынша беріліп отыр. Сонымен қатар мектеп аяжаны комиссия мүшелеріне оқушыларға берілетін тағамдар баланың жас ерекшелігіне байланысты әзірленетінін, балаларға тек құнарлы , денсаулыққа пайдалы тағамдар ұсынылатынын айтып өтті. Мектеп асханасында тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы күнделікті бақыланып отырады. Комиссия құрамының мүшесі мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізілетіндігін және балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі ата - аналар назарында екендігін айтты. Мектеп ата - аналары оқушылармен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, сонымен қатар оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілетінгінен хабардар. Ата- ана осы аталған іс-шара арқылы балаларға берілетін тағамдарды өз көзімен көріп, ас мәзіріндегі тағамдардың пайдалы әрі құнарлы екеніне көзі жетіп ризашылығын білдірді.


«Денсаулық – зор байлық» фестивалі

2024 жылдың 16 қыркүйегінде "Денсаулық-зор байлық" атты ұранмен дене шынықтыру пән мұғалімдері мен педагог ұйымдастырушының ұйымдастыруымен денсаулық фестивалі марафоны болып өтті.

Фестивалді мектеп директоры, оқу ісі жөніндегі орынбасары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз сөлеп ашты және оқушыларға сәттілік тіледі.

Фестивалдің мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды спортқа тарту, денсаулық-зор байлық екенін түсіндіру.

Мектептің әкімшілік мүшелері оқушылар мен ұстаздарды салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға, өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшесі болуға көңіл бөлуге шақырды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушылар арасында түрлі ойындар мен жаттығулар өткізді.

Денсаулық фестиваліне мектептің 5-10 сынып оқушылары қатысты.Оқушылар 15 минуттық сергіту жаттығуларын өткізді.Қыздар флешмоб биледі, ұлттық ойындар ойнатылды. 1600 метрге жүгіру марафоны болды. Волейболдан және футболдан жарыстар өткізілді. Ұтқан командалар мектеп директоры атынан мақтау қазағдарымен марапатталды

Денсаулық-ең үлкен байлық!Сондықтан әрқашан деніміз сау болсын!!!





































16 – 20 қыркүйек аралығында орындалатын жұмыстар.


Апта дәйексөзі: Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! Абай

р/с

Апта күндері

Атқарылатын жүмыстар

Формасы

Жауаптылар

1

16.09.24ж

1.Буллингтен қорған. «Буллинг және оның түрлері»

2. Қауіпсіз қоғам. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылыққа арналған видеороликтер көрсету.


3. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында «Электрондық темекінің зияны» туралы


Тәрбие сағаттары



Сынып сағаты, жоспар

Сын. жетекшілер


Тәрбие ісі жөн.орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік-педагог, Сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен (ІІД және т. б.) бірлесіп

2

17.09.24ж

Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

Көңілді үзіліс

Буллинг және оның алдын алу. 1-11-сынып

Қауіпсіздік сабағы (10минут)

«Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа- райында не істек керек?

(қадамдық жоспардан алынды)


Көңілді үзіліс




Тәлімгер




3

18.09.24ж

8-11 сыныптар

Жарнаманың әсерлеріне бейімделу, тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?



Танымдық сабақ

Сын. жетекшілер

Мектеп психологы




4

19.09.24ж

Мектеп асханаларында тамақтан уланудың алдын алу


ДТІЖО

Мектеп әкімшілігі


5

20.09.24ж

Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі



«Қазіргі әлемдегі цифрлық

сауаттылық» үгіт-насихат акциясы. 1-11 сынып

Жиналыс



Сыныптан тыс

үгіт-насихат акциясы, анықтама

ДТІЖО

Мектеп әкімшілігі



ДТІЖО

, педагог ұйымдастырушы

сынып жетекшілер, педагог- психолог облыстық полиция департаменті

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Алдын алу шаралары: «Буллингтен қорған». 1-11 сынып


Мектебімізде жас жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың белең алған түрі буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп директорының, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, мектептегі педагог-психологтардың қатысуымен жоғары сынып оқушылары арасында жиналыс болып өтті.

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы”, – дейді әл – Фараби. Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле», – деген екен Платон. Бұрынғы ата-бабаларымыздың заманындағы білім саласы төмен болған дейміз. Десек те ұрпақ тәрбиесіне келгенде оларды көреген, тәжірибелі десек қателеспейміз.

Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.


Өмірге салауатты қадам

Біртұтастәрбие бағдарламасын іске асыру барысында мектептің әлеуметтік педагогы 8- сынып оқушыларына "Өмірге салауатты қадам " тақырыбында лудоманияның алдын алу мақсатында шара өткізілді.

Мақсаты:

Оқушыларда қазіргі уақытта ойын туралы түсінігін қалыптастыру. Ойынның кемшілігін, зардабын, зиянын білгізу. Заң және тәртіп құндылығы бойынша тәрбиелеу.

Шара барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Жүрек» тренингін жүргізді. Аяқталмаған жүректі аяқтап салып, ортасына бір заттың суретін салып, әңгімелетті.

«Лудомания қалай емделеді?» тақырбында бейнеролик көрсетіліп, жетелеуші сұрақтармен талқыланды.

Кері байланыс жасау мақсатында «Тілек ұшағы» әдісі жүргізілді. Өзіңе не тілесең, досыңа соны тіле деген ұранмен, ұшақ жасап, қанатына тілектерін жазып, достарына ұшырды.

Құмар ойыннан аулақ болып, өмірге салауатты көзбен қарайық деген қорытынды


Буллинг және оның алдын алу. 1-11-сынып

Қауіпсіздік сабағы (10минут)

«Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа- райында не істек керек?



Оқушыларға арнайы буллинг және кибербуллингтен сақтану туралы әдістемелік семинар өткізілді.

Мақсаты:"Буллинг"сөзінің мағынасын ашу, таныту

Балалар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Жасөспірім кезеңінде орын алатын буллингтің түрлері және оның шығу себептері жайлы таныстыру және түсіндіру болып өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар берілген тақырып бойынша өздерінің ойларын білдіріп, пікір алмасты.

Әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингтің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізіп жатыр. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады. Әсіресе, соңғысы балалардың өз ортасынан алшақтап, жалғыздықтан суицидке баруына әсер ететіндігі жөнінде түсіндірілді.


«Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу,тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?»


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ

Мектебіміздің педагог-психологы А.Қоңырбаева мен тәлімгер Ә.Әнесова «Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу,тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?» тақырыбында психологиялық сағат өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты жарнаманың жасөспірімдердің психикасына әсер ету ерекшеліктері мен агрессивті жарнамадан қорғау болды. Іс-шара барысында «Жарнаманың жасөспірімге әсері», «Жарнаманың адамға әсер ету жолдары» туралы және қазіргі таңда көп жарнамаланатын зиянды тағамдар туралы, вейп пен электронды темекінің зияны туралы айтылды.

Оқушыларға жарнаманың адамдарға, оның ішінде жасөспірімдерге әсерін, психологиялық манипуляция қалай жасалатындығын және оған қалай қарсы тұру керек екендігі туралы талқыланып, сонымен қатар видеороликтер көрсетілді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топ өз өнімін мақтап сату үшін жарнамасын ұйымдастырды.

Жарнама адам санасына әрқалай әсер етеді. Балалардың әр түрлі жарнамаға еліктеуінің алдын алып, кері әсері туралы түсіндіру керек. Еліктіруші жарнамалардан аулақ болған жөн, тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру алғашқы орында.




Мектеп асханаларында тамақтан уланудың алдын алу

Тамақтан улану-белгілі бір микроорганизмдермен жаппай ластанған немесе құрамында микробтық немесе микробтық емес сипаттағы улы заттар бар тағамдарды тұтынумен байланысты аурулар.

Мектебімізде медбике аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы М.Қуантаеваның қатысуымен оқушылар арасында жаппай тамақтан улану эпидемиологиялық жағдайға байланысты "Тамақтан уланудың алдын алу" іс-шарасы бойынша мектеп медбикесінің жетекшілігімен бірқатар алдын алу шаралары атқарылды.

Асханада тамақ дайындау кезінде пайдалануға тыйым салынған азық-түлік пайдаланбауға байланысты мектептегі асхана қызметкерлеріне түсіндірме жүмыс жүргізілді.

Оқушылардың ас мәзірін,уақытын қадағалау.

Оқушылар арасында тамақтан улануды тіркеу жағдайларын болдырмау үшін, сондай-ақ оқушылар арасында уланудың алдын алу мақсатында ас блогының қызметкерлері қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердің талаптарын, олардың негізгілерін қатаң сақтауға міндетті.


Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі


Мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары арасында "Мирас" ер балалар клубының жылдық жоспарына сәйкес «Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.

Жаман тату қазады өзіңе ор,

Оған сенсең, бір күні боларсың қор.

Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,

Өзі зордың болады иығы да зор.

Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.




Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық және қауіпсіз интернет


«Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық және қауіпсіз интернет» тақырыбы аясында 5 "А" сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде ақпараттық технологияға қызығушылығын арттыру, интернет желісін пайдалану барысында қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, пайдалану жолдарын түсіндіру.

Цифрлық сауаттылықтың не екеніне тоқтала өтсек -жаңашыл цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз түрде пайдалану. Яғни, сіз пайдаға асыратын көмекші қосымшалар жеке басыңызға қатысты ақпараттарды құпияда ұстап, өзіңізді виртуалды әлемде толықтай қауіпсіздікте сезінуіңіз. Сонымен қатар, бұл саланың қыр-сырымен 5 саусақтай таныс болу және ғаламтор кеңістігінде өзіңізді саналы адам ретінде ұстау.

Сыныптық шарада оқушыларға желі қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желіде қауіпсіз жұмыс жасай білу,кибербуллинг және одан қорғанудың жолдары ,интернеттегі алаяқтық пен агрессия туралы айтылды. Интернеттегі фишинг,компьютерлік вирустардан қорғану әдістері,желідегі қауіпсіздік тақырыбында оқушылар өз білімдерін таныстырылым арқылы айтып берді.Интербелсенді тақтаның көмегімен түрлі сұрақтарға жауап берді."Қауіпті" және "Қауіпсіз" тапсырмасы бойынша оқушылар өз жобаларын ұсынып сұрақтарға жауап берді.Сыныптық шараны өткізген информатика пәнінің мұғалімі оқушыларға интернет желісіндегі қауіпті ойындар мен алаяқтар арбауына түспес үшін желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екендігін түсіндіре отырып,оқушылармен пікір алмасып,ой бөлісті.


















23 – 27 қыркүйек аралығында орындалатын жұмыстар.


Апта дәйексөзі: Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы.(Абай)


р/с

Апта күндері

Атқарылатын жүмыстар

Формасы

Жауаптылар

1

23.09.24ж

Еңбек түбі-береке. 1-11-сынып.

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Еңбек күніне арналған сынып сағаты

Сын. жетекшілер



ДТІЖО

2

24.09.24ж

Әлеуметтік желілерде құмар ойындардың зияны туралы (#лудомания,менқұмаройындарғақарсымын) хештегтермен материалдар орналастыру.

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

Педагог-ұйымдастырушы,педагог-психолог,сынып жетекші

3

25.09.24ж

Оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірыңғай сабақ

Бірыңғай сабақ

Сын. жетекшілер


4

26.09.24ж

Учаскелік полиция инспекторларымен бірге жастар көп шоғырланатын аймақтарға рейдке шығу

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

Полиция бөлімі

Мектеп әкімшілігі

Сынып жетекшілері

Ерікті жастар

5

27.09.24ж

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» акциясы

«Қамқор» жобасы


ДТІЖО

Мектеп әкімшілігі



Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:































Еңбек түбі – береке


"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында “ЕҢБЕК күні” мерекесіне орай 4"А" сыныбында "Еңбек түбі - береке" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.

Мақсаты:

Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі негізгі құндылық екенін түсіндіру;

Еңбекке деген жауапкершілікті дамыту, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Оқушыларды адал еңбекке баулып, өз болашағы үшін еңбектің маңызын түсіндіру;

Міндеттері:

Еңбек туралы түсініктерін кеңейту;

Адам еңбегімен жасалатын құндылықтарды бағалауға үйрету;

Әртүрлі мамандықтар мен еңбектің маңызын көрсету.


Еңбекқорлық пен шыдамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақ барысында білім алушылар еңбектің пайдасын қағаз бетіне түсіріп, бір-біріне түсіндірді. Балалар суреттер арқылы жасырынған еңбек жайлы мақалдарды тауып, еңбектің адамзат өміріндегі пайдасын түсіндірді.

Әлеуметтік желілерде құмар ойындардың зияны туралы

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар лудомания дейді.

Сондықтан да қазірден бастап балаларға құмар ойындардың зияны туралы айтып, лудомания дертіне шалдықпауын қадағалауымыз керек.

Осыған орай 8-11 сыныптар аралығында "Лудомания мен құмар ойындарға қарсымын", "Әлеуметтік желіде лудомания және құмар ойындардың зияны" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Интернет кеңістігінде оқушылардың қауіпсіздігін зиянды әрекеттерден аулақ болуын қамтамасыз ету.

