Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақкөңілділік туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ақкөңілділік туралы" тақырып3- сыныптың өзін - өзі тану пәні бойынша мұғалімдерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп: Мерей ЖОББ мектебі

Тақырыбы: Ақкөңілділік туралы №: 19 сабақ

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жақсылық, жанашырлық, шынайылық.

Мұғалімі:Ажбаева М.Л.

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны: 11

Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік қасиеттің маңыздылығын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға ақкөңілділік қасиетін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы жанашырлық, ақпейілділік, ақкөңілділік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды шынайы болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, әр күнімізді татулықпен өткізейік.

  1. Тыныштық сәті. Нұрға бөлеу.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініп, арқаларын тік ұстауын қадағалаймын. Жайлы, баяу музыка ойналады).

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Ермек Өтетілеуов «Рақым» әңгімесі

Сұрақтар:

    1. Сағаттың кеудешені ұсыну себебі неде?

    2. «Шын жақсыда тарлық жоқ», дегенді қалай түсінесіңдер?

    3. Сағаттың іс – әрекетінен қандай үлгі алуға болады?

    4. Ақкөңілділікті адамның бойындағы тағы қандай қасиеттермен теңеуге болады?

    5. Өзіңнің ақкөңілділік танытқан кезің болды ма? Қалайша?


  1. Сабақтың дәйексөзі. Дәйексөзді қайталап айтқызып жаттату.


Ақкөңілдік – адам ойының тазалығының көрінісі.

Жүсіп Баласағұн

Сұрақтар:

  1. Ақкөңіл адам деп қандай адамды айта аламыз?

  2. Таза ой дегенді қалай түсінесің?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Ағайындылар

Бір ауылда екі ағайынды тұрыпты. Үлкені үйленіп, әке-шешесімен бірге тұрады, ал кішісі ауылдың шетінде тұрды. Екеуі де көп еңбектенсе де, өмірлері қиын болды, олар байымады. Бірде қуаңшылық жыл болады. Ағайынды екі жігіт бірлесіп егін салды. Шыққан өнімді екуі теңдей бөлісіп алды. Бірақ інісі бұл шешімге іштей келіспеді. Інісі былай ойлады: «Ағамның жағдайы қиын, әйелі мен балалары, әке-шешеміз - соның мойнында. Өзімнің қорларымнан бірнеше буда бидай апарып берейінші» -дейді.

Солай ойлап, жүріп кетеді. Қараңғыда жолда ол өзі сияқты бидай апара жатқан адамды көреді. Ойлағанын іске асырып, үйіне келсе, таң қалады: ондағы жиырма буда бидайы сол қалпында тұр екен. Арқасына қайтадан төрт буда бидай көтеріп, тағы да ағасына кетеді. Тағы да сол бейтаныс адамды көріп, ол өзінің ағасын таниды. Ағасы да солай ойлаған: «Інім қиналып жүр ғой, оған көмектесіп жіберейін».

Сұрақтар:

  1. Ағайындылардың бір-біріне көрсеткен қамқорлықтарын немен түсіндіруге болады?

  2. Ағайындылар бір-біріне неліктен жасырын түрде жақсылық жасады?

  3. Жанашыр бауырдың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?

  4. Өздерің бауырларыңнан шынайы қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.


5.Шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс.

Оқушыларды түстер бойынша жұпқа бөлу.

  1. тапсырма.

Ақкөңілділік қасиетті қандай сөздермен сипаттауға болатынын анықтаңдар.Ақкөңілділік қасиетін гүл күлтелеріне орналастырып, жұбына сыйлау.

Ой сергек. Берілген суреттерді ақкөңілділік қасиеттеріне қарай таңдау.

2- тапсырма. «Автор орындығы» әдісі бойынша қажетті сөздерді пайдаланып, сұрақтар қою.

3-тапсырма. Жеке жұмыс.

Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып, дәптерге жазыңдар.


  1. Топпен ән айту. «Жас дәуірдің гүліміз»


7. Үй тапсырмасы.

Е. Өтетілеуов «Мейірбан» әңгімесін оқу


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу музыка қойылады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.02.2019
2811
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12