Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақкөңілділік туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге. Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық сияқты адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық сезімдерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ

Мерзiмі: № 19 сабақ

Тақырып: Ақкөңілділік туралы.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.

Мұғалiм: А.Т.Бекмурзаева

Сынып :3

Сабақ мақсаты: Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық сияқты адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық сезімдерін дамыту.

Міндеті:

Білімділік:Оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың қамқорлық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

Дамытушылық: Оқушылар әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;

Тәрбиелік:Оқушыларды көпшіл, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2.Жағымды күйге келу. 3 мин.

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Ермек Өтетілеуұлы «Рақым»

  • Сағттың кеудешені ұсыну себебі неде?

  • «Шын жақсыда тарлық жоқ»,дегенді қалай түсінесіңдер.

  • Сағаттың іс әрекетінен қандай үлгі алуға болады?

  • Ақкөңілділікті адамның бойындағы қандай қасиеттермен теңеуге болады?

  • Өзіңнің ақкөңілділік танытқан кезің болды ма?Қалайша?

Сабақ барысын талқылау:

Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.

4.Дәйексөз.

Ақкөңілділік-адам ойының тазалығының көрінісі.

-Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Жақсылық пен Жамандық

Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық «істе» десе, жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:– Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, – десе, Жамандық:– Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, – дейді.Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:– Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, – дейді.Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:– Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, – дейді.Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол: – Әй, адам - ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан ата ұрпағын алдына шақырып алып:–Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,–деп батасын береді.Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.Сұрақтар:

Әңгімеде қандай қасиеттер туралы айтылған?

Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

Қандай құндылықтар адамды жақсылық жасауға ұмтылдырады?

Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Барлық адамның қолынан жақсылық жасау келе ме? 


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Оқулықта төмендегідей тапсырма берілген:

1-тапсырма. Ақкөңілділік қасиетін қандай сөздермен сипаттауға болатынын анықтаңдар.Осы ұғымға сәйкес сөздерді табыңдар.

2-тапсырма. Қажетті сөздерді пайдаланып, партасаласыңмен диалог құрастырыңдар.

3-тапсырма . Суретте берілген кітаптарға ат қойыңдар.Сұрақтарға өз ойларыңды білдіріңдер.

7.Дәптермен жұмыс

1,2- тапсырманы орындау.


8.Топпен ән айту. 3 мин. Жас дәуірдің гүліміз

Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)

Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз.

Сөзі Ермек Өтетілеуовтікі

Әні Ибрагим Нүсіпбековтікі

9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу. Ермек Өтетілеуұлы «Рақым»


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Балалар, енді бір сәт тынышталайық. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1308
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12