АҚША ПСИХОЛОГИЯСЫ – БАЙ БОЛУ ҮШІН ӨН БОЙЫҢДА НЕНІ
ӨЗГЕРТУ ҚАЖЕТ
Ақша психологиясы байлықтың маңызды
аспектісі, өйткені ақша – бұл энергия, оның келуін үнемі сезініп,
оң көзқараспен қарау өте маңызды. Қалай ақша табу керектігін түсіну
үшін алдымен адамдар неге оларды жоғалтады деген сауалға жауап
іздейік. Оған бірнеше себеп бар.
-
Ақшаны жақсы көру
керек
Адамдар ақшаны көп жақсы көре бермейді. Ақшаны
ұнату және ақшаның жағымды психологиясы неде екенін сіз айта аласыз
ба? Сәл ойланыңызшы... Буреулер : «Мен оларды жұмсағанды жақсы
көремін» деуі мүмкін. Онда балаға деген махаббаттың мәні неде? «Сіз
онымен серуендегенді ұнатуыңызда ма?» Әрине, жоқ! Балаға деген
махаббат оларға қамқорлықтан көрінеді – ақша туралы да соны айтуға
болады – ақшаны сүю ол да қамқорлықпен тікелей байланысты. Мәселен,
екі әр түрлі адам өздеріне әмиян сатып алуға барды делік. Біріншісі
оған жаңа әмиян керектігін ойлап барады, ал екіншісі оның ақшасына
ыңғайлы болу үшін әмиян алуды ойлап баруы мүмкін. Ал енді, егер сіз
ақша болсаңыз, қай әмиянға түскіңіз келер еді? Әрине, екіншісіне!
Ақшаны жақсы көре білу керек! Бұл ақша психологиясы.
Махаббат әлемдегі ең мықты тартылыс күші қабілетіне ие. Бірақ!
Ақшаны тым жақсы көріп кетуіңізге де болмайды – шегі болуы итіс.
Ақша өміріміздегі мыңдаған мәселелердің шешімін тауып береді, міне,
сол үшін де жақсы көруіміз керек. Дәл осы махаббаттан оң ақша
психологиясы қалыптасады.
-
Ақша
туралы теріс және жайсыз ойлар
«Менде ақша жоқ» сөзіне ерекше мән беріңіз, көп
айтпауға тырысыңыз, өйткені ол сөз сізде шынымен ақшаның болмауына
себепші болуы мүмкін. Мұндай теріс ойдың орнына: ақша маған келе
жатыр, ақша есігімді қағып тұр деген тіркестерді пайдаланған
орынды.
Ақша психологиясы «жаңа адамның әрдайым жолы
болғыш» сөзімен астасып жатыр. Бала аналогиясына қатысты мысалды
алып көрейік. Кішкентай сәби бірдеңені үйренер кезде бірінші рет
қадам басқанда ата-анасы мақтап, қуанып: «Сен жарайсың, міне, саған
кәмпит», «Сен дұрыс жолдасың!» деген сөздерімен қолдайды. Табиғат
да бізге дәл осындай мүмкіндіктер береді: алғашқы қадам жасасақ,
нәтижесі ретінде ерекше сый бұйырады, мұның бәрі де адамның
өмірінде алға деген ұмытылысын, талпынысын
күшейтеді.
Ақша туралы ойыңызды жақсы ойға
ауыстырыңыз:
Мен ақшаны жақсы көремін, сондықтан олар менің
өміріме тез енеді
Мен жеңіл ақша тауып, жеңіл
жұмсаймын
Мен әрдайым қанша ақша керек, соны еңбектеніп
таба аламын, т.с.с.
-
Ашкөздік және адамдарда кездесетін
үнемділік
Ақшаны төлегенде қанша қажет болса, сонша ерекше
ықыласпен төлеу қажет. Бұл қандай да бір қызметтің төлемі, болмаса
дүкендегі сауда, жаңа затты сатып алу болуы мүмкін. Сізге жайлы
ақша психологиясы керек!
-
Өзіңнен аяу
Өзіңіз жоспарлаған дүниені сатып алыңыз, болмаса
өмір бұл қаржыны өзге шығындар арқылы алуы мүмкін (мысалы досыңыз
қарызға ақша алып, қайтармауы мүмкін, болмаса әмияныңыз жоғалуы
мүмкін дегендей). Өзіңізге ақшаны жұмсап үйреніңіз, сол кезде ерте
ме кеш пе ақша психологиясы сіздің философияңыз болып шыға
келеді.
Ақшаны жағымды есімдермен атаңыз,
мысалы:
Қартайған шаққа емес,
саяхаттауға
Жоқшылық күнге емес, өмірдің
сыйларына
Ауруды емдеу үшін емес, денсаулықты түзету үшін,
т.с.с.
-
Мақсаттың анық
еместігі
Сізге қанша қажет және оны қайда жұмсайсыз? Нені
сатып алу қажеттілігі және қанша соманы жинайтындығыңыз, міне
осылардың барлығын қосып қанша ақша табу керектігін шығарсаңыз, ол
сіздің мақсатыңызды белгілегеніңіз болып табылады. Егер нақты
мақсатыңыз болса, ақшаны табу да оңайға түсері
анық.
-
Қоршаған орта жағдайларына
немқұрайлылық
Сіз еңбектенсеңіз де ақша сізге келмей жатса,
айналаңызға көз жүгіртіп қарағаныңыз орынды, өйткені алыстан іздеп
жүргеніңізді жақыннан ақша үнемдеп сатып алуыңыз әбден
мүмкін.
-
Қарызды дұрыс
беріңіз
Егер сіз ақшаны қарызға берсеңіз, ол ақша сізге
қажет емес болғаны (ақшаның классикалық психологиясы). Егер ақшаны
қарызға берсеңіз, міндетті түрде кепілдікке қандай да бір зат алып
қалыңыз (ломбард жағдайы секілді). Кепіл затты адам жаман болған
соң алмайсыз, өмірде түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін, сол себепті
аласыз. Мәселен, сізден қарыз алған адамды түрмеге қамауы және ол
сізге мүлде ақшаны қайтара алмай қалуы мүмкін.
Егер досыңыздан айрылғыңыз келсе – оған
қарызға ақша беріңіз. Досқа да қомақты соманы қарызға беруге
болмайды, тек қана сіз үшін маңызды емес сомамен бөліскен орынды.
Егер адам сізден алған ақшаны қайтармаса – ол сізді енді қарызды
қалай беру керектігін үйреткендей болады. Болашақта ондай
қателіктерді қайталамауға тырысыңыз. Ақша психологиясы қателіктерді
кешірмейді.
-
Өз
ақшаңызды санай біліңіз
«Жоқшылық» сөзі ақшаны санай білмеуден шығады. Өз
қаржылық легіңізді басқарудың бірден-бір жолы – оларды санау.
Банктерде ақшаны үнемі снаайды, сондықтан олар ол жерден
жоғалмайды.
-
Кедейлік стратегиясы. Байлық
стратегиясы
Кедей адам үнемдеуге тырысады. Бай адам алдымен
тапқандарын жинайды және артылғанын ғана жұмсайды. Ақшаны қалтаға
дұрыс бөліп сала білу керек: кәсіпкерлік үшін, киімге, тамаққа, 60
жастан кейінгі саяхатқа, денсаулықты тексеруге, балалардың
болашағына, армандарды жүзеге асыруға, т.б.
Өзгенің қалтасын қақпау сынды маңызды ережені
ұмытпау керек! Қалтаның бірінде ақша таусыла бастаған кезде, табыс
табу себебі пайда бола бастауы тиіс. Өзгенің қалтасынан алмаймыз.
Өмір біздің бақытты, толыққанды, жақсылықта өмір сүруге
жаралғанымызды біледі, сондықтан бізді аш қалдырмасы анық: қалтаңыз
ортайды ма, көшеге шығыңыз, жұмыс істеңіз. Осылайша әр түбі көріне
бастаған қалта – жаңа табыс табу мүмкіншілігі болуы тиіс! Байлық –
бір ай бойы біз жұмсайтын бар ақшаға жақсы көзқараспен қарау. Міне,
осыда ақшаның бар психологиясы көрініс тапқан.
Қаржылық тәуелсіздік дегеніміз не? Бұл жұмыс жасамай-ақ жұмсағаннан
алатын ақшамыздың көп болуы. Жағымды ақша психологиясы осындай
мақсатқа жетуге жол ашады. Бәлкім, бұған талпынып көру керек
шығар!