Тақырып: Ақшаның пайда болуы және
оның қызметі
Жоспар:
1.
Ақшаның пайда болу
тарихы
2. Ақшаның атқаратын
қызметтері
3. Ақшаның қажеттілігі және
мәні
1. Ақшаның пайда болу
тарихы
Тауарлы шаруашылықтың дамуы
ақшаның пайда болуына мүмкіндік берді. Алайда, оның пайда болуы
туралы әлі ортақ шешім жоқ. Ұзақ жылдар бойы ақша символының
қызметін сол кездерде тапшы және құнды болып табылатын тауарлар –
мал, аң терісі, шай, темекі, балық, күріш және т.б. атқарды.
Аймақаралық және халықаралық байланыстардың біртіндеп кеңеюіне
байланысты адам баласы ақша ретінде алтын мен күміс сияқты бағалы
металлдарды қолдана бастады. Өйткені олар тасымалдауға жеңіл және
сақтауға қолайлы болып табылады. Алтын мен күміс монеталардың
параллельді түрде айналыста жүруі биметализм, ал жалғыз металлдың
айналыста болуы монометализм деп аталады.
Әдетте, екі металл арасындағы
құндық арақатынас мемлекет арқылы реттеліп отырды. ХІХ ғасырға
дейін әрекет еткен мұндай жүйенің кемшілігі болып алтын мен
күмістің нарықтық құны мен белгіленген құны арасындағы
сәйкессіздіктің орын алуы табылды. Бұл салыстырмалы түрде
қымбатырақ монетаның айналыстан шығып қалуына алып келді. Екі
металлдың бірі екіншісінен арзанырақ болды және арзан металл
екіншісін ығыстырып шығарады. Мысалы, алтынмен салыстырғанда
күмістің құнсыздануы алтын монетаны тауарға айырбастаудың
тиімсіздігіне әкелді.Тауар айналымының өсуі жаңа ақшалардың пайда
болуын қажет етті. Сөйтіп, тауар өндірісі мен айырбастың дамуы
ақшаның да дамуына алып келді. Бастапқыда банкнота шығарушы банктер
банкноталарды алтынға айырбастау міндеттемесін өз мойындарына
алған. Бұл қағаз ақшаларға деген сенімділікті тудырды және ақша
айналымының тұрақтылығын қамтамасыз етті. Қағаз ақшалар алғаш рет
ХІІ ғасырда Қытайда пайда болды.Монометаллизм жалғыз ғана металл
айналым құралы қызметін атқаратын ақша жүйесі болып табылады. Бұл
жағдайда сол металлға айырбасталатын басқа металлдардан жасалған
монеталар да айналыста жүреді. Монометаллизм айналыстағы қандай
металлдың негізгі болып табылуына байланысты күміс монометаллизм
(«күміс стандарт») және алтын монометаллизм («алтын стандарт»)
болып бөлінеді. «Алтын стандарт» алтын монометаллизмнің классикалық
нышаны болып табылады. «Алтын стандарт» - бұл негізгі валютаның
рөлін алтын атқаратын, бірақ айналыста оған айырбасталатын ақша
белгілері болатын ақша жүйесі. Алтын стандарттың негізгі үш нышаны
бар: алтын монеталық, алтын құймалық және алтын девиздік.Алтын
монета стандарты жағдайында қағаз ақшалар белгілі бір көлемде
алтыны бар ақшаларға еркін айырбасталады. Алтын құйма стандарты
кезінде ірі сомадағы банкноталар берілген жағдайда ғана құйма
түріндегі алтынға айырбасталады (мысалы, Францияда ХХ ғасырдың
20-жылдары 215 мың франкіден кем емес сома 12,7 кг. салмақтағы
алтын құймаға сәйкес келді; Англияда 1800 фунт стерлингке 12,4 кг.
алтын құйма алуға болатын еді).Алтын девиз стандарты банкнотаны
тікелей алтынға емес, кейіннен алтын құймаларға айырбастайтындай
етіп, басқа елдің валютасына айырбастау мүмкіндігін
білдіреді.
Аталған алтын стандарт жүйесі
бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін әрекет етті. Ал қазіргі кезде
елдің алтын резервтері шетелдегі валюта биржаларындағы ұлттық
валютаның құнын сақтау үшін керек.Кез келген дамыған елде бүгінде
ақша айналымы купюра, монеталармен ғана емес, банк есебіндегі
құралдар арқылы да көрінеді. Оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға
немесе олар арқылы қолма-қолсыз төлемді жүзеге асыруға болады.Тауар
құнының одан әрі дамуымен байланысты, ақша бүгінгі күні тауарлардың
айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық құрал ретінде
емес, ол жалпылама эквиваленттілік рөлін атқаратын абсолюттік
өтімділікке ие ерекше тауар немесе тауарлардың тауары деп саналады.
Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсете алады. Олай болса,
ақшаның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын оның атқаратын
қызметтерінен көруге болады.
2. Ақшаның атқаратын
қызметтері
Ақшаның атқаратын
қызметтері:1. Ақшаның құн
өлшемі құралы ретіндегі қызметі.
Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете
алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп
атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар
құнынан ауытқып отыруы мүмкін. 2.Ақшаның
айналым
құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы
қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық
жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті
атқарады. 3.Ақшаның төлем
құралы ретіндегі қызметі. Бұл
қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан
кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны,
дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде
атқарады.
4.
Ақшаның қор жинақтау
құралы ретіндегі қызметі. Болашақ
тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды
(теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар
бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында
кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша
резервінің болуын қажет етеді. 5. Ақшаның
«әлемдік
ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде
әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена,
рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін
орындайды.
Қазіргі экономикада тауарлар
мен қызметтер үшін төлемдер үш әдіс арқылы жүзеге
асырылады:
а) қолма-қол ақша беру арқылы;
ә) банктегі есепте жазу арқылы; б) бір тұлғаның екінші бір тұлғаға
берешек екендігін куәландыра-тын құжаттар арқылы. Осыған байланысты
төлем құралдарының үш түрі орын алады:
1. Қолма-қол ақшалар
(банкноталар, монеталар); 2.Чектер, ағымдық
есептер;
3.Қарыз ақшалар (жеке
тұлғалардың вексельдері, міндеттемелері).
Ақшаның экономикалық рөлі
жоғарыда аталған қызметтерімен ғана шектеліп қоймайды, ақша
массасының өзгерісі ұлттық өндіріс көлеміне, жұмысбастылық пен
орташа баға деңгейіне де әсер етеді.
3.Ақшаның қажеттілігі және
мәні
Ақшаның өндіргіш күштер мен
тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда
болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға
арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның
пайда болуының объективтік алғышарттарын
туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің,
жеке және қоғамдық еңбектін бөлінісі, тұтыну құны мен құнның
арасында тауар табиғатына байланысты болатын кайшылықтар айырбас
құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас бұл бір тауар
өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді.
Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=
балта), яғни тауардың түріне, сапасына, формасына және
тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр
түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы
қажет.
Мұндай негізге тауарлардың
құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа
айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана
(жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта
бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудын өзі бұл тауарларға
еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да ққнының барлығын
көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды ендіруге
жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да
бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық
жағынан өлшеу кажеттігі туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 ңап
бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас құны - бұл бір
тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу
кабілетін білдіреді.
Демек, айырбасқа арналмаған
тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал егер де
тауар айырбасқа арналған болса, онда оның өндіруші үшін айырбас
құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға
тиіс.
Сейтіп, тауарлар айырбасының
дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп
болған:
• Алғашқы формасы - өндіргіш
күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ,
формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек енімі екінші бір еңбек
өніміне тікелей айырбасталып отырған. Мысалға, бір мал бір қап
бидайға айырбасталды.
• Екінші формасы – бұл құннын
толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінін дамуы
және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтагы тауарлар саны мен
түрлері арта түседі. Мұнда көбіне бір тауар басқа да көптеген
баламатауарлардың айырбасында жүрген.
Мысалы:
1 кап бидай - 1 қойға = 1
балтаға = 1 құмыраға және т.б.
-
Үшінші формасы — бұл құнның
жалпылама формасы.
Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей
қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті
нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін
тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар рөлін кей халықтарда мал
(ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда, монғолдарда және т.б.)
аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), тұз
(Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге
қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі
сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты
немесе саулық қой пайдаланылған.
Бірақ аталған тауарлар мұндай
рөлде ұзақ уақыт
жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен
қанағаттандыра алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты
баламалың шартына сәйкес келмейді.
Құнның жалпыға балама
формасының дамуы нәтижесінде
барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен
ерекше бір тауар - ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін
бағалы металдар: алтын және күміс
атқарды.
Сонымен, ақша - бұл барлық,
тауарлардың, кұнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша
тауар.
Ақшаның объективті қажеттігі
тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша -
бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша
бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының
да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол
айрықша тауар ретінде ңала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама
рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа
тауардардың құнын бейнелеуі, онын ен бастысы мынадай табиғи
қасиетіне байланысты:
біріншіден, алтынның табиғи
сапалылығы, яғни онын оңай
бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, өте жоғары,
сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны
жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу
процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде
дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалың категория
ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан
байқалады:
1. Жалпыға тікелей айырбасталу
формасы;
2. Айырбас құнының дербес
формасы;
3.
Еңбек өлшемінің заттай
формасы.