жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақбөпен жыр
Мұқағалиға
Бұл ағаны жеткіншек жүрші тани,
Сені қосқан жырына мына фәни.
«Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды!»
деп жырлаған бұл ақын-Мұқағали
Алып оқы өлеңін,анық тыңда,
Сенші маған демейсің «жалықтымда»
Сұлу жырға сүйсініп шарықтайсың,
Бірде тыншып жүрегім қамықтымда.
Жылағанда жұбатып жетелей ме,
Тарыққанда «Өкінбе,өтер!» дей ме.
Білмеймін,әйтеуір бір қасиет бар,
Шабыт бітіп өзіме кетер кейде.
Өз орны бар өзгемен салыстырма,
Ғасыр берер бағасын жарыстырма.
Жаттап алдым өлеңін,хаты барда,
Айтып көрші «өлді» деп Арыс тұлға!
Ақбөпен
Ертеде бір болған екен асқан бай.
Дәулеті бар дүниені басқандай.
Қаhарлы-тын иілуді білмейтін,
Оқты көзді,тік айтатын жасқанбай.
Мекені еді,кіші жүздің даласы.
Өзі де сол кіші жүздің баласы.
Жатқан жері шөбі шүйгін шұрайлы,
Жанға жайлы Бұлдыртының саласы.
Жыңғылды-ой,Жүзқойлықта,Жандыбай.
Гүрілдеуік,Сарыкөлде,Жайлыбай.
Мал қонатын,қысқы орын Қоңыр-көл,
Көк майсалы жазғы орын Тәжібай.
Бір-бір мекен,көз көруге тоймаған.
Жағалай кеп Бұлдыртыны бойлаған.
Бір-бірінен өткен жайлау төресі,
Сағымды да сары дала жайнаған.
Сол бай елге атанды «соқыр Ташан»,
Айрылғалы бір көзінен ол қашан...
Келсе сұрап,ғаріп адам не жадау,
Беретін ед болғанымен ол қатаң.
Сыйлайтын оны шері,сұлтан бегі.
Тарайтын Алашадан байдың тегі.
Сол байдың ақ-пейіл де,мейірімді,
Бар еді бәйбішесі Даттан тегі.
Жастайыныа сүйген жары Ақбөпен.
Сары қарын бәйбішедей шақта екен.
Ірі тұлға, өте әлді жан еді.
Дейтіндейін қандай адам тапты екен.
Айналаға жарқылдаған күндей-тін.
Жетім жесір маңайына түнейтін.
Бәйбішенің бай да қолын қақпайтын,
Тоқалдары бірақ оны күндейтін.
Тату еді бәйбіше мен бай қандай.
Бөтен сыр жоқ бір-біріне ақ таңдай.
Ағайын жұрт алдын орап өтпейтін,
Бастарына қонған міне,бақ қандай!
Жақсы болса,көре алмайтын пенде бар.
Артық болса бере алмайтын пенде бар.
Асыл дәулет,тату өмір,зор байлық,
Бірінде кем,бірінде жоқ,бірде бар.
Аямады, құдай дәулет жинатты,
Бірақ,оған бір перзентті қимапты.
«Мына дәулет кімге енді?» деп жылап,
Екеуара бірін-бірі қимапты.
Бәйбішесі асыл еді ақылды.
Шуағымен көгертетін тақырды.
«Жастай алған қимас менің асылым»,-
Деп ол бір күн байды ақылға шақырды.
«Тыңдасаңыз мен қосайын ақылды,
Бала бермей екеу ара сор қылды,
Көтер басты қойғын,төрем,ықылас,
Тоқал алғын шақырайық жақынды.
Тоқал алғын,жолын беріп қалыңға.
Сары уайым қайғыға сен салынба.
Құдай өзі берсе әлі кеш емес,
Тый жасыңды жетер енді,жалынба».
Тоқал алды,бірақ,бала таппады.
Ащы тіл,сөз жанын оның таптады.
Қақпақ болар,кімнің барып аузына,
Ішкен асы жүрегіне батпады.
Қайғы жұтып түн баласы жатпады.
Жатса-дағы көзі кірпік жаппады.
Қара күн де келеке ғып тұрғандай,
Сазарып-ап таңда күтсе атпады.
Тоқалының бірі оған жақпады.
Екі тоқал бірін-бірі ақтады.
«Түйремеңдер,тілдеріңді тартыңдар»,-
Деп, бәйбіше сүйген жарын жақтады.
Қаһарланды байдың тіптен жүрегі.
Жаралы бір жолбарыстай жүреді.
Жолатпады еш адамды жанына,
Жақтырмады болмағасын тілегі.
Жұмсақ самал жылы жақтан соқпады.
Ашылмады,гүлдемеді бақтары.
Жазмыш болып кете барса шерменде,
Артында жоқ «көкем-ай» деп жоқтары.
Жақын ба деп жақсы жаман арасы.
Жазылмады жан жарының жарасы.
Тағы келді бәйбішесі алдына,
Бөлек еді жарына көз қарасы.
«Отырмағын,тағы көргін сіз»,-деді-
«Отыра алман сізді көріп біз»,-деді.
«Жас тоқалды тағы айттырып алғайсыз»,
Деп,көндіріп ағайынды іздеді.
Он төрт жасар көрші ауылдың бір қызын.
Айттырған-ды бұйырды деп дәм тұзың.
Қайтармады келісімін берді қыз.
Жасап барлық жоралғысын,үрдісін.
Шаңырағы қайта гүлдеп жайқалды.
Жас тоқалдың жүкті екені байқалды.
Сүйіншіге ұлан асыр той болды.
«Бағы бар» деп енді оны айта алды.
Жас тоқалмен қуанышқа кенелді.
Уайым менен қайғыны да шегерді.
Сөнер болған үміті қайта жанып,
Өзгелермен қайта шалқып теңелді.
Бәрі енді сол тоқалға қарады.
Ұзамайды бай да жанын торады.
Күні жетіп тоғыз күндей толғатып,
Аппақ қылып тоқал бір қыз туады.
Етегіне бәйбіше орап алады.
Иемденіп бауырына салады.
Қос-қосынан киіз үйлер тігіліп,
Ұлан асыр тоғыз күн той болады.
Биік тұрған аспандағы жұлдызы.
Тастамайтын басындағы құндызы.
Қалдырмайды бір елі ол қасынан.
Күндіз түні бай ермегі сол қызы.
Құдай берді ойындағы тілегін.
Сұрағанын,жұбанышын,тірегін.
«Шүкір,-деді,-разымын Аллаға,
Алса дағы қазір мені жүремін»
Отырмады бұрынғыдай бай үйде.
Аралады малы-жаны не күйде.
Торы атпен қос ауызды іліп-ап,
Тау аралап аңға шықты ол кейде.
Бәйбіше мен тоқалдары көңілді.
Ақ бауырсақ отау ара төгілді.
Барлығының бағатыны кішкентай,
Бал тілінің қызығына көмілді.
Бай кеткенде кей-кейде аң аулауға,
Бәйбішесі би болатын жайлауда.
Киім,тамақ беріп кедей-кепшікке,
Ойламайтын басым қалар деп,дауға.
«Бәйбіше де билік те бар,балада,
Бай тілегін орындамай қала ма»-
Деп,қос тоқал күңкілдесті өзара,
«Көзге ілмей қалмайық біз далада...»
Бәйбіше тоқалдан сыр жасырмайтын.
Олардың жамандығын асырмайтын.
Қанша жылы болғанменен тоқалда,
Кеуде керген қызғаныш аһ ұрлайтын.
Ай артынан ай өтті,жылдар өтті,
Ашылмаған қара бұлт келмес кетті.
Төрт құбыла теңелді, ай да жарық,
Жарқыраған бағалы күндер жетті.
Құдай берер не тілесең, расында.
Шектемейді жыл өтсе де басыңда.
Қабыл болып бәйбішенің тілегі,
Жүкті болды дәл елу бір жасында.
Білмеді ол сенерін де,сенбесін.
Шырағының сөнер болған сөнбесін.
Сезінді де аналық бақытты да,
Ұрпағы бар мәңгі енді өлмесін.
Сұрағанын бермесін бе тәңірім.
Иітті де алпыс екі тамырын.
Жаһандағы бақытты адам өзіндей,
Тілегенін берді қылып әмірін.
Кеткен еді аң аулауға жан-жары.
Қуанышын бөлісетін қанжары.
Қуанышын жеткізді кеп тоқалға
Қуанбады,бірақ,тоқал ар жағы.
Тоқал,тіптен терісіне симады.
Бұл бақытты бәйбішеге қимады.
Жас тоқалды қойды оған қарсы қып.
Бар жаманды бәйбішеге жинады:
«Бәйбішенің бала болар өзінде.
Меңсінбейтін мақтаныш бар сөзінде.
Шеттетеді сенің әлі, қызыңды,
Құтылалық одан да біз тезінде.
Ұл туса егер байың бізге қарамас.
Бізді өзіне теңім деп еш санамас.
Бар бақ, дәулет бәйбішеде кетеді.
Қарамас та,санамас та,жоламас.
Енді қалсақ табанды тас тіледі,
Бәйбішеміз төбемізде жүреді.
Құл қып қояр өзімізді көрерсің»,-
Деген сөздер жан-жақтан кеп іреді.
Құтылмаққа белді бекем байлады.
Бай алдынан жаңсақ сөзді сайлады.
Тоқалдары келісті осылайша
Көкірегін арам ойлар жайлады.
«Тілегіңіз бола берсін аңсаған,
Құдай саған бала берді тамсанам.
Кеше айтуға ұмытыппын,бәйбіше,
Жеткізейін бір сәлемді мен саған.
Көрші ауылдың кеше келді баласы,
Болмадыңыз сіз ауылда шамасы.
Болады екен ауылында үлкен той.
Жиналмақшы шешені мен данасы.
Шақырды кеп сізді соған барыңыз.
Үлкендердің ақ батасын алыңыз.
Көңіліңіз көтерілсің қуанып,
Жиналыңыз болсын сіздің жолыңыз»,-
Деді-дағы келді де асықтырды.
Шын сөздей-ақ өтірік асып тұрды.
«Тез-тезге» ап бәйбішені үгіттеп.
Көндіргенге көңілі тасып тұрды.
«Киініңіз,бәйбіше,асыл тағып,
Үлкен той ғой құлпырып жұпар жағып.
Артыңыздан жібереміз мырзаны
Біз қаламыз келгенше елді бағып.
Жаныңызға берейін шашу артып.
Беделіңіз қайытсын үстем тартып.
Аттаныңыз, бәйбіше, тойдан қалма,
Күтеміз жолыңыздан тойдан сарқыт».
Әзірледі жолына кісі қосып.
«Шығарыңдар!-деді-біраз ауыл асып.
Сыр бермеңдер ұзаққа апарыңдар,
Аламын орта жолда өзім тосып».
Бәйбішеміз кете барсын осылай.
Кете барды күтпеген ед тосын жай.
Күтпеді ол жамандықты пендеден,
«Бұл қалай?» деп,келмеді еш тосын ой.
Тоқалыңыз үйде қалды шаш жайып.
Тұрып алды бай алдынан қайқайып.
«Біз де адам баласымыз,таусылдық,
Десек-тағы бәйбішеден аспайық.
Бәйбішеңіз істейтіні,мырзасы,
Сіз кеткенде болады ылғи,құл досы,
Бар дәулетті шашып әбден бітірді,
Кепшіктерге таратады күнде осы.
Ойлайтыны тек өзінің бір басы.
Баптайтыны қыз емес,өз сұлбасы.
Айтып жүр ол сізді ұлсыз,бедеу деп,
Таратты елге,кіл өсекші сырласы.
Бар байлыққа оранып тағы кетті.
Малынып тойлы ауылға алып бетті.
Жат-жұрттық қызға дәулет бермеймін деп,
Жар салып жүр мұнысы,енді жетті»-
Деп,жүгірді,айдап салып азғырды.
Дегенінен шықпайсың деп жазғырды.
Мұндай сұмдық естімеді жалғанда,
Өшпес кек қып жүрегіне жаздырды.
Бұл сөздер жүрегіне берді сезік.
Қатты дейтін жүрегін,кетті езіп.
Шыдамады «қайда өзі?»- деп ісінді.
«Өлтіремін кетсем де жаһан кезіп».
«Сенбесеңіз,- тоқал айтты,-көріңіз.
Бәрі ырас көңіліңіз бөліңіз.
Апарайын ерітіп мен артынан,
Көзбен көріп бару сіздің жөніңіз».
Кек,ашу,байдың бойын алды билеп,
Сенімі бәйбішеге қалды сиреп.
Аларды бұл қалай деп сараламай,
Алардай тұрса алдында найза түйреп.
Тоқал түсіп алдына,шапты артынан.
Жауыз адам болады жұрт тартынған.
Кербездене керілген аттыларға.
Көзі түсті алыстан жүк артылған.
Шыдамады байыңыз бұдан әрі.
Жүрегінде лоқсыды жатпай кәрі.
«Алдын ора!»- деп ақырды шабарманға,
Үрпиіп,білмегенсіп қалды бәрі.
«Алдын ора,бәйбішені ұстаңдар,-
Деп,ақырды-байлап,матап тастаңдар!
Көрсетейін көк шыбынды көзіне,
Жібермеймін намысымды,бастан ар».
Ұстар дұшпан айналадан табылды.
Алты адам кеп бәйбішеге жабылды.
Алтауын ап алты жаққа лақтырды,
Әлді еді тынысы әбден тарылды.
Әлді еді әлділігін танытты.
Не болғанын біле алмай қамықты.
Есін жинап алды, бірақ тырысып,
Енді қалса өлетіні анық-ты.
Есірді бай,қарсылығын көргесін.
Аянбады тұрғадай жан өштескен.
«Сүйегіме таңба салды ерге сын»
Деп,ойлады,қойып қалды шертештен.
Бәйбішені дойырмен қойып қалды.
Күміс өрген қамшымен сойып салды.
Бейшараға түспеді жан араша.
Ал байдың екі көзі қанға толды.
Тұра алмады бәйбіше өліп кетті,
Көздегенге тоқалдың көзі жетті.
Жетім жесір іздеді анасындай.
Кедей кепшік жоқтады өріп кетті.
Ырысы мол жан болады өмірде.
Елемейтін сәл нәрсені көңілге.
Осындай жан болған екен бәйбіше,
Мұңлысы кеп арқа сүйер өңірде.
Не пайда өткен іске өкінгенмен.
Кеткен келмес жылап сен өтінгенмен.
Өлтіріп ап күйі кетті бұл істің,
Не берді шолақ мінез өкіргенмен.
Білмеген боп бәрі кеп жамырасты.
Тоқалдары қуанып жадырасты.
Кім өлтірді сезбеді оны еш бір жан,
Көрінбейтін Жыңғылды-ой қыр асты.
Бәйбішенің көмді сонда денесін.
«Жасырайық біз өлтірді демесін.
Көтермесең болған істі мойныңмен,
Өзгелердің дегеніне көнесің.
Көрмесін деп бізден оның өлгенін»,
Аузы-басын бүтіндеді көргеннің.
Киімдерін басқа жерге жасырды.
Сараламай не сұмдықтың келгенін.
Қоңыр көл біраз жер еді,Жыңғылды ойдан.
Табылмады жанашыр көңіл қойған.
Тәжібайға әкетті киімдерін,
Көмді сонда жауыздар кеңірі тойған.
Бауыр ет керек болар осындайда.
Төркіндер елеңдеді тосын жайға.
Жоқ болғаны қалай деп,бәйбішенің,
Таң болып бірі сенбей тосылмай ма?
Бай жақтың талма шықты сөздері.
Ойлады ма артында жоқ іздері.
Көрмеген боп,білмеген боп безерді.
Бақырайып шатынады көздері.
Бауыры бәйбішенің аты –Рамазан.
Болатын келсе ашуы қара қазан.
«Тап!-деді,-Ақбөпенді,Соқыр Ташан...
Таппасаң болары һақ менен жазаң»,
Мінезі бар келсе жел боп үргендей.
Мойынына атан түйе ілгендей.
Осал емес Сырым Даттың бауыры ед
Иығына төрт адам кеп мінгендей.
Алқымынан алды кеп ол Ташанды,
«Безересің, сайра, деді қашанғы.
Атқа байлап ірітемін сүлдеңді.
Домалатам басыңды қан жосаңды».
Алып келді сүйретіп байлап атқа.
Тұңғиыққа, Қара-су жарғабаққа.
«Сүйегіңе өшпес мен таңба салам,
Өлсең-дағы жататын жайрап жатқа.
Қайда, және айтқызамын айтасың,
Айтпасаң сен тұңғиыққа батасың.
Мойыныңа тас байлап мен батырам,
Айтсаң ғана кері бізбен қайтасың?»
Өмір сұлу жан да,шіркін,тәтті екен.
Бірақ,жолы бұралаң да қатты екен.
Өмір сүру жұмыр басты пендеге,
Өмір сыны сынға түсер шақ па екен!
Егілді бай шыдамай шынын айтты.
Баяндады көз көрген болған жайтты.
Мүрденің жатқан жерін ол көрсетіп,
Киімдерін де алып кейін қайтты.
Кетті бай көп ұзамай Сібір асып.
Шашылды бар дәулетін өзге тасып.
Тоқалдары қуылды елге симай.
Талқан болды бір күнде қара басып.
…Сол бәйбіше көзі Рамазан көрші ата.
Ал,бай жағы әжем десем жоқ қата.
Осы ізбен айтысатын көбіне.
Көңіл отын әзілменен маздата.
Таудай ата Рамазан ата нар еді.
Қайталанбас асып туған жан еді.
Отыратын күрең шайды сораптап,
Қазақылық қалыпты бір сән еді.
Жиып алып бар баланы қасына.
«Тегіңді айт»-дейтін,-кәне,жасыма».
Шуылдаған қылығымыз күлкіміз,
Жағатынды көңілінің қошына.
Уыс-уыс қалтасында тәттісі,
Қабақ түйіп жекіруге жат кісі.
Бағатынбыз сол атаның қалтасын,
Өнеріңді көрсету еді бастысы.
Жеткізейін қалай жазып кеңдігін.
Алқымдаған жасы сексен сеңгірін.
Ғұмыр бойы «Алтын қазық» деп өтті,
Атын айтпай түймедейін кемпірін.
Көбіне көп біздің үйге келетін.
Көтеріңкі дауыспен ол енетін.
«Құным бар Алашада,тез өте!», деп,
Кіре сала әжеме кеп төнетін,
Екеу ара отырып таласатын.
Керісіп ап қайтадан жарасатын.
«Сен міштән», «Сен қара шал,қой енді»,-деп,
Татуласып көңілді тарасатын.
Бұл әдеті қарттардың,күнделікті.
Осылайша қанша жыл,күндер ықты.
Айта жүрсін дейтін шығар шіркіндер,
Бабалардан қалған із қаншалықты!
Лаура Амангелдіқызы
8 747 997 6959

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген