Сабақтың
тақырыбы: Ақ сүйек
ойыны
Ақсүйек ойынының бірінші
нұсқасы
Ойыншылар екі жақтан жарты
шеңбер жасап жиналады. Ойыншылар саны алты адамнан кем болмауы
керек (И.И.Ибрагимов). Кейде суйек орнына сиырдын қылшығынан құмға
езіліп жасалған жүн доп қолданған. Келісім бойынша бір ойын
жүргізуші таңдалып алынады. Ол бір таяқты кезектесіп «ұстасу»
арқылы ойыншылар екі топқа бөлінеді де ойынды бастайды. Екі топтың
да ойыншылары киімдерін шешіп, екі жаққа үйіп кояды. Содан кейін
ойын бастаушы ақсүйекті немесе жүн допты алады да, барынша алысқа
лақтырады. Сүйек лақтырылған соң оны іздеп жан-жаққа жүгіреді.
Ойынға қатысушылар Ақсүйекті лақтыруға оны ұстап алуға немесе
түскен жерінен тауып алып, үюлі тұрған қарсыластарының киімдеріне
барып бір-бір заттан алып кетуге тырысады. Ал, қарсыластары болса,
оларға кедергі жасап сүйекті немесе допты тартып алып, оз
қарсыластарының киімдеріне қарай умтылады. Қарсыластары сүйекті
немесе шарды бір-бірлеріне лақтырып беру арқылы қарсыластарының
тымақ немесе аяқкиім сияқты заттарын алып өз жақтарына қашып келуге
тырысады. Осылай ойын бір жақ жеңгенше жалғаса береді. Сөйтіп А.-ті
қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағыларға жеңілген
есебінде айып салынады. Ойын кезінде басқа сүйекті пайдалануға
болмайды.
Ақсүйек ойынының екінші
нұсқасы
Екі топқа бөлінген ойыншылар
өз араларынан бір адамды «қарақшы» ретінде сайлап алады. Ойын
басшысының біреуі ақсүйекті алады да, оны барынша алысқа лақтырады.
Екі топтың ойыншылары теріс қарап тұрады да, лақтырылған сүйектің
жерге түскен дыбысы естілгенге дейін орындарынан қозғалмай турады.
Сүйек жерге түсе салысымен, сол жакка қарай екі топтың да
ойыншылары түгел іздеп тауып әкелуге кіріседі. Сүйекті тауып алған
адам үш рет «Ақсүйек» деп айқайлайды да «қарақшыга» қарай жүгіреді.
Басқалары болса, А.-ті тауып алған адамға қарай жүгіріп, онан
тартып алмаққа умтылады. Егер ала алмай қалса, онда ол өзі барып
«царацшыга» тапсырады. Содан кейін екінші топтың ойын басшысы
сүйекті лақтырады. Қайсы топ сүйекті көп лақтырса, сол топ жеңген
болып саналады. Алдын ала ақсүйекті қанша рет лактырулары керек
екендігін келісіліп алынады. Жеңгендер жеңілген топты мазақтап,
«Алай аттым, бұлай аттым, ақсүйекті жалат- тым» деп қолдарын соға
мазақтайды. Ақсүйек ойынында отқа табыну, табиғаттың жандануы және
табиғат мезгілдерінің ауысуы, осыған орай, шаруашылық маусымның
ауысуы көрініс тапты