Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын шығармашылығына арнау
Материалдың қысқаша нұсқасы

І жүргізуші: :

Болмаса егер ақиқаттан бөтені,

Айтылған сөз арлы адамға жетеді.

Туындысы дана менен дараның

Жүректе екен жайғасатын мекені.

ІІ жүргізуші: :

Жырыменен жүректерді тербеген,

Жан жарасын талайлардың емдеген.

Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың

Мұқғали сынды ақындр кемде – кем.


І жүргізуші: : Ассалаумағалейкум, қадірменді қауым!

ІІ жүргізуші: : Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

І жүргізуші: : «Барлығы да, Поэзия, сен үшін» - деп әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы, һәм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқғалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған.

ІІ жүргізуші: : Олай болса, бүгінгі әдеби кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.

І жүргізуші: : Ақынның туған күні – 9 ақпан. Бұл күн қай жерде болмасын жыл сайын ақпан айында тойлана беретіні хақ.

ІІ жүргізуші: : Ақын шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби – сазды кешке қош келдіңіздер.

І жүргізуші: : абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымн бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ қын десе,»

ІІ жүргізуші: : кейбіреуі «Жоқ, ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллионған, типті миллиардтаған жүректі жаулап алып, бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды ақын емес деп көріңіз...!

І жүргізуші: : Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев бейнесінде 11 сынып оқушысы Мадреимов Нұрлыбайды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: : Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысыны,

Талмай жазған ән – жырдың шуақтысын.

Өз халқыңның мұң – зарын, арман әнін,

Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың, дей келе Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Өлең деген тумайды жайшылықта» атты ақынға арнау өлеңдер сайысына қатысып, жүлделі І орынға иеленген 10 сынып оқушысы Досмайлов Нұрсұлтанды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: : Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жыр көктегі, - деп ақын жырлағандай, ақын өлеңіне жазылған «Есіңе мені алғайсың әнімен» музыка пәнінің мұғалімі Искакова Серіккүл апайымызды ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: : Ақиық ақын 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі сүлеймен Ұлы Отан соғысында, Калининград майданында қайтыс болған. Анасының аты – Нағиман. Әжесінің бауырында өскен соң, мұқғали өз анасын «Нақа» деп атаған екен.

Ортаға ақын шығармашылығынан сыр шертуге мектеп оқушылары Қалдыбай Нұрай, Сағындық Жанерке, Әбілсейтұлы Алиханды шақырамыз.

І жүргізуші: :

Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. 


Келесі кезекте «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісі бойынша көріністі тамашалаңыздар.


ІІ жүргізуші: : Мұқағали - қазақтың саңлағы,

Мұқағали - ән жырдың шаңырағы.

Шырқалғанда жырларың жаным толқып,

Жүдеу тартқан көңілім жадырады – дей келе І жүргізуші: ұлы Бағдаулет, Бірлікбекұлы Бауыржан, Махамбетова Зарема, Зейнуллақызы Айзерені ақын шығармашылығынан жыр – шумақтарына кезек берелік.

І жүргізуші: : Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,

Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.

Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,

Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың – дей келе мектебімізден 2019 жылы түлеп ұшақан түлегіміз Тыныштық Гүлімжанның «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші: : Мұқағали – лирик ақын. Мұқаңның дал махаббаттың барын ұғындырып, ішкі сезім күйін шерткен, бір-бірімен шын ұғысқан қос жүректің жан сырын суреттеуге арналған жырларының бірі – «Махаббат диалогы».

Жәми Абай мен Жүсүпбек Көркемайдың орындауындағы «Махаббат диалогын» тамашалаңыздар.

І жүргізуші: : Жүрек жырын ақ параққа түсірген,
Жырларынан сезім сырын түсінгем.
Ақиықсың,дара туған ақынсың,
Қалған ақын сірә,сенің көшірмең.

Алдарыңызда ақын шығармашылығынан жыр шумақтарын оқуға ........................................................... шақырамыз.

ІІ жүргізуші: : «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,өлмейтұғын артынан із қалдырған»деп Абай атамыз айтқандай,Мұқағали өлген жоқ,ол бізбен мәңгілік бірге,жырлары да мәңгілік жасай бермек. Ақын шығармашылығынан өлең оқуға Мадреимов Нұрлыбай, Шегебаева Жанель,.................................... шақырамыз.

Ән: «Аяулы ана»

Орындайтын: Момынова Каусар

І жүргізуші: : Талай қазақ  сізді  нұрға  теңеген,

Талай қазақ  сізді қолдап- жебеген.

Ал біреулер  боламын деп өзіңіздей,

Еңбектеніп, өлең жазып   ерлеген.


ӘН:

Орындайтын: Науқан Айару


ІІ жүргізуші: : Нағыз тума таланттың екі өмірі бар.Бірі-шектеулі өмір,екіншісі-мәңгілік өмір.Мұқағали шектеулі өмірінің күні батқанымен,оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып,күні шықты.Мұқағали өмірде көп қиыншылық көрді,жалғыздықтан жапа шекті.Ақынның ой айтудағы өткірлігі,батылдығы,біздерге өнеге,тәлім-тәрбие,сабақ берері сөзсіз.

Иә,өлең өлмейді.М.Мақатаевта көз жұмған жоқ.



Қорытынды сөз.

Шын жыр үшін туылған шалқар едің,

Шындық үшін туылған арқалы едің.

Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,

Шын жырыңды ұмытпас дархан елің. 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12