400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Аққулар ұйықтағанда (ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ-дағы әдістерді алу үшін ватсапқа жаз. 87072835793
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу-ағарту министрлігі   

№133 жалпы орта білім беретін мектебі                                                   Тексерілді ______________

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясы

Бөлім: 

3-бөлім. Махаббат және абырой

Педагогтің аты-жөні:

Шонаева Гүлжан

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.Т/Ж2 -әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

8.Т/Ж4 -көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану;

Сабақтың мақсаты:

1. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

2. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

10 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.


Топқа бөлу

Топ басшысын сайлау

Бүгіінгі сабақтың идеясына байланысты қима қағаздарды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ «Обал»

2-топ «Сауап»

3-топ «Парыз»

Үй тапсырмасын сұрау.

« WordWall » әдісі арқылы жасалады.

1. М.Мақатаев кімнің қолында тәрбие алады?


2. М.Мақатаевтың прозалық кітаптарын ата.


3. «Аққулар ұйықтағанда» шығармасы қандай тақырыпта жазылған шығарма? Т.б.

Шеңбер бойымен тұрған оқушылар: бір-бірін тыңдаймыз десе 1 рет, ұйымшыл боламыз десе 2 рет, белсенділік танытамыз десе 3 рет қол шапалақтайды.



Оқушылар «Обал», «сауап», «Парыз» тақырыпқа тән қима қағаздарын таңдау арқылы топқа бөлінеді.





Оқушылар берілген сұрақтарға толық жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау:


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық,

жұмыс дәптерлері, Үлестірмелі қағаздар, ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



«WordWall» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

1. Поэмада көтерілген мәселе не?

2. Ананы аққуды атуға итермелеген қандай күш?

3. Поэма сендер ойлағандай аяқталды ма?

4. Аққу туралы қандай өнер туындыларын білесіңдер?

5. Тәуіп деген кім?

6. Тәуіптің айтқан емі қазіргі медицинаға жата ма?

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

8-сынып оқулығы,

жұмыс дәптері. ДК экраны

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

28 мин.

Мұғалім оқушыларға жаңа сабақпен және сабақтың мақсатымен таныстырады.

№1-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. «Обал» тобына семантикалық карта ұсынылады.

Бұл тапсырмада кейіпкерлердің сөзін табады.

Кейіпкерлер сөзі

Ана

Әке

Жылқышы

Тәуіп шал

-Мана күндіз тәуіп шал не деп кетті





Аққумен баланы аластаңдар





-Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!





Жалғызыңнан артық па, жалған бәрі!





-Ей, кімсіз? Тірісіз бе? Жаныңыз бар ма?






2-топ. «Сауап» тобына шығармадан аққудың әсемдігін суреттейтін қатарды тауып жазып, ондағы әдебиет теориясына тән троптарды табыңдар.

3-топ. «Парыз» тобына композициялық талдау беріледі.

Бұл талдауда аталған топ мүшелері

  • Оқиғаның басталуы:

  • Оқиғаның дамуы:

  • Оқиғаның шиеленісуі:

  • Оқиғаның шарықтау шегі:

  • Оқиғаның шешімі бойынша талдау жасаңдар.


Оқушылар тыңдайды.




«Обал» тобы өздеріне ұсынылған тапсырманы орындайды. Яғни, семантикалық картада берілген кейіпкерлер сөзінің авторын анықтайды.







«Сауап» тобы шығармадан аққудың әсемдігін суреттейтін қатарды тауып жазады, ондағы әдебиет теориясына тән троптарды табады.


«Парыз» тобы шығармаға компазициялық талдау жасайды.






Дескриптор:             

Жалпы - 3 балл.

-Семантикалық картада берілген кейіпкерлердің сөзін анықтайды.

- шығармадан аққудың әсемдігін суреттейтін қатарды тауып жазады, ондағы әдебиет теориясына тән троптарды табады.

- шығармаға компазициялық талдау жасайды.



8-сынып оқулығы,

жұмыс дәптері. ДК экраны


2-тапсырма. Жұптық жұмыс

«Бургер» әдісі арқылы Мұқағали Мақатаевтың бұл шығармасы неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталған? Және де, шығармадан нақты үзінділерді келтіре отырып, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашыңдар.

Әр жұп «Бургер» әдісі арқылы Мұқағали Мақатаевтың бұл шығармасы неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталғандығын таауып жазады. Және де, шығармадан нақты үзінділерді келтіре отырып, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.


Дескриптор:

Жалпы - 3 балл.

- Мұқағали Мақатаевтың бұл шығармасы неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталғандығын тауып жазады.

- шығармадан нақты үзінділер келтіреді.

- әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері, үлестірмелі бургерлер

3-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Төрт сөйлем» әдісі

• 1. Пікір. «Аққулар ұйықтағанда» повесінен өзіне ұнаған 4 қанатты сөзді теріп жазу.

• 2. Дәлел. Алған 4 қанатты сөзін өз сөзімен түсіндіреді, дәйектейді, негіздейді

• 3. Мысал. Келтірілген қанатты сөзді өмірмен байланыстырады.

• 4. Қортынды. Өзі таңдаған нақыл сөздерінен өзінде қандай тәлім алғанын қортындылайды.



Оқушылар жеке жұмыста «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жеке өз дәптерлеріне бірінші пікір-«Аққулар ұйықтағанда» повесінен өзіне ұнаған 4 қанатты сөзді теріп жазады. Екінші дәлел- алған 4 қанатты сөзін өз сөзімен түсіндіреді, дәйектейді, негіздейді. Үшінші мысал- келтірілген қанатты сөзді өмірмен байланыстырады. Төртінші қортынды-өзі таңдаған нақыл сөздерінен өзінде қандай тәлім алғанын қортындылайды.

Дескритор:

Жалпы – 4 балл.

-«Аққулар ұйықтағанда» повесінен өзіне ұнаған 4 қанатты сөзді теріп жазады.

- алған 4 қанатты сөзін өз сөзімен түсіндіреді, дәйектейді, негіздейді.

- келтірілген қанатты сөзді өмірмен байланыстырады.

- өзі таңдаған нақыл сөздерінен өзінде қандай тәлім алғанын қортындылайды.


8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Нысана» әдісі арқылы үш топқа сұрақтар қою арқылы бүгінгі тақырыпты бекітемін.

«Сары, қызыл, жасыл» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Үй тапсырмасы:

«Аққу киелі құс» тақырыбында әдеби эссе жазу.


Жеке жұмыс:

Бәрі түсінікті

Сұрағым бар

Қыйналдым


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? 

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

«Құм сағат» әдісі арқылы бағалаймын.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын 

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.



Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі