Математика пәні мұғалімі Байгелова
Гульнур Болатқызының ақпараттық коммуникациялық технологияны
қолдану арқылы өткізген сабағына өзіндік талдауы
Қазақстан Республикасы
Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік
бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім
саласында қолдану аясын кеңейту – қазіргі таңдағы үлкен
проблемалардың бірі болып саналады. Ақпараттық коммуникациялық
технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға
және оның мүмкіндіктерін әлемдік ортаға енудегі сабақтастыққа
қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ал оның негізі – мектептегі
АКТ үрдісінде сабақ беру.
5 кластың математика
пәнінен өткізілген сабақ тақырыбы – «Жай бөлшектерге амалдар
қолдану». Бұл сабақ жай бөлшектер тақырыбы бойынша қайталау және
білімдерін жүйелеу сабағы болып табылады. Тақырып жай бөлшектерді
қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын пайдаланып, есептер шығаруда
білімдерінің негізін қалайды. Сабақ заманауи талаптарға сай АКТ
қолдана отырып, Абай атамыздың «Ғылым таппай,
мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиеттерді оқушы бойына дарыта
оқытумен ұштастырылды. Сабақ түрі – білімді жүйелеу және жетілдіру
сабағы. Сабақта төмендегідей мақсаттар шешіледі:
Білімділігі: Жай
бөлшектерге амалдар қолдана отырып есептер шығару арқылы білік
дағдыларын арттыру, жай бөлшектерді қосу, көбейту, бөлу, азайту
арқылы алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау. Дамытушылығы:
Оқушылардың ойлау, шапшаң есептеу, берілген тапсырманы тиянақты
орындау, өз бетінше тапсырмаларды орындату арқылы ізденушілік
қабілетін дамыту; Тәрбиелілігі: Абайдың өлеңін, өсиетін өмірлік
дамуына тәрбиелік ұстаным етіп, адамгершілікке , ұйымшылдыққа
тәрбиелеу. Мақсаттардың айқындылығы, өзара байланыстылығы және
нәтижелілігі оқушылардың оқу белсенділіктерінің жоғары дәрежеде
болғандығынан көрінді, сабаққа қызығушылықтары артты. Сабақтың әр
кезеңі бес асыл қасиетпен айтылып, оған оқушылардың өз ойларын
жеткізу, сонымен байланысты мақалдар сұралып, тәрбиемен
ұштастырылды. Сабақтағы сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс, тест
тапсырмасын орындату, логикалық есеп шешімін табу белгіленген уақыт
бойынша жүргізілді. Оқушылардың жай бөлшектерге амалдар қолдануы
өздігінен тапсырмаларды орындауы, есептерді шығаруы, оны қалай
шығаратын түсіндіруіне айырықша мән берілді. Мен осы сабақта
кезеңдер арқылы оқушыларды еңбекке, өздігінен есептер шығаруға, өз
ойларын айта білуге, логикалық ойлауын, зейінін дамыттым. Өзекті
тақырыбымды негізге ала отырып, оқушыларға тест, оқулықтан есептер
беріліп, алдын-ала өздігінен есептер шығарттым. Сонымен қоса,
қабілетті оқушыларға шығармашылыққа байланысты есеп берсем, ал
үлгерімі төмен оқушыларға жеке үлестірмелі карточкалардағы есептер
бердім. Сабақты бекіту кезеңінде сурет арқылы бейнеленген жай
бөлшектерге есептерді ойлау арқылы ауызша шығарттым. Сабақ
барысында дұрыс жауап берген және дұрыс есеп шығарған оқушыларға
бағалау фигуралары берілген, олардың саны бойынша барлық оқушыны
бағаладым. Өзімнің кәсіптік деңгейім мен оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарын арттыру үшін АКТ мүмкіндіктерін толық пайдаландым.
Алға қойған барлық мақсаттарыма қол жеткіздім.