Материалдар / «Ақиқаттың ақыны- Мұхтар Шаханов»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ақиқаттың ақыны- Мұхтар Шаханов»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Ақиқаттың ақыны- Мұхтар Шаханов» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты


Жоспар:


  1. «Ақиқаттың ақыны- Мұхтар Шаханов» атты баяндама

  2. Өлең: «Мені неге Мұхтар қойған?»

  3. Ән: «Айналайын»

  4. «Отырар» дастаны

  5. Ән: «Ақ бантик»

  6. Бейнеролик













































Тақырыбы: «Ақиқаттың ақыны- Мұхтар Шаханов»

Мақсаты:

Оқушыларға  қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, бейне көрініс.


БАРЫСЫ:

1-жүргізуші: Қымбат

2-жүргізуші: Назерке


1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші:
Қайырлы күн, ағайын!


1-жүргізуші: Халқымыз ақыннан кенде болған емес. Сонау ХҮ ғасырдағы жаужүрек жыраулардан бастап бүгінгі күнгі поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының бүкіл ақыл — ойы, сенім түйсігі, шаттығы мен қайғысы, жеңісі мен жеңілісі ең алдымен, ақын жүрегіне жиналғаны байқалады. Олар өз Отанын сөзбен ғана емес, іспен де, қарумен де қорғады.


2- жүргізуші: Осындай жырауларымыздың қатарында Қазтуған, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Махамбеттерді айтатын болсақ, қазіргі заманымыздағы ақиқатты ашына айтар ақындарымыздың қатарында Мұхтар Шахановты атап өтуге болады.


1- жүргізуші: Адам мен қоғам өзгерген заманда ақиқатты айтуға, бабаларымыздың «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген қағидасын берік ұстанып, қоғамның, үкіметтің, басшылардың кемшіліктерін дер кезінде байқап, үлкен азаттық танытып жүрген ақындарымыздың бірегейі – Мұхтар Шаханов.


2- жүргізуші:Бұл күнде азаттығы мен поэзиясын бүкіл әлем мойындаған Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Ақиқаттың ақыны» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Мұхтар ағамыздың поэзиясына кезек берместен бұрын, алдымен ақын ағамыздың өмірімен кішкене танысып алайық.


2 -жүргізуші: Олай болса сөз кезегін тобымыздың студенттеріне берейік.


1-жүргізуші: Білесің бе, Назерке! «Мұхтар» сөзі араб тілінен аударғанда азат, білімді, таңдаулы деген мағыналарды білдіреді екен.
2 -жүргізуші: Онда Мұхтар ағамыз атына заты сай азамат болып өскен десек қателеспейміз ғой?


1 - жүргізуші: Әрине, қателеспейміз! Қазақ халқы ырымшыл халық қой! Заманымыздың Заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы алғаш жарық көрген жылы дүниеге келген сәбиіне «Мұхтар Әуезовтей дана болсын» деген ырыммен әкесі баласының есімін Мұхтар қойған екен.


2 -жүргізуші: Ендеше, ақынның өзінің атының қалай қойылғанын сыр шертетін «Мені неге Мұхтар қойған?» атты өлеңін Фаузия, Айбану және Қарақттың оқуында тыңдайық.
Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Айналайын» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтындар тобымыздың студенті Бердалы Айбану


1- жүргізуші: «Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы балалардың қайсар – қайпас ерлігі мен Шыңғыс ханның зобалаңы туралы сан рет әңгімелейтін. Анамның «Бала әлі жас қой түсіне қояр деймісің» дегеніне әкем «жоқ, түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуым бар» дейді ақын. Бұлай жазуыма тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері» дейді ақын.


2 -жүргізуші: Ендеше, жеңілген жеңімпаз хандығы «Отырар» дастаны немесе «Шыңғысханның қателігі» шығармасын Қарақат орындауында тамашалаңыздар.
Оян, Қайыр бабатайым, қасіретім, қымбаттым!
Сан алапат тасырдан соң,
Тасыр дауыл басылған соң,
Жеті жарым ғасырдан соң,
Өзіңді іздеп тіл қаттым.
Аман қапты батыр арман отқа оранған
Отырардан
Қашып шыққан сол баяғы баладан
Бұл күндері санатты ұрпақ тараған.
Дәуірінің қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам!


2 -жүргізуші: «Мен қаншама жыл өтсе де бірнеше ағалар туралы қалыптасқан сенім — түйсігіме қылау түспейтіндігіме сенімдемін. Менің тағдырыма ерекше әсер еткен жан — Төлеген Айбергенов. Содан кейін Шәмші Қалдаяқов. Екеуіміз бір топырақтың перзенті болған соң бірге жүрдік. Шымкентте болғанда Шәмші уақытының көп бөлігін біздің үйде өткізген. Ол маған рухани аға, дос, әрі туыс болып кетті. Менің анам марқұм сұрағанда «менің үш ұлым бар, біріншісі – Шәмші, екіншісі – Төлеген, кішісі — Мұхтар,»- деп жауап беретін. Бірде Дінмұхамед Қонаев марқұм үйде болғанда «Жеңеше — ау қазақтың үш мықтысын бір өзіңіз дүниеге әкелген екенсіз»деп қалжыңдайтын. Оны екі адам менің өміріме үлкен шуақ түсірді» дейді Мұхтар Шаханов.


1-жүргізуші: «Вальс королі»атанған Шәмші ағамыздың әндерінің өзі бір төбе. Ал әндерге өлең жазған Мұхтар ағамыздың өлеңдері біршама! Атап айтсақ, «Ақ бантик», «Туған күн кешінде», « Арыс жағасында», «Қуаныш вальсі», т. б.


1- жүргізуші: Олай болса осы әндерінің бірін тыңдарман қауымға тарту етейік.
Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтің әні «Ақ бантик». Орындайтын КДН 0920 тобының қыздары


2 -жүргізуші: М. Шаханов – табиғатынан қайсарлығы басым ақын. Ашынған жүрек, ақырған ашу, қан жылаған қайғыны мезгіл — мекенсіз өлеңнің өзегіне итере алмайды. Соған әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін жасайды.


1-жүргізуші: Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар аға ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде өлімге бас тіккен жанкешті жауынгер еді.
«Ар ұждан – адамдық өлшемі» өлеңін оқитын………………………………


1- жүргізуші: «Достық – шын мәнінде махаббатпен тең тұратын қасиет.

Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді. Сақтар дәуірінде өмірде бір досы жоқ адамды адам деп есептемеген. Өйткені, досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген» – дейді ақын.


2- жүргізуші:
Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанында сатып кете алады,
Қиын шақта досын сатқан адамдар.
Олай болса, достық өлкесінің заңын биік ұстайық.


1- жүргізуші: Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілекпен бүгінгі Мүхар Шаханов атамызға арналған ашық-тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!