жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақ бидай 7 сынып
«Тексерілді» _________________________________________________________________________________________
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Төрт түлік мен егіншілік - ел берекесі. |
Мектеп: № 124 ЖОМ |
||||
Мұғалімнің аты –жөні: Тажибаева М.А |
|||||
Күні: 15.02.2019ж. |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: 0 |
|||
Сынып: 7 «А» |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ақ бидай |
||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7.ТБ1.3.Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану. |
||||
Сабақ мақсаты |
Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдана білуге баулу. |
||||
Бағалау критерийі
|
Барлық оқушылар орындай алады |
||||
Топтау сан есімдері туралы білімдерін тереңдетеді. |
|||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады |
|||||
Топтау сан есімдері туралы білімдерін тиянақтайды. Сан есімдерді жазба және ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады. |
|||||
Кейбір оқушылар орындай алады |
|||||
Топтау сан есімдері туралы білімдерін тиянақтайды. Сан есімдерді жазба және ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады.Тақырыпқа байланысты берілген тест тапсырмаларын орындай алады. Мәтін бойынша түсінігін еркін айтады. |
|||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады Хат, жарнама, хабарландыру, хабарламаны ажыратып жаза алады. |
||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер Қуаңшылық, нашарлай, мұң-зарына, зая кетпей, айырылмас |
|||||
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер Егіншілік, Сайрам өңірі, туған жер, кіндік қаны тамған жер, егіншіліктің пайдасы, мал шаруашылығы |
|||||
Талқылауға арналған сұрақтар Сан есім дегеніміз не? Сан есімнің қандай түрлері бар? Қазақстан мемлекетінде егіншіліктің қай түрі кеңінен тараған? |
|||||
Не себепті ..... деп ойлайсыз? Бидайды ақ алтын деп атайды? |
|||||
Ишара Тамаша! Керемет! Жарайсың! |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Ұқыптылыққа, тазалыққа, халық еңбегін құрметтеуге үйрету. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Еңбекті құрметтеуге баулу. |
||||
Алдыңғы оқу |
7.ТБ1.5.Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану. |
||||
Жоспар |
|
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: 40 мин |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы І. Ұйымдастыру кезеңі 1 минут
Психологиялық ахуал 2 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу, ә) оқушыларды түгендеу, б) оқушылардың назарын сабаққа аудару в) сабақтың мақсатымен таныстыру Сыныпқа психологиялық ахуал туғызу. Ұйымдастыру
кезеңі : Ыңғайлы отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз да ерекше саяхатты елестетіңіз. Айтқанымның барлығын елестетіп отырыңыз... Қолымызда бір қапшық бар. Сол қапшықты толтырайық. Керек емес нәрсенің барлығын соның ішіне салайық; өкпе, реніштерді, көз жасын, ұрыс- керісті, сәтсіздікті, өкінішті... Қапшықтың аузын байлап саяхатқа аттанайық.. Сіз тұратын үйден кең жолға шықтық... Жолымыз алыс, қапшығымыз ауыр, иығымыз ауырды, біз шаршадық, аяқ-қолымыз талды. О-Ох! Демалғымыз келді! Ендеше демалайық! Қапшықты жерге тастап, жатайық. Терең демаламыз: ауаны тартамыз (3 секунд) тартамыз-шығарамыз. Деміміз жеңіл, түзу, терең. Жердің иісің сезесіндер ме? Жапырақтардың аңқыған иісі, гүлдердің хош иістері, кеудеңді кернейді. Жер бүкіл уайымды, өкініш пен шаршауды сіңіріп алып денеңізді күшке, қуанышқа толтырады. Енді әрі қарай жол жүру керек. Тұрыңыздар. Қапшықтарыңызды көтеріңіздер, сезесіздер ме, ол жеңілденіп қалды. Сіз гүлге толы дала бойымен келе жатырсыз: шегірткелер шырылдап, аралар ызылдап, құстар ән салуда. Осы дыбыстарды мұқият тыңдайық. Алдыңызда мөп-мөлдір бұлақ. Бұлақтың суы емді, дәмді. Сіз бұлаққа созылып, қолыңызды мөлдір суға батырып, мұздай, дәмді судан ішіп жатырсыз. Бүкіл денеңізге мұздай судың таралғаның сезесіз бе? Сіз денеңіздің жеңілдеп, жаңарғаның сезесіз... Жақсы! Суға түсіңіз. Ол аяғыңызды жұмсақ сипайды, шаршағаныңызды басады. Сіз тастан тасқа секіріңіз, сізге жеңіл және көңілді қапшық мүлдем жеңілдеп кетті. Түрлі- түсті тамшылар шашырап, бетіңізді, маңдайыңызды, мойыныңызды, бүкіл денеңізді жаңартады. Ке-рем-ет.!!! Сіз арғы бетке өтіп шықтыңыз! Ешқандай кедергіден қорықпайсыз! Әдемі жасыл алаңда аппақ әсем үй тұр. Есігі ашық сізді ішіне шақырып тұрғандай. Сіз кірдіңіз. Алдыңызда пеш, жылынып кеуіп алуға болады. Сіз пештің алдына отырып, оттың жарық алауларын қарап отырсыз. Олар көңілді секіріп, билеп қояды. Жылы лебіз бетіңізден қолдарыңыздан сипап, бойды жылытады. Айнала тыныш, жайлы! От сіздің бойыңыздағы реніш, сағыныш, уайымды алып кетеді. Қараңызшы, сіздің қапшығыңыз босап қалды... Сіз үйден шығып, таза ауаны бір жұтасыз! Сіз ризасыз және қуаныштысыз! Самал жел сізді шашыңыздан, бетіңізден сипап өтті. Денеңіз ұшып кетердей жеп-жеңіл. Сіз өзіңізді керемет сезініп тұрсыз!Самал жел сіздің қапшығыңызды қуанышқа, мейірімге, махаббатқа толтырады... Барлық осы байлықты сіз сыныпқа алып барасыз да, өз мұғалімдеріңізбен, жақындарыңызбен, достарыңызбен бөлісесіз. (үзіліс 30 секунттан кем емес) Енді көзіңізді ашып, жымыуыңызға болады- сіз сабақтасыз және сізді жақсы көреді... |
|
|||
Сабақтың ортасы
32 минут |
Мәтіналды жұмыс: Сұрақтарға жауап бер: 1.Сен тұратын жерде егіншілікпен айналыса ма? 2.Егіншілікпен кімдер айналысады? 3.Егіншіліктің қандай пайдасы бар? Жазылым. 2-тапсырма. Көркем жазу. Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды. Жазылым. Оқылым. 3-тапсырма. 1.Шаруашылық (не?), еңбек (не?), ырыс (не?), өнім (не?), бай жер (қандай жер?), дәнді дақыл (қандай?), суару (не істеу?), диқан (кім?), алқап (не?). 2.Шаруашылықпен айналысу, күзгі еңбек, жақсы өнім, ... Тыңдалым. Оқылым. 4-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдайды. Мәнерлеп оқиды, мазмұнын айтады. Оқылым. Айтылым. 5-тапсырма. Сұрақтарға жауап береді. Ойашар. Түрлі-түстер тесті Авторы: М.Лютер Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі-түстегі кеспе қағаздар таратылады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды. Қазіргі сәтте қандай көңіл – күйде отырғандарын анықтау. Негізгі түстер: Көк – тыныштық, қанағаттанарлық. Жасыл - өзіне сенімділік, табандылық. Қызыл – күштілік, агрессия, қозу. Сары – белсенділік, көңілділік, қарым-қатынасқа ұмытылу. (Көмекші түстер: Қара, Қоңыр, Күлгін, Қызғылт – қорқыныш, қорқынышты бастан өткізу, дабыл, негізінен адам бойындағы негативті (жағымсыз) жағдайларды көрсетеді.) Жазылым. 8-тапсырма. Жеке орындалады. Қажетті сөздерді қойып, ойды аяқтайды.
|
Мәтін
|
|||
Сабақтың соңы Кері байланыс 3 минут
Бағалау
2 минут
Үй тапсырмасы |
«Аяқталмаған
сөйлем»
50-52 беттер. 9, 11-тапсырма. Ауызекі орындалады. 10-тапсырма. Жазбаша орындалады. |
Бағалау шәкілі: 13-15 – «5» 10-12 – «4» 5-9 - «3» 0-4 – «2» |
|||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген