Ақшаны ұстақтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақшаны ұстақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
математика
Материалдың қысқаша нұсқасы

4

Педагогтің аты-жөні:

Джанкенова А.К.

Пән/Сынып:

Математика 1 сынып

Күні:

05.04.2021

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Тағам және сусын.Дені саудың – жаны сау

Сабақтың тақырыбы:№

Ақшаны ұсақтау


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау

1.5.1.2 орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын сандарды, заттарды, тауар бағаларын/терминдердісалыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану


Сабақ мақсаты:

ірі монетаны ұсағырақ монеталарға ұсақтай біледі.



Саралап оқыту тапсырмалары


Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


3минут

Басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топқа бөлутүстер арқылы жүреді. Оқушылар кезекпен қызыл, жасыл, сары, көк түстерін кезекпен айтып шығады. Түс түріне қарай топтарға бірігеді.

1-топ – «Қызыл»

2-топ- «Жасыл»

3-топ - «Сары»

4-топ – «Көк»

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқу мақсаты ашылады:

-Мен ойлаған монета құны, 10-нан кейін тұратын ондық.

-2 мен 10 теңгелік монетаның ортасындағы монета құны қандай?

-20 теңгелік монетадан кейінгі үлкен монета құны қандай?

-Сендердің қолдарыңда құны 10 теңгелік монета бар делік. Бағасы 5 теңге тұратын бір сағыз алу үшін не істейсіңдер?

- Біз ірі монетаны ұсағырақ монеталарға ұсақтаймыз.

- Біз ірі монетаны ұсақ монеталарға ұсақтап, сатып алған заттардың ақшасын тура төлей аламыз. Оны тура төлем жасау деп атайды.

- Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?




Оқушылар сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады.








Мадақтау

Оқулық,









Жұмыс дәптері



25

минут



Ортасы


(Т) 1- тапсырма «Түсіндіріп көр» әдісі арқылы жүреді.

Оқулықтың 85-бетіндегі тапсырмамен жұмыс.

-10 теңгелік 2 монетаң болса, 13 теңге тұратын затты қалай сатып алуға болатынын айтып бер.

-20 теңгелік 2 монетаң болса, 30 теңге тұратын затты қалай сатып алуға болатынын айтып бер.


(Ж) 2 –тапсырма «Шығарып көр» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқулықтың 85-бетіндегі тапсырмамен жұмыс.

Жанардың 20 теңгелік 5 монетасы бар. Ол бағасы 50 теңге тұратын балмұздақ сатып алу үшін не істеуі керек? Бірнеше тәсілмен көрсетіңдер.

20 тг=10тг+10тг

20 тг=10тг+5тг+5тг

20тг=5тг+5тг+5тг+5тг тсс

Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әуеніне сәйкес қимылдармен билейді.



.

.

Дескриптор:

-Сурет бойынша ақша ұсақтау жолын түсіндіреді.













Дескриптор:

-20 теңгелік монетаны ұсақтаудың бірнеше тәсілін көрсетеді.

Саралау тәсілі«Диалог және қолдау көрсету» арқылы іске асады.

Кейбір оқушыға қосымша сұрақтар беріледі.

- Жанарда қанша теңге қалатынын тауып көр.

Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі.



ҚБ: «Үшбұрыштар» әдісі арқылы бағалайды.

Жасыл – Сурет бойынша ақша ұсақтау жолын түсіндіре алса;

Қызыл - Сурет бойынша ақша ұсақтау жолын түсіндіруде көмек қажет етсе;

Сары- Сурет бойынша ақша ұсақтау жолын түсіндіруде қиналса.



ҚБ: «Шарлар» әдісі арқылы бағалайды.

Жасыл – 20 теңгелік монетаны ұсақтаудың бірнеше тәсілін көрсете алса;

Қызыл - 20 теңгелік монетаны ұсақтаудың бірнеше тәсілін көрсетуде көмек қажет етсе;

Сары- 20 теңгелік монетаны ұсақтаудың бірнеше тәсілін көрсетуде қиналса.



Оқулық,









Жұмыс дәптері



Жұлдызшалар суреті







оқулық













Бас бармақ

Жұмыс дәптері




жалауша суреті















үшбұрыштар суреті






5 минут



бекіту

(Д) 3- тапсырма тақтамен және дәптермен жұмыс.

Баланың ойлау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту үшін тапсырмалар беру:

-тапсырманы мұқият орындауға үйрету;

Өрнектердің мәнін табу.

Дескриптор: тапсырмаларды орындайды.

Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға: қосымша тапсырмалар жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсетіледі

ҚБ «Сызғыштар» әдісі

Көк - тапсырманы дұрыс орындай алса;

Сары - тапсырманы орындауда қателіктер болса.

Қызыл - тапсырманы орындауда қиналса

Жұмыс дәптері


2минут

Кері байланыс

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы алынады.

-Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

-Сабақтың қай тұсы қызықты болды?

Үй тапсырмасы: 85-беттегі «Орындап көр» тапсырмасы.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2021
549
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі