Сабақтың мерзімі: I топ
II топ
III топ
IV топ
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат өлшем бірліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үйірме мүшелеріне информатика ғылымының негіздерін меңгерту.Ақпарат ұғымын,оның түрлерін,қасиеттерін түсіндіру.Компьютердің құрылғылары мен жұмыс істеу принциптерін үйрету.Алгоритм және бағдарламалау негіздерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық,алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту.Ізденімпаздыққа,шығармашылыққа,талдауға үйрету.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны(АКТ) тиімді қолдану дағдыларын дамыту.Проблеманы шешуде компьютерлік құралдарды пайдалана алуын дамыту.Әртүрлі пәндер бойынша білімдерін интеграциялауға жағдай жасау.
Тәрбиелік: Компьютерді мәдениетті,сауатты пайдалануға тәрбиелеу.Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.Топпен жұмыс істей білуге,бір-бірінің еңбегін бағалауға баулу.Ғылыми дүниетанымын кеңейту,ақпараттық қоғамда жауапкершілікпен өмір сүруге тәрбиелеу.Интелектуалды еңбекті қадірлеуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер,слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тәрбие бағыты.
ІІІ. Негізгі бөлім.Жаңа сабақ.
ІV. Қорытынды.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасып, балалардың сабаққа дайындығын тексеру.Балаларды түгелдеу.
ІІ. Тәрбие бағыты:Ұлттық тәрбие
Сыйласаң сыйлы боларсың. Оқушыларға қазақ халқының сыйластық дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары туралы тусінік беру.Үлкенді сыйлауға,кішіге қмқор болуға,сыйластықты қадірлеуге үйрету.Адам сыйластықпен қадірлі. Өзгеге ізет көрсеткен жан қай ортада да абыройлы болады.Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау,ана тілі мен мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
ІІІ. Негізгі бөлім.Жаңа сабақ.
Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады.
Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедия деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиялық деп аталады. Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады., ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады.
Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады.
Әдетте компютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт – 1024; мегабайт – 2024 Кбайт және 1024Мбайтқа тең гигабайт болып табылады.
Бит - ақпараттың өлшем бірлігі
Электрондық мәшинелерде сигнал беру не бермеу арқылы ақпарат компьютер ішінде тасымалданады. Мысалы шам жанса бұл 1, ал жанбаса 0 деп компьютерге "түсіндіріледі". Бит дегеніміз екі ғана мән қабылдай алатын шама.
Бұл 0 не 1. Мысалы күн 0 ал түн 1 деп белгілесек. Дәл қазіргі уақытта күн болса бит 0, ал түн болса бит 1 деген мән қабылдайды. Бит - ақпараттың өлшем бірлігі және ең кішісі.
Мұғалімдеріңіздің қай баланың сабаққа келуі не келмеуі жайлы мағлұматты журналға осы биттің көмегімен жазады. Бала келсе "к" (келді) ал келмесе "ж" (жоқ) деп белгілейді. Бұл да бит емес пе? Себебі бұл шама екі ғана мән қабылдай алады, к және ж, бұларды 0 мен 1 алмастырсақ нәтиже өзгермейді:

Осы кестедегі датадан төмен орналасқан ұяшықтар бит болады. Әрбір ұяшық 0 не 1 мән ғана қабылдай алады.
Байт
Байт дегеніміз бұл 8 биттен құралған ақпараттың өлшем бірлігі. Байт бұл сегіз ұяшықтан құралған кесте десек те болады:
![]()
Осы кесетінің әрбір ұяшығына 0 не 1 цифрің жаза аламыз, мысалы былай:
![]()
Әрбір биттің екі мән қабылдай алатының ескерсек, бір байтта қанша бит бар?
1 байт = 2*2*2*2*2*2*2*2 = 28 = 256 бит.
Бір байттың 256 түрлі мән қабылдай алатының ескере отырып, барлық цифрлерді, әріптерді және арнайы символдарды осы байтпен белгілеуге болады.
Мысалы үлкен Q әрпін былай белгілейді:
![]()
Кестелер мен олардағы ұяшықтар түсінікті болу үшін келтірілді. Нөлдер мен бірлер кестесіз беріледі.
Еселеуіштер
Байт бұл аз шама, бұдан ірі шамалар практикада көп қолданылады. Мысалы Мегабайт немесе Гигабайт.
1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мегабайт (қысқаша Мбайт) = 210 Мбайт = 220 Килобайт (Кбайт) = 230 байт.
Жаттығу бір Терабайтта 1024 Гбайт бар болса, бұнда неше Мегабайт және Кбайт бар?
Байтты практикада б деп те жаза береді, мысалы Гбайт емес Гб деп қана. Ақпараттың өлшем бірліктері дегеніміз осы.
IV. Қорытынды.
Сабақты пысықтау.
-Біз бүгін не үйрендік?
-Ақпараттың өлшем бірлігі деген не?
Бағалау(мадақтау,смайлик,жұлдызша және т.б.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Информатика. 5сынып. Сыныптан тыс іс-шара.

шағым қалдыра аласыз