Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақша қаражаттарының есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Теориялық білімді бекіту және кассалық операциялардың, есеп айырысу шоты бойынша операциялардың бастапқы құжаттарын ресімдеу; кассирдің есептерін бухгалтерлік өңдеу, есеп айырысу шотынан банк үзінділерін ресімдеу; есеп тіркелімдерін жүргізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың әдістемелік өңдемесі


МАЗМҰНЫ


Пән: Қаржылық есеп

Тақырыбы: Ақша қаражаттарының есебі

Тақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың білім деңгейін арттыру.

Жұмыстың мақсаты: Қаржылық көрсеткіштермен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған маман тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты: Теориялық білімді бекіту және кассалық операциялардың, есеп айырысу шоты бойынша операциялардың бастапқы құжаттарын ресімдеу; кассирдің есептерін бухгалтерлік өңдеу, есеп айырысу шотынан банк үзінділерін ресімдеу; есеп тіркелімдерін жүргізу.

Сабақ жоспары:

    1. Сабаққа дейін:

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

2.1.1.Сабақ мақсаттары.

Дамытушылық: іскерлікті дамыту, дұрыс жалпылау, талдау және қорытынды жасау.

Тәрбиелік: тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, ұжымда жұмыс істей білу, орындаушылық, ұқыптылық, адалдық.

Күтілетін нәтиже: Білім алушылар сабақ соңында кіріс және шығыс ордерін толтыру, ақша қаражаттар бойынша есептер шығару арқылы жетік толық меңгереді

Сабақ кезеңдеріне қойылатын міндеттер:

Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.

2.1.2.Сабақ түрі және әдісі. Жаңа материал оқу

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Дамыта оқыту, тірек-сызбалар, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: түсіндіре-баяндау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері; блум таксономиясы, кейс стади және TBL (teambasedlearning–кіші топтарда оқыту) әдісі

      1. Алғышарттары-білім, ептілік және дағдылар.

Тапсырмалар орындау барысында үйренушілерге қажетті білім:

Пән: экономикалық теория негіздері

Тақырыбы: ақшаның пайда болуы және мәні

Пән: Бухгалтерлік есеп негіздері,

Тақырыбы : Бухгалтерлік құжаттар және құжат айналымын ұйымдастыру

      1. Пәнаралық байланыс. Бухгалтерлік есеп негіздері, ұйым экономикасы, экономикалық талдау

Тапсырмалар орындау барысында үйренушілерге қажетті ептілік:

  • Кәсіптік міндеттерді қою және шешу үшін,кәсіптік және тұлғалық дамуы үшін қажетті ақпараттарды іздейді,талдайды және бағалайды;

  • Кәсіптік қызметті жетілдіру үшін ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдаланады;

Тапсырмалар орындау барысында үйренушілерге қажетті дағдылар

  • Іздену, талдау және ақпараттарды бағалау арқылы мамандыққа қажет есептерді шешуге тұлғалық дамуға;

  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға

  • Талдамалық жұмыстарға;

  • Ұжымның қаржылық қызметінің қорытындысы туралы бекітілген есептеу-есеп беру құжаттарын жүргізуге;

  • ұжымның шаруашылық қызметінің нәтижесін талдауға




      1. Сабақ қорытындысының талдамасы және бағасы.

Жаңа сабақтың құрылысы

Қорытынды

Топқа мінездеме беру

Өте жақсы деңгейде

Сабақтың тақырыбын көрсету, оның басқа тақырыптардың және сабақтардың жалпы жүйесіндегі орныны сипаттау

Тақырыбы көрсетілді, сипатталды

Берілген топ үшін оқытылатын тақырыптың күрделілігінің және қиындық дәрежесін айқындау

Тақырып аса күрделі еместігі айтылды

.

Сабақтың үш мақсатын, сабақ жүргізу барысында алынған нәтижесімен сәйкестендіріп сипаттау (аргументтерді келтіру)

Мақсаты айтылды, талқыланда

Сабақтың типі және оның дидактикалық мақсатымен сәйкестігің жөнінде өз пікірін айту

Жаңа тақырып екендігі айтылды, талқыланды.




      1. Қажетті материалдар – оқушыларға арналған әдебиет, ОТҚ, сабақты дидактикалық қамтамасыз ету.

А) оқу-көрнекілік құралдар: Инновациялық оқу құралы К.Ш. Дүйсембаев “Қаржы есептілігін талдау» /46-73бет, иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, үлгілер

Б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қима қағаздар, қосымша оқулықтар

В) ТОҚ - интерактивті тақта, дербес компьютер, электронды оқулық, магниттік тақта,










      1. Сабақтың негізгі кезеңдері және олардың уақыт бойынша ұзақтығы.

Сабақтың кезеңі

t

мин

Тапсырма түрі

Қатысушы

/қабылдаушы/

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі Мақсаты: Бүгінгі сабаққа білім алушылардың қызығушылығын ояту

5 мин

Оқытушы амандасуы

Жоқ білім

алушыларды

 түгендеу

Оқу-құралдарын түгендеу


Оқытушының кіріспе сөзі

Аудитория сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, оқытушы мен білім алушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды. Сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығына назар аудару.

Сабақтың жаңа тақырыбын мақсатын қою..

1) Білім;

2) Түсіну;

3)  Қолдану;

4)  Талдау;

5)Синтез (жүйелеу, жинақтау);

6)  Бағалау.


Журнал толтыру

Тақтаға жазу,

түсінік беру.

Оқытушының түсіндіруі, әңгімелеуі,

жазуы, көрсетуі .

Сабақ тақырыбы

мақсаттың қойылу

Мақсаттар: Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

«Ой қозғау» (нені білеміз?)

15 мин

  • Қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу.

  • Қолданылған терминдерді біледі

  • Нақты фактілерді біледі;

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

Бухгалтерлік есеп, баланс, баланстың екі жақты жазуы және баптары, қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу бойынша мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Білім алушы:

  • Қолданылған терминдерді біледі

  • Нақты фактілерді біледі;

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

  • Ережелерді, қағидаларды біледі

III. Жаңа білім беру

Мақсаттар:

Жаңа тақырыпқа байланысты түсіндірме жүргізу;


Негізгі ұғымдардың мағынасын ашу, анықтама

30 минут

Баланс активтері мен пассивтерінің өтімділігін талдау

Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;


Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

Сабақтың тақырыбымен танысады. Үй тапсырмасына қайталау жасайды, тірек білімдері актуалданады

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру





Тақырыпты бекіту және игерілгендігін тексеру

10 минут

Интерпретация –оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру қысқаша баяндау;

Оқытушының жаңа тақырыпқа байланысты түсіндірмесі

-Негізгі ұғымдар.

-анықтамаларды салыстыру

- Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті әдебиеттер мен ақпараттар тізімін ұсыну

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Баланстағы актив құрамы мен құрылымын динамикасын талдау қажеттілігі мен мазмұны, тиімді орналастыру жолдары

арқылы сабақ түсіндіру. Лекция жазу. Бейнесабақ көру. Кітаппен жұмыс жасау


- Білім алушы:

Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

Сөзбен келтірілген материалды, схемалармен, графиктермен, диаграммаларды түрлендіреді;

Сөзбен келтірілген материалды экономикалық қаржылық ұғымдарға өзгертеді;

Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Сабақтың қорытындысы:

Білімді қорытындылау:

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама


10

минут

Тапсырмалар түрі:

Өз шешіміңізді табыңыз, талдау жасаңыз баламасын табыңыз, динамикасын талдаңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

Мысалдар:

1Компьютерлiк бағдарламада баланс құрамын жазу.

2Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру

Оқушыларға топтық тапсырма;

Тақырыптар бойынша №1-10 жеделдетпе сұрақтарға жауап береді;

Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз

Оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

- баланс активтер құрамы мен құрылымы тақырыбы туралы білгенін айту.

Білім алушы:

  • бейнесабақтан (эссе) жазады;

  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін теориялық білімдерін қолданады.


VI. Қорытынды

(5 мин)Ой қорыту (нені білдік?)

5

минут

Рефлексия, қорытындылау

Бүгінгі сабақ үшін сіздің пікіріңіз?

Сабақта сіз үшін түсініксіз жағдай?

Сабақта орындалған тапсырмалар түрлері туралы не айтасыз?

-Негізгі ұғымдарға қайталау жасау

Баланс баптарын білу.


-Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады.

Бағалау:

Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

3

минут

Сабаққа келу+сабақ дайындық+конспект+

жаңа сабаққа қатысу деңгейі


-баланс құрамы мен құрылымына байланысты жұмыс жасау.

Білім алушы өз пікірлерін айту

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру.


Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды

Үй тапсырмасы міндетті бағыт бойынша:

тереңде

тілген бағыт

2

минут

Дәрісті оқып келу, толықтыру, ақпаратты талдау

    • Үйге берілген тапсырманы жазып алады

    • Түсінбеген сұрақтарына жауап алады


-баланс құрамы мен құрылымы, динамикасы туралы мағұлмат алады, ұсынылған мәліметті ізденіс жұмыс арқылы білімдерін толықтырады.


      1. Оқыту үшін топтастыру: Жалпы топпен және шағын топпен жұмыс

      2. Болжалды нәтижені суреттеу.

Кәсібі:

КҚ 6.Қаржылық қызмет бойынша сметалардың, оперативті және бухгалтерлік есептердің орындалуын талдайды;

КҚ 8.Ұйымның қаржылық қызметінің нәтижелері туралы бекітілген есептеу-есеп беру құжаттарын жүргізеді

АҚ4. Баланс активтерінің құрамымен құрылымын талдайды, баланс активтерінің құралу көздерін анықтайды. Баланс ликвидттігін анықтайды, ұйымның қаражат қайтарымдылығын анықтайды, несие қайтарылымдығын анықтайды, қаржылық есеп мәліметтерін қолдана отырып талдау жүргізеді, ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалайды


    1. Сабақ кезінде сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқытушы амандасуы

  • Жоқ білім алушыларды  түгендеу

  • Оқу-құралдарын түгендеу

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығына назар аудару.

      1. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

.Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

1) Білім;

2) Түсіну;

3)  Қолдану;

4)  Талдау;

5)  Синтез (жүйелеу, жинақтау);

6)  Бағалау.

Блум таксономиясы және кейс технология бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар

 І. Білу: Бухгалтерлік есеп, баланс, баланстың екі жақты жазуы және баптары, қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу бойынша мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Білім алушы:

  • Қолданылған терминдерді біледі

  • Нақты фактілерді біледі;

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

  • Ережелерді, қағидаларды біледі.

Тапсырмалар түрі:

Не? Қашан? Қандай? Қайда? атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

Мысалдар:

  • бухгалтерлік баланс

  • баланс бөлімдері?

  • актив және пассив?

  • қаржылық тұрақтылық көрсеткіші?

ІІ. Түсіну. (Слайдпен жұмыс) Бухгалтерлік баланс өзара байланысты. Логикалық және сандық қатынастар және тараулар мен жеке баптардың арасында бар.

  1. (І+ІІ)=(ІІІ+ІV+V)

  2. І >ІІІ

  3. ІІ<V

  4. А=Ск+О

І тарау

  1. Ақшалай қаражат және оның баламалар

  2. Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары

  3. Ағымдағы салық активтері

  4. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

  5. Өзге де қысқа активтер

І және ІІ тарау дебиторлық берешек (Қысқа және ұзақ мерзімді берешек )

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;


Білім алушы:

  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалармен, графиктермен, диаграммаларды түрлендіреді;

  • Сөзбен келтірілген материалды экономикалық қаржылық ұғымдарға өзгертеді;

  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

    • Тапсырмалар түрі:

  • Қалай? Неліктен? бейне ролик және кейс тапсырма.

Мысалдар:

  • Бухгалтерлік баланс маңызы, құрамы мен құрылымы?

  • Актив және пассив бөлімін салыстырыңыздар.

  • Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

  • Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде excel бағдарламасымен көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;

ІІІ. Қолдану:

Білім алушы:

  • Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

  • Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

  • Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

  • Тапсырмалар түрі:

ІV. Талдау.

Білім алушы:

  • Қателер мен олқылықтарды айқындайды,

  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

Тапсырмалар түрі:

Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

Мысалдар:

  • Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.

  • Баланс мәнi қандай?

  • Баланстың актив бөлігін талдаңыз?

  • Баланстың динамикасын талдаңыз?

V.Синтез (жинақтау, жүйелеу).

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Білім алушы:

  • бейнесабақтан (эссе) жазады;

  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін теориялық білімдерін қолданады.

Тапсырмалар түрі:

Өз шешіміңізді табыңыз, талдау жасаңыз баламасын табыңыз, динамикасын талдаңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

Мысалдар:

1. Компьютерлiк бағдарламада баланс құрамын жазу.

2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

VІ. Бағалау.

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Білім алушы :

  • Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.


      1. Оқу материалын баяндау.

Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылықжағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдыңда өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуімен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.



Индустриальное снабжение» ЖШС-гі 2017 жылғы баланс активтерінің құрамы мен орналасуы


Көрсеткіштер

2017ж. басы

2017ж аяғы

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)

Сома  тг.

%

Сома  тг.

%

 тг.

%5/1*100

Активтердің құны барлығы

14740648,9

100

96880972,08

100

82140324

557,2

Ұзақ мерзімді активтер

55344,2

0,37

1363986,46

1,4

1308642,2

2364,5

Оның ішінде:







1 Материалдық емес активтер

55344,2

0,37

41381,94

0,042

-13962,2

-25

2 Негізгі құралдардың қалдық құны

——

1322604,52

1,36

1322604,5

Ағымдағы активтер

14685304,7

99,56

95516985,62

98,59

80831681

550,4

Оның ішінде:







1Тауарлы материалдық босалқылар

6965439,35

 47,25

21277952,57

21,96

14312513

205,4

а) Материалдар

1130,43

0,007

123071,73

0,12

121941,3

10787,1

ә) тауарлар

6964308,92

47,24

21154880,84

21,83

14190572

203,7

2 Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар

7569543,41

51,35

63584739,56

65,63

56015196

740

а) Алынуға тиісті борыштар

6562159,2

44,51

45991603,05

47,47

39429444

600,8

ә) Берілген аванс

    —

 ——

7648848,54

7,89

7648848,5

——

Б) Басқадай дебиторлық борыш

1007384,21

6,83

9944287,97

10,26

8936903,7

887,1

3Ақша қаражаты

150321,98

1,019

10654293,49

10,99

10503972

6987,6


Баланс валютасының 2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда 82140324 теңгеге немесе 557,2 пайызға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Сонымен бірге кестенің мәліметтерінен ұзақ мерзімді активтердің кәсіпорын активтерінің құрамындағы үлесі ағымдағы активтердің үлесіне қарағанда төмен екендігін көреміз. Егер есепті жылдың басында ұзақ мерзімді активтердің үлесі ағымдағы активтердің үлесінен 99,19 %-ға (99,56-0,37) кем болса, жыл аяғында 97,19%-ға (98,59-1,4) кем болды. Яғни, кесте мәліметтерінен кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің есепті жылы ішінде 2%-ға көбейгенін көреміз. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 0,2 есеге кем (550,4-2364,5) болып отыр. Ұзақ мерзімді активтердегі материалдық емес активтер есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 13962,2 теңгеге жыл бойындағы өзгеріс болды немесе –25%-ға төмендеген. Негізгі құралдардың қалдық құны өткен жылы мүлдем болған жоқ, есепті жылы ол 1322604,52 теңге немесе 1,36% құрады. Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильдік) коэффицентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффицент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағыжағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігін, өскендігін көрсетеді. Талдау жүргізіліп отырған «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұл коэффиценттің деңгейі жыл басында 0,99 (14685304/14740648), ал жыл соңында 0,98 (95516985/96880972) құрады.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффиценті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорында берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмау тиіс. Талдап отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында 265,3 (14685304/55344,2), ал жыл аяғында 70 (95516985/1363986) құрады.Бұл коэффицент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 6,5 есеге (95516985/14685304), ал екіншілері 24,6 (1363986,4/55344,2) есеге өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарртың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэфиценті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэфицентінен артық болуы керек. 3.1. кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерін жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары бір жылда 10503972 теңгеге көбейген. Ең мобильді қаражаттар сомасының жоғарлауы және кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоғары екендігін сипаттауға болады. Серіктестігінің тауарлы материалдық босалқылардың айналым қаражаттары есепті жылы 205%-ға өсті және ол жыл аяғында 21277952,57 теңге немесе 21,96% құрады, өткен жылы 6965439,3 теңге немесе 47,25% құраған. Олардың үлесі 25,29 пунктке азайғанын көруге болады. Бұл жағдайда тауарлы материалдық босалқылардың айналым қаражаттардың құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие. Материалдар мен тауарлардың айналым қаражаттары есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 108,8-ге және 3 есеге жоғарлағанын көреміз. Есепті жылда зерттеу жүргізілген кәсіпорынның дебиторлық борышының сомасы көбейген. Егер бұл көрсеткіштің шамасы есепті жылдың басында 7569543,41 теңгені құрса, жылдың аяғында 63584739,56 теңге болған, яғни 8,4 есе көбейген. Бұл көрсеткіш шамасының жоғарлауы кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендегенін көрсетеді.Алынуға тиісті борыштары 39429444 теңгеге өсті (45991603,05-6562159). Берілген аванс қысқа мерзімді дебиторлық борыштың 7,89%-ын құрап отыр. Басқадай дебиторлық борыш 2 жыл арасын салыстырғанда үлесі жағынан 3,43 (10,26-6,83) пунктке жоғарлады немесе 9,8 есеге өсті. Ақша қаражаттарының сомасы 2006 жылы 2005-ші жылмен салыстырғанда 70,8 есеге өсті. «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайына талдау жасаудың келесі кезеңінде баланс активтерінің құралу көздеріне талдау жасалынады. Мұнда кәсіпорынның мүлкі меншікті капиталдың және міндеттемелердің есебінен құралатындығын ескеру қажет. Меншікті капитал мен міндеттемелердің арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәнін ашып көрсетеді. Қаржылық қорытынды есеп активтері құралу көздерінің құрамы мен құрлымына талдау төмендегі кесте (3.2.) бойынша жасалынады. Меншікті капиталының құралу көздері мыналар саналады: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, жалгерлік міндеттемелер, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар,тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары бойынша резервтер, баланс пассивінің екінші бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары жатады.













Көрсеткіштер



2017 ж басы




2017 ж аяғы

Жыл ішіндегі     өзгеріс

Сома тг

  %


Сома тг

  %

теңге %5/1

(3-1) *100

1

2             3


4              5

6           7

Кәсіпорынның барлық капиталы

14740648,94 100


96880972,7       100

82148643,8    557,2

Оның ішінде:





1 Меншікті капиталдың барлығы

41399,98               0,28


433842,88         0,44

  392442,9      947,9

а) жарғылық капитал

97100                    0,65


97100                0 ,1

     —

ә) жабылмаған табыс(зиян)

 -55700,02            -0,37


336742,88         0,34

392442,9       -704,5

2 Міндеттемелердің барлығы

 14699249              99,7


96455449,9       99,55

81756200,9    556,1

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

9930000                67,36


23404436           24,15

13474436       135,6

Оның ішінде:





Банктен несие алу

9930000                67,36


23404436          24,15

13474436       135,6

Ағымдағы міндеттемелер

4769248,9             32,35


73051013,9       75,39

68281765       143,1

Оның ішінде:





Қысқа мерзімді кредиторлық борыш

640875,26             4,34


71491099,16     73,78

70850223,9   11055

а) жабдықтаушылармен есеп айырысу

640875,26

4,34


67227350,7       69,38

66586475,4   10389

ә) алынған аванс

  —                  —


4263748,34         4,4

4263748,4          —

Бюджетпен есеп айырысу

23707                    0,16


158508,74          0,16

134801,74      568,6

Басқадай кредиторлық борыштар

4104666,7             27,8



1401406             1,44


-2703260,7    -65,8

а) жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу

—                 —



1048508,9          1,082


1048508,5           —

ә) басқалар

4104666,7

27,8



352897,49           0,36

-3751769,2    91,4

Тәуелсіздік коэффицент

 0,28


      0,44

     —

Қаржыландыру

коэффицент

  —


0,997


  •            0,995

     —                 —










БЕС-№30 стандартына сәйкес меншікті капиталға жарғылық, қосымша төленбеген капитал, резервті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.Меншікті капиталдың шамасы есепті жылдың аяғында өткен жылмен салыстырғанда 392442,9 теңгеге немесе 947,9%-ға көбейген. Кәсіпорынның жарғылық капиталының сомалары өзгеріссіз қалған 97100 теңге, бірақ пайыз жағынан өткен жылы есепті жылмен салыстырғанда 0,55%-ға жоғары. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есепті жылда 392442,5 теңгеге өсті. 2005 жылда кәсіпорынның жабылмаған зияны 55700,02 теңгені құраған. Ал 2006 жылдың бөлінбеген табысы 336742,88 теңге құрады.Сырттан пайдалануға алынған капиталдың (міндеттемелердің) шамасы есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 81756200,9 теңгеге немесе 556%-ға жоғарлаған.

«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұзақ мерзімді міндеттемесі, яғни банктен алған несие есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 13474436 теңгеге өсті.Қысқа мерзімді міндеттемелері 1 жылда 68281765 теңгеге немесе 15,3 есеге артқан. Оның құрамына қысқа мерзімді кредиторлық борыштар, бюджетпен есеп айырысу және басқадай кредиторлық борыштар кіреді.Қысқа мерзімді кредиторлық борыш жылдың басында оның мөлшері 640875,26 теңге болған болса, жыл аяғында 71491099,16 теңгені құрады, яғни 111,5 есеге көбейген, нәтижесінде есепті жылы баланстың осы бабының үлес салмағы 4,34%-дан 73,78%-ға өскен. Жабдықтаушылармен,мердігерлермен есеп айырысуы үлес салмағы бойынша 4,34%-дан 69,38%-ға жоғарлаған немесе 104,8 есеге артқан. Алынған аванстары жылдың басында көрсетілмеген, жыл аяғында ол 4263748,46 теңгені құрады.

Бюджетпен есеп айырысқан кезде үлес салмағы өзгеріссіз қалды, ал сомасы 134801,74 теңгеге артқан.Басқадай кердиторлық борыштар есепті жылы 2703260,7 теңгеге азайған. Меншіті капиталдың көлемін анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш тәуелсіздік коэффиценті – бұл коэффицентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффиценті меншікті капиталдың кәсіпорынның барлық капиталына қатынасы ретінде анықталады:

К тс = М к / Ак

Мұндағы: Ктс — тәуелсіздік коэффицент

Мк — меншікті капитал

Ак — барлық капиталы (баланс валютасының жиыне, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы)

«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте тәуелсіздік коэффиценті есепті жылы 0,28-ден 0,44-ке дейін немесе 0,16 пунктке жоғарлағанын көрсетеді. Есепті жылдағы тәуелсіздік коэффиценті нарықтық қатынастары дамыған елдерде (Еуропа, АҚШ) жоғары болып саналатын коэффицент шамасынан (0,5-0,6) төмен болып отыр. Сондықтан зерттеу жүргізілген кәсіпорында қаржылық тұрақтылық деңгейі өте төмен деп айтуға болады. Егер бұл коэффиценттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігіжоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азайғанын көрсетеді.Тәуелсіздік коэффиценті неғұрлым жоғары болған уақытта, бұл қаржылық көздерінің тұрақты құрлымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрлымды таңдар еді, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарлатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғырлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын (міндеттемелер) көрсететін қаржыландыру коэффиценті болып табылады.

Кқ = Мк / Қк

Мұндағы: Кқ – қаржыландыру коэффиценті

Мк – меншікті капитал

Қк – қатыстырылған капитал (міндеттеме)

Бұл коэффицент жоғары болған сайын, соғырлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді болады.Бұл коэффицент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландыратынын көрсетеді. Зерттеужүргізілген кәсіпорында есепті жылдың аяғында қаржыландыру коэффиценті 0,995-ке тең болды. Қаржыландыру коэффиценті <1 болып отыр, бұл төлем қабілетінің өте қауіпті жағдайда жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

      1. Оқытылатын материалды тексеру.

  • Кейс тапсырмалар

  • Бақылау сұрақтары

      1. Сабақ нәтижесін бағалау.

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Білім алушы :

  • Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

Сабақтан кейін. Үй тапсырмасы міндетті бағыт бойынша:тереңдетілген бағыт

  • Дәрісті оқып келу, толықтыру, ақпаратты талдау Үйге берілген тапсырманы жазып алады

  • Түсінбеген сұрақтарына жауап алады баланс құрамы мен құрылымы, динамикасы туралы мағұлмат алады, ұсынылған мәліметті ізденіс жұмыс арқылы білімдерін толықтырады.

  1. Пайдаланылған әдебиеттер.

  • Экономикалық талдау. Оқулық/1*/Аңдыбаева Г.Т., Қанабекова А.К., Абитова

  • Экономикалық талдау қаржылық есепті талдау пәндері бойынша лекциялар жинағы.

  • К.Ш. Дүйсембаев «Қаржы есептілігін талдау»

  • Д.О. Абленов «Қаржылық аудит және талдау»

  • Э.С. Мадиярова. С.Н. Сүйеубаева «Қаржылық менеджмент

  1. Қосымшалар. Негізгі терминдер мен ұғымдар









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12