400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» өлеңі 8-сынып 80 мектеп-лицейі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: № 80 мектеп-лицейі

Сынып: 8 «В»

Мұғалімнің аты-жөні:Усенова Асия

Күні: 09.10.2020 жыл

Қатысқандар: 30

Қатыспағандар: 0

Бөлім (тақырып)

Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.2.1. Б/С

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады, жаңашылдығына баға береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиет» өлеңін сол замандағы шығармалармен салыстырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:Шығармадағы көтерілген мәселер бойынша пікір алмасады.

Бағалау критерий

1. Шығарманың қазақ әдебиетіндегі алатын орнын біледі. 2. Шығарма мазмұнын қосымша ақпаттармен салыстырады.

3. Автордың шығармадағы айтайын деген ойына өз көзқарасын білдіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:өлеңді мәнерлеп оқиды,өз ой-пікірін айтады, баға береді, түсіндіре алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

бала,өсиет,тірлік,бірлік,талап-мұрат,татулық,кепиет т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар: Не себепті Ақтамберді жырау балаларына өсиет қалдырды деп ойлайсыз? Халықты алауыз мінездерден сақтандыру үшін қандай әрекет жасады?Құндылықтарды қалай түсінесіңдер? Материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда қалай түсіндіре аласың?

Құндылыққа баулу:

Рухани және материалдық құндылықтарды негізге ала отырып, имандылық,адамгершілік,ата-салтымызды кейінгі ұрпақтарға үйрету және насихаттау.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, география, т.б.

АКТ қолдану дағдылары

Ақтамберді жырау туралы бейнебаяндар мен термелерін тыңдату, көрсету (https//infourok.ru >atamderd_zhyrau._...). Ноутбук,интернет желілері.

Алдыңғы оқу

Бағалау және салыстыру дағдылары қалыптасқан. Шығарма бойынша материалдық құндылықтар мен рухани құндылықтарды салыстырады және жаңашылдығына баға береді.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



3 минут





Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кещеңі. 2.Үй тапсырмасына шолу. 3.Жаңа сабақ (ширату жаттығулары.) Ширату жаттығуы: «Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен сабақтарға шолу жасатамын және бүгінгі сабақтың оқу мақсатын айқындау үшін сұрақтар ұсынамын.

  1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды?

  2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?

  3. Жырау деген кім?

  4. Жыршы деген кім?

  5. Қандай жырауларды білесіңдер?

  6. Ақтамберді жырау туралы не білесіңдер?

  7. Ақтамберді жыраудың қандай толғаулары бар?

Сабақтың мақсаттары мен критерийлерімен таныстырамын.

Сұраққа жылдам және дұрыс жауап берген оқушыларды «Мақтау сөздер» арқылы бағалаймын.

МЖ = Мұғалім жасаған Ақтамберді жырау туралы бейнебаяндар мен термелер-ін тыңдату, көрсету (https//infourok.ru>atamderd_zhyrau._...).


10 минут


Т.ЖЖ.

Шығарманың мазмұнымен таныстырып, шығарма авторының негізгі ойын анықтату мақсатында «Оқылымға саяхат» әдісін қолданамын.Шығарманың қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен сол заманда жарық көрген басқа шығармаларымен салыстыртамын.

Тапсырма 1.

  1. Шығарманың мазмұнын түсініп оқы.

  2. Шығармадағы рухани құндылықтарды білдіретін сөздерді тап.

  3. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыр.

  4. Шығарманы V-VIII ғ. туындағын шығармалармен салыстыр.

  5. Шығарманың жаңашылдығына баға бер.

Дескрипторлар:

  1. Шығарманың мазмұнын түсінеді.

  2. Шығармадағы рухани құндылықтарды білдіретін сөздерді таба алады.

  3. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.

  4. Шығарманы қосымша ақпараттармен салыстырады.

  5. Шығарманың жаңашылдығына баға бере алады.



Бағалау түрі: «Өзара» бағалауүртоптықт

V-VIII ғ. әдебиеті жинағы,

Бес ғасыр жырлайды

«Балаларыма өсиет» өлеңі


12 минут

.


Т.Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында «Торлы диаграмма» әдісін қолданамын.

Shape1





















Тапсырма 2

  1. Шығармадағы құндылықтарды тап.

  2. Құндылықтарды мазмұнына қарай топтастыр.

  3. Тірек сөздердің мағынасына түсініктеме бер.

  4. Өлеңдегі құндылықтарды заманауи тұрғыда түсіндір. Дескриптор

  1. Шығармадағы құндылықтарды таба алады.

  2. Құндылықтарды мазмұнына қарай топтастырады.

  3. Тірек сөздердің мағынасына түсініктеме береді.

  4. Өлеңдегі құндылықтарды заманауи тұрғыда түсіндіре алады.

Бағалау түрі: «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»






Флипчарт, маркер, т.б.

15 минут

ЖЖ. «Еркін жазу» әдісі арқылы шығармадағы тірек сөздерді қатыстыра отырып, оқушыларды жазылымға шығарамын. Осы әдіс арқылы оқушылар өздерінің сөз бен сөзді, сөз тіркестерін байланыстыру шеберліктерін байқай алады.

Тапсырма 3.

  1. Тірек сөздерді қатыстырып, автордың жаңашылғына жазбаша баға бер.

  2. Автордың шығармадағы айтайын деген ойына өз көзқарасын білдіретін 10 сөйлем жаз.

  3. Сөйлем грамматикалық сауатты жазылсын. Дескрипторлар:

  1. Тірек сөздерді қатыстырып, автордың жаңашылғына жазбаша баға береді.

  2. Автордың шығармадағы айтайын деген ойына өз көзқарасын білдіреді.

  3. 3.Сөйлемді грамматикалық сауатты жаза алады. Бағалау: «Сендвич» әдісін қолданамын. Оқушылар өзара жұмыстарын алмасып, жұмыстың алғашқы жақсы жағын, сосын жақсартатын жағын, тағы жақсы жағына баға береді.


Дәптер, қаламсап, т.б.


Үйге тапсырма

1.Ақтамберді Сарыұлы туралы іздену. 2.«Балаларыма өсиет» өлеңін жаттау.3.Өсиет туралы мақалдар жазу.


Қосымша ақпарат

Саралау Оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырмаларды қалайша күрделендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тек-серуді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық сақтау технологияларын сақтау.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын ескеру.

  1. Шығарма мазмұнын қосымша ақпаттармен салыстырады.

  2. Өлеңдегі құндылықтарды заманауи тұрғыда түсіндіре алады.

  3. Автордың шығармадағы айтайын деген ойына өз көзқарасын білдіреді.

Өзара бағалау.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

«Сендвич»

Оқу мақсатына сәйкес сергіту жаттығуы мен белсенді жұмыс түрі қолданды қауіпсіздік ережесі сақталды.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады деп есептеймін. Бүгін оқушылар рухани және материалды құнды-лықтың қадірін түсінді.

Сабақ оқушылардың қызығушылығын мен белсенділігін жоғарлатты.

Сыныптағы оқушылардың ақпаратты қабылдау деңгейлеріне қарай саралауда сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар қойылды. Уақыттты тиімді пайдаландым.

Барлық оқушыларды оқу үдерісіне тарту мақсатында берілген тапсырмалар осы жоспарға өзгеріс болып енгізілді. Оқыту, оқу бағалауды жоспарлау тиімді болды.

Ұсыныс.Қорытынды:

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: Шығармадағы құндылықтарды басқа шығармалармен салыстыра түсіндіру тиімді болды.2: Оқушылар өз ой-пікірін «Еркін жазу» әдісі ұтымды көрсете алды..

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Оқушыларға құндылықтар туралы өз ойларынан эссе, шығарма жазғызғанда одан да сабаққа өз ықпалын тигізер еді.

2: Сөздік қорларын молайту мақсатында көбірек мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді қолдандыр-сам сабаққа өз ықпалын тигізер еді.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Оқушыларға суреттер арқылы тапсырмалар бергенді қажет деп ойладым. Себебі,көру арқылы қабылдайтын оқушылар да болды.

2: Барлық немесе жекелеген оқушыларға тапсырмаларды мақсатқа сай және жас ерекшеліктеріне байланысты берілуін білдім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
1538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі