Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпаратты іздеу

Материал туралы қысқаша түсінік
800-830 сөз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.3B Әлемнің барлығы Ғаламторда

Мектеп: 125 жалпы орта білім беретін мектеп


Мұғалімніңаты-жөні:

Жамантай Бағжан


Күні:

Қатысқан оқушылар саны:


СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты іздеу.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатыңоқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану

3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • Арнайысұраулар арқылы ақпаратты іздеп табады;

  • Компьютерлік программалардың міндетін тұжырымдайды.

Бағалау критерийлері

графикалық редактор арқылысуреттердіашып, сақтау;

түрлітапсырмалардыорындауүшінпрограмматаңдау;

ақпаратты табу үшініздеужүйесінпайдалану;

мәтіндібасқару: көшіру, қою, кесу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

  • ақпаратты іздеуге сұрақ тұжырымдайды;

  • іздестіру жүйесінде керек ақпаратты іздеп табатын алгоритм тұжырымдайды;

  • іздестіру жүйесіне мысал келтіреді.

Пәндік лексика жәнетерминалогия:

  • Ғаламтор,браузер, веб-парақша,сілтеме, іздестіру жүйесі.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Браузер программасы... үшін қажет

  • Сұрақ жауабын табатын ақпарат іздеу үшін

Құндылықтарды дарыту

Тәжірибелік жұмыс барысында академиялық адалдық, тұтастықты сақтау, өзара бағалау. Топта жұмыс істей білу, сыныптастардың жауаптарын тыңдау, объективті бағалау, этика нормаларын сақтау қабілеті арқылы бір-біріне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу.

6 Бөлім: Атақты тұлғалар.

Орыс тілі – мультфильм қараған кезде

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта қолдану

Ғаламтор қолдану.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар әр түрлі программалардың міндеттері туралы жалпы түсінігі бар, программалармен жұмыс жасайтын тәжірибесі бар. Және де файлдармен және бумалар мен жұмыс жасайды.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


4 мин






6мин





  1. Ұйымдастыру кезені

Сыныптағы оқушылардың қатысымын тексеру. «Шаттық щеңбер» әдісі бойынша бір-біріне тілек айту. Әрбір оқушы бір-біріне жылылық сыйлау арқылы амандасып психологиялық ахуал тудырады.

Сынып оқушыларымен «Мозайка» әдісін қолданып, сурет қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді.

(Қосымша 1).

  • Қалай ойлайсыздар, құрастырған суреттеріңіз нені білдіреді?

(Оқушылар жауаптар ұсынады, және де кілт сөздерді анықтайды: ақпарат, іздеу, интернет).


Жаңа тақырыпқа уәждеме:Неміс философ-идеалисті және социолог Георг Зиммель: «Білімді адам – өзі білмейтінді қайдан табу керектігін білетін адам» деген екен.

Осы сөздің мәнін қалай түсінеміз? 

2 Мақсатты тұжырымдау

Сұрақтар арқылы оқушыларды тақырыпқа биімдеу. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын тұжырымдау.Талқылау кезеңізде оқушыларды сабақта қарастыратын терминдерді атап өту.









Сабақтың ортасы


3 мин



3 мин























  1. Тақырып бойынша танымдық қызығушылықты қолдау және дамыту.

Миға шабуыл.

Экран бетіне атақты тұлғалардың суретін шығару.

  • Атақты тұлғаларды атаңыз?

  • Осы тұлғалар туралы не білесіз?

Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұптасып атақты тұлғалар туралы білгендерімен бөліседі.

Орыс тілінде ұсынылған«Фиксики- Ғаламтор» мультфилімін оқушыларға ұсыныңыз.Бірлесе отырып он-лайн режимде бейне қарау(үзінді 0:36-4:28)

«Сұрақ-жауап»

- Сіз қажет ақпаратты қайдан табасыз?

- Ол үшін сіз не пайдаланасыз?

- Қандай іздеу онлайн іздеуден өзгеше?

- Интернет дегеніміз не?

- Интернет желісі қандай қызметтер ұсынады?

- Веб-сайт дегеніміз не?

- Веб-парақшадегеніміз не?

- Қандай веб-сайтқа сіз жиі кіресіз?


  1. Жаңа тақырып

  • Компьютер арқылы ақпаратты қалай алуға болады?


Оқушыларға Интернет арқылы ақпарат іздестіру кітаптардан ақпарат іздеуден немен ерекшеленетіндігін түсіндіру.



Оқушылармен бірлесе отырып терминалогия кестесін құру:

Термин

Түсінігі

браузер

Компьютер желісін қолдана отырып ақпаратты іздеу және қарау программасы

веб-сайт

веб-парақша жинағы

веб-парақша

Интернетте ақпарат ұсынылған жеке парақша

Интернет

Дүниежүзілік ақпараттық компьютерлік желі

Ақпаратты іздеу

Ақпаратты іздеуге арналған компьютерлік жүйе



Интернеттен ақпаратты іздеу тәсілдері бейнеролик көрсету

Көрсетілім

Балаларға арналған Гогуль браузерімен таныстыру.

4. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдiсығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

5. Практикалық жұмыс

Оқушылар компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелеріне нұсқама алады.

Оқушылар практикалық тапсырманың шартын талқылауға кіріседі:

1 тапсырма

Тақтада бейнеленген атақты тұлғалар туралы мәлімет қарастыру.

  • Қай жылы туылған?

  • Қай елді мекенде туылған?

2* Тапсырма:

  1. Қазақстан Республикасының әнұран мәтінін тауып көрсетіңіз, оны өз бумаңызға көшіріп алыңыз. 

  2. Герб суретінкөшіріпалыңыз. 

  3. ҚР «Құрмет» орденінің суретін тауып көріңіз.

Дескрипторлар үлгісі:

  1. Іздеу жүйесін қолданады

  2. Атақты тұлғалар туралы ақпаратты іздейді;

  3. Ақпаратты файылға көшіріп алады

  4. Файылды сақтайды

  5. Суреттерді қиып алу, сақтау командаларын қолданады.

  6. Әр түрлі браузерлерге мысал келтіреді.

  • Оқушылар практикалық тапсырманы орындауға кіріседі.

Дескрипторлар арқылы бірін бірі бағалау.

Алдын ала дайындалған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір-бірін бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=kt6Hnr61Gm0

















































https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/internetten-aqparatty-izdeu-tasilderi






Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия

«Әңгіме» тәсілі

  1. Бүгінбіздер… орындадық

  2. Бізге… ұнады

  3. Бізде …өтежақсышықты

  4. Әзіршебізге … қиындықтуғызды


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.

Оқушылардың барлығы:

  • Геометриялық фигура қолданып сурет салады.

Оқушылардың көбісі:

  • Жұмбақтын шешімін табуып суреттін салып бояйды;

Кейбір оқушылар

  • өлеңге иллюстрация жасайдысуретті бояйды.

Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:

- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс).

- теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану;

- практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады.

- өз-өзінің жұмысынбағалаумақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған.

Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.

Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1867
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12