Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпан перспективалық жоспар 2024-2025 жж. мектепалды даярлық 5 жас

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпан перспективалық жоспар 2024-2025 жж. мектепалды даярлық 5 жас
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

«03» ақпан 2025 жыл


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2024/2025 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспары


Білім беру ұйымы:

Топ: мектепалды тобы

Бала жасы: 5 жастағы балалар

Кезеңі: ақпан айы

Ұйымдастырылған іс-әрекеті

Ұйымдастырылған іс-әрекет міндеттері

Дене тәрбиесі

Бұрын үйренген дене жаттығуларын қайталау, қозғалыс дағдылары мен дағдыларын бекіту және жетілдіру.

Негізгі қозғалыстар

Жаяу жүру. Ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап жүру; заттардың, кегльдердің арасымен, жіптерден аттап жүру; қосалқы қадаммен алға қарай жүру.

Тепе-теңдікті сақтау. Гимнастикалық скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту; қолдарынан ұстап, жұптарымен айналу.

Жүгіру. Жүрумен алмастыра отырып, 100–120 метр арақашықтықта жүгіру; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 метр) жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу. Гимнастикалық скамейка бойымен қолымен тартылып, иықтары мен тізелеріне сүйене отырып, етпетімен өрмелеу.

Секіру. Бір аяқпен және қос аяқпен құрсаудан құрсауға секіру (арақашықтықтығы 40 сантиметр), алға айналдыра отырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру.

Лақтыру, қағып алу, домалату. 2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру, допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу, допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр).

Сапқа тұру, сапқа қайта тұру. Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру.

Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды кезек жоғары-артқа көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу. Алға қарай еңкейіп, алақанды еденге тигізу; артқы жағынан қолды айқастырып көтеру; қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа бұрылу. Отырып алға қарай еңкею, тізерлеп тұрып алға еңкею.

Қимылды ойындар. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.

Спорттық жаттығулар. Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату, төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау.

Спорттық ойындар. Баскетбол элементтеріне үйретуді жалғастыру; кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру; допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру.

Шынықтыру рәсімдерін жүргізу; өзіне-өзі қызмет көрсету және киімге күтім жасау дағдыларын жетілдіру.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Сөздегі дыбыстардың орналасуын анықтау бойынша жұмысты жалғастыру (басы, ортасы, соңы); фонематикалық есту қабілетін дамыту; артикуляциялық жаттығуларды орындау.

Сөздік қор. Әр түрлі заттарды сипаттау және араласу үшін қажетті сөздерді түсіну және қолдану дағдыларын қалыптастыру; зат есімдер мен жалпылама сөздерді дұрыс қолдану қабілетін дамыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Қосымшамен етістіктерді қалыптастыру және қолдану, сөйлеу этикетінің формаларын қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Байланыстырып сөйлеу. Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, біртұтас монолог құру, оқиғаны дәйекті түрде қайталау, шағын логикалық және баяндау әңгімелерін құрастыру қабілеттерін қалыптастыру.

Шығармашылық сөйлеу қызметі. Шығармашылық баяндауды жетілдіру: бақылаулар мен сызбалар бойынша сипаттамалық және баяндау әңгімелерін құрастыру

Көркем әдебиет

Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау.


Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: қарапайым сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің реті мен санын анықтау; ұсынылған сөзге сөйлем құрастыру қабілетін дамыту

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Сөйлеу және артикуляциялық аппараттарды, тыныс алуды және нақты дикцияны дамытуды жалғастыру.

Сөздік қор. Заттардың белгілерін (түсі, мөлшері), заттармен іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді түсіну және айту қабілетіне үйрету және оларды ауызекі тілде қолдану.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Байланыстырып сөйлеу. Өзі туралы (аты-жөні, жасы), отбасы туралы айту, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті сөздерді айту дағдыларын қалыптастыру (Сәлеметсіз бе? Сау болыңыз! Рахмет!)

Математика негіздері

Шама. Санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде жиынның әртүрлі бөліктерін салыстыру қабілетін үйрету; жиынның үлкен (кіші) бөлігін немесе олардың теңдігін анықтау.

Сан және санау. «Қанша?», «Нешінші?» («Қандай?») сұрақтарын ажырата білуге үйрету, оларға дұрыс жауап беру.

Шама. Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыру.

Геометриялық фигуралар. Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты, ойлауды, алдына қойылған міндетті шешуде не істеу, қалай істеу керек екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру, қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.

Кеңістікті бағдарлау. Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.

Уақытты бағдарлау. Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Өзін-өзі тәрбиелеуді, өзін-өзі бағалауды, өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенімділікті тәрбиелеуді жалғастыру.

Заттық әлем, кеңістіктік бағдар. Үй-жайда, балабақша учаскесінде еркін шарлау қабілетін қалыптастыру.

Көлік, байланыс құралдары. Арнайы көлік құралдарының түрлерін, олардың белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін жабдықталуын, сондай-ақ ұялы телефондарды, компьютерлерді, Интернетті, теледидарды пайдалану туралы білу, оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Еңбекке баулу. Еңбек нәтижелерін, өзіңнің және құрдастарыңның шығармашылық қызметін бағалауға және құрметтеуге үйрету, кішілерге көмек көрсету, қажет болған жағдайда өзіне жүгіну.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Өз құрдастарын тарта отырып, ұлттық ойынға өз бетінше бастама жасау, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету; Қазақстан Республикасының Президенті туралы, оның өз халқы үшін қызметінің маңыздылығы туралы идеяларды қалыптастыру.

Жол қозғалысы ережелері. Жол қозғалысы ережелерін сақтауға саналы көзқарасты қалыптастыру; «Балалар», «Трамвай аялдамасы», «Автобус аялдамасы» жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру.

Табиғатпен таныстыру. Балалардың зерттеу іс-әрекетіне жағдай жасау, табиғатпен танысу процесінде заттар мен құбылыстарға тән белгілерді байқау, талдау, салыстыру, ажырату.

Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктердің тірі тіршілік иелері ретіндегі белгілерін байқау және себеп-салдарлық байланыстарды бөлісу: олар жапырақтармен, сабақтармен (діңімен), тамырлармен тыныс алады; жылу, суық, шуақты немесе бұлтты ауа-райының келуін «сезінеді»; өсіп, көбейеді.

Жануарлар әлемі. Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: жануарлар қозғалады (жүреді, жүгіреді, секіреді, ұшады, қозғалады); қоректенеді (өсімдіктердің жапырақтары, сабағы, бұтақтары, қабығы, шырыны, тұқымдарымен, етпен, жәндіктермен); өседі және көбейеді, қоршаған ортаны көз, мұрын, тіл, құлақ, тері көмегімен сезе білу.

Қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін білу; өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау: бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, ойнамау, бөтен машиналарға отырмау, бейтаныс адамдардың өтініштерін орындамау, олардың соңынан ермеу.

Сурет салу

Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен) қолдану. Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару (гуашпен сурет салу кезінде). Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішінді өрнектерді құрастыра білуді бекіту, түрлі өлшемді өрнектерді біріктіру, ақ және түрлі-түсті фондарды қолдана отырып, түсті таңдау. Қазақ ою-өрнектерінің түрлері («түйетабан», «құсқанаты», «құстұмсық», «жапырақ», «жауқазын», «жетігүл», «жұлдызгүл») туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, колоритін жеткізе отырып, көлемді пішіндерді бояу, парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажырату, тік сызықтардың әртүрлі үйлесуімен құрылған қазақ ою-өрнегінің элементтерін салу.

Мүсіндеу

Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу; мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау). Затқа қарап мүсіндеуде ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.

Жапсыру

Қазақ халқының тұрмыс заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, көрпе, жастық), киіз үйдің безендірілуімен (кереге, уық, шаңырақ, сағана, басқұр) таныстыру, көрсетілген заттарды қалауы бойынша ою-өрнектермен безендіру.

Тапсырмаларды дәйекті түрде орындай отырып, жеке және шағын топтарда сюжеттік композицияларды орындау

Құрастыру

Ұжымдық сюжеттік құрылысқа ынталандыру; шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту; қағаздан құрастыру әдістерін қолдана отырып, жазықтық материалды көлемді формаларға айналдыру дағдыларын бекіту; дайын үлгіде, қарапайым сызбада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, контур бойымен кесу және кесу үшін қайшыны қолдану

Музыка

Музыка тыңдау. Музыкалық шығармалардың жанрларын ажырата білуге үйрету (марш, би, ән); шығарманың жеке фрагменттері бойынша әуендерді тану арқылы музыкалық жадыны жетілдіру (кіріспе, қорытынды, музыкалық фраза).

Ән айту. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту.

Музыкалық-ырғақты қимылдар. Би қимылдарын меңгеру: жыбырлаған қадам, ауыспалы қадам, шоқырақтау, әр түрлі бағытта секіру.

Билеу. Балаларға «Қаражорға» биі туралы түсінік беру.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау. Дәстүрлі емес материалдан жасалған балалар музыкалық (дауылпаз, асатаяқ, сазсырнай, тұяқтас, қоңырау, сыбызғы, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, дабыл, барабан, маракас, румба) және шу аспаптарында ойнау тәсілдерімен таныстыру.

МДҰ жетекшісі: А.Ж. Бердіманова

Тәрбиеші: А.К. Таубалдиева






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
77
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11