Ақпарат – ХХІ ғасырдың алтыны. Бірақ сол алтынның тазалығы журналисттің адалдығына тікелей байланысты. Мен үшін журналистика жәй ғана мамандцң емес, ұлт пен шындық арасындағы асыл көпір болу миссиясы. Қоғамдағы әділетсіздіктерге назар аударып, үнсіз дауыстарға тіл бітіру – менің өмірлік бағытым. Бұл миссияның маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде, себебі қоғамдағы барлық өзгерістер мен оқиғалар ақпарат арқылы таралып, қабылданады. Сондықтан журналист болу тек материал жинау немесе сұхбат жүргізу ғана емес, ол әрбір оқиғаның астарына үңіліп, шындықты жариялау.
2021 жылы ауылдан қалаға көшкенде, ақпарат әлемінің екі түрлі бет бейнесіне куә болдым. Бірі – жалған сенсациямен жұртты таңғалдырып жүрген, әлеуметтік желідегі хайп қуған блогерлер болса, екіншісі – күн демей, түн демей халық үшін тер төгіп жүрген, есіму белгісіз шынайы журналисттер. Сол кезде мен өз таңдауымды жасадым. Мен камераға күліп сөйлегенге емес, шындықты ашық айтқанға сендім. Осы оқиға менің бағытымды айқындап берді. Қазір әлеуметтік желілер мен блоктарда ақпараттың сапасы біршама төмендеп кеткен. Оған қоса жаңалықтардың көпшілігі ақпараттың сапасы мен дұрыстығына назар аудармай, тек аудитория жинау мақсатында таралады. Бірақ мен шынайы журналистикада бұл нәрселердің орны жоқ деп білемін.
Қазіргі кезде журналистика апокалипсис дәуірін бастан кешіп жатыр. Ақпарат тасқыны соншалықты көп, жұрт ненің рас, ненің жалған екенін ажырата алмай қалды. Бөлшектеніп кеткен сенім мен жауапкершіліксіз таратылған хабарламалар қоғамның тұтастығына қауіп төндіруде. Бұл жағдай ақпараттың дұрыс жеткізілуінің, оны халыққа түсінікті әрі шынайы етіп ұсынудың маңызды екенін көрсетеді. Міне, дәл осы шақта кәсіби әрі адал журналисттердің рөлі ерекше маңызды болмақ.
Журналист болу тек микрофон ұстап, камераға әдемі сөйлеу ғана емес. Бұл – халықтың мұңын билікке жеткізу, шындыққа жарық түсіру, қоғамға ой салу. Қоғамның ішінде көрінбей көлеңкеде қалған, бірақ маңызды мәселелерді көтері, халықтың көзқарасын білдіру – бұл да журналисттің міндеті. Мен де осы миссияны орындағым келеді. Уолтер Липпманның: «Ақпарат бұд тек құрал емес, ол шындықты жеткізудің құралы.» деген сөзі менің өмірлік ұстанымыма айналды.
Мен шындық үшін қызмет ететін, шынайы журналист болуға бел будым. Тіпті қиындық кедергілер болса да, ақиқатты бұрмалауға жол бермей, халық сенетін сөз иесі болғым келеді. Себебі елдің болашағы – сенімді ақпаратқа тәуелді. Қазіргі журналистердің басты міндеті – осы сенімді ақтау. Ақпараттың қуаты шындықта, және мен шындықты іздеуді тоқтатпайтын боламын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ақпараттық ластану
Ақпараттық ластану
Ақпарат – ХХІ ғасырдың алтыны. Бірақ сол алтынның тазалығы журналисттің адалдығына тікелей байланысты. Мен үшін журналистика жәй ғана мамандцң емес, ұлт пен шындық арасындағы асыл көпір болу миссиясы. Қоғамдағы әділетсіздіктерге назар аударып, үнсіз дауыстарға тіл бітіру – менің өмірлік бағытым. Бұл миссияның маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде, себебі қоғамдағы барлық өзгерістер мен оқиғалар ақпарат арқылы таралып, қабылданады. Сондықтан журналист болу тек материал жинау немесе сұхбат жүргізу ғана емес, ол әрбір оқиғаның астарына үңіліп, шындықты жариялау.
2021 жылы ауылдан қалаға көшкенде, ақпарат әлемінің екі түрлі бет бейнесіне куә болдым. Бірі – жалған сенсациямен жұртты таңғалдырып жүрген, әлеуметтік желідегі хайп қуған блогерлер болса, екіншісі – күн демей, түн демей халық үшін тер төгіп жүрген, есіму белгісіз шынайы журналисттер. Сол кезде мен өз таңдауымды жасадым. Мен камераға күліп сөйлегенге емес, шындықты ашық айтқанға сендім. Осы оқиға менің бағытымды айқындап берді. Қазір әлеуметтік желілер мен блоктарда ақпараттың сапасы біршама төмендеп кеткен. Оған қоса жаңалықтардың көпшілігі ақпараттың сапасы мен дұрыстығына назар аудармай, тек аудитория жинау мақсатында таралады. Бірақ мен шынайы журналистикада бұл нәрселердің орны жоқ деп білемін.
Қазіргі кезде журналистика апокалипсис дәуірін бастан кешіп жатыр. Ақпарат тасқыны соншалықты көп, жұрт ненің рас, ненің жалған екенін ажырата алмай қалды. Бөлшектеніп кеткен сенім мен жауапкершіліксіз таратылған хабарламалар қоғамның тұтастығына қауіп төндіруде. Бұл жағдай ақпараттың дұрыс жеткізілуінің, оны халыққа түсінікті әрі шынайы етіп ұсынудың маңызды екенін көрсетеді. Міне, дәл осы шақта кәсіби әрі адал журналисттердің рөлі ерекше маңызды болмақ.
Журналист болу тек микрофон ұстап, камераға әдемі сөйлеу ғана емес. Бұл – халықтың мұңын билікке жеткізу, шындыққа жарық түсіру, қоғамға ой салу. Қоғамның ішінде көрінбей көлеңкеде қалған, бірақ маңызды мәселелерді көтері, халықтың көзқарасын білдіру – бұл да журналисттің міндеті. Мен де осы миссияны орындағым келеді. Уолтер Липпманның: «Ақпарат бұд тек құрал емес, ол шындықты жеткізудің құралы.» деген сөзі менің өмірлік ұстанымыма айналды.
Мен шындық үшін қызмет ететін, шынайы журналист болуға бел будым. Тіпті қиындық кедергілер болса да, ақиқатты бұрмалауға жол бермей, халық сенетін сөз иесі болғым келеді. Себебі елдің болашағы – сенімді ақпаратқа тәуелді. Қазіргі журналистердің басты міндеті – осы сенімді ақтау. Ақпараттың қуаты шындықта, және мен шындықты іздеуді тоқтатпайтын боламын.
шағым қалдыра аласыз













