400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің құрылу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр елдің, әр өңірдің тарихы болатынын біз білеміз, сол сияқты бұл тарих арнайы бір дерек көзінен алынатын айғақ екенінде білеміз. Ал ол айғақ әртүрлі дерек көзі болуы мүмкін, солардың ішінде мен архив құжаттарына тоқталғым келіп отыр. Кез–келген дерек көзі тарихи маңыздылығына байланысты құжаттамалық рәсімнен өтеді тіпті ол ауызша дерек болсын, жазбаша немесе заттай дерек көзі болсын ол құжаттық сипатта жазылып шығарылады. Әрине бұл құжаттардың сақтау орны ретінде архивке жөнелтіледі. Сондықтан әр өлкенің тарихы сақталған тарихи қоймасы ол – архив болса, ондағы алтын қазына ол тарихи құнды деректі құжаттар екені сөзсіз. Мен Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві тарихын қысқаша зерттеп, мақала ретінде жаздым.
Материалдың қысқаша нұсқасы
1

УДК 001(063)
ББК 72
Ж 66
Ұйымдастыру алқасының төрағалары
Н.Р. Аршабеков – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Басқарма Төрағасы Ректоры м.а.
З.Е. Қабылдинов – Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
Редакция алқасының мүшелері
Ж.Б. Аширбекова – т.ғ.к., доцент Тарих және шетел тілдері институтының директоры
Л.Т. Қожакеева – т.ғ.д., профессор Тарих кафедрасының меңгерушісі
Жауапты редактор
А.М. Сманова – т.ғ.к., доцент Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Ж 66 «Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздық тарихы және мемлекеттілікті нығайтудың өзекті
мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. –
Алматы: Қыздар университеті баспасы, 2021. - 278 бет

ISBN 978-601-224-741-1
Жинаққа «Тәуелсіз Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік және экономикалық реформалар:
тарихы және қорытындылары», «Тәуелсіз Қазақстанда орын алған мәдени және рухани өзгерістер:
жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз», «Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуы.
Мемлекеттік билік органдарындағы қайта құрулар мен жаңалықтар», «Қазақстан Республикасындағы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және халықтың тарихи санасын қалыптастыру бағытындағы
жұмыстарды жалғастыру барысы», «Қазақстан Республикасындағы ғылым және оның өзекті
мәселелері», «Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және ғылымдағы
сабақтастық» атты секцияларда талдау жасалған баяндамалар мен тарих ғылымының түрлі
аспектілеріне арналған зерттеулер топтастырылды.
Научный сборник включает доклады участников конференции по различным проблемам
исторической науки по секциям «Социально-экономические реформы в независимом Казахстане:
история и результаты», «Культурные и духовные изменения в независимом Казахстане: достижении
и недостатки», «Конституционное развитие Республики Казахстан. Реформы и инновации в органах
государственной власти», «Программа «Духовное возрождение» в Республике Казахстан и
продолжение работы по формированию исторического сознания народа», «Наука в Республике
Казахстан и ее актуальные проблемы», «Организация научно-исследовательской работы молодых
ученых и преемственность в науке».
УДК 001(063)
ББК 72

ISBN 978-601-224-741-1

©«Қыздар университеті» баспасы, 2021

2

12. Қасымжанова А.А. Мемлекеттік басқару өнері немесе бақыт философиясы // Қазақ халқының философиялық
мұрасы: 20 т. – Астана, 2006. – Т. 16: Фарабитану. – 275-290 бб.
13. Skinner, B.F. “Beyond Freedom and Dignity”. Contemporary Sociology, 1.1., 19. Web. – 216 p.
14. Dr. Sam Musa «Smart City Roadmap» [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://www.academia. edu/
21181336/Smart_City_Roadmap.
15. Аль-Фараби и развитие восточной философии. Алматы: КИЦ ИФЛ МОН РК, 2001. – 205-224 сс.
16. The modern world turns to happiness because the consumption-based. http://council. gov.ru/en/events/news/ 106572/.
17. Коломицев В.Ф. Цивилизация 21 века. Некоторые современные концепции. http://xserver.ru/user/zdpvv/.
18. Сатыбекова С. Әлеуметтік философия, этика және саясат // Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20 т. –
Астана, 2006. – Т. 16: Фарабитану. – 259-274 бб.
19. Afifeh Hamedi. Farabi's view on happiness. International Journal of Advanced Research (2013), Volume 1, Issue 7, 474478. – 477 р
20. Бағдад араб әлемінің мәдени астанасы // http://hl.mailru.su/mcachedq.
21. Койре А. Очерки истории философской мысли. М.: Прогресс, 1985. – 286 с.
22. Современное понимание феномена счастья в психологии. https://studbooks.net/
23. 1605601/psihologiya/sovremennoe_ponimanie_fenomena_ schastya_psihologi.
24. Косиченко А. Мәдениет аясындағы ғылым және оның әдіснамасы // Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20
т. – Астана, 2006. – Т. 15: Ғылым философиясы және әдіснамасы. – 122-147 бб.
25. Maslow, A.H. 1999. Dalnie predely shelowesheskoi psikhiki [The far reaches of the human psyche] / Perev.sаngl. А. М.
Татlybaevoi. Нaushn, red., wstup. Statia I коммеnт. Н.Н. Акulinoi. – СPb.: Еurasia. – 432 s.
26. Mohamed, M., and others., Concept of motivation in Islam.. – Unviersity of Wales Trinity Saint David, – 266 p
27. Nitin, N. and others. 2010. “Employee Motivation, a Powerful New Model”. Harvard Business Review, Web. 2nd.
[Elektrondy resurs]. URL http://hbr.org/2008/07/employee-motivation/ar/1.
28. Қараңыз: Евлампиев И. И. В. Розанов и Ф. Ницше: поиски истинного христианства // Вестник Русской
христианской гуманитарной академии. Том 12, вып. 3. – Санкт-Петербург: Издательство Русской христианской
гуманитарной академии, 2011. – С.136-147.
29. Әл-Фараби. Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері // Әлемдік философиялық мұра: 20 т. – Алматы: Жазушы,
2005. – Т. 4: Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы. – 154-206 бб.
30. Аль-Фараби. Естественно-научные трактаты. – Алма-Ата, 1987. – 496 с.
31. Қабылова А.С. «Жастардың сауатты діни білім алу мотивациясының деректанулық көзі ретінде түркі
ойшылдарының танымын заманауи құндылықтармен сабақтастыру». «Адам әлемі» философиялық және қоғамдық
гуманитарлық журналының –№1(83)2020. – 151-159 бб.
32. Қараңыз: Франкл В. Человек в поисках смысла: Сборник / Пер. с англ. и нем. Д.А. Леонтьева, М. П. Папуша, Е.В.
Эйдмана. – М.: Прогресс, 1990. – 368 с.
33. Антропов В. В. Этика и религия в философии Людвига Фейербаха // Вестник Московского университета. – Серия
7. Философия. – 2004. – №1. – С. 98-117.
34. Majid Fakhri. Al-Farabi. Oxford OX2 7AR, 2002.; Al-Farabi Facts. іhttps:// biography.yourdictionary.com/al-farabi.
35 Нысанбаев Ә., Құрманғалиева Ғ. Философ. Ғалым. Энциклопедист // Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20
т. – Астана, 2006. – Т. 3: Әл-Фараби философиясы. – 5-40 бб.
36 Тhe cambridge companion to Arabic philosophy. – Cambridge University Press, 2005. – 468 р.
37. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2006. –110 бет.
38 Михай Чиксентмихайи. Поток. Психология оптимального переживания. Перевод с английского Елены Перовой.
Научное редактирование и предисловие Дмитрия Леонтьева. – Москва, 2011. – 1123 с.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Б.С. Абенова1, М.Б.Аккожа2
тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
2
«Тарих» мамандығының 2 курс магистранты Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университеті
(Ақтөбе қ., Қазақстан) E-mail: bibigul_aben@mail.ru
1

Әр елдің, әр өңірдің тарихы болатынын біз білеміз, сол сияқты бұл тарих арнайы бір дерек
көзінен алынатын айғақ екенінде білеміз. Ал ол айғақ әртүрлі дерек көзі болуы мүмкін, солардың
ішінде мен архив құжаттарына тоқталғым келіп отыр. Кез–келген дерек көзі тарихи маңыздылығына
байланысты құжаттамалық рәсімнен өтеді тіпті ол ауызша дерек болсын, жазбаша немесе заттай
дерек көзі болсын ол құжаттық сипатта жазылып шығарылады. Әрине бұл құжаттардың сақтау орны
ретінде архивке жөнелтіледі. Сондықтан әр өлкенің тарихы сақталған тарихи қоймасы ол – архив
болса, ондағы алтын қазына ол тарихи құнды деректі құжаттар екені сөзсіз.
Халық пен ел тарихындағы құнды жазба деректерді жинастырып сақтау ісіне әуелгі
замандардан бері мемлекеттік деңгейде мән беріліп келеді. Қазір де архивтерде мәңгілікке
сақталатын тарихи деректер – мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайы, саяси-идеологиялық қатынастары
туралы құжаттар ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде қорғалады. Ақтөбе облысының мемлекеттік
архивтері де ел тарихының елеулі кезеңдеріне, тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштеріне,
белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты жәдігерлерді жинақтап отыр. Еліміздің егемендігін
82

алып, өткенімізді бағалап, бүгінімізді саралап, келешекке ой тастайтын тарихи деректердің қазынасы
болып табылатын облыстағы архив қызметінің ғасырға жуық тарихы бар.
1869 жылы Ақтөбе әскери бекінісі ретінде Орынбор губерниясына қарасты Торғай облысы
аумағында ірге тасы қаланды. 1891 жылы 25 наурызда уезд дәрежесін алды (Абенов, 2020: 38). Бірақ,
өңірде архив мекемесі болған жоқ. Соған байланысты барлық дерлік құжаттар мен дерек көздері
кәсіпкерлер мен шіркеу қорларында сақталды. Кейбір өңірге қатысы бар архив құжаттары Ақтөбе
өлкесінің Орынбор губерниясына қарасты болғандықтан Орынбор губерниясына жөнелтіліп
отырылды.
Ақтөбе уездінде архив ісі Қазан төңкерісінен кейін В.И. Лениннің 1918 жылғы 1 маусымдағы
«Архив ісін қайта ұйымдастыру және орталықтандыру туралы» декретінен кейін қолға алына
бастады. Бірақ, Ақ гвардияшылар мен Қызыл армия арасындағы азамат соғысының басталуы Ақтөбе
өңіріндегі архив ісінен басқа қоғамдық дамуға қатысы бар мәдениет салаларының дағдарысқа
ұшырауына әкелді. Тек 1919 жылы 2 қыркүйекте Ақтөбе уездін Қызыл армия атаман Дутов әскерінен
азат еткеннен кейін ғана өңірдің кейбір мәселелері қайта көтеріле бастайды (Туремуратова, 2013: 3).
1921 жылы Ақтөбе губерниясы болып құрылады. Сол жылдың 1 шілдесінде өткен І
губерниялық кеңестер съездінде Ақтөбе губерниясының аумағында мемлекеттік биліктің атқарушы
комитетін және әкімшілік органын құру туралы шешім қабылданды (Государственный архив
Актюбинской области и его филиалы. Путеводитель, 1991: 7). Губерниялық атқару комитетінің
алдына қойған бірінші мақсаты өлкедегі мекемелер мен ұйымдардың архивтік құжаттарының
жағдайы мен қол жетімділігін тексеру жұмыстары болды. Бұл іс 1921 жылы шілде айында Қырғыз
(қазақ) АКСР орталық атқару комитетінің ғылыми хатшысының өлкеде губерниялық архив қорын
құру туралы мәселесін көтеруіне түрткі болды (Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві (АОМА).
Қор.219, т.1, іс.2.10; п.17). Өкінішке орай, 1869 жылы Ақтөбе бекінісі ірге тасы қаланғаннан бергі
жинақталған, сақталуы тейісті болған кейбір тарихи құжаттар азамат соғысы қарсаңында жойылған
және қаланы көшіру кезінде жоғалған немесе Ақ гвардияшылар қаланы тастап қашқан кезде арбаға
салып өзімен бірге алып кеткен, кейіннен деректі құжаттарды іздестіру барысында аз бөлігі табылды.
Бұндай жағдай тек ақтөбеде ғана емес Ақ гвардияшылар қарамағында болған бінеше қалада орын
алған. Осы сәтте ойымызға мындай сұрақ келеді. «Ақ гвардияшылар неліктен бұл құжаттарды жойды
немесе өздерімен бірге неге алып қашты ?» - деген сұрақ ойымызды мазалайды. Әрине бұл сұрақтың
жауабын ешкім нақты бере алмайды. Бір білетініміз Ақ гвардияшылар үшін бұл өте құнды құжаттар
болғаны, қызыл армия әскері қолына түспеу қажетті болғаны. Әрине бізге өкініштісі сол жоғалған
құжаттарда біздің еліміздің тарихына тікелей қатысты болуы және сол кезең тарихының негізгі дерек
көздері мен құнды құжаттардың тарихи сахнадан жоғалуы болып тұр. 1922 жылы 24 сәуірде Ақтөбе
губерниясының халыққа білім беру бөлімінің Қырғыз (қазақ) республикасының бас архив ісі
басқармасына берген № 2922 хаттамасында Ақтөбе өлкесінде тамыз айында архив құжаттары
сақталуы туралы мекемелер мен ұйымдарда жүргізілген 168 парақ сауалнаманың 118 хабарлауынша,
ешқандай архивтік құжаттар сақталмаған, барлық дерлік құжаттар револююция, азамат соғысы
кездерінде жойылған (АОМА.Қор.219, т.1, іс.2.10; п.14). Көптеген мекемелер мен ұйымдар
құжаттарды жинау ісін 1921 жылдан яғни өлкеде губерниялық атқарушы комитет құрылғаннан
бастады. Сол себеп бұл кезең құжаттары өте аз сақталған.
Өлкеде орталық архив ашу жөніндегі атқарушы комитеттің алғашқы қадамдары жасалғанымен,
бұл істің ізі салынып, жөн-жотасы қалыптаспағандықтан бірден жолға қойылуылуы қиынға соққаны,
арнаулы үйлердің жоқтығы әрі білікті мамандардың жоқтығы, әрі ел арасында архивтік әртүрлі
жазбаларды жинастыру дағдысының болмауы – бәрі де тұсау болғаны түсінікті (Байжанов,1988:27).
Осы себепті губерниялық архив қорын құру бұрынғыша ұйымдастырылмады. Ақтөбеде архив
бюросын құру ісі 1918 жылы басталып 1923 жылы аяқталды, осылайша архив бюросын құру бес
жылға созылды (АОМА. Қор.219, т.1, іс.2.10; п.14).
1921 жылдың күзінде Орталык өлкелік архив негізі қаланады, бұл архив басқармасының
ерекшелігі губерниялық архивтерді құрды және архив туралы ережелерді бекітті. Орталык өлкелік
архив меңгерушісі А.Л. Мелков 1923 жылы шілде айында іс сапармен Актөбе губерниясының
аумағындағы архивтік құжаттарды тексеріп, қортындысы бойынша Актөбе архив бюросын құру
жұмыстары колға алынды (РФ Орынбор облыстық мемлекеттік архиві (ООМА). Қор.1, т.1,
іс.447.п.4).
1923 жылы 15 қыркүйекте Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві өз жұмысын бастады және
Ақтөбе губерниялық архив бюросы деп аталды (АОМА. Қор.3, т.1, іс.3.).
Алғашында Ақтөбе губерниялық архив бюросы болып аталған Ақтөбе облысының мемлекеттік
архиві 1923 жылы 15 қыркүйекте құрылды. Архив бюросының 93 текше метр ғимаратында алғашқы
83

қор ретінде губерниялық-кеңестік халық шаруашылығының, Ақтөбе уездік атқару комитетінің
құжаттары сақталды. Құжаттардың барлығы еңбек етіп жатқан мекемелерден, әскери бөлімдер мен
партия ұйымдарынан қабылданды. Сол кезеңнің жағдайына қарай қабылданған құжаттардың тізімін
жүргізуге, әрі қарай жетілдіруге ғимараттың тарлығы мүмкіндік бермеді. Архив ісін алғашқы
жүргізушілердің бірі П.К.Кузнецов құжаттарды тізіммен қабылдауды енгізді. Ол губерниялық
архивке 1923 жылдың желтоқсанынан 1924 жылдың желтоқсанына дейін меңгеруші болды.
Мекеменің штаты 1923 жылы меңгеруші мен мұрағат ісін жүргізушіден, 1926 жылы меңгеруші
мен екі іс жүргізушіден құрылды. Құжаттар қоры -83 қор, 7000 істі құрады.
Ақтөбе губерниялық архив бюросының алғашқы ғимараты ретінде 93 шаршы метрлік 3 бөлмелі
бұрынғы сауда дүкенінің ғимараты берілді. Ал архив қоймасында ұзындығы 196 метрлік қаз – қатар
қойылған стеллаждармен жабдықталды (Төремұратова, 2006:87).
1923 жылы 31 тамызда Сешеиов Иван Зибарович Ақтөбе губерниялық атқарушы комитетіне
өтініш жазып, өзін губерниялық архив бюросының меңгерушісі етуді сұрайды. С. И. Зибарович 20
жыл еңбек кеңсесінде жұмыс істеген. 1923 жылы 13 қыркүйекте өтініш қаралып № 77 хаттама
негізінде Ақтөбе губерниялық архив бюросының алғашқы меңгерушісі қызметіне С.И.Зибарович
тағайындалды.
Құжаттарды қабылдау ісі ретсіз жүріп, архив қорлары бос тұрды. Бұған себеп – сол кездегі
архив ісін білетін қызметкерлердің болмауы және архив мекемесінде жұмыс жасайтын жалғыз
қызметкер – архив меңгңгерушісі ғана болғаны. Архив меңгерушісінің айлығы 263 рубль 50 тиын.
Архив саласына бөлінетін қаржының аздығына және архив саласының мамандарының болмауына
байланысты алғашқы айларда архив ісі дамуы тежелді. Құжаттар ретсіз, баяу жинала бастады. Тек
1923 жылдың желтоқсан айында архив ісін жүргізуші болып П.К.Кузнецов тағайындалуымен архив
ісі сәл өрбіді. Ол архивке құжаттарды қажетті тізіммен қабылдауды енгізіп, қажетті қорлар ашты.
Сол кездегі алғашқы қорларға жинақталған құжаттар қатарына Ақтөбе уезддік атқару комитеті,
губерниялық – кеңестік халық шаруашылығының және қызыл армия депутаттарының деректі
құжаттары қабылданды. Содан кейін өлкедегі барлық мекемелердің, соның ішінде партия ұйымы мен
әскери бөлімдердің құжаттары қабылдана бастады. П.К.Кузнецов 1923 жылы желтоқсан – 1924 жылы
желтоқсан айы аралығында архив ісін жүргізуші қызметінде жұмыс жасады.
Алғашқы жылдары губерниялық архивте құжаттарға сұраныстар мен өтініштер аз мөлшерде
түсіп, анықтамалық мақсатта ғана пайдаланылды. Жылына архив мекемесіне 60-тан астам
сұраныстар мен өтініштер қабылданылып, оларды орындап отырды.
1924 жылы губерниялық архив бюросының штат құрамы 3 адам болып бекітілді, бірақ
губерниялық атқару комитетінің қаржы бөлімі архив бюросына қаржы бөлмеді. Сол себепті 1924
жылы 1 желтоқсанда губерниялық архив жабылып, оның штат құрамындағы қызметкерлер жұмыстан
босатылды (АОМА: Қор 3, т. 1. 3 іс, п.15-16).
1925 жылдың 1 шілдесінде губерниялық атқару комитеті губерниялық архив меңгерушісі
С.И.Зибарович кейіннен оның қызмет орнына А.С.Феодоров тағайындады (АОМА: Қор 3, т. 1. 3 іс,
п.17).
1926 жылдың 15 қаңтарда Ақтөбе губерниялық архив бюросының жаңа меңгерушісі қызметіне
36 жасар Никонор Афанасьевич Пергудов тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін губерниялық
атқарушы комитетінің басшылық бөлімінде жұмыс істеді. Архив мекемесіне 98,72 шаршы метрді
(267,76 куб метр) құрайтын Татарка өңірінен жаңа ғимаратты Комхоз берді. Ғимараттың құжаттарды
сақтауған жарамды бөлігі 50% құрайды. 1926 жылы 9 қарашада губерниялық атқарушы комитетіне
№ 40 хаттама бойынша алғашқы архив бюросының есеп беруі болды. Н.А.Пергудов есеп беру 1925
жылы 1 қазан – 1926 жылы 1 қазан аралығындағы кезеңдегі архив қызметі туралы болды.
губернияның атқарушы комитетімен бірлесе отырып Ақтөбе губерниялық архив бюросының жұмыс
жоспарларын бекітіп, болашақта губерния уезддерінде уезддік архив құру туралы бастамасын
тұңғыш көтерген тұлға болды. Сол жылы архив штат құрамындағы қызметкерлер саны қайтадан үш
қызметкер болды. Олар меңгеруші және 2 архив ісін жүргізуші (архивист). 1925 жылы 24 маусымда
архив ісін жүргізуші қызметіне адам алуға рұқсат беріліп, бос орынға М. Д. Терехов және Л. А.
Бовина жұмысқа алынды. Кейін 1926 жылы 1 қазандағы № 849 қаулы бойынша қайта архив
бюросында 1 архив ісін жүргізуші болуы туралы қаулы шықты. Губерниялық атқарушы комитетінің
қаржы бөлімінен архивке бөлінген қаржы көлемі 1925 -1926 жылға - 1,148 рубл, 1926 -1927 жылға –
4,016 руб. Архив меңгерушісі айлығы – 130 рубл, архив ісін жүргізуші – 60 рубл алды. Осы уақыттан
бастап архив ісі дамып, жылдан – жылға архив саласына қаржы көлемі ұлғайды. 1926 жылғы есеп
бойынша 1923 жылдан бергі губерниялық архивке 90 қор, 10566 іс қағаздары және кітаптар
жинақталған, салмағы 540 килограмды құрайды.
84

1926 жылы губерниялық архивтің қызметі нақтыланды. Олар:
1. Құжаттарды есепке алу, тіркеу және сақтау;
2. Ғылыми – техникалық өңдеуден өткізу, сақтау мерзіміне байланысты сақтау жою
жұмыстарын жүргізу;
3. Архив құжаттары бойынша тізбе, жолсерік және анықтамалық құралдар ұйымдастыру;
4. Ғылыми – зерттеу және арнайы құжаттық жұмыстар жүргізу;
5. Құжаттарға зерттеу жұмысын жүргізіп ғылыми жинақтар, монографиялар, мақалалар шығару;
6. Архив құжаттары арқылы жәрдемақы, зейнетақы тағы басқа анықтама түрлерін беру;
7. Құнды құжаттар арқылы көрме, баяндама, дәріс ұйымдастыру.
1927 жылдан бастап Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінде ғылыми – анықтамалық кітапхана
жұмыс істей бастады. Ғылыми – анықтамалық кітапхана құрамына жыл сайын жаңадан шыққан
басылымдар, саяси – экономикалық кітаптар, газеттер – журналдармен толықтырылып отырылды.
Кітапхана қорында Торғай облысы құрамында Ақтөбе уезд болып құрылған кезден бастап шыққан
газеттер сақталған. Олар: «Тургайские обзоры» (1880-1917 ж.ж), «Кедей» (1928 ж), «Степная правда»
(1921-1923 ж.ж), (1929-1931 ж.ж), «Актюбинская правда», «Путь к коммунизиму».
1927 жылы 9 ақпан айында кезекті Н. А. Пергудовтың есеп беруі болды. Бұл кезде архив
бюросына 1918-1921 жылдар аралығын қамтитын мекемелер мен ұйымдардан 3722 іс келуі керек
болған, бірақ архив құжаттармен толуына және құжаттардың толық өңделмеуіне байланысты мәселе
туындады. Нәтижесінде № 46 іс бойынша Н. А. Пергудов өз қызметінен кетіп орнына Артьемев Иван
меңгеруші болып тағайындалды.
1923 жылдан басталған архив мекемесін ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу ісі 1927
жылы ғана толық аяқталды. Бірақ, одан кейінгі жылдарда өлкедегі архив құрлысының нақты бір
сарынға түсуіне 1928 – 1935 жылдар аралығындағы өлкедегі әкімшілік – аумақтық бөліністердің
енгізілуі кедергі жасады. Мысалы: архив атауының бірнеше рет ауысуы, архив құжаттарының
көршілес басқа аймақ архивтеріне жөнелтілуі, архив қызметінің атқарушы комитет жанындағы
басқармаларына тәуелділігі, архив мекемелерінің бірнеше рет жабылып, қайта ашылуы секілді тағы
да басқа кедергілер болды.
1928 жылы 17 қаңтарда өлкеде әкімшілік – аумақтық бөлініс енгізіліп, Ақтөбе губерниясы өз
қызметін тоқтатты. 1928 жылдың 13 наурызда Қазақ
Орталық Атқару Комитетінің VІ
шақырылымының № 34 шешімімен Ақтөбе округі болып құрылды. Осы әкімшілік–аумақтық
бөлініске байланысты өңірде губерниялық және уезддік архив бюролары жабылып, орнына штат
саны мен функцияларын өзгертпестен Ақтөбе округтік архив бюросы болып қайта ашылды.
1930 жылы 1 қаңтарда архив қорлары мен іс қағаздарын ретке келтіріп, қысқарту негізінде 42
мың іс қағаздардың 13590 іс қағаздарына түзетулер енгізіліп, олар 40 қорға бөлініп сақталынды.
1930 жылы желтоқсан айында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің шешімі бойынша әкімшілік
– аумақтық бөлінісіне байланысты Ақтөбе округі өз қызметін тоқтатып және округтік мекемелер мен
ұйымдар таратылды. Бұл шешім нәтижесінде Ақтөбе округтік архив бюросы таратылды, оның
негізінде Ақтөбе қалалық архив бюросы болып қайта құрылды (АОМА. Қор 3, 3 іс 9 т, п.39). Ақтөбе
қалалық архив бюросы құрылуына байланысты архив мекемесіне көлемі жағынан үлкендеу болатын
Сталин көшесіндегі 31 үй арнайы жаңа ғимарат ретінде пайдалануға берілді. Округтік архив
бюросында сақталған қала тарихына қатысты негізгі құжаттар мен дерек көздерін Алма – ата
қаласындағы
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының орталық архив
басқармасына берілді.
1931 жылы қалалық архив аудандық архивке айналды. Себебі, Ақтөбе және Темір аумағы
Ақкемір ауданына қарасты болды.
1932 жылы наурыз айында өңірде әкімшілік-аумақтық бөліністің қайта жүргізілуіне
байланысты Ақтөбе облысы құрылып, Ақтөбе қалалық архив бюросы Облыстық атқару комитеті
жанындағы Ақтөбе облыстық мелекеттік архиві болып құрылды.
Бұған дейінгі құрылған
архивтерден ерекшелігі бұл архив тікелей Облыстық атқару комитетіне бағынып, архивтің
функциялары мен өкілеттіліктерін өз құзіреттілігіне алды. Ал архивпен байланысты ғылыми –
әдістемелік қатнастар Қазақ АКСР орталық архив басқармасына қарамағында болды. Ақтөбе
облыстық архивінің бірінші басшысы болып Г.Г.Брюков тағайындалды (К.У.Мирманова,
Г.Б.Тулеуов, 2003:122). Кезінде, 1930 жылы округтік архив бюросының Қазақ АКСР орталық архив
бөліміне жіберілген құжаттары қайтарылды.
1932 жылы Ақтөбе облысының құрылуына байланысты облыстық атқару комитеті жанынан
облыстық архив басқармасы құрылды. Оның алғашқы басшысы Г.Г. Брюков болды. 1935-1938
жылдар аралығында аудан орталықтарында аудандық мемлекеттік архивтер құрылды. 1938 жылдың
85

қыркүйегінде облыстық архив басқармасы және архив мекемелері ішкі істер халық комиссариатына
қарады. Темір, Шалқар, Жұрын, Қобда, Родников, Мәртөк, Ключевой, Степной, Ойыл сияқты аудан
орталықтарында аудандық мемлекеттік мұрағаттар құрылып, жұмыс жасай бастады. 1960 жылы
архив органдарын ішкі істер министрлігінен атқару комитетінің қарауына бергеннен кейін еліміздегі
мемлекеттік архивтердің өзіндік беделі өсіп, өз алдына жұмыс жасауға мүмкіндік алды.
Казақ ССР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 21 мамырындағы қаулысымен барлық аудандық
архивтер жабылып, тек 1963 жылдың 6 маусымында Байғанин, Шалқар, Ырғыз, Темір, Жұрын
аудандық архивтерінің базасы ретінде мемлекеттік архивтің Шалқар филиалы ұйымдастырылады.
Облыстық мемлекеттік мұрағат 1964 жылы жалпы көлемі 545,0 шаршы метрді құрайтын ғимаратты
(Лачугин көшесі,2), 1991 жылы көлемі 2167,4 шаршы метр ғимаратты (Ағайынды Жұбановтар
көшесі, 255) иемденеді.
1966 жылы Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві, Мәртөк, Ойыл, Қобда аудандарын қамтитын
филиалы Ново-Алексеев архиві ашылды. Осы жылы шаруашылық есеп айырысу тобы ашылып,
ұйымдардағы мемлекеттік сақтауға берілетін құжаттарды тәртіпке келтіру жұмыстарымен
айналысты.
Қазіргі таңда архив ісін дамыту жолында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және
құжаттама басқармасына қарасты 1 облыстық мемлекеттік архив, облыстық архивтердің Қобда және
Шалқар аудандық мемлекеттік филиалдары, 10 аудандық архивтер халыққа мемлекеттік қызмет
көрсетуде. Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінде сақтауда 1607 қор қағаз негізіндегі 702719 сақтау
бірлігі бар. Олардың ішінде жеке тектік -37 қор, 1363 іс, ғылыми-техникалық құжаттамада - 3 қор,
4888 іс, жеке құрам бойынша - 293 қор, 150392 іс, 180 киноқұжаттары, 8256 фотоқұжаттары, 179
фоноқұжаттар сақталуда. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивтері және оның филиалдары,
аудандық мемлекеттік архивтердің құжаттық қорын - 3185 қорлар, 1027874 сақтау бірлігі құрайды
(Төлебай, 2020:147).
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025» жобасы
елімізде архив қызметінің қарқынды дамуына, заманауи талаптарға сай жаңа бағыттарда жұмыс
жүргізілуіне ықпал етті. Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві аталған жобалар аясында мазмұнды
әрі ауқымды іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Оны орындау үшін архив саласында облыста 89
қызметкер бар, оның 46-ы ғылыми қызметкерлер.
Құжатсыз тарих жоқ, өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ. Архивте сақталған құжаттарды
көпшілікке таныстыру, көрермен назарына ұсыну мақсатында «Құжаттарды пайдалану және
жариялау» тобының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тарихи-құжаттық көрмелерді жасақтау
жолға қойылған.
Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасының призеденті
Н.Ә.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Архив – 2025» мақала
бағдарламалары арқылы архив дамуына өзекті көңіл бөлініп жатыр. Егеменді Қазақстан жылдарында
сұраныстардың саны өсуде, жылына екі мыңға жуық архивтен сұраныстар мен анықтамалар беріледі.
Құжаттарды пайдалану облыстық мемлекеттік архивтің оқу залы арқылы белсенді түрде жүзеге
асырылады. Сонымен қатар, архивте жылда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
студенттері өндірістік іс-тәжірибесінен өтеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Абенов Д.Қ, Қазақ жерін отарлау тарихы. Монография. Алматы.-2020.-368 б.
Туремуратова С. Хранители прошлого. Актюбинский вестник. -2013, -4 июль
Государственный архив Актюбинской области и его филиалы. Путеводитель. 1 часть /Под ред. Ж. Р. Рахметовой. Алма-Ата, -1991. -247 б.
Байжанов С. Архив – айғақ. -Алматы, -1988. -239 б.
РФ Орынбор облыстық мемлекеттік архиві (ООМА). Қор.1, т.1, іс.447.
Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві (АОМА). Қор.3, т.1, іс.3.
Төремұратова Н.Х. Облыстық архив: тарихы, құрлысы, қызметі. Из истории Актюбинской области. -Актобе, -2006. 280 б.
Мирманова К.У., Тулеуов Г.Б. Государственный архив Актюбинской области. Актобе, 2003. с. 31.
АОМА. Қор.3, т.1, іс.40.
АОМА. Қор.219, т.1, іс.2.
АОМА. Қор.219, т.1, іс.178.
Төлебай М.Т. Архив қызметінің қоғамдағы жаңғыру үрдісіндегі маңызы // Жаңғырған сана-жаңа серпін. Ақтөбе,
2020.-288 б.

86

МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ
Борбасов С.М.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ..............................................................
Рысбеков Т.З., Шынтемірова Б.Ғ.
АКАДЕМИК К.НҰРПЕЙІС ЖӘНЕ АЛАШОРДА ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ............................
Бүркітбай Аяған
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТҰСТАРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ: ҰЛЫҚ ҰЛЫСАЛТЫН ОРДА ТАРИХЫ.................................................................................................................
Муртазаева Р.Х.
ФОРМИРОВАНИЕ И РЕАЛИЗАЦИЯ МОЛОДЕЖНОЙ ПОЛИТИКИ В УСЛОВИЯХ
ОБНОВЛЯЮЩЕГОСЯ УЗБЕКИСТАНА.......................................................................................
Шаймерденова Қ.Ғ.
АКАДЕМИК НҰРПЕЙІС КЕҢЕС – ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ҮЛКЕН ТҰЛҒАCЫ....................
Берлібаев Е.Т., Семжанова С.А.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..............................................................................................................................
Алтаев А.Ш., Кожакеева Л.Т.
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ КАЗАХСТАНСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ........................
Калыш А.Б.
С КЕНЕСОМ НУРПЕИСОМ В КАЛИФОРНИИ...........................................................................
Жолдасбаев С., Исаева А.И.
К ПРОБЛЕМЕ РАЗВИТИЯ КУЛЬТУРЫ КАЗАХСТАНА В ХIV-XV ВЕКАХ..........................
Садвокасова З.Т.
ПРОТИВОМУСУЛЬМАНСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПРАВОСЛАВНЫХ МИССИОНЕРОВ
И ЕЕ ПОСЛЕДСТВИЯ......................................................................................................................
Капаева А.Т.
КУЛЬТУРА СУВЕРЕННОГО КАЗАХСТАНА: ДОСТИЖЕНИЯ И ЗАДАЧИ...........................
Сайлан Б.С., Райымбек А.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ ПАТРИОТТЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.........................................................................................................
Абенов Д.Қ., Оңайбергенов Е.С.
ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІН РУХАНИ ОТАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ..............................................................
Кабаева Ж.А.
ДИНАМИКА РАЗВИТИЯ НЕЗАВИСИМОГО КАЗАХСТАНА..................................................
Бисембаева Л.А.
ҚОНЫС АУДАРУ САЯСАТЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ (ХІХ
ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басы) (Жетісу материалдары бойынша)....................
Кожабекова А.Д.
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ РЕФОРМАЛЫҚ ДАМУЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ.........................................................................................................
Жылқышыбаева Қ.Қ., Tuğba Özenç
ТАРИХ БІЛІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ..........................................................
Қабылова А. С.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ ЗАМАНАУИ КЕЛБЕТІН ӘЛФАРАБИДІҢ «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛАСЫМЕН» САБАҚТАСТЫРУ.........................................
Абенова Б.С., Аккожа М.Б.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ..............................
Сманова А.М.
ХХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ВЕНГР ХАЛҚЫ:
АВТОРИТАРИЗМНЕН ДЕМОКРАТИЯДАН ӨТУ.......................................................................
Ахметова Ж.К.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА ЖАНЫН ҚИҒАН ШАХЗАДА........................................................
Жұбанышов Б.Т., Смағұлова А.З.
ЕДІГЕ БИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰРПАҚТАРЫНЫҢ НОҒАЙ ОРДАСЫНДАҒЫ БИЛІГІ..................
Жүрсінбаев Б.А., Жанкуразова А.А.
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ.............................
275

3
6

11

15
18

22
26
29
33

37
42

46
51
57

61

65
67

73
82

87
91
95
102

Шамшиденова Ф.М.
КЕҢЕС НҰРПЕЙІСОВТЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АЛАШ ТАРИХИ
МЕКТЕБІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.......................................................................................................
Кенжан А.М., Бұлақбаева М.К.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ..........................................................................
Тулентаева К.А., Қайпбаева А.Т.
ҚАЗАҚСТАНДА ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ:
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ...................................................................................................
Исахан Ғ.Т.
ЭМИГРАЦИЯДАҒЫ ТҮРКІ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ АРХИВТЕРІН ЖИНАҚТАУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ: ҚАЗАҚСТАН АРХИВТЕРІ ТӘЖІРИБЕСІНЕН.................................................
Сәрсенбаев Б., Боздақова Ш.А.
ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ҚАРЫМ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ӘҢГІМЕЛЕР МЕН АҢЫЗ
ӘПСЕНАЛАР.....................................................................................................................................
Укубасова Г.С., Керимбек А.К.
ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН
БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ КӨЛІКТІК ЖҮЙЕЛЕРДІ
ОҢТАЙЛАНДЫРУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ..............................................................................
Тоқбергенова З.С., Данаев Е.Ә.
ТҮРІКТЕРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ....................................................................................................
Жүрсінбаев Б.А., Құрбан С.Ә.
КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМОВ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІСТІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕРІ....................
Калдыбаева С.С.
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ОНЖЫЛДЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР..............................................................................................
Абдиманов С.А., Қасымбекова М.А.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА: БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫ......
Орынханова Ж.А., Умбеталиева А.Д.
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ЫҚПАЛЫ...........................................................
Джурсунбаев Б.А., Торбеков И.С.
РОЛЬ КОЧЕВЫХ ПЛЕМЁН В ФОРМИРОВАНИИ И СТАНОВЛЕНИИ ИМПЕРИЙ
СЕВЕРНОГО КИТАЯ.......................................................................................................................
Садыкова А.К., Нурышов Ж.С., Оразбай Т.Ә.
Т. РЫСҚҰЛОВТЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЗАМАТ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫ.
Тойшубекова Ж.К.
АЛФАВИТ АУЫСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ (XX ғ. 20-30 жж.)................................
Khassanova A. Zh.
FEATURES OF SHOWING A CARTOON TO PRESCHOOLERS.................................................
Жақан Ф.Т., Танирбергенова Р.К.
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУДАҒЫ
ОДАҚТАС РЕСПУБЛИКАЛАРДЫҢ РӨЛІ (1930-1940-жылдар)................................................
Тоқбергенова З.С., Муханбекқызы Л.
АЛТЫН ОРДАНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ......................................................................................
Мырзахмет Ғ.К.
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫ..............................................................................
Еслакова А.И.
ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ «ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ
МӘНІ...................................................................................................................................................
Жағыпар А.Т.
КӨШПЕНДІЛЕР ЗАМАНЫНДАҒЫ БАТЫР АНАЛАР БЕЙНЕСІ.............................................
Садыкова А.К., Базаров Қ.Ә., Нұрбеков Б.Т.
СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ..................................
Пазилова Б.А., Оразбаева А.С.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ................................................................
Тобаджанов Р.Т.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ
276

107
110

112

116

121

127
133
137

141
146
149

152
157
161
164

165
169
173

176
179
182
186

САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ.................................................................................................
Тоқбергенова З.С., Рахимова Ш.Ә.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ ӘСКЕРИ МАМАНДАРДЫ
ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ.....................................................................................................................
Изтанатова М.Ж.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ...................................................................
Самат Сымбат., Танирбергенова Р.К.
1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХИ БІЛІМІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЯСАТЫ............................................................................................
Джунусова Р.Ж., Джунусова М.Ж.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМҒА БАҒЫТТАУ...........
Рымжанова А.Е., Мейірхан І.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ...........
Ысқақ Ұлдана., Калдыбаева С.С.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДАМУЫ ЖОЛЫНДАҒЫ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ......................................................................................
Талғат Назарбай., Танирбергенова Р. К.
ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ДІНШІЛДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ..............................................
Ташимова Л.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТЫҢ ИГЕРУДІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДА........................................
Досмурзинов Р.К.
ТРАДИЦИОННОЕ МИРОВОЗЗРЕНИЕ КАЗАХСКОГО НАРОДА: «РЕЛИКТЫ»
ДРЕВНИХ ВЕРОВАНИЙ И ОБРЯДОВ..........................................................................................
Калыгулова Ж.А.
ИСТОРИОГРАФИЯ И ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЕ ИСТОРИИ ИЗУЧЕНИЯ
ЗДРАВООХРАНЕНИЯ В КАЗАХСТАНЕ В ПЕРИОД С1867-ПО 1917 гг.................................
Хасанова А.Ж.
ДИСТАНЦИОННОЕ ОБУЧЕНИЕ – ТРЕБОВАНИЕ ВРЕМЕНИ.................................................
Қабыкенова А.Т.
ӨРКЕНИЕТ ЗАМАНЫНДАҒЫ АБАЙ ФЕНОМЕНІ.....................................................................
Cмихaн A.E.
ХAЛЫҚТЫҚ ПEДAГOГИКA НEГІЗІНДE OҚУШЫ ЖACТAРДЫ РУХAНИAДAМГEРШІЛІККE ТӘРБИEЛEУ ЖOЛДAРЫ...........................................................................
Куртеков Ербол
ҚАРАҚАМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ТАРИХЫНАН......................................................................
Ержанов Еркебұлан
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘБИГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚ
ЫРЫМДАРЫНЫҢ МӘНІ................................................................................................................
Татиев Е.Е.
ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ПЕТРОГЛИФТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.........
Ещанова А.М.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ ФОРМАСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..............................................................................................................................
Бекниязова Л.А.
ҚАЗАҚСТАНДА КӨППАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ............................................
Бассир А.М.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІ.................................................

277

189

195
199

204
209
214

219
222
224

229

233
238
240

242
247

252
255
260

265
269

Ғылыми басылым
«Нұрпейіс оқулары» аясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған
«Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздық тарихы және мемлекеттілікті нығайтудың өзекті
мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның
МАТЕРИАЛДАРЫ
17 наурыз 2021

МАТЕРИАЛЫ
Международной научно-практической конференции «Независимый Казахстан: история создания
и актуальные проблемы укрепления государственности» посвященной 30-летию независимости
Республики Казахстан в рамках «Нурпейсовских чтениий»
17 марта 2021

278
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
293
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі