Ақ боран ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақ боран ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектептегі бастауыш сынып мұғалімдеріне тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ ЖОСПАРЫ

Әдебиеттік оқу


Сабақ:Ақ боран

Мектеп: «Жаңа дала» ЖОМ

Күні: 19.01.2017ж

Мұғалімнің есімі: Сапарбаева Қ.Ж.

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:жоқ

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ж.Жұмаханов «Ақ боран» әңгімесімен танысып, мазмұнын түсіну. Табиғат құбылысының ерекшелігін ұғыну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Әңгімені оқып, мазмұнын түсінеді. Ауа-райының құбылыстарын әңгімелейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейіпкердің іс-әрекетін бағамдап, оған мінездеме бере алады.

Кейбір оқушылар:

«Бес тармақты өлең» шығара алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Әңгіме мазмұнын түсіндіреді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ақ боран, ышқынады, екілене, бүлкек.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:




  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған тармақтар:

  • Үй тапсырмасын пысықтау.

  • «Лимерик» әдісін қолдану.

  • Әңгімені «Жигсо» әдісімен оқу.

  • Постер қорғау арқылы түсіндіру.

  • «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен тақырыпты қорытындылау.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

  • Әңгімеде қыстың қатал мінезі қалай берілген?

  • «Ақ боран» деп аталу себебі неде?

  • Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма?

  • Қасымды қиындықтан құтқарған қандай жағдай?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

  • Қасымның ішкі ойын мәтіннен тауып, дәптерге жазу.

  • Жазушының боранды адам кейпінде суреттеген жерін дәптерге жазу.

Алдыңғы тақырып

О.Әубәкіровтың «Дүрбелең» өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды. «Лимерик» әдісімен өлең шығарады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

2мин







2мин



2мин


2мин



3мин



3мин





Психологиялық дайындау. Шаттық шеңберін құру.

Таудай терең талабым,

Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлайтын,

Үлкен ғалым боламын.

Боламын десем, боламын!

(Ж.Смақов)

Топқа біріктіру: «Білім» тобы, «Зерде» тобы, «Ғылым» тобы


Топ ережесімен танысу.


Бағалау критерийімен, табыс критерийімен оқып танысады.


Үй тапсырмасы. О.Әубәкіровтың «Дүрбелең» өлеңін пысықтау.


«Лимерик» әдісі арқылы бес тармақты өлең шығару. Сықақ өлең.

Үлгі:

... ... ... кейіпкер

... ... ... мінездеме

... ... ... қимыл-әрекет, оқиға

... ... ... автордың көзқарасы.

«Басбармақ» әдісімен бағалау.










Білім, Зерде, Ғылым жазуы бар қағаз қиындылары.

Топ ережесі.


Бағалау парағы, табыс критерийі.













Ортасы

2мин





10мин




8мин











4мин










«Миға шабуыл» әдісі. Қандай табиғи құбылыстарды білеміз?

-Жел, жауын-шашын, найзағай, қар жауу, дауыл, боран, бұршақ, т.б.

-Ендеше боран қай мезгілде болады?


Ендеше осы тақырыпқа байланысты жаңа сабағымызды бастаймыз. «Жигсо» әдісін қолдану.


«Постер қорғау» әдісі.

Әңгімеде қыстың қатал мінезі қалай берілген? «Ақ боран» деп аталу себебі неде?

Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма?

Қасымды қиындықтан құтқарған қандай жағдай?

Әр топтан 1 спикер шығып түсіндіреді.

«Басбармақ» әдісімен бағалау.

«Ақылдың алты қалпағы» әдісін қолдану.

Ақ қалпақ-қажетті ақпаратты береді.

Сары қалпақ-жетістіктер мен жақсылықтар.

Қара қалпақ-кемшіліктерді айтады.

Қызыл қалпақ-сезімді, болжамды, ішкі түйсікті білдіру.

Жасыл қалпақ-жаңа идеяға бағытталады.

Көк қалпақ-бақылаушы, дұрыс орындалғанына кепілдік береді.









Оқулықтар


Флипчарт, маркер











«Ақылдың алты қалпағы»

Ақ, сары, қара, қызыл, жасыл, көк түсті қалпақтар.





Аяқталуы

2мин



2мин

Бағалау критерийлерін қолданып қорытынды бағалау.


Кері байланыс. Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып, тиісті смайликке жапсырады.







Бағалау парағы.



-Өте жақсы түсіндім.

-Түсіндім.

-Түсінгім келеді.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

  • Ж.Жұмахановтың басқа әңгімелеріноқуды тапсырамын, өлең ұйқастырады.

  • Оқушылар бірінің тапсырмасын бірі тексеріп, өзара бағалайды. Соңынан өзім тапсырмаға шолу жасаймын.

  • Сыныпта тыныш отырып, бір-біріне кедергі келтірмейтіндей жағдайды күтемін.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақтың мақсаты тақырыпқа сай жоспарланды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Жоспар тиімді жасалған. Мен берілген уақытты дұрыс пайдаландым. Мен алдағы уақытта ізденісте боламын.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Үй тапсырмасын топ болып пысықтап шықты. Оқушылардың дайындығы жақсы болды.

2: Жаңа тақырыпты топпен бірге постер арқылы түсіндірді. Оқушылар өз ойларын дұрыс қорытындылады.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Әр тапсырманы орындап, соңынан топпен бірін-бірі «Басбармақ » әдісімен бағалады.

2: «Ақылдың алты қалпағы» әдісін қолдану жаңалық болды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Ж.Жұмаханов «Ақ боран» әңгімесіменің (идеясын) автордың негізгі ойын оқушының қалай түсінгенін анықтадым. Жеке оқушылардың сұраққа жауап бергенде сөйлеу мәнерінің дұрыс болуына көңіл бөлдім.








Picture 3











Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» әңгімесіне байланысты 4 «А» сыныбында сабақ өту барысында, оқушыларды «Білім» орталығы, «Зерде» орталығы, «Ғылым» орталығы деп біріктірдім. Топтар өзара бірін-бірі бағалап отыруы үшін «Басбармақ» әдісімен бағалауды ұсындым. Үй тапсырмасы «Дүрбелең» тақырыбына шолу жасағанда, ағылшын Эдвард Лирдің «Лимерик» әдісін қолдануым, белгілі құрылымға бағынатын әзіл-оспақ, күлдіргі өлең шығару. Өлең құрылым бойынша бес тармақтан тұруы шарт.

  1. Кейіпкер

  2. Мінездеме

  3. Қимыл-әрекет

  4. Оқиға

  5. Автордың көзқарасы

Сабақтың мақсатында айтылғандай, кейбір оқушылар өлең шығарды.

Бектай деген бір бала ,

Оның ісі шала.

Ауырдым деп босқа,

Қулықпен әуреге салма.

Әй, өтірікші бала! Деп бес жолды өлең құрастырды Б.

«Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабаққа кіріспе жасай отырып, «Ақ боран» мәтінін бөлімдерге бөліп, Жигсо әдісі арқылы оқушылар мәтін мазмұнын түсінді. Әр топ өздеріне ұсынылған тақырыптар бойынша постер қорғады. Алған білімдерін жинақтау үшін Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қалпағын» қолдандым.

«Ақ қалпақ»-белгілі ақпаратқа назар аудару: «Бұл қыс мезгілінде болып жатқан оқиға еді. Ақ түтек болып тұр. Боран бет қаратпай тұр»-деді Э.

«Сары қалпақ»-идеяның жақсы жетістіктерін айту: «Қасым-үлкендерді сыйлайтын, олардың сөзін тыңдайтын бала»-өз ойын айтты О.

«Қар қалпақ»-дұрыс істемейтінін айту. «Мен боранда мал бақпас едім, малдарды қорада ұстайтын едім»-деді Б.

«Жасыл қалпақ»-жаңа мүмкіндіктерді, идеяларды айтады: «Боранда мал бағатын болсам, қолыма құбылнама ұстап жүретін едім»-деп өз ойын қосты А.

«Көк қалпақ»-барлық қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқанына кепілдік беру: «Қалпақтар түрлі ойды білдіріп тұр. Мен барлығының ойымен келісемін»-деді Ұ.

Жоғарыдағы әдістерді қолдана отырып, сабақ мақсатында жоспарлағандай, мен балаларға негізделген, әділ сын тұрғысынан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет болса, оқушыларды болжам жасау мен модельдеу дағдыларына жаттықтыру қажет екенін түсіндім.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
1343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі