400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақиқат құндылығының мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге,өзін өзі тану мамандарына өте қажет,әрбір адам ақиқатты құндылығының маңызын терең түсіну үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыру





Жоспары:

Кіріспе бөлім

Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда қоғамның рөлі



Негізгі бөлім

Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыру және дамыту

Ақиқат

Қорытынды





























Кіріспе

Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді.Құндылық термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами әлеуметтік және мәдени мән мағынасын білдіру үшін қолданылады.Адам өмірінің өзегі құндылықтар,ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана.Осы қағидаға сүйенсек,қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі құндылық бағдар

Қазіргі заманда ғылым мен білім,ақпараттық технология,техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын,адамның бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз.Атап айтар болсақ:тастанды бала,қарттар үйі,қатыгездік,табиғатты ластау,ағашты кесу,алдап соғу,жемқорлық,өлтіріп кету,өз өзіне қол салу,т.б толып жатыр.Адамзаттың ең асылы «адам»деп қарайтын болсақ,онда адамның азғындауына не себеп?Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды.Көпшілігі «заманына қарай адамы» деген принциппен өмір сүруде.Ал,заманды құрайтын адам емес пе?Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі.Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз.Ал,адамның жүрегіне нұр құятын,риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін,ол ұстаз.Рухани адамгершілік білімнің негізі болып табылатын Өзін өзі тану жобасының авторы С.А.Назарбаева Өмір әдебі деген кітабында Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін дей келе,оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.Бүгінгі таңдағы жас қрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ,ақыл ой тәрбиесін математика сабағы,дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы дамытатын болса,патриоттық тәрбиені тарих сабағында,эстетикалық тәрбие музыка,әдеп сабақтарында беріледі.Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалады.Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешім таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек,тәрбие бағытына уақыттың қалмайтыны да белгілі.Ал түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін,жалпыадамзат үшін « Өзін өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болады.Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік,әділдік,өзара көмек,төзімділік сияқты қарым қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкінділіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды.

Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Өзін өзі тану рухани адамгершілік білім жобасының авторы,еліміздің Бірінші ханымы

Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді.Жоба авторы Өзін өзі тану білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей,өзіндік тұлғасын сақтап қалу,өз мүмкіндіктерін,дарынын дамыта білу.Міндетті түрде жақсы мен жаманды ажырата білу,өзінің ниетіне,сөзіне және іс әрекетіне жауапкершілікпен қарау,өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру,адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу,өзінің ішкі Менің жоғалтпай,ар ұжданымен өмір сүру,қоғамның игілігі үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары,яғни Өзін өзі тану білім бағдарламасы болып табылады.Бұл жобаны біз Өзін өзі тану деп атадық, дейді Сара Алпысқызы өйткені адам әуелі өзін өзі өзінің мүмкіндіктерін,өзінің өмірдегі орнын танып білмесе,ол тағдыр қолындағы ойыншыққа айналады.Егер де біз кімбіз?қайдан пайда болдық?бұл өмірге не үшін келдік? Және қайда барамыз?деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе қозғасақ ол өзіміздің көзқарасымызды,өзіміздің ішкі Менімізді адамгершілік жағына қарай өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болған.

Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп,қателіксіз,уайым қайғысыз,зорлық,зомбылықсыз өмір сүруге,өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету біздің қасиетті парызымыз.Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл Фараби сөзімен түйіндесек:Ұстаздық мінез құлық нормасы мынандай болуға тиіс:ол тым қатал да болмауы тиіс,тым ырыққа жығыла бермеуі керек,өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды,ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді,оның берген сабағы мен оның ғылымына,шәкірті селқос қарайтын болады.Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет.Өйткені бұлар,жұрт айтқандай,тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді.

Осындай ұстазға тән мінез құлық ізгілікпен ұштасып,бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай,адамгершілігі мол,жан жақты үйлесімді дамыған,елін сүйер абзал азамат ьолары сөзсіз.

Жас ұрпақ отбасында,ұжымда,қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер әлемінен лайықты өнеге алады.Мұндай өнегеге нелер жатады?Ең алдымен,адамның өз өзімен және қоршаған ортаман,атап айтсақ,әлеммен,өзге тіршілік иелерімен,өз пейілдерімен,сөздерімен және іс әрекеттерімен жарастықта өмір сүруі,өзінің өмірдегі орын таба білуі болып табылады.

Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді.Сократ философиясының басты обьектісі адам,осы тұрғыдан алғанда,оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым философикалық антропологияның негізін қалаушы деуге болады.Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді. Және адам оған өзін тану ,өзін сынау арқылы жете алады деп сенді.

Оның әйгілі «Менің білетінім -мен ештене білмеймін,басқалар оны да білмейді» ,«Өзіңді- өзің танып біл!» «Әр адамның бойында күн бар,нұр бар,тек оның нұрлауына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осында.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келіп өзінің 73жылдық ғұмырында артына сарқылмастай мол қазына қалдырды.Философикалық еңбектерінің негізгі обьектісі -адам болса,байлықтың ең үлкені-ғылым дей келе, «Өзіңді өзің танысаң істің басы »...деп жырлайды.Мысалы « Үш ақ түрлі өмір бар». Өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады.Бұлө адамның жастық пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі,яғни осы кезде уақытыңды босқа өткізбей,ғылымға үңілсеңө өмірлік мұратыңа жеткенің -дейді. «Үш анық» еңбегінде,жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар- ол бірінші анық дейді.Ал,рух өлмейді,жан мәңгілік- бұл екінші анық- деді.Үшінші анық -ар -ұждан деп оны білімнен де,ғылымнан да,бәрінен де жоғары қойды.

Аксиология грек, aхios -құнды, logos –ілім-құндылықтардың табиғаты,олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемнің құрылымы туралы ілім.Аксиологияның негңзгі мәселесі-«Игілік деген не?»деген сұрақты алғашқы болып қойған Сократ екенін білеміз.

Құндылықтар өмірге,еңбекке,шығармашылыққа,адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады.Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді.Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды.

Құндылықтар –қасиеттер.Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге,ана тілі арқылы,мораль негіздері ретінде,өз тарихын,мәдениетін,әдет- ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орынығады.Жалтырағанның бәрі алтын емес.Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе-нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әртүрлі болады.Реттілігіне қарай,маңыздылығына қарай өзгеріп отырады.Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі:табиғи,жүре пайда болатын және абсалюттік.Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады.Ал абсалюттік уақытқа бағынбайтын,өзгермейтін,бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар.Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады.Әр адамда рух бар.Рух болмаса,дене жоқ.Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы.Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды.Негізі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ:ақиқат,сүйіспеншілік,дұрыс әрекет,ішкі тыныштық,қиянат жасамау.

Оқу үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады.Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады,яғни,мінезін өзгертуге болады.Адамның жақсылыққа ұмтылуы,ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе?Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек,ағаштың тамыры мәңгілік құндылықтар,оны ақиқатқа теңейміз.Ағашқа құятын суды,сүйіспеншілік деп алайық.Егер мәңгілік құндылықтарды,ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек,суарсақ,әрқашан әрекетеміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі.Әрекетіміз дұрыс болса,ішімізде тыныштық орнайды.Яғни ағаш бүршік жарады.Ішімізде тыныштық орнаса,біз ешқашан қиянат жасамаймыз,тіпті ойламаймыз да.Яғни ағаш жемісін береді.Ақиқат,сүйіспеншілік,дұрыс әрекет,ішкі тыныштық,қиянат жасамау-бүкіл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына,нәсіліне,ортасына,дініне қарамайтын,уақытпен өзгермейтін құбылыс.Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы,яғни ата-ана,әжелеріміздің даналығы.Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр.Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып,санасын өзгерту керек,сонда әлем де жаңарып өзгереді.

Адамның қоршаған ортаны біліп,өзінің ішкі жан -дүниесіне үңіліп ,өзін –өзі басқару негізінде рухани адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады. Өзін – өзі тану пәні арқылы жан –жақты дамыған,рухани адамгершілігі мол,бір –біріне сүйіспеншілікпен,құрметпен қарайтын,өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз . «Өзін –өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева: «Өзін өзі тану»пәні адамның өзін өзі тануына,өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға,өз ар ұжданын сақтап,әрқашан да Адам деген атқа лайық болуына ықпал етеді деп айтып өткен болатын. Бұл оймен мен де толықтай келісемін.Жәнебүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып,әр баланың жүрегіне ізгілік нұрын құйып,тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін.Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес,болашағын сәулелі күйде елестетіп,алға ұмтылатын,арманшыл,қиялы асқақ,рухы биік азамат тәрбиелеуге болады.Өзін-өзі тану әлемінде әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап,демеу жасасақ,қуаттандырсақ,жүрегі нұрға толы,жан –жағына шуағын шашып тұрған мейірімді,адамгершілігі мол,үнемі талпынып тұратын,өз елін,өз жерін,өз тілін,өз отбасын сүйетін,еңбекқор,адал адам тәрьиелейтініміз сөзсіз. Осы құндылықтардың ішінде ең маңызды орынды иелейтін бірден бір құндылық –Ақиқат.Ақиқат-таным теориясының негізгі категориясы,адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.Ақиқат танушы кісінің обьектіні дұрыс дәл бейнелеуі,адам санасынан тыс және тәуелсіз күйде,өмір сүрген қалпында көрсетуі.Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес,танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.Обьективті ақиқат-білімнің адамға да,адамзатқа да тәуелсіз мазмұны.Ақиқат –салыстырмалы,себебі ол ішкі қайшылықты үнемі дамытып,толықтырып,тереңдетіліп,түзетіліп отыратын процесс.Абсалюттік ақиқат-затты толық сипаттайтын,таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім.Салыстырмалы ақиқат пен абсалюттік ақиқат диалектик байланыста.Салыстырмалы ақиқатта абсалюттік ақиқаттың ұшқыны бар,ал абсалюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы.

Ақиқатты танып білу процесі-тарихи,қарама-қайшылықты,шексіз процесс.Ақиқат тереңде жатады.Оны ұғынудың да қиындығы сонда.Қазақтың ғылым туралы «инемен құдық қазғандай» деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.

Дүниедегі әрненің өзіне ғана тән сипаты,мәні,бұлжымас хақ заңдылығы бар дедік.Демек осы хақты анық білу білім де,қалғанының барлығы-жалғанды ақиқат деп тану,яғни білу емес-білмеу,ақиқатты білмеу.Жалғанды ақиқат пен тану-өзінің адасқанын білмеу.Бұндай «білім»,яғни адасу,неге апаратынын қоғамның бүгінгі ахуалынан пайымдай беріңіз.Тастай қараңғы жердегі қаптаған заттардың әрқайсысын жыға тану мүмкін емес сияқты,менің ойымша деумен дүниенің ақиқаты ешқашан табылмайды.

Мысалы :Көпшілік білетін бір шығыс мысалында бір шаһарға піл әкелмеуші ме еді.Естігені болмаса өмірлерінде көрмеген мақұлықты көруге ынтызар жұрт қаптап алаңға жиналады.Сөйтсе пілді көрем деушілер ақы алмаққа оны иелері қараңғы қораға жасырып қойса керек.Бірен –саранында болмаса,көпшілігінде қаражат жоқ,олар тым болмаса қораға кіріп, пілді өз көзімен көріп шыққандардан сұрап білмекші болады.Ең алдымен кіріп шыққан адам жан-жағына қоқилана қарап пілдің дәл қасына барып,қолыммен ұстап көрдім,құдды бөренеден аумайды дейді.Екінші шыққан адам оған сенбеңдер,қайдағы бөрене,тура жалпақ тақта дерсің дейді.Үшінші алғашқы екеудікі де жалған,аумаған құбыр сияқты екен дейді.Сөйтсе үшеуі де қараңғыда түртінектеп,қолдармен бір аяғын,бірі жотасын,ал үшіншісі тұмсығын сипап көрген ғой.Егер де бір кішкене балауыз шамды жаққанда үшеуі де анық көре алар еді.Жобалауларының дұрыс емес екендігіне көздері жетер еді.Иә өтірікке сенейін деп сенбейді,қисынына сеніп қалады деп ескертпеп пе еді аталарымыз.Ақиқат жалғыз, бірнешеу болмайды,әрбір тұжырым не-ақиқат,не-жалған.Ақиқат бірнешеу болса жаңағы үшеудікі де дұрыс болар еді,екі жерде екіміз төрт,бес тағы басқа кез келген сан болар еді,су нөл градуста да,жүз градуста да қайнайды десек ақиқат болар еді.Онда тіпті кез келген адамның ойына сүйеніп айтқан кез келген топшылауы ,долбары дұрыс болар еді,әсіресе қоғамтанудың әр саласындағы «ғалымдардың »қаптаған «сәуегей сарапшылардың»,сезімтал жазғыштардың ,ойсоқты пәлсапашылардың.

Иә,ақиқат біреу –ақ,яғни ақиқатқа апаратын жол да біреу-ақ,қалған жолдардың барлығы да одан алыстатады.Жарықсыз көру де жоқ,яғни ақиқатқа апаратын жол міндетті түрде жарық нұрлы жол,ал қалған жолдардың барлығы керісінше түнектегң жолдар.Ал,қараңғыда көзің мың жерден өткір болса да жол табу,ақиқатты тану жоқ.Мейлің тіріл,мейлің өл,ақиқат деген осы!

Өзіңе-өзің әділетті болмай,басқадан әділеттілікті талап етпе.Өзіңнен өзің дәмет,өзіңе өзің өкпелеме,өзіңе өзің уәде бер.

Ақиқаттың кемесі сынбас.

Адалдық үшін күресте жалғыз қалсаң да,өзіңді бақытты сана.

Ақиқат жолы Құс жолы,ешкімді адастырмайды.

Әділеттілік халық дәстүрі,сондықтан да ғасырдан ғасырға жырланып келеді.

Әділеттілікке әділетсіздік көрсету кешірілмес күнә.

Басқа келген пәлені адалдық таразысына салып жұбанасың.

Ақиқатқа жету үшін де күш қажет.

Қорытындылай келсек,ақиқат құндылығы адам бойындағы ең асыл құндылықтар.Бңз ақиқатқа көз жеткізе отырып,өмір сүрске,балаларымызды шындықты айтуға тәрбиелесек,онда біздің қоғамымыздың көлеңкелі қырлары болмас еді.

Ал осы менің тәжірибемде ақиқат құндылығының маңыздылығына келер болсам,жан дүниемнің шынайы келбетін көруге көмектескендей.Жақын адамдарымның ақиқатты айтуға ынталығын көргенде,жан дүниемнің тыныштығын сезгендеймін.

Сондықтан осы қоғамымызда әр адамның бойынан ақиқат құндылығын көре алсақ,онда бідің қоғамымыздың жарқын болашағын көз алдыма елестетемін.









































Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мен –адаммын,жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал,Игенбаева.Б.Қ.Алматы-2000

2 «Өзін -өзі тану»мен басқа пәндердің ықпалдасуының мазмұны мен тәсілдері,мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,Мұқажанова Р.А..Омарова Г.А.,Алматы-2013

3.«Самопознание кz»журналының жинағы,2013-2014ж

4.Өзін өзі тану пәнінің мұғалімге арналған әдістемелік құрал,Алматы қаласы:ҰҒПББСО «Бөбек»2010ж

5.Ізгілік педагогикасы туралы ойлар,Аманашвили Ш.А.,Москва -1996

6.Биекенов К.,Садырова М.Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі.

Алматы:Сөздік –словарь, 2007-344 б

7.С.А.Назарбаева «Өмір әдебі»кітабы

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.03.2019
2744
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі