Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпаратты ұсыну және өлшеу, алфавиттік әдіс. Ақпаратты кодтау, Компьютер алфавиттері ASCII UNICOD. Ақпарат қасиеттері, сипаттары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика ұбт толық қамтылған материалдар жиынтығы. Ұбт дайындық . Ақпаратты ұсыну және өлшеу, алфавиттік әдіс. Ақпаратты кодтау, Компьютер алфавиттері ASCII UNICOD. Ақпарат қасиеттері, сипаттары.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Ақпараттың өлшем бірліктері
Компьютердің «миына» жіберілген сигнал бар болса 1, ал жоқ болса 0 цифрымен өрнектеледі.
«нөл» немесе «бір» сигналы бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана
қабылдайды. Компьютердің жадында ақпараттың барлық түрі – сөздер, сандар, суреттер мен
компьютер жұмысын басқару программалары – екілік сан 0 және 1 тізбегі түрінде жазылып,
сақталады.
Бит (ағыл. binary digit) – ақпараттың екілік бірлігі. Ол – ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі.
Символ – әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын сияқты кез келген белгі бола алады.
Хабардың ұзындығы, яғни хабарды жазу үшін пайдаланы- латын символдар саны хабардың
ақпараттық көлемі деп аталады. Хабардың ақпараттық көлемі бит немесе байт ұзындығымен
өлшенеді.
Ақпараттың өлшем бірліктері
Атауы

Дәреже түрінде жазылуы

Шартты белгіленуі

Килобайт

210 (1024 байт)

Кбайт, Кб

Мегабайт

20

2 (1024 Кбайт)

Мбайт, Мб

Гигабайт

230 (1024 Мбайт)

Гбайт, Гб

Терабайт

240 (1024 Гбайт)

Тбайт, Tб

Петабайт

50

Пбайт, Пб

60

2 (1024 Тбайт)

Эксабайт

2 (1024 Пбайт)

Эбайт, Эб

Зеттабайт
Йоттабайт

270 (1024 Эбайт)
280 (1024 Збайт)

Збайт, Зб
Йбайт, Йб

Бод – байланыс арналарының ақпарат тасымалдау жылдамдығының өлшем бірлігі. Ол бір секундта
жөнелтілетін сигналдық элементтер мөлшерімен анықталады. 1 бод = 1 бит /с
Ақпаратты үлкен өлшем бірлігінен кіші өлшем бірлігіне аудару кезінде көбейту, ал кіші өлшем
бірлігінен үлкен өлшем бірлігіне аудару кезінде бөлу орындалады.

Ақпаратты өлшеу. Алфавиттік әдіс
Алфавит – ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, шектелген символдар(әріптер, таңбалар, цифрлар,
жақшалар) жиыны.
Алфавиттің қуаттылығы - алфавиттегі символдардың толық саны.
Ақпараттың жалпы санын есептейтін формуланы Америкалық ғалым Ральф Хартли 1928 жылы
ойлап тапты. Егер алфавиттегі барлық символ бірдей жиілікпен кездеседі (тең ықтималды) деп
жорамалдасақ, онда әр (Х) символдың беретін ақпарат көлемі Хартли теңдеуімен есептеледі.
N = 2i (х)
N – алфавиттің қуаттылығы
Х – символдың ақпараттық салмағы
Егер мәтін барлығы К символдан тұратын болса, ондай алфавиттік тәсіл бойынша мәтіндегі ақпарат
көлемі мына формуламен есептеледі.
I=К•Х
І – ақпарат (саны) көлемі
К – ақпараттағы символ саны (қуаттылығы)
Х шамасы – символдың ақпараттық салмағы
Ақпарат санының шамасын мәтіннің ақпараттық көлемі деп атауға болады. Ақпаратты
тасымалдауға жарамды алфавиттің ең аз қуаты 2-ге тең. Мұндай алфавит екілік алфавит деп
аталады.
Бит – ақпаратты өлшеудің негізгі бірлігі. Байт – қуаттылығы 256-ға тең алфавиттің бір символының
салмағы. Себебі 256 = 28 болғандықтан, 1 байт = 8 бит болады.
Бит – өзара тең ықтималды екі тәжірибенің (оқиғаның) белгісіздігін өлшейтін бірлік.

Ақпараттың қасиеттері(сиптаттары)
Ақпарат – адам үшін қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстар, олардың параметрлері,
қасиеттері мен жағдайы туралы хабар. Жалпы алғанда бұл шектеу, байланыс, бақылау,
форма, нұсқаулық, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну сияқты ұғымдармен тығыз байланысты.
Ақпаратты қабылдаудың түрлері: Көру, Дәм сезу, Сипап сезу, Есту, Иіс сезу.
Ақпараттың қасиеттері түрлеріне Сенімділігі(дәлдігі), Толықтығы, Өзектілігі, Қолжетімдігі,
Құндылығы, Объективтілігі және субъективтілігі, Нақтылығы, Түсініктілігі(анықтылығы) жатады.
Ақпарат сенімділігі- қабылданған ақпараттың нақты жағдайға сәйкестігін анықтайды. Сенімді емес
ақпарат дұрыс түсінбеуге немесе дұрыс емес шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.
Ақпараттың толықтығы – Шешім қабылдау үшін мәліметтердің жеткілікті болуын және солардың
негізінде жаңа деректер құруын сипаттайды. Ақпараттың толық болмауы нәтижесінде көптеген
қателіктерге жол беріледі. Ақпараттың толық болмауы немесе шамадан тыс көп болуы сапалы
ақпарат алуға кедергі келтіреді.
1. Мысалы, толық ақпарат: «Анамның туған күні – 4 маусым»; толық емес ақпарат: «Анамның
туған күні жазда».
2. Мысалы, тарихи ақпараттар ешқашан толық болмайды, ал оның толықтығы тарихи дәуірлерге
байланысты.
Ақпараттың өзектілігі – ақпараттың уақыт ағымына сәйкестігін және дер кезінде алынған ақпарат
дәл (тура) ақпаратты анықтайтын қасиеті. Шындыққа сәйкес, бірақ ескірген және керексіз ақпарат
өзекті емес, яғни қажетсіз ақпаратқа айналады.
1. Мысалы, осы аптадағы телебағдарлама келесі апта үшін ескірген ақпарат болады.
2. Мысалы: «Қазіргі уақытта сіздің есепшотыңызда 1360 теңге бар».
Ақпараттың қолжетімдігі - қажет болған жағдайда ақпаратты алу мүмкіндігі.
1. Мысалы, егер сенде компьютер жоқ болса, онда CD-ге қарағанда кітаптағы ақпарат саған
көбірек қолжетімді.
Ақпараттың құндылығы – адамның көздеген қызметінің алуан түрлі саласында пайдалануға
қойылған мәселені шешіп, мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін жарамдылық қасиеті.
1. Мысалы, «Бүгін жаңбыр жауады, қолшатыр алуды ұмытпаңдар».
2. Мысалы, басқа қаладағы ауа райы туралы ақпарат көп адамдарға қажет емес, бірақ сол қалаға
іс-сапармен баратын адамдар үшін бұл ақпарат құнды болып табылады.
Ақпараттың субъективтілігі - біреудің пікірі мен шешіміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы.
Ақпараттың объективтілігі - адами факторларға қатыссыз ақпарат.
1. Мысалы, объективті ақпарат: Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан;
2. Мысалы, объективті ақпарат: Таңертең мектепке баратын кезде сағатқа қарайсыңдар.
3. Мысалы, субъективті ақпарат: Еуропада қыс суық, себебі еуропаның қыс мезгілі біреулер
үшін суық.
Ақпараттың нақтылығы(дәлдігі) - істің ақиқат жағдайын бейнелейтін ақпарат. Ақпараттың
нақтылығы(дәлдігі) – қасиеті құбылыстың, процестің, объектінің нақты, дәл, қажетті жағдайдағы
нақтылық деңгейіне байланысты сипатталады. Дәлдік – жадының негізгі қасиеті.
1. Мысалы, «2*25 = 50».
2. Мысалы, нақты ақпарат – «Бір тәулікте 24 сағат бар»; нақты емес ақпарат – «Марста тіршілік
бар».
Ақпараттың түсініктілігі(анықтылығы) – Пайдаланушы үшін қолжетімді тілде, нақты жағдайда
көрсетілген ақпарат, анық ақпарат болып табылады.
1. Мысалы, өрт кезіндегі эвакуация туралы ана тіліңде жазылған ақпарат анық ақпарат болып
табылады; түсініксіз ақпарат: пайдаланушыға ақпарат түсінікті тілде жазылған .
2. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлейтін орта үшін қытай тіліндегі ақпарат түсініксіз.
3. Мысалы, 10-сыныпқа арналған физика оқулығындағы ақпарат 8-сынып оқушысына мүлдем
түсініксіз, себебі оқулықта таныс емес ұғымдар мен формулалар бар. Керісінше 8-сыныпқа
арналған оқулық сол сынып оқушыларына түсінікті ақпаратты қамтиды.
Компьютер алдында мөлшерден тыс отыратын адам денсаулығына мынадай зияндар келеді:
• көздің көру қабілетінің төмендеуі;
• саусақ және буын ауруларының пайда болуы;
• жүйкеге салмақ түсуі;
• омыртқалардың қисаюы ;
• шаршағыштық, әлсіздіктің пайда болуы.

Ақпаратты кодтау. Компьютер алфавиттері
Компьютерде мәтін жекелеген символдардан тұрады және бір-бірімен түсінісу және ақпарат алмасу
үшін 7 бит жеткілікті. Пернелерде бізге үйреншікті әріптер, сандар, тыныс белгілері және басқа да
символдар жедел жадыға олар екілік код арқылы түседі. Сондықтан әр символ 8-разрядты екілік код
болып саналады.
Код – ақпаратты ұсыну үшін берілетін таңбалар жиынтығы.
Код - бір белгі тобынан екінші белгі тобына белгілі бір ережемен көшіру ережесі.
Код – бұл алдын ала белгілі бір анықталған тұжырымдарды жазу(немесе беру) үщін шартты
белгілер(сигналдар) жиынтығы.
Кодтау– символдардың машиналық кодқа сәйкестігі, ақпаратты өңдеу, сақтау, тасымалдауға
ыңғайлы болу үшін, сонымен қатар ақпаратты компьютерлік тілден адамға түсінікті тілге аудару
және керісінше.
Декодтау - кодталған ақпаратты екілік кодтан қайта қалпына келтіру.
Ақпаратты кодтау – ақпараттың ұсынылуын қалыптастыратын процес.
Жазбаша кодтау – ақпаратты сурет, таңба, әріп түрінде (қағаз, тастарда , компьютерде) ұсыну.
Кодтау кестесі - символдарды кодтау комбинацияларының жиынтығы.
Кодтау кестесі - компьютерлік алфавиттегі реттік нөміріне сәйкес барлық символдар кестесі.
Символдар – тек әріптер ғана емес, сонымен қатар сандар, белгілер, арнайы рәміздер және сөздер
арасындағы бос орындар.
ASCII кодының стандартты
Алғашқыда ASCII-да кодтау 7 бит болған. кейіннен 8 биттік (1 байт) кодтауға өткізілді. 7 биттік
кодтау 8 биттікке қарағанда өлшемі 2 есе кіші.
Компьютерді ең алғаш ойлап тапқандар ағылшын тілділер болғандықтан, олар мониторға ағылшын
алфавитінің 26 әрпін (үлкен, кіші), 9 тыныс белгісін (. , : !“ ; ? ( ) ), бос орынды, 10 цифрды,
5 арифметикалық өрнекті (+, –, * , /, ^) және арнайы символдарды (№, %, _, #, $, ^, &, >, <, |, \)
шығару керек болды. Барлығы 100-ден астам символды 0-ден 27 (128 орын) екілік сандар жиыны мен
кодтау келісілді. Бұл кодтау кестесіне ASCII (American Standard Codefor Information Interchange)
аты берілді.
Кодтаудың дамуындағы келесі кезең – ANSI кодтаудың пайда болуы. Бұл ASCII-дің кеңейтілген
нұсқасы, бірақ олардың ішінен түрлі қосымша қосымша элементтер жойылып, баспаханалық
символдар қосылған және орыс алфавитінің әріптері енгізілген. Танымал Windows-1251 кодтауы
ANSI кодтауының мысалы болып табылады.
2022 жылы Windows-1251 мен үйлескен KZ-1048 қазақ тілінің ресми кодтау стандарты қабылданды.
Бүгінгі күні орыс әріптеріне арналған 5 түрлі код кестелері (KOI-8, MS-DOS, Windows, Mac, ISO)
бар.
Орысша мәтінді бірінші компьютерден екіншісіне ауыстырғанда, бір жүйелік программадан
екіншісіне ауысқанда көптеген қиындықтар туындағаны себепті орыс әріптеріне ең бірінші
хронологиялық стандарт бойынша КОІ8 кодтау түрі жасалды. Бұл кодтау түрі сонау
70-жылдары компьютердің БЖ ЭЕМ (ЕС ЭВМ) сериясында қолданылды, ал 80-жылдардың
ортасында UNIX операциялық жүйесі қолданысқа енді.
1990 жылдың басында, MS DOS операциялық жүйесінің кезінде, CP866 («CP» «Code Page»,
мағынасы «кодтау беті») кодтау түрі қолданылды.
Apple фирмасының компьютерлері Mac OS операциялық жүйесінің басқаруымен өздерінің жеке
Mac кодтау түрін пайдаланады.
Халықаралық ұйым (International Standards Organization, ISO) орыс тілі үшін ISO 8859-5 деп
аталатын кодтау түрін ұсынды.

ASCII кодтау кестесі екі бөліктен тұрады
Стандартты
Стандартты бөліктегі 0-ден 127-ге
дейінгі кодтар. латын алфавитінің
үлкен және кіші әріптерінен, тыныс
белгілерден, бос орындар мен
компьютер жұмысын басқаратын
арнайы символдардан тұрады.

Баламалы
Баламалы бөліктегі 128-ден
255-ке дейінгі кодтар алфавиттер
(орыс, қазақ) ондық, екілік,
оналтылық санау жүйелерінің
сәйкестендіру кестесі бойынша
код тайды.

Unicode кодының стандартты
Unicode стандартының алғашқы 128 символы US-ASCII сәйкес символдарымен ұқсас келеді.
1991 жылдың қаңтар айында символдық кодтауды стандарттау мәселесі шешіліп, жаңа Unicode деп
аталатын кодтау шығарылды. Ол 16-разрядты кодтау және мұнда әр символға 2 байт алынады.
Әрине одан жадының көлемі 2 есе өседі. Бұл кодтау кестесіне 65536-ға дейін символ сыйды,
бірақ кодтау кестелерінің жаңа нұсқалары пайда болған соң, символдар саны 2 миллиардтан асты
(231 = 2 147 483 684). Unicode кестесіне дүниежүзілік алфавит, сонымен қатар көптеген
математикалық,музыкалық(ноталар), химиялық және ғылым мен техникадағы қолданылып
жатқан символдар енгізілген.
Компьютерлік ойындарды жасауда Юникод көмегін пайдаланған өте қолайлы.
Юникодтың ұсынылу түрлері: UTF-8, UTF-16, UTF-32.
Windows-та мәтінді жазу үшін UTF-16 және кодтау беті қолданылады. Кодтау беттері Windows-тың
ескі нұсқаларымен сәйкестендіру үшін қолданылады.
Ең көп тараған Юникодтың UTF-8, UTF-16 түрлері айнымалы ұзындықтағы кодтау болып табылады.
UTF-8 - Интернет үшін қолданылды және алғашқы 128 символ 1 байтпен кодталады. Операциялық
жүйелер мен веб кеңістікте кеңінен қолданылады.
UTF-16 - Windows үшін қолданылды қолданылды және 2 мен 4 байтпен кодталады.
UTF-32 – 32 битпегі(4 байт) барлық мүмкін болатын символдарды қамтиды.
ASCII және Unicode кодтау кестелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері:
Алфавит

Артықшылықтары

ASCII

Ол компьютер жадында аз орын алады
және оны барлық компьютерлермен
қосымша құрылғылар таниды, оқиды.

Ағылшын тілінен басқа тілдерді кодтай
алмайды. Символдардың саны шектеулі, бар
жоғы 256 ғана болады.

Барлық ұлттық тілдерді кодтайды,
қайталанатын символдарды
болдырмауға қабілетті.

Компьютердің жадында көп орын алады.
Кеңейтілген кестеде 2 миллиардтан астам
символ бар.

Unicode

Кемшіліктері
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
17.02.2024
666
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11