400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Апталықтың ашылу салтанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

14.04.14 -26.04.14 аралығында өтеткен «Дамыту пәндері» әдістемелік комиссиясының байқау күндері апталығының жабылу сценарий.


Өтетін уақыты: 28.04.2014жыл сағ: 7:40

13:40

Өтетін орыны: Өскемен қаласы

«Оралқан Бөкей атындағы

№44 мектеп-лицейі» КММ

Жүргізушілер: Шахзодаев Рахим, Айтқазина Шұғыла 9М сыныбы

«Білім, өнер және спорт – болашақтың кепілі!»


1-жүргізуші

Қайырлы таң! Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар.

2- жүргізуші

«Білім, өнер және - спорт болашақтың кепілі!» атты дамыту пәндерінің байқау күндерінің жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші

Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» даму Стратегиясының ең маңызды басымдылықтарының бірі денсаулық, білім алу мен Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, оны негізгі жүзеге асыру негізінде, ел халқының көпшілігінде салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

2- жүргізуші

«Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Қазіргі таңда Дамыту пәндері әдістемелік комиссиясының байқау күндері өткізілді. Апталық аясында мектебіміздің 1,2 қабаттарында оқушылардың зейінін, ойлау қабілетін дамытуға арналған кубик-рубик, пазыл және құммен сурет салуға арналған стол жасалды.

(кубик –рубик жасату Медетке)?

1-жүргізуші

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.

2- жүргізуші

Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі.

Ән:



1-жүргізуші

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған.

2-жүргізуші

Домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Мұнда шалқайыңқырап отырып әндетуге де болады. Әншінің даусына кесел келтірмейді. Сондықтан домбыра, бір жағынан әншінің жыршының ақынның да «қолқанаты».

1-жүргізуші

Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Оның әлденеше себептері бар. Біріншіден – домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам көрінген ағаш затынан жасап ала береді.

Күй :





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
2922
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі