Балқасым Арайлым
Ноо 21/со тобы
Ақ Дегелек
Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 – 30 жұптай ғана ақ дегелек бар. Кейбір Еуропа елдерінің зоологиялық бақтарында өсіріледі.
Тұмсығы түзу, ұшына қарай үшкірлеу келеді. Қанатының ұзындығы 58 – 61 см, салмағы 3,5 – 4 кг. Қанаты қара, тұмсығы мен сирағы қызыл, мекиенінің дене тұрқы қоразынан гөрі кішілеу әрі тұмсығы жіңішкелеу болып келеді. Ақ дегелек тұмсықтарын бір-біріне тиістіріп қана дыбыс шығарады. Ұшқан кезде мойынын алға қарай созып ұшады.
Жыныстық жағынан 2 – 3 жылда жетіледі. Жылына 1 рет 2 – 5 жұмыртқа салып, оны 32 – 34 күндей мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Балапандарын ұядан 70 – 72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді.
Кейбір зерттеушілер Ақ дегелекті “ләйлек” деп жазады, қазақ халқы оны “дегелек” деп атайды. Себебі: Ақ дегелек құсына байланысты халқымызда мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер көптеп кездеседі. (мысалы, “Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек”, “Дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды”).
Қ

азақ халқы Ақ дегелекті киелі құс деп есептейді де,
оның ұясын бұзуға, жұмыртқасын алуға, атуға мүлде рұқсат етпейді.
Ақ дегелек санының азаюына байланысты қорғауға алынған.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ақ дегелек
Ақ дегелек
Балқасым Арайлым
Ноо 21/со тобы
Ақ Дегелек
Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 – 30 жұптай ғана ақ дегелек бар. Кейбір Еуропа елдерінің зоологиялық бақтарында өсіріледі.
Тұмсығы түзу, ұшына қарай үшкірлеу келеді. Қанатының ұзындығы 58 – 61 см, салмағы 3,5 – 4 кг. Қанаты қара, тұмсығы мен сирағы қызыл, мекиенінің дене тұрқы қоразынан гөрі кішілеу әрі тұмсығы жіңішкелеу болып келеді. Ақ дегелек тұмсықтарын бір-біріне тиістіріп қана дыбыс шығарады. Ұшқан кезде мойынын алға қарай созып ұшады.
Жыныстық жағынан 2 – 3 жылда жетіледі. Жылына 1 рет 2 – 5 жұмыртқа салып, оны 32 – 34 күндей мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Балапандарын ұядан 70 – 72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді.
Кейбір зерттеушілер Ақ дегелекті “ләйлек” деп жазады, қазақ халқы оны “дегелек” деп атайды. Себебі: Ақ дегелек құсына байланысты халқымызда мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер көптеп кездеседі. (мысалы, “Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек”, “Дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды”).
Қ

азақ халқы Ақ дегелекті киелі құс деп есептейді де,
оның ұясын бұзуға, жұмыртқасын алуға, атуға мүлде рұқсат етпейді.
Ақ дегелек санының азаюына байланысты қорғауға алынған.
шағым қалдыра аласыз