Әрбір оқушы білім алумен қатар, бос уақытын пайдалы өткізуді күнделікті жоспарлап үйренсе, интернетке тәуелділікті алмастырар еді.

Оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірыңғай сабақ



Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық – зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаты барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары баяндалып, қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берілді.

Сондай-ақ, жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында оқушылармен еркін әңгіме жүргізілді.


Учаскелік полиция инспекторларымен бірге жастар көп шоғырланатын аймақтарға рейдке шығу

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айы бойынша мектеп ұстаздары мен ҚІІБ қызметкерлерімен бірлесе кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар ұйымдастырылып отырған. . Өзімізге бөлінген аймақта рейдтік шараны мектеп әкімшілігі, мектебіміздің инспекторы, және көршілес мектепердің инспекторлары мен мұғалімдері жүргізді. Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, көпқабатты үйлердін ауласына және жертөрелерге ұйымдастырылған.

Рейдтің мақсаты: 
1.    КТЖ есепте және «қатер тобындағы» оқушыларды бақылауға ала отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу; 
2.    Жасөспірімдердің әлеуметтік, құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
3.    Кешкі уақыттарда ата-анасының бақылауынсыз жүруін және түңгі ойын-сауық ойындары мен компьютерлік клубтарға бармауына қатаң бақылау жасау;
4.    Оқушылардың сабақтан қайтқан уақытында құқықбұзушылыққа бармауын бақылау.Рейдке мектепішілік бұйрық  шығарылып, кезекшілік кестесі құрылған.

"ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙМЫЗ" акциясы


Табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамға табиғат қаншалықты қажет болса, табиғатқа адам сондайлық қажет. Өйткені табиғатты гүлдендіретін, әрлендіретін, көркейтетін адам.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының 2024-2025 оқу жылындағы жылдық тәрбие жоспарына сай, “Қамқор” жобасы-қазан айында "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" акциясы, "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында – мектеп оқушылары мектеп ауласын қоқыстардан тазартып, қажетсіз қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында балалар табиғатты ластмамау үшін сенбілік жұмыстары мен қолданылған қалдықтар мен қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау, бұлақ көздерін ашу, келешек ұрпаққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде өскелең ұрпақтың үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыруға үлестерін қосты. Қай кезде де болмасын ең бірінше өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аула тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор. Мектеп – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гулденуіне әрбір тұрғын бей – жай қарамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Тазалық әркімнің өз ауласынан басталатынын ескерте отырып, аудан тұрғындарын аталған тазалық шарасына өз үлестерін қосуға шақырамыз.


Мақсаты: ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке және табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Міндеттері:

білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту;

білім алушыларды табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулу;

еңбекке деген құрмет сезімін ояту;


Еңбексүйгіштік, қоршаған ортаны аялау, қарияларды құрметтеу және үлкендердің еңбегін бағалау - бұл біздің жас ұрпақтың бойына сіңіруіміз тиіс адамгершілік қасиеттер мен қоғамдық құндылықтар болып саналады. Адамзаттың ортақ үйі саналатын табиғатқа қамқорлық жасау - адамгершілік құндылықтың жоғарғы белгісі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ.



Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық



1 қазан – Халықаралық қарттар күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

24 қазан – Кітапханашылар күні

25 Қазан – Республика күні.

Ғалым, мемлекет қайраткері Санжар Асфендияровтың туғанына135 жыл (1889-1938)

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл (13.10.1924–1992).

Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл (15.10.1894–25.02.1938)





1

«Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Жалпы мектептік волонтерлық акциясы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Қазан айының 1 аптасы

2

«Даналық ұстаздан» челленджі

Мұғалімдер күніне арналған челлендж

Сынып жетекшілері,тәлімгер, ұйымдастырушы педагог, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Қазан айының 1 аптасы

3

Қарттар күніне орай сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Қазан айының 1 аптасы

4

1.Ойынға салауатты көзқарас (лудомания туралы бейне фильм көру) 8-11-сынып

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)



2.«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында желідегі қауіпсіздік бойынша жеке кеңес беру және тәуекел тобымен,интернетке тәуелді және құсмар ойыншылармен жүргізілетін психолог жұмысы (қадамдық жоспардан)


Алдын алу шаралары (лудоманияның алдын алу)

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

Қазан айының 1 аптасы

6

«Күзгі асар» жәрмеңкесі

Жәрмеңке

Тәлімгер, әлеуметтік педагог,педагог-ұйымдастырушы, Сынып жетекшілері

Қазан айының 2 аптасы

7

Буллингтен қалай қорғану керек!

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Психологпен кездесу

(қадамдық жоспардан)


Кездесу

8-11-Сынып




Сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп


Қазан айының 3 аптасы


«Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік» сынып сағаты

(қадамдық жоспардан)

1-11-сынып



Сынып жетекші


8

Мектеп парламентінің президентін сайлау

Сайлау материалдары, әлеуметтік желіге жариялау

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,мектеп парламенті жоба жетекшісі , тәлімгер

Қазан айының 3 аптасы

9

«Ұшқыр ой алаңы» дебаты

Мектеп дебаты

Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Қазан айының 4 аптасы

10

Республикам – мақтанышым!

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Республика күніне арналған жалпы мектепішілік іс-шара/сынып сағаты

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Қазан айының 4 аптасы

11

Демалыста кітап оқимыз!

Кітапханашылар күніне арналған жалпы мектепішілік іс-шара

педагог-ұйымдастырушы, тәлімгер

Қазан айының 4 аптасы

13

Құмар ойындарымен бәстесудің зияны, қаржылық сауаттылық туралы жадынамалар тарату

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТІЖО

Мектеп психологтары

сынып жетекшілері

Қазан

14

8-11 сынып оқушылары

«Құмар ойындарының зардабы және қаржылық сауаттылық» дебат



7-8 сынып оқушылары

«Ойынқұмарлық-тәуелділік» оқушылар конференциясы



1-11 сынып оқушылары

«Компьютерлік ойындардың зияндылығы» бірыңғай сынып сағаттары

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТІЖО



Дебат жетекшісі





Мектеп психологтары







сынып жетекшілері

Қазан

15

Республика күнін мерекелеу қарсаңында жас ақындар сайысы

Ақындар айтысы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,педагог-ұйымдастырушы, мәдени мекемелермен

бірлесіп

Қазан

16

Ғалым, мемлекет қайраткері Санжар Асфендияровтың туғанына135 жыл (1889-1938)


Сыныптан тыс іс-шара

Жаратылыстану бірлестігі

Қазан

17

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл (13.10.1924–1992).


Сыныптан тыс іс-шара

1-4-сынып жетекшілері

Қазан

18

Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл (15.10.1894–25.02.1938)


Сыныптан тыс іс-шара

Гуманитар пәндер бірлестігі

қазан




30.09 – 04.10 қыркүйек – қазан аралығында орындалатын жұмыстар.


Апта дәйексөзі: Ел-жұртымның бақыты аталатын,

Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!

р/с

Апта күндері

Атқарылатын жүмыстар

Формасы

Жауаптылар

1

30.09.24ж

Қамқор жобасы аясында: Қарттар күніне орай «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет, қайырымдылық

акция. 7-10 сынып



Тарихшы–этнограф Халел Арғынбаевтың туғанына 100 жыл (21.09.1924–08.08.1998)

Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл (10.09.1894–1939).

Жалпы мектептік волонтерлық акциясы




Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынып жетекшілері,педагог ұйымдастырушы өзін-өзі басқару ұйымы


Тарих пәні мұғалімдері


8-10-сынып жетекшілері

2

01.10.24ж

Шабыт жобасы аясында: мұғалімдер күніне орай «Даналық ұстаздан» дублер күні.

9-11 сынып

Мұғалімдер күніне арналған челлендж

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары педагог ұйымдастырушы, сынып жетекшілері, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

3

02.10.24ж

1.Ойынға салауатты көзқарас (лудомания туралы бейне фильм көру) 8-11-сынып

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)


Сынып сағаты

Сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен (ІІД және т. б.) бірлесіп

4

03.10.24ж


2.«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында желідегі қауіпсіздік бойынша жеке кеңес беру және тәуекел тобымен,интернетке тәуелді және құсмар ойыншылармен жүргізілетін психолог жұмысы (қадамдық жоспардан)


Алдын алу шаралары (лудоманияның алдын алу)

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

5

04.10.24ж

Мұғалімдер күніне орай: «Ұстаз! Сіздің алдыңызда...!» 1-11 сынып

Ұстаздар күні қарсаңында өзін-өзі басқару ұйымдары мүшелерінің қатысуымен

«Дублер күнін» ұйымдастыру

Әлеуметтік желіге ақпарат

Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, аға тәлімгер, сынып жетекшілер

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:







"ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ" ВОЛОНТЕРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

«Қоғамға қызмет ету» волонтерлік қызметі – адамдардың ерікті түрде, өз еркімен қоғам игілігі үшін атқаратын қызметі. Бұл қызмет материалдық сыйақысыз жүзеге асырылады және қоғамның дамуына, әл-ауқатын жақсартуға бағытталады. Волонтерлік қызмет түрлері көп және әртүрлі салаларда қолданылады, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік көмек және мәдени шаралар сияқты бағыттар.

Біздің мектебімізде де волонтерлық қызметінің жұмысы алға басып келеді. Бұл шара арқылы оқушылардың бойына жауапкершілік пен адалдық, Отанды, қоғамды құрметтеу, татулық пен ізгілік қасиеттерін дарыту.

Волонтерлық - қоғамның әр саласындағы түйінді, түйткілді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік институт. Еріктілер қоғамының белсенділігі қоғамның жетілуін, оның даму деңгейі мен өздігінен ұйымдаса алу қабілетін көрсетеді. Қазақ халқында «Жақсылық болған жерде, тапшылық болмайды» деген керемет мақал бар. Бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып қоғамға қызмет ету - қашаннан қанымызға сіңген асыл қасиет»

Мақсаты:

Қоғамға қызмет жасай отырып,ерікті түрде еңбек ету.Сынып жетекшісі волонтёрлық қызмет жайлы жан-жақты түсінік бере отырып,қарттарға,мүгедектерге,мүмкіндігі шектеулі жандарға т.б көмекті қажет еткен жандарға ерікті түрде көмек беру адамгершілік қасиет екендігін түсіндірді,сол арқылы елдің алғысына бөлену және достар табу.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Қамқор" жобасы аясында "1 қазан-Қарттар күні" және "Мұғалімдер күні" мерекесіне орай "Қоғамға қызмет ету" тақырыбымен волонтерлік шара өтті.


Тарихшы-этнограф Халел Арғынбаевтың туғанына 100 жыл!

18 қыркүйек күні 6«А,Б» сынып оқушыларымен тарихшы-этнограф Халел Арғынбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: білім алушыларды ірі этнограф Халел Арғынбайұлы Арғынбаевтың өмірімен және қызметімен, ғылыми еңбектерімен таныстыру.

Халқының тарихын қадірлеуге, ұмытпауға, елін, туған жерін сүюге, ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.

Еліміз егемен болып, елдігіміз танылып, атымыз шартарапқа таралып жатқан кезімізде, еліміздің өткені, өткенін жаңғырту әр азаматтың қасиетті борышы болса керек.

Тәрбие сабағында оқушылар Халел Арғынбаев туралы маңызды ақпараттарды оқып, сұрақ қойып, пікірталасып, өз ойларын айтты.

Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл

Саналы ғұмырын халықтың ертеңі мен бүгініне арнаған мемлекет және қоғам қайраткері, алаш ардақтысы Сұлтанбек Қожановтың туғанына 2024 жылдың қыркүйек айында 130 жыл толды.

Сұлтанбек Қожанов–Түркістан Республикасының оқу-ағарту саласын, жер, су мәселесін және ішкі істерін басқарған үш мәрте халық комиссары, Қазақ өлкелік партия комитетінің жауапты хатшысы болды. Ақын, аудармашы, публицист, педагог. Тіпті «Есептеу» атты құралының авторы.

Сұлтанбек Қожановтың шығармашылығын, өмір жолын оқушылар бойына сіңіру мақсатында мектебіміздің қосымша білім беру педагогы тарихи өлкетану музейіне барып, танымдық кеш өткізді. Кеш барысында музейдің ғылыми қызметкері Гульнар Каримолдақызы оқушыларға Сұлтанбек Қожановтың еңбек жолы, тарихы туралы

Даналық ұстаздан челленджі

Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізіндегі “Шабыт” жобасы аясында "Даналық ұстаздан" челленджі ұйымдастырылды.Челленджге мектеп оқушылары қатысты.

«Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді. «Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді.

Оқушылар ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарды. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті.

Дублер күні - оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезінді.

ОЙЫНҒА САЛАУАТТЫ КӨЗҚАРАС

Жоғары сынып оқушылары мен ата-аналардың арасында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында әңгіме өтті.

Әңгіме мақсаты:

құмар ойындардың адам психикасына зиянды әсері туралы түсінігін кеңейту; оқушыларда бар проблеманы саналы түрде түсінуді дамыту;

құмар ойындарға теріс көзқарас қалыптастыру;

салауатты өмір салтына оң көзқарасты тәрбиелеу;

өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.

Шара барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Жүрек» тренингін жүргізді. Аяқталмаған жүректі аяқтап салып, ортасына бір заттың суретін салып, әңгімелетті.

«Лудомания қалай емделеді?» тақырбында бейнеролик көрсетіліп, жетелеуші сұрақтармен талқыланды.

Кері байланыс жасау мақсатында «Тілек ұшағы» әдісі жүргізілді. Өзіңе не тілесең, досыңа соны тіле деген ұранмен, ұшақ жасап, қанатына тілектерін жазып, достарына ұшырды.

Құмар ойыннан аулақ болып, өмірге салауатты көзбен қарайық деген қорытынды жасалды.

Оқушылар өзекті мәселелерді талқылауға қатысып, бейнеролик көріп, пікір білдірді

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

5-9 сынып оқушыларымен “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” тақырыбында таным сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру.

Тәрбие сағаты барысында жеке мәліметтердің құпиялығын сақтау, интернетте этикалық мінез-құлық ұстану, алаяқтық пен кибербуллингтен қорғану жолдары түсіндіріледі. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және заманауи технологияларды саналы әрі жауапты пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру,ақпараттық технологиялар ды жаксы игеруге үйрету, ең бастысы балалардың ұялы телефондарының ата ана бақылауында болуы шарт деген мәселені айтып түсіндірді.

Соңғы кездегі әр түрлі ойындардың компьютердегі баламасы жасалды, ол ойындарды кез келген жерде, кез келген уақытта қол телефонмен-ақ ойнауға болады. Ал осы ойындардың бәрі де ойындардың компьютерлік нұсқалары болғандықтан адамдарды ойын құмарлыққа әкеледі.

Дублер күні

Мектебімізде мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 9-11 сынып оқушылары өткізді.

Жоспар бойынша алдын ала өзін өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.

Мектеп парламенті мен жоғары сынып оқушыларынан бастамашыл топ құрылып, бір күн мұғалімдерге дублер болды. Дублер оқушылар сабаққа ынта-ықыласымен дайындалып, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, қызықты әрі жоғары деңгейде өткізді.

Күн қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, әрқайсысы өз пікірлерімен бөлісті.

Бұл күні жоғары сынып оқушылары мұғалім рөлінде болып, қиындығы мен қызығы мол мамандықтың ерекшелігін түсінуге мүмкіндік алды.Таңертең мұғалімдерді мектептің өзін-өзі басқару ұйымы қарсы алып мерекелерімен құттықтап, көңілді күйде қарсы алды.Бекітілген кесте бойынша 5-9 сынып оқушыларына сабақ өткізіп, Дублер күнінің соңында ұстаздарға арнаған мерекелік концерттерін ұсынды.















































07.10 – 11.10 қазан аралығында орындалатын жұмыстар.


Апта дәйексөзі: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!


р/с

Апта күндері

Атқарылатын жүмыстар

Формасы

Жауаптылар

1

07.10.24ж

Алдын алу шаралары: «Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік!» 1- 11 сынып

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты, жоспар

Сынып жетекшілері, облыстық полиция департаменті, педагог- психолог әлеуметтік педагог сынып

жетекшілері

2

08.10.24ж

«Күзгі асар» жәрмеңкесі

Жәрмеңке

Тәлімгер, әлеуметтік педагог,педагог-ұйымдастырушы, Сынып жетекшілері басқармасы

3

09.10.24ж

Жол қауіпсіздігі

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТІЖО

Мектеп психологтары

сынып жетекшілері

4

10.10.24ж

Мемлекет және қоғам қайраткері

«Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» әдеби кеш. 1-11 сынып

Әлеуметік желіге жариялау, анықтама

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қазақ тілі, тарих пәні мұғалімдері , Облыстық мәдениет, дене шынықтыру және спорт басқармалары

5

11.10.24ж

1-11 сынып оқушылары

«Компьютерлік ойындардың зияндылығы» бірыңғай сынып сағаттары

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Ұйымдастырушы педагог

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:













Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік!


Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік!” тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Мақсаты:оқушыларға азаматтық қоғам оның түрлері, жауапкершілік ұғымдарын түсіндіру. Оқушыларды ізеттілікке, тапқырлыққа және өз ойын еркін мәдени түрде жеткізуге білуге үйрету. Оқушыларға өмірлік жағдайларға дұрыс көзқарасын, азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыру.Азаматтық құқықтық жауапкершілік, оның негізгі қызметтері және Азаматтық құқықтық бұзушылық туралы түсінік берілді. Тәрбиелі оқушы көпшілік ортада өзін қалай ұстауы және зиян келтіру мен зардап шегу туралы өз ойларын ортаға салды. Жағдаяттық сұрақтарға жауап берді.«Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік» жайлы бейнероликті көрді. Кері байланыс жасады

Тәрбие сағатының міндеттері: жасөспірімнің белгілі бір әрекеттер үшін жауапкершілік формалары туралы жаңа білімді ескере отырып, мінез-құлық моделін саналы түрде таңдауды қалыптастыру.

Сабақ оқушыларды қоғамдық тәртіп негіздерімен таныстыру, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білуге, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында өтілді. Сабақ барысында «Сұрақтар шеңбері» әдісімен сұрақтарға жауап беріп,пікіралмасты. «Сандар сөйледі» әдісімен санадар жасырылып, тапсырма орындалды..

"Күзгі асар" жәрмеңкесі

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектебімізде бастауыш сыныптар арасында "Күзгі асар" жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Күз мезгілі молшылыққа толы болғандықтан, мақсатымыз күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру болды.

Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындап, тағам түрлерінің санитарлық талапқа сай жасап жабдықтады. Күзгі жәрмеңке бірнеше критерийлер бойынша ұйымдастырылды:

Тағам бағасы, тақырыпқа сай безендіру, оқушылардың киімінің талапқа сай болуы басты міндетке алынды.

Бұл іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары, сынып жетекшілері белсене қатысты. Іс-шара кезінде қатысушылар ерекше көңіл-күйде болды, мереке мен бірлік атмосферасын сезінді.

«ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ» СЫНЫП САҒАТЫ

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарына сәйкес 6-сыныбында “Жол қауіпсіздігін сақтаймыз” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:

- оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

- оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

- жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, жолда жүру мәдениетіне, сақтыққа тәрбиелеу.

Оқушылар "Алғашқы көмек" ойыны мен "Бағдаршам" ойыны арқылы өздерінің белсенділіктерін көрсетті. Сонымен қатар сынып сағатында жаяу жүргіншінің міндеттері және қозғалысты реттеуге арналған арнайы белгілермен танысты. Жолда жүру тәртібіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, суреттер салды және оқыс оқиғалардан сақтану жайында білді.


Оқушылар тәрбие сағатында жаяу жүргіншінің міндеттері және қозғалысты реттеуге арналған арнайы белгілермен танысты. Жолда жүру тәртібіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, оқыс оқиғалардан сақтану жайында сөз етті.

Мемлекет және қоғам қайраткері

«Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» әдеби кеш. 1-11 сынып

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сай қазақ әдебиетінің негізін құраушы, үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жылдығына орай 8-сыныпоқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Ұлылар ізімен» әдеби танымдық кеш өткізді.

Сәкен Сейфуллин –қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғаларының бірі, мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Ол ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық әдебиеті мен мәдениетіне зор үлес қосқан, сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік қызметтің негізін қалаған адамдардың бірі ретінде есте қалады. Оның шығармалары-ұлттың рухани қазынасы.

Іс –шараның мақсаты: С.Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын жаңғырту, оның әдеби, мәдени және тарихи мұрасының өзектілігін жастарға жеткізу, ақынның қазақ тарихындағы рөлін көрсету. Кеш аясында С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильмдер, көрмелер, кітап таныстырылымдары жасалып және оқушылар ақынның өлеңдерін, монологтарын мәнерлеп оқып, әндерін шырқады.

Аталмыш шара Сәкен Сейфуллиннің рухани мұрасын дәріптеп, өскелең ұрпаққа оның еңбектерінің маңыздылығын ескеретін әсерлі кеш болды.

Сәкен Сейфоллаұлы 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында бірқатар еңбек жазды.

Сәкен алғашқылардың бірі болып Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы (премьер-министр) қызметін атқарды. Кеңсе тілін қазақшаға ауыстырып, Жазушылар одағының негізін қалады.

Компьютерлік ойындардың зияндылығы

"Компьютерлік ойындардың зияндылығы" тақырыбында 3 "А" сыныбында тәрбие сағаттары болып өтті.

Оқушыларға компьютерлік ойындардың зияны – олардың адамның психикалық және физикалық денсаулығына тигізетін теріс әсерлері бар екеніне түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Денсаулыққа әсері мен психикалық және әлеуметтік әсерін оқушыларға толық жеткізу.

Ойын жасаушылар мен ата-аналарды, сондай-ақ қоғамды ойындар мен олардың мазмұнының жауапты пайдалануы жөнінде ойлануға шақыру.

Сабақ барысында оқушыларға бейнеролик көрсетілді.

Сендер компьютерлік ойындарға қанша уақыт жұмсайсыңдар?

Ойын сендердің оқу процесіне қалай әсер етеді?

Лудомания белгілерін білесіздер ме? Оқушылармен пікрталастар болып ,ситуациялық сұрақтарға жауап берді.

Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді. Керісінше күн өткен сайын балалардың аталған ойындарға деген тәуелділігі көбейіп барады. Мәселен, дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, теледидар мен компьютерлік ойындардың бала санасына тигізетін зияны шаш-етектен. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру- біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді екен.

Демек, кез келген ата-ана балаларына компьютерлік ойындарды ойнатпас бұрын оның зияны туралы да ескертуді ұмытпағаны жөн.





14.10 – 18.10 қазан аралығында орындалатын жұмыстар.


Апта дәйексөзі: Отанды сүю – отбасынан басталады!

р/с

Апта күндері

Атқарылатын жүмыстар

Формасы

Жауаптылар

1

14.10.24ж

«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығына сәйкес сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері


2

15.10.24ж

Буллингтен қалай қорғану керек!

8-11 сыныптар

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Дөңгелек үстел

Сынып жетекшілері

Ұйымдастырушы педагог

3

16.10.24ж

Мектеп парламентінің президентін сайлау




«Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік» сынып сағаты

(қадамдық жоспардан)

Мектеп сайлауы Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

Мектеп директоры, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілер, аға тәлімгер, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог т.б.

4

17.10.24ж

Психологпен кездесу 9-11сынып

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТІЖО

Мектеп психологтары

сынып жетекшілері

5

18.10.24ж

8-11 сынып оқушыларының аймақтық полиция инспекторларының кездесуі, «Жасөспірім және қылмыс» ашық әңгімелесу

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Ұйымдастырушы педагог

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
























«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығына сәйкес сынып сағаты

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

(Фариза Оңғарсынова)

Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?!

"Туған жер алтын бесігім" тақырыбында 4 "А" сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу, оқушыларды өз елін ,жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, туған жер тарихын ұғындыра отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету

Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?!

Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Туған жерді сүю парыз, сүю үшін білу парыз. Туған өлке тарихын әспеттеп, келер ұрпаққа жеткізу аға буынның міндеті. Бұл жайында Болашаққа қалай қадам басарымыз – өскелең ұрпаққа беретін тәрбиеге байланысты. Бүгінгі сынып сағаты барысында жастарды киелі мекеннің тарихымен таныстыра отырып, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыру туралы айтып өтті.


Буллингтен қалай қорғану керек?

Буллинг және кибербуллинг — қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер, олар жастардың психологиялық және физикалық денсаулығына теріс әсер етеді. Кибербуллинг — интернет немесе мобильді құрылғылар арқылы жасалатын буллинг түрі. Бұл вербалды және эмоционалдық қысым көрсету арқылы жүзеге асады.

Мектебімізде 8 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен « Буллингтен қалай қорғау керек? » тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өтті . Сіздер буллингті қалай түсінесіздер?»

«Буллингтің қандай түрлерін білесіздер?»

«Сіздер буллингтің құрбаны немесе куәгері болдыңыздар ма?» Оқушылар шағын топтарға бөлініп, әр топқа буллингтің бір түрін (физикалық, вербалды, эмоционалдық, әлеуметтік) талқыланды

Оқушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың өз тәжірибелерімен бөлісуін сұралды.

Буллингтен құтылу — тек жеке адамдардың емес, қоғамның да жауапкершілігі. Барлық тараптардың бірлесіп әрекет етуі арқылы буллинг мәселесін шешуге болады, нәтижесінде жастар мен балалардың өмір сапасы артады.


Мектеп парламентінің президентін сайлау

Мектеп Парламенті - оқушылардың өкілетті ұйымы ретінде мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға, мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсене араласады.

Мектебімізде президенті мен парламент мүшелерінің ұлықтауға арналған салтанатты рәсімі өткізілді.

Бір ай бойы мектеп президенті лауазымына үміткерлер сайлау алдындағы бағдарламаларын өткізіп, жаңа идеялар мен жобаларды ұсынды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ..... сынып оқушысы ...........барлық кандидаттар арасында ең жоғары дауыс жинап, мектептің жаңа президент лауазымына тағайындалды.

Жаңа президентпен бірге мектептегі парламент мүшелерініңде жаңа құрамы анықталды.

Осы орайда 2023 жылдың 27 қазан күні мектеп Парламентінің Президенті мен мүшелерін ұлықтау рәсімі ұйымдастырылды.

Олар мектеп өмірінің жақсаруына үлес қосуда белсенділік көрсететіндеріне уәде беріп, өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға ант қабылдады.

Мектеп директоры Ж.А.Биимбет қатысуымен парламент мүшелеріне төс белгімен, куәліктерін табыстады.

Мектеп парламенті Президентінің алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік

«Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаты барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіру. Құқықбұзушылыққа жол бермеу, оның алдын алу.

Сонымен қатар жоспар бойынша "Қозғалысты реттеу нысандары" тақырыбында ЖЖЕ жайлы мәліметтер де айтылып, балалар суреттер салып, сұрақтарға жауап берді.

Сабақ соңында "Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады" тақырыбында қауіпсіздік сабағы жүргізілді.

Халқымыздың арғы- бергі тарихында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттерінің алатын орны ерекше екені белгілі. Ал мейірымнің адам бойына сіңісті болуы отбасындағы тәлім- тәрбиеге, ата- ананың балаға көрсететін үлгі өнегесіне тікелей байланысты.Егео біз адамзаттың бәрін сүйіп, бәріне мейіріммен , сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарай алсақ, онда бүгініміз шуақты, ертең іміз нұрлы болады.

Психологпен кездесу


Мектебіміздің жоғары сынып жетекшілері арнайы мамандар шақырып кездесу ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты-оқушылардың психологиялық сауатын арттыру арқылы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.

Семинар-тренинг барысында психолог маман «Аутодеструктивті мінез-құлыктың алдын алу» тақырыбында психологиялық

семинар тренинг жүргізді. Айша ханым психологиялық техникаларды қолдана отырып, позитивті ойлау қабілетін жетілдіру, әлеуметтік ортада әртүрлі мәселелерге тап болган жағдайда, оңтайлы шешу жолдарында

көз қарасын кеңейту, өз өміріне қатысты жауапкершілікті арттыру бойынша дағдыларды қалыптастырды.

Сондай-ақ, оқушылар өзіндік мақсаттары мен құндылыктары туралы әңгімелеп, кері байланыс орнатылды.



8-11 сынып оқушыларының аймақтық полиция инспекторларының кездесуі, «Жасөспірім және қылмыс» ашық әңгімелесу

Мектебімізде 8-11 сынып оқушыларының аймақтық полиция инспекторларының кездесуі, «Жасөспірім және қылмыс» ашық әңгімелесу болып өтті.

Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатында өмір қауіпсіздігі, құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін арттырып, оның алдын алу бойынша, сондай-ақ оқушылар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды. Зорлық-зомбылық,құқық бұзушылық орын алған жағдайда қолданылатын арнайы баптары мен айыппұлдары таныстырылды.

Сынып сағатында жасөспірімдердің қылмысқа тартылу себептері, жасөспірімдерге тән қылмыстық әрекеттер жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп ,сауалнамалар алынды.

Жасөспірімдер мен қылмыс мәселесі — қоғамдағы күрделі мәселе, оған көп факторлар әсер етеді. Жасөспірімдерді құқық бұзушылықтан қорғау үшін кешенді шараларды қолдану, отбасы, мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты арттыру маңызды. Бұл бағытта жұмыс істегенде, жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін ескеру қажет.






















































21.10 – 24.10 қазан аралығында орындалатын жұмыстар.


Апта дәйексөзі: Отаным – алтын бесігім!


р/с

Апта күндері

Атқарылатын жүмыстар

Формасы

Жауаптылар

1

21.10.24ж

«Ұшқыр ой алаңы» дебаты

(«Ұшқыр ой алаңы» жобасы )

Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал – кино

7-8 сынып оқушылары

«Ойынқұмарлық-тәуелділік» оқушылар конференциясы


Мектеп дебаты

Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

2

22.10.24ж

«Республикам – мақтанышым!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)




Қауіпсіз балалық шақ» 1-4 сынып,

«Қауіпсіз қоғам» 5-11 сынып



Республика күніне арналған жалпы мектепішілік іс-шара және сынып сағаты

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

3

23.10.24ж

Құмар ойындарымен бәстесудің зияны, қаржылық сауаттылық туралы жадынамалар тарату


«Құмар ойындарының зардабы және қаржылық сауаттылық» дебат


Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТІЖО

Мектеп психологтары

сынып жетекшілері

4

24.10.24ж

«Демалыста кітап оқимыз»

(«Балалар кітапханасы» жобасы)



Ғалым, мемлекет қайраткері Санжар Асфендияровтың туғанына135 жыл (1889-1938)

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл (13.10.1924–1992).


Кітапханашылар күніне арналған жалпы мектепішілік іс-шара

Сыныптан тыс іс-шара

1-4-сынып жетекшілері



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кітапханашы


Жаратылыстану бірлестігі

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:











Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал – кино


"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасы аясында

"Әлеуметтік жобалар мен іс шаралар арқылы құндылықтарды енгізу" блогы бойынша "Ұшқыр ой алаңы " дебат клубы мүшелерінің қатысуымен 9 қазан күні "Б.П. Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал – кино д.е." тақырыбында пікір сайысы өткізілді.

Мақсаты: тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу; ой-өрісті дамыту,жан-жақты ойлау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сыйластыққа,достыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сайыста "Үкімет" тобының және "Оппозиция" тобының спикерлері өз позицияларына сәйкес ойын көрсетті.

"Б.П. Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал - кино д.е." қарар тақырыбы бойынша екі топ спикерлері өз аргументтері мен фактілерін келтіріп, тұщымды ойларын ортаға салды. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, ұтымды ой айтып, түйінді пікір білдірді.

Пікір сайыста фракциялар өз дәрежесінде ойын көрсетіп мақсатына жетті.


Республикам-мақтанышым!

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес сыныптарда "Республикам-мақтанышым!" тақырыбында сонымен қатар "Отаным-алтын бесігім!"дәйек сөзін басшылыққа ала отырып сынып сағаты өтілді

Мақсаты:

- Қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- Оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт –дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу;

- Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру;

- Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.

