Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ақ бидай" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; жауапкершілік;
Материалдың қысқаша нұсқасы







САБАҚ:

Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жом

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахмадалиева Д.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім атауы

Төрт түлік мал мен егіншілік –ел берекесі

Сабақтың тақырыбы

Ақ бидай

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т.7.1.4.1 повесттердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау,тақырыбы мен идеясын талдау

А.7.2.5.1 диологке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші –тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру

Сабақтың мақсаты:

Ақ бидай мәтінін тыңдап, тақырыбы мен идеясына талдау жасау.

Диалогке түскенде коммуникатив жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші-тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру

Бағалау критерийлері

Повесттердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды,тақырыбы мен идеясын талдай алады

Диологке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші –тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәнгеқатыстысөздікқорментерминдер:қуаңшылыққаумалапқасақанамұң-зарынақұлпырыпқаскөйшөп

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің болжауым бойынша келесі бөлігінде ………………………….. баяндалады


Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

жауапкершілік;

Пәнаралық байланыс

География

Алдағы оқу

Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжай алады

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут




Білу

5 минут








Сабақтың ортасы

Түсіну


12 минут




































Қолдану

5мин.

















Талдау

5мин
















Жинақтау

5мин


Бағалау

Сабақтың соңы

5мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

«Гүлмен тілек» әдісі арқылыоқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сандар бойынша топқа біріктіріледі.Сандармен 3 топқа бірігеді.

«Тік ұшақ» әдісі арқылы өткен тақырыпен жұмыс

Ширату жаттығуы:

«Сұрақтарды қағып ал» әдісі

1.Егіншілікпен кімдер айналысады?

2.Егіншіліктің қандай пайдасы бар?

3.Нан өнімдеріне дәндердің қандай маңызы бар?

Лексикалық минимум

Қуаңшылық,қаумалап,қасақана,мұң-зар,қаскөйшөп«лотерея барабаны» оқушылар конверттегі сөздерді суырып алады. Ол туралы не білетінін айтады. Көпірше арқылы аудармасын табады.


Тыңдалым

1-тапсырма. «қар кесегі» әдісі

1. Мәтінді талдау үшін мұқият тыңдаңыз

  • 2.Мәтіннің мазмұны мен идеясына назар аударыңыз

  • 3.Мәтіннің тақырыбы мен идеясына талдау жасаңыз

  • Тақырыбы

  • Мазмұны

  • идеясы

Дескриптор:

- Мәтінді мұқият тыңдайды.

- Мәтіннің мазмұны мен идеясын анықтайды

- Мәтіннің тақырыбы мен идеясына талдау жасайды.

Саралау

Талантты, дарынды оқушылар:

Адами құндылық тұрғысынан қазіргі өмірмен байланыстыра отырып салыстыра талдайды(тапсырма бойынша)

Әр түрлі қабілетті оқушыларға көпірше ретінде:

Автор мәтін арқылы оқырманға қандай ой тастап отыр? Мәтіннің негізгі идесы қандай? ...

Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға көпірше ретінде

Бидай қандай өсетін еді? Неге ақ бидайдың ахуалы нашарлай бастады? Адам қандай іс-әрекет орындады?

ҚБ


"Мадақтау сэндвичі" әдісі арқылы оқушылрдың жұмысын бағалаймын.

позитивті комментарий, не ұнады;

сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

келешекке (маған ұнады, бірақ келесі жолы) психологиялық жаттығулар мен жадыны дамытуға арналған жаттығулар жиынтығын бағалағанда қолдандым.


Ақ бидай

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай береді. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды.

Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді.

Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады.

Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бір түйірін де шашау шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды.

Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі зая кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, сөйтіп, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды.

Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен.

Айтылым

2-тапсырма

ЖЖ

«Хикая картасы» әдісі арқылы берілген суреттерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын ретімен орналастыр

  • Адам мен ақ бидай арасындағы достық

  • Адамның көмегі

  • Ақ бидайдың адамға алғысы

  • Ақ бидайдың Адамнан көмек сұрауы

  • Ақ бидайдың аңдардан көмек сұрауы

  • Ақ бидайдың жағдайының нашарлауы

  • Ақ бидайдың жайқалып өсуі

  • Ақ бидайдың құстардан көмек сұрауы


Дескриптор:

- Мәтінің мазмұнын түсінеді

- Ретімен орналастыра алады

- Орфоэпиялық норма мен сөйлеу этикасын сақтайды

Саралау

Талантты, дарынды оқушылар:

Мәтін идеясына байланысты бір біріне сұрақтар қою арқылы диалогке түседі

Әр түрлі қабілетті оқушыларға көпірше ретінде:

Қалай ойлайсыңдар адам оған ерлік жасады ма? Адмның орнында болғанда сен не істер едің ? ...

Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға көпірше ретінде

Ақ бидайдың өсуіне не кедергі болды? Ол кімдерден көмек сұрады?


ҚБ. Жұпта өзара бірін бірі критерийлер арқылы бағалайды

Мұғалімнің бағалауы: Кімнің жауабы ерекше әсер қалдырды?

Не себепті олай ойлайсыздар?


Жағдаяттарды шешу.

Таңертең ата-анаң жұмысқа кетті.Олар саған егіндегі көкөністерге су құйып қоюды айтып кетті.Ойнап жүріп уақыт өтіп кеткенін байқамай қалыпсың,мектеп уақыты болып қалды не істейсің ?

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс; Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Оқушылар сабақ барысында нені үйренгенін, не қызық болғанын, не қиындық туғызғаны туралы ойларын айтады

Үйге тапсырма: 5-тапсырма «4 сөйлем» әдісі

Пікір. Өз пікірін бір сөйлеммен білдіру.

Дәлел. Бір сөйлеммен дәлелдеу.

Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаса




гүлдер


































Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қандай тәсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Талантты, дарынды оқушылар:

Мәтін идеясына байланысты бір біріне сұрақтар қою арқылы диалогке түседі

Қабілеті әртүрлі оқушыларғакөпірше ретінде:

Қалай ойлайсыңдар адам оған ерлік жасады ма? Адмның орнында болғанда сен не істер едің ? ...

Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға көпірше ретінде

Ақ бидайдың өсуіне не кедергі болды? Ол кімдерден көмек сұрады?



Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Сендвич» тәсілі арқылы бағалаймын

Денсаулық ,достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
4404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12