"Аққала" Балауса

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Аққала" Балауса

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақ қаланы туралы білімдерін кеңейтіп, балалардың шығаршамашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сандуғаш" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.







«Аққала»

(Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті)




















Тобы: «Балауса» ортаңғы

Тәрбиеші: Сүгірбаева Нұргүл

Өткізген уақыты: 10.01.2025ж



.



2025 жыл

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру және қазақ тілі, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру.

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіте отырып, сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту және тақпақты жатқа айтуға үйрету. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ақ қаланы туралы білімдерін кеңейтіп, балалардың шығаршамашылық қабілеттерін дамыту. Аққаланы құрастыруға, жапсыруға, оны ұжыммен бірге, ұқыпты, әрі таза жұмыстануға жасауға үйрету. Ересектер дайындаған үлкен-кішілі дөңгелектерден аққала бейнесін мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру және ұқыптылыққа баулу. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдер: Көрнекілік, әңгімелеу, түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті, слайд көрсету, тіл ұстарту жаттығуы.

Қажетті көрнекі құралдар: Аққалаа суреттері, слайд, әртүрлі материалдардан жасалған аққала. Шығармашылық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.

Барысы: Ұйымдастыру.

«Шаттық шеңбері» Балалар, қыс мезгілінде күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға таратып, жылулық шеңберін құрып, - бір-бірімізбен амандасайық. Балалар көңіл-күйлерің қандай? Ендеше бастайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Сәлемдесіп алайық.

Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде далада не жауды?

-Қардың түсі қандай?

-Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?

Жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Зерттеу жұмысы. Балалар қыс мезгілінде қар жауады. Мына қарды қолымызға ұстап көрейікші. Қолымызға ұстасақ қар салқын, суық. Қар жылы, ыстық кезде еріп суға айналады. Кәне байқап көрейік. Қолға ұстап тұрсақ еріп кетеді. Стақандағы суға салсақ ери бастайды. Жылы жерде еріп, суға айналады.



Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)


Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны. (Аққала)



Слайдқа назар аударайық.

Слайд, суреттер арқылы түсіндіру.

Тіл ұстарту:


Ла-ла-ла, далада тұр аққала.

Қа-қа-қа, қар жауып тұр далада.



-Қыс мезгілінде ауа-райы салқын, суық болады, боран соғады. Қар жауып, жер беті айнала аппақ болып жатады. Қар лақтырып ойнап, аққала жасаймыз, шана, шаңғымен ойнаймыз. Аққала - қыс мезгілі кезінде қардан жасалады.. Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды.


Тосын сәт: (Боран үні естіліп Аққала шығады)

-Балалар бірдеңенің дыбысы естілетін сияқты, бұл не болды екен а?

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Балалар амандасады.

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе Аққала неге көңіл-күйің жоқ.

Аққала: Ой мен достарымды таппай жүрмін, ішім пысты. Осы жерде сендердің дыбыстарыңды естіп, мүмкін достарым осында шығар деп ойлап едім,

Тәрбиеші: Аққала көңіл күйіңді түсірме, біз сізге көмек тесеміз.

(Балалар мен тәрбиеші жауаптары)


Тәрбиеші: Жаңа біліп алдық қардан аққала жасайды, ал біз балалар үстел-үстіндегі тапсырмалар арқылы көңілсіз аққалаға кішкентай достарын жасап берейік.

Ұжымдық шығармашылық жұмыс:

Балаларға арналған үстел-үсті тапсырималар болады:

  1. Аққала суретін губкамен бастырып салады.

  2. Аққала суретін желім жағып мақта жабыстырады.

  3. Аққала қиындыларын құрастырады.

  4. Аққала бейнесін мүсіндейді.


Балалар берілген тапсырмаларды орындайды:

Аққала: Балалар сендерге көп рахмет, менің көңіл-күйімді көтердіңдер. Даладағы достарымды тағы бір рет іздеп көрейін, сендердің салған суреттеріңді айтып мақтанайын. Жақсы сау болыңдар балалар!


Сергіту сәті орындалады.

Боран соғады оң жақтан,

Боран соғады сол жақтан.

Қар лақтырып ойнайық ,

Су өтеді қолғаптан.


Тәрбиеші: Балалар бүгінгі жасаған жұмыстарың ұнады ма?

Балалар: ия ұнады, қызықты болды, аққаланы жасадық,

Осымен ұйымдастырылған іс-әрекетіміз аяқталды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қыс мезгілі туралы, аққала туралы білді.

Қандай түсініктерді игерді: аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: аққала жапсырудың ережесін білді.




Сугирбаева Нургуль Енсеповна

Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сандуғаш" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында тәрбиеші.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі