Ақбілек романындағы кейіпкерлер жүйесі

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ақбілек романындағы кейіпкерлер жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау ережесімен таныстырып, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 10

Бөлім: Прозадағы көркем ой Мұғалімнің аты-жөні: Рысбаева К.М

Сабақтың тақырыбы

«Ақбілек» романындағы кейіпкерлер жүйесі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;

Сабақтың мақсаты

Ж. Аймауытұлы «Ақбілек» романынындағы образдар жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Бағалау

критерийлері

  • романынындағы образдар жүйесін анықтайды;

  • жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын айқындайды.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:

Құндылықтар: Адамгершілік пен еңбексүйгіштік – Ақбілектің қайсарлығы мен төзімділігі арқылы тұлғалық қасиеттерді ұғындыру.

Құрмет – әйел бейнесі арқылы қоғамдағы аналар мен әйелдерге құрмет сезімін дамыту.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Сынып оқушыларын

АҚБІЛЕК тобы БЕКБОЛАТ тобы ҰРҚИЯ тобы

болып, 3 топқа бөлінеді.

Миға шабуыл сұрақтары:

  1. Ақбілектің баласының есімі?

  2. «Ақбілек» романында еліміздің қай өңірі сипатталған?

  3. «Ақбілек» романындағы кейіпкерлер

  4. «Ақбілек» романы қай кезеңде жазылған шығарма?

  5. 1928 жылы «Ақбілек» романы қай журналдың бірінші санында жарияланған?

  6. Ж.Аймауытов қай жылы ақталған?

  7. 1924-1925 жылдары Жүсіпбекті қазақ әдебиетінің биік шыңы деп жоғары бағалаған кім?

  8. Ақбілектің шұқырда екенін кім білді?

  9. Ақбілектің атастырылған жігіті кім?

  10. Ақбілектің жақын,жақсы көретін жеңгесін атаңыз

Кері байланыс.


Оқушыларға сұрақтар арқылы романның негізгі кейіпкерлері мен олардың бейнелері жайлы ойлануға түрткі болу.











Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.



Сұрақ тапсырмаларға жауап береді.









Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды.







Қалыптастырушы бағалау

-керемет жауап!




10-сынып қазақ әдебиеті

















Сабақтың ортасы






















Мағынаны тану

Шығармадағы кейіпкерлер әлемі

  • Басты кейіпкерлер

  • Ақбілек

  • Мұқаш

  • Бекболат

  • Ұрқия

  • Мамырбай

  • Балташ

офицер

  • Жанама кейіпкерлер

  • жирен шаш орыс

  • қара мұрт орыс

  • Төлеген,Мағиша

  • Сара,Қажікен

  • Жылтыр,Доға

  • Ақбала,Кәмила

  • Іскендір дуана

  • Көркембай кемпір

  • анасы,баласы т.б


1-тапсырма. «Бұл қай кейіпкер?»

3 топқа кейіпкерлердің бейнесін ашатын сөз тіркестері мен сөйлемдер таратылады. Әр топ сұрақтарды таңдай отыра, қай кейіпкер екендігін табады.

1 сұрақ: «...Қалпағы бар, мылтығы бар, қылышы бар, көк шекпенді, қоқаңдаған, қоқиланған жат адам…» бұлар кімдер?


2 сұрақ: «…Кара торы, орта бойлы, кошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек кӛз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр…»

Бұл қай кейіпкер туралы?


3 сұрақ: «…Мен таңкы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сүр жігітпін. Жасым 35-те…»

Бұл қай кейіпкер туралы?


Кері байланыс, бағалау.


2-тапсырма. Шығарма кейіпкерлерін топтастыру

Жаны адал,рухы өр күрескер

жандар:

Ниеті ақ,көңілі түзу,-жасық

жандар:

Ойы арам,әрекеті қисықпасық

жандар:

Болмысы түзу,тәрбиесі

дұрыс- мүсәпір жандар

Кейіпкерлер: Мұқаш,жирен шаш орыс,Ақбілек,Доға,Жылтыр,Мамырбай,Ұрқия,қара мұрт,Мағиша,Бекболат,Кәмила




3-тапсырма. Ақбілек бейнесін даралайтын қасиеттерді анықтаңыз.

Shape1

Ақбілек

Дескриптор:

  • Ақбілектің дара қасиеттерін анықтайды;

  • Ойын дәлелдейді.

ҚБ

4-тапсырма. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығын көрсетіңіз.

Кейіпкерлер

Шығармадан дәлел

Өмір шындығы







Дескриптор:

  • Кейіпкер бейнесін анықтайды;

  • Шығармадан дәлел келтіреді;

  • Өмір шындығын көрсетеді.

ҚБ

Қорытынды.

Пікір пирамидасы.

  • Басты оқиғаны 5 сөзбен білдір

  • Оқиғаның болған уақыты туралы 4 сөз

  • Басты кейіпкер 3 сөз

  • Шығарманың негізгі ерекшелігі 2 сөз

  • Өз ойым...

  • Бір ауыз сөзбен жеткізу



Образ – көркем бейне туралы әдеби теориялық білім алады.


























Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығын көрсетіңіз.
























Ақбілек бейнесін даралайтын қасиеттерді анықтаңыз.
















Қалыптастырушы бағалау

-керемет жауап!






Қалыптастырушы бағалау

-керемет жауап!

Қалыптастырушы бағалау

-керемет жауап!




Ж. Аймауытұлы «Ақбілек» романы


Сабақтың соңы Рефлексия


Кері байланыс.

Сабақта не қиын болды? Не оңай болды?

Оқушылар стикерге пікір жазып қалдырады.

Мен үшін маңызды бір ақпарат...

Қиындық тудырған тапсырма не сұрақ...

Мен үйрендім не білдім...




Үйге тапсырма:

Кейіпкерлерге мінездеме


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.


Жұптық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысып, тіл мен мәдениет, өмір бойы білім алу, жүктелген жауапкершілікті сезіну, ынтымақтастықпен жұмыс жасау құндылықтары жүзеге асады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?












































«Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін қалай түсінесіңдер?

Ақбілек – қиындыққа мойымаған, тағдырдың талқысына қарсы тұра білген, рухы мықты әйел бейнесі. Романда оның ауыр сынақтардан өтуі, әділетсіздіктермен күресуі және ерік-жігерінің мықты екені көрсетілген. Ақбілектің бейнесі – қазақ әйелінің қайсарлығын, өмірдің ауыртпалығына төтеп беріп, өз жолын таба білгенін паш етеді.

Шығармада қандай кейіпкерлер ерекше есте қалды?

  • Балташ – Ақбілектің сүйіктісі әрі күрескер жігіт ретінде көрінеді. Оның образында адалдық пен ер жүректік сияқты қасиеттер бар.

  • Омар – Ақбілектің қиын жағдайларға тап болған кезінде кездескен тұлға, кейде оған бағыт-бағдар бергендей болып көрінеді.

  • Әкесі (Мамырбай) – қызының тағдырына әсер еткен, сол кездегі қоғамның ескі дәстүрлерін бейнелейтін тұлға ретінде есте қалады.

Бұл кейіпкерлердің әрқайсысы Ақбілектің тағдыр жолындағы әр кезеңнің бір бейнесі болып табылады. Әр кейіпкер арқылы автор сол заманның ерекшеліктерін, адамдардың көзқарастарын, дәстүр мен жаңа заман арасындағы қайшылықтарды ашады.

Автор не себепті осындай кейіпкерлер жүйесін қолданды деп ойлайсыңдар?

Автор осы кейіпкерлер арқылы қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік мәселелерді, әйелдердің сол кездегі рөлін және өмірдің қиындықтарына төзімділікті көрсеткісі келген. Кейіпкерлер жүйесі арқылы автор сол кезеңнің шындығын көрсетіп, адамгершілік пен адалдық, ерік-жігер сияқты құндылықтарды насихаттайды. Әр кейіпкер өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, олардың арасындағы қарым-қатынас арқылы шығарманың негізгі идеясы ашылады. Ақбілек пен оның айналасындағы кейіпкерлердің байланысы арқылы адам өмірінің күрделілігі мен көп қырлылығын бейнелеуге тырысады.



























Shape2

Ақбілек

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі