2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ


ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әртараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің

«ілгерілеуінің» белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес [1].

Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста. Ақпараттық технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам, тіпті кез - келген жаңа нәрсе мен жаңалық пайда болып үлгермей, әрбір үйге жетіп жатады.

Білім беру мекемелерін компьютерлік техникалармен жабдықтау мәселесі соңына дейін толық шешілген жоқ, күн тәртібінде қазіргі уақытта басқа мәселе тұр - ол компьютерлік техниканы қалай дұрыс пайдалану керек деген мәселе. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған негізгі тұжырымдамасы ақпараттық қоғам құру курсын қолға алды. Оның негізі – ақпарат және білім.

Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез-келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет. Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолдана алуы.

Біріншіден, ғаламторда көптеген материалдарды іздеуге қалыптасқан, онда түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден, компьютер арқылы уақытты үнемдеуге, көрнекілік материалдарды тиімді пайдалануға болады. Соның ішінде бейнефильмдер оқушылардың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бұл жөнінде Я.А.Коменский былай деген: «Алтын ереже - бала сезім әсерлерін туғызып білдіргені жөн: көруге болатын нәрсені көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп көрсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты - жұмсақтығын байқасын. Кейбір нәрселерді түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы». Сондай-ақ бейне сабақтар оқушылардың іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын дамытуда бейнефильмдердің пайдасы зор [2].

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.

Бірақ ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның интеллектуалдық (зерделік) потенциалы болуын керек етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге көтереді.

Оқыту үрдісіндегі оқушының белсенділігі дидактиканың негізгі талаптарының біріне саналады. Оқушылардың мұндай белсенділігі мақсатты бағытталған басқарушылық педагогикалық іс - әрекеттердің және сабақтарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың тікелей салдарынан келіп туындайды. Оқушы оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсінеді және алған білімі неғұрлым ұзақ уақыт жадында қалады.

Оқушы, мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек: Оқушы АҚТ Мұғалім

Shape1
Shape2
Shape3
Shape4


Білім қорын жинаушы Ұйымдастырушы Өз бетімен әрекеттенуші Саралаушы

Кеңесші Өңдеуші

Ақпаратты - қатынастық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу. Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді:

  • Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;

  • Оқуға деген қызығушылығын арттырады;

  • Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады;

  • Ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі;

  • Уақытты үнемдейді;

  • Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді;

  • Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.

«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ... Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады» - деген ойдың авторы орыс жазушысы Л. Н. Толстой [3]. Шынымен де бүгінгі мұғалім өз ісінің шебері деп танылуы үшін жан - жақты ізденуі, жаңалыққа ұмтылуы қажет. Мен де өз сабағымда үздіксіз ізденіс нәтижесінде АКТ қолданудың тиімділігін көре білдім. Информатика сабағында АКТ пайдаланудың тиімділігі: оқушы өз бетімен жұмыс жасайды, аз уақытта көп білім алып уақытты үнемдейді. Білім, білік, дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді. Оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығы артады. Қашықтан білім алу, қажетті ақпаратты жылдам, жедел түрде алу мүмкіндігі болады.

Мысалы, атап айтатын болсақ: сабақ барысында «Paint графиктік редакторы» тақырыбында оқушылар үлгі бойынша сурет сала отырып, өз ойларымен, өз шығармашылығымен суреттер салуға тырысады. Сурет салуға деген қызығушылықтары артып «CorelDraw, Photoshop» графикалық редакторларымен жұмыс жасауды үйренеді [4].

Осыларды үйрену барысында оқушыларымыздың ақпараттық технологияға деген қызығушылықтары артып, әртүрлі графикалық редакторлармен жұмыс істей бастайды. Көптеген программалармен жұмыс жасап, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Интернетпен жұмыс жасап, керекті материалдарын тез арада тауып, уақыттарын үнемдей алады.

Сабақ беру үрдісіндегі менің негізгі ұстанымдарым:

  • Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануды қалыптастыру;

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  • Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

«Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», - дейді француз философы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр-сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог-педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай тұлға ретінде қалыптасуы заман талабы [5].

«Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз» қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

Қорыта айтқанда, барлық пәндерде электрондық ресурстар оқушылардың сабаққа деген ынталарын, назарларын, қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейлерін жоғарылатады. Ал бүгінгі күні жаңа ғасырдың жастарына жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты борышы деп ойлаймын. Ендеше жаңа ғасырымыз бізге ақпараттық технологияларды меңгерудегі ІТ - технологияның алтын ғасырына айналуы керек.


Әдебиеттер:

  1. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері. Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанов.

/Оқулық/ – Алматы, 2014. 352 бет.

  1. Информатика и ИКТ. Я.А. Коменский, Цветкова.М.С., Астафьева Н.Е., Гаврилова С.А., Москва, Академия, 2013.

  2. Л.Н.Толстой. Избранные произведения. М. : Современник, 1991.

525 с.

  1. Новая информационная технология. Балапанов Е.Қ., Барибаев Б.Б., — Алматы, 2003 ж.

  2. Б. Бөрібаев. Информатика және компьютер. Алматы, Білім, 1995 ж.



25 Ақпан 2025
87
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі