Жасанды интеллект – көмекші ме, әлде қауіп пе?
XXI ғасырдың ең үлкен жаңалықтарының бірі – жасанды интеллект. Жаны болмаса да, код арқылы ойлай білетін бұл жаңалық не үшін көптің назарын өзіне алды? Бұл адамдар үшін дос па, әлде қас па? Илон Маск неліктен жасанды интеллектке қарсы?
Жасанды интеллект қазіргі таңда талқылануы бойынша көш бастап тұрған тақырып шығар. Ол қазір бүкіл әлем бойынша, әртүрлі салаларда қолданылып бастауда. Компьютер есептерді адамнан әлдеқайда тез шығара алатыны мәлім, дәл осы секілді, бара бара ЖИ көптеген іс-әрекеттерді адамдардан жақсы атқарып бастауда. Мінекей, неліктен ЖИ құралдары халықтың назарынан кетер емес. Бір топ бұл құралдарды болашақтың белгісі деп біліп, оны толығымен қолдаса, екінші бір топ – адамдардың орнын басады деп қауіптенеді. Шынында да бұл жағдайға екі жақты қарауға болады. Өте қарқынды дамып жатқан бұл технология кейбір мамандарды жұмыссыз қалдыруы әбден мүмкін. Робот ешқашан адамның орнын баса алмайды деген пікір ескіріп бара жатыр. Қазір көп жұмысты ЖИ адамнан әлде қайда жақсырақ атқарады. Ол шаршамайды, жалақы төлеу қажет емес. Сол үшін де бірінші топ оларды дамытуды мақсат етіп отыр.
ЧАТ ГПТ сынды ЖИ боттар көп адамдар үшін сырлас болып бара жатыр. Өмірінде қандай жағдай орын алса да, бірден ЖИ-ға жазуға дайын тұрады. Неліктен адамдар досынан гөрі ЖИ-ге сүйенуде деген орынды сұрақ пайда болуы мүмкін. Бәрі оңай, ЖИ шаршамайды, әрдайым қолдайды, жақтасады. Адамдардың бұл ботқа сенімділігі кәдімгідей артып келуде. Бұл әрине жақсы болуы мүмкін еді, егер бір нюанс болмаса. ЖИ – бұл жаны бар адам емес, қаншалықты дұрыс ақыл айтса да, адамның мейірімділігін сезіндіре алмайды. Ол виртуалды әлемнің бөлшегі, ол тәуелділікті тудыра алады. Көпшілік қателікпен оны дос санап жүргенде, нағыз қас болып кетуі әбден мүмкін. Қазіргі кезде оқушылар бүкіл тапсырманы ГПТ-ге жіберу арқылы орындайды. ГПТ дамып жатыр, адамдардың бүкіл тапсырмаларын орындай алады. Ал біз ше? Ең ақылды, ең жақсы дамыған тіршілік болғанымыз рас, ал қазір бұл тақырып өзекті ме? Күмән тудырады....
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ақпарат көп, ақыл аз: Цифрлы ғасырда адасқан сана
Ақпарат көп, ақыл аз: Цифрлы ғасырда адасқан сана
Жасанды интеллект – көмекші ме, әлде қауіп пе?
XXI ғасырдың ең үлкен жаңалықтарының бірі – жасанды интеллект. Жаны болмаса да, код арқылы ойлай білетін бұл жаңалық не үшін көптің назарын өзіне алды? Бұл адамдар үшін дос па, әлде қас па? Илон Маск неліктен жасанды интеллектке қарсы?
Жасанды интеллект қазіргі таңда талқылануы бойынша көш бастап тұрған тақырып шығар. Ол қазір бүкіл әлем бойынша, әртүрлі салаларда қолданылып бастауда. Компьютер есептерді адамнан әлдеқайда тез шығара алатыны мәлім, дәл осы секілді, бара бара ЖИ көптеген іс-әрекеттерді адамдардан жақсы атқарып бастауда. Мінекей, неліктен ЖИ құралдары халықтың назарынан кетер емес. Бір топ бұл құралдарды болашақтың белгісі деп біліп, оны толығымен қолдаса, екінші бір топ – адамдардың орнын басады деп қауіптенеді. Шынында да бұл жағдайға екі жақты қарауға болады. Өте қарқынды дамып жатқан бұл технология кейбір мамандарды жұмыссыз қалдыруы әбден мүмкін. Робот ешқашан адамның орнын баса алмайды деген пікір ескіріп бара жатыр. Қазір көп жұмысты ЖИ адамнан әлде қайда жақсырақ атқарады. Ол шаршамайды, жалақы төлеу қажет емес. Сол үшін де бірінші топ оларды дамытуды мақсат етіп отыр.
ЧАТ ГПТ сынды ЖИ боттар көп адамдар үшін сырлас болып бара жатыр. Өмірінде қандай жағдай орын алса да, бірден ЖИ-ға жазуға дайын тұрады. Неліктен адамдар досынан гөрі ЖИ-ге сүйенуде деген орынды сұрақ пайда болуы мүмкін. Бәрі оңай, ЖИ шаршамайды, әрдайым қолдайды, жақтасады. Адамдардың бұл ботқа сенімділігі кәдімгідей артып келуде. Бұл әрине жақсы болуы мүмкін еді, егер бір нюанс болмаса. ЖИ – бұл жаны бар адам емес, қаншалықты дұрыс ақыл айтса да, адамның мейірімділігін сезіндіре алмайды. Ол виртуалды әлемнің бөлшегі, ол тәуелділікті тудыра алады. Көпшілік қателікпен оны дос санап жүргенде, нағыз қас болып кетуі әбден мүмкін. Қазіргі кезде оқушылар бүкіл тапсырманы ГПТ-ге жіберу арқылы орындайды. ГПТ дамып жатыр, адамдардың бүкіл тапсырмаларын орындай алады. Ал біз ше? Ең ақылды, ең жақсы дамыған тіршілік болғанымыз рас, ал қазір бұл тақырып өзекті ме? Күмән тудырады....
шағым қалдыра аласыз