25 қазан - Республика күніне орай Ұлттық нақыштағы атқа мінген қазақ батырлары, салт-дәстүр кейіпкерлерінің символдық шеруі өткізілді. Шеруге «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Өмірбаева Сәуле Өмірсерікқызы, ұлттық нақышта киінген қазақ батырлары, бүркітші, садақшы, мемлекеттік ту ұстаған мекеме қызметкерлері мен оқушылар қатысты.


«Қауіпсіз балалық шақ» 1-4 сынып,

«Қауіпсіз қоғам» 5-11 сынып


"Қауіпсіз балалық шақ" 1-4, 5-9 сыныптарда «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Сонымен қатар күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Аталмыш шараның мақсаты – кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында ата-аналардың бала қауіпсіздігіне назар аударып, күнделікті сақтық ережелерін үйретіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сынып сағаттары барысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін презентация арқылы түйіндеді. Балаға арналған көше-бұл баланың өзі қатыса алатын қызықты оқиғаларға толы түрлі, тартымды құбылыстарға (машиналар, ғимараттар, жаяу жүргіншілер, заттар және т.б.) толы жарқын әлем. Әлбетте, балалар көшеде және аулада адамның өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпаратты неғұрлым ерте алса, жазатайым оқиғалар соғұрлым аз болады. 

Бала – біздің болашағымыз! «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» дейді аталы сөзге келгенде жауырынына қамшы салдырмаған қазақ жұрты. Ия, өрісі малға, өмірі өнегеге толған қазақ халқы қай кезеңде де шаңырағының шаттығы мен ырысының тұрақтылығына перзенттерін балаған. Шындығында да, адам өмірінің барлық қызығы да, шыжығы да осынау кішкентай періштелермен тікелей байланысты. Сондықтан, оларды қорғау мен қолдауды, бейқам өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауды мемлекет өз міндетіне алған.

ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫМЕН БӘСТЕСУДІҢ ЗИЯНЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТУ

Ойынқұмарлықтың адамның өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі туралы мағлұмат беру мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында “ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫМЕН БӘСТЕСУДІҢ ЗИЯНЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТУ” тақырыбында мектеп психологының ұйымдастыруымен психологиялық сағат өткізілді.

Лудомания – адам өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы.

Абай Құнанбаевтың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген осы үш қасиеттін пайдалана отырып, адамдықор қылатын – надандыққа, еріншектікке, залымдыққа жол бермей, баланың тәрбиесін ата-аналар осы бастан қолға алса, құба-құп болар еді.

Психологиялық сағат барысында оқушылар құмар ойынның зияны туралы өз ойларын ортаға салып, сауалнамаға жауап берді, жадынамалар таратылды.


Құмар ойындарының зардабы және қаржылық сауаттылық

Құмар ойындарының зардабы және қаржылық сауаттылық” тақырыбындағы пікірталас өткізілді. оқушыларды құмар ойындарының қоғамға және жеке адамдарға әсерін талқылауға және қаржылық сауаттылықтың бұл мәселедегі рөлін түсіндіруге бағытталған. Бұл пікірталаста оқушылар құмар ойындарының зиянды салдары мен олардан сақтану үшін қаржылық білімнің қаншалықты маңызды екенін екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырды.

Пікірталас мақсаты:

Бұл дебат оқушыларды құмар ойындарының әлеуетті қауіптері туралы тереңірек ойлануға, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын түсінуге және өмірде дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауға үйретеді. Сонымен қатар, пікірталас оқушылардың сыни ойлауын, қоғамдық мәселелерді түсінуін және шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды өзінің және қоғам алдында өз іс- әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы іс-шараға білім алушылар белсенділік танытуда.


«Демалыста кітап оқимыз» («Балалар кітапханасы» жобасы аясында)


Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Демалыста кітап оқимыз» атты Буккроссинг акциясы өткізілді. Буккросинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды – «буккроссерлер» деп атайды.

«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»;

оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу;

әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру;

кітапханаға оқырмандарды тарту;

күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу;

әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.


Мектеп білім алушылары акцияға белсене қатысып, өздерінің оқыған кітаптарын бір-біріне сыйға тартты.

Санжар Асфендияровтың туғанына- 135 жыл!

Санжар Асфендияровтың туғанына- 135 жыл толуына орай «Қазақ тарихындағы ұлы тұлға» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Дәріс сабақ барысында презентация және бейнеролик көріп, С.Ж.Асфендияровтың өмір жолы, ғылыми еңбектерімен оқушылар таныстырылды.

Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаров 20 қазанда 1889 жылы дүниеге келіп – 25 ақпан 1938 жылы өмірден өткен) – көрнекті мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткер, ірі ғалым, шығыстанушы тарихшы, Қазақстанның жоғары білім және академиялық ғылым жүйесінің ұйымдастырушысы, алғашқы қазақ дипломды әскери дәрігерлерінің бірі, тұңғыш қазақ профессоры, Қазақстанның тарих ғылымының негізін қалаушылардың бірі, “Қазақстан тарихы” атты іргелі ғылыми еңбектің авторы, публицист. Мусбюро құрамында Түркістан республикасының саяси егемендігі үшін күреске қатысты, Бұхара, Түркістан және Қазақстандағы ашаршылық пен эпидетке қарсы күрестің белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл

2-4 сынып білім алушылары арасында жылдық жоспарына сәйкес Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты іс-шара өткізілді.

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, оқулыққа деген сүйіспеншілігі мен кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ынталандыру.

Іс-шара барысында жазушының өмірбаянынан баяндама оқылды. Сонымен қатар өлеңдерінен үзінді оқылып, "Менің атым Қожа" повесінен үзінді қойылды.

Сондай -ақ, автордың атақты туындысына қатысты викториналық сұрақтар қойылып, жазушы өмірінен бейнебаян көрсетілді. Білім алушылар жазушыға арнау өлеңдерін айтып, би мен ән шашуларын шашты.

Тыңдармандар Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларымен тереңірек танысып, оның әлеміне үңіліп, рухани ләззат алып, шәкірттерімізге алғыстарын айтып, шығармашылық табыс тіледі.


Қазақтың белгілі жазушысы, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қостөбе ауылында дүниеге келген. Жазушы өз шығармаларында қарапайым ауыл өмірі мен сол кезеңдегі қоғамның шынайы келбетін суреттейді. Оның ішінде ең танымал шығармаларының бірі – «Менің атым Қожа». Бұл повесте балалық шақтағы бұзықтық пен ізгі ниеттің үйлесімі арқылы бала Қожаның ішкі дүниесін ашып көрсетеді.

Бүгінгі шарада жас оқырмандар кейіпкердің тәрбиелік мәні зор тақырыптарын қозғап, шығармасында түсінікті әрі әсерлі тілмен жеткізген балалар әлеміне талдау жүргізді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!