|
Сабақ
мақсаты:
Оқушыларға жанашырлық туралы түсінік беріп, олардың
бойындағы жанашырлық сезімдерін
дамыту.
Міндеті:
Білімділік :Оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік
беру;
Дамытушылық:Оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық
сезімдерін дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік:Оқушыларды ниеттес, тілектес, сыйлас болуға
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
1.bilim-all.kz
2.https://infourok.ru
|
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. 2
мин.
Сәлемдесу, оқушылардың
көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды
тексеру.
2.Жағымды күйге келу. 3
мин.
3.Үй тапсырмасын тексеру. 5
мин.
М.әлімбаевтың «Досым және мен»
өлеңін сұрау.
|
Сабақ барысын талқылау:
Сабақ барысын талқылау:
Т – ережесі:
Тәртіп.
Талап.
Тыныштық.
Тазалық.
Татулық.
|
|
4.Дәйексөз.
Ақкөңілділік- адам ойының тазалығының
көрінісі.
-2-рет ер балалар, 2-рет қыз балаларға
айтқызу.
-Дәйексөздің мағынасын
қалай түсінесіз?
|
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат).
3мин.
«Мейірбан» әңгімесін оқып
беру.
-Адам бойындағы мейірімділік қайдан
туындайды?
-Ақкөңіл, мейірбан болудың маңызы
неде?
-Ақкөңілділік қандай іс әрекеттер арқылы көрініс
табады?
-ӨЗің айналаңдағы
адамдарға ақкөңілділігіңді қалай білдіріп
жүрсің?
|
|
|
Жаңа
ақпарат
Ақкөңілділік- адамның жақсы
қасиеті. Ақкөңіл адам басқаларға тек жақсылық ойлап, жақсылық
жасауға дайын тұрады. Ақкөңіл адамның жүрегі жұмсақ, жаны нәзік,
көңілі дарқан. Ондай адамдарды өзара сыйласымнан, ақниетті
әрекеттерінен, жақсылыққа құштарлығынан, жанашырлығынан тануға
болады.
6.Шығармашылық жұмыс,
топтық жұмыс. 12 мин.
1-тапсырма. «Ақкөңілділік» сөзіне ребус
құрастырыңдар.
2-тапсырма. Суреттерге қараңдар.
Сұрақтарға жауап беріңдер. Сурет бойынша әңгіме құрастырып
айтыңдар.
3-тапсырма.
Өлеңді оқыңдар, ондағы жақсы қаситтерді теріп
жазыңдар.
Ақкөңіл
болу ережесін оқыңдар, өздерің толтырыңдар. Естеріңде сақтап
алыңдар.
-
|
Сөзің мен ісіңе адал
бол!
|
|
Қарпайым бол!
|
|
Парызыңды ұмытпа!
|
|
Тәртіпті бол!
|
|
Ойың,ниетің жақсы
болсын!
|
7.Дәптермен
жұмыс
1,2- тапсырманы орындау.
|
|
|
8.Топпен ән айту. 3
мин.
Елім
менің
Арайлап таңым, асқақтап
тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты
елім,
Қол жетті міне аңсаған
күнге,
Жасайбер, жаса, Қазағым
менің!
Қазақстаным- жасыл
орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым,
Аңсаған бабам, аңсаған
елім.
Бостандық еді-ау,асыл
арманың
|
Сөзі: Н.Назарбаевтікі
Әні: Б.Тілеухановтікі
|
|
9.Үй тапсырмасы. 2
мин.
Ы.Алтынсарин «Жомарт» Мәтінін
оқу.
|
|
|
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3
мин.
. Балалар денелерін түзу
ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең
жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды
аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары
жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан
алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші...
Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе
жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге
тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды
жеткізе білдіңдер. Жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет
айтамын!
|
|