Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ақпан перспективалық жоспар 2024-2025 жж. кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпан перспективалық жоспар 2024-2025 жж. кіші топ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

«03» ақпан 2025 жыл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2024/2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспары


Білім беру ұйымы:

Топ: «кіші жас тобы

Бала жасы: 2 жастағы балалар

Кезеңі: ақпан айы

Ұйымдастырылған іс-әрекеті

Ұйымдастырылған іс-әрекет міндеттері

Дене тәрбиесі

Негізгі қимылдар

Жүру. Әртүрлі бағытта шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу.

Жүгіру. Бағытты өзгертіп, шашырап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу қабілетін дамыту.

Домалату, лақтыру. Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5–1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру; отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан доптарды домалату.

Секіру. 10–15 сантиметр биіктіктен секіру.

Жалпы дамытушы жаттығулар. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу. Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.

Қимылды ойындар. Балаларды қимылды ойындар ойнауға ынталандыру.

Спорттық жаттығулар. Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету.

Шынықтыру рәсімдерін жүргізу

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.

Сөздік қорын қалыптастыру. Балалардың белсенді сөздігін еңбек әрекеттерін білдіретін етістіктермен байыту: жуу, суару, құю.

Сөйлеудің грамматикалық құрылымы. Өткен шақ түрінде сын есімді зат есіммен және етістікпен үйлестіру қабілетіне үйрету.

Байланыстырып сөйлеу. Балаларды кітаптардағы суреттерді қарауға баулу, оларды таныс заттарды атауға шақыру, мұғалімнің өтініші бойынша көрсету

Көркем әдебиет

Балаларға таныс өлеңдердің сөздерін, сөз тіркестерін түгел айтуға мүмкіндік беру

Сенсорика


Көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біртекті заттарды топтастыру қабілетін жетілдіру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Өз үйін, пәтерін тану қабілетін дамыту.

Заттық әлем. Белгілі бір объект үшін нақты әрекеттерді орындауға машықтану (допты айналдыру, машинаны итеру, қуыршақты жайып салу, пирамиданы құрастыру және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне орнату).

Көлік. Көлік, көше, жол туралы түсініктерді жетілдіру.

Еңбекке баулу. Ересектердің жұмысына қызығушылық таныту. Балалардың ересектердің еңбегін бақылау шеңберін кеңейту.

Адамгершілік тәрбиесі. Бірге ойнауды, басқа балалармен бірге ойнауды, бір-біріне көмектесуді және бірге жетістіктерге, әдемі ойыншықтарға қуануды үйрету.

Табиғат әлемі. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сурет салу


Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру

Мүсіндеу

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу

Жапсыру

Бейнелерді қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету

Құрастыру

Үлгі бойынша қарапайым ғимараттар салу қабілетін дамыту, өз бетінше бір нәрсе салуға деген ұмтылысты қолдау; қосымша сюжеттік ойыншықтарды, ғимараттардың пропорционалды масштабтарын (кішкентай гараждарға арналған шағын машиналар)қолдана білуге үйрету

Музыка

Музыка тыңдау. Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажырата білу.


Ән айту. Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.


Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Қарапайым би қимылдарын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру: айналу; денені бұру, басты ию, қолдарды сермеу.

МДҰ жетекшісі:

Тәрбиеші:







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
65
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11