400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

А.Құнанбаев 32 қара сөзі

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: «Жезкент кентінің мектеп лицейі»КММ

Күні:07.10.19 ж

Мұғалімнің аты-жөні:Муратова Г.Д.

Сынып: 10

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Отыз екінші қара сөз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

Сабақтың мақсаттары

Ұлттық құндылықтардың мағыздылығын мәтіннен үзінділер келтіре отырып, шығармашылық жазылым жұмысын ұсыну.

Бағалау критерийлері

  • Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын анықтайды;

  • Шығармашылық жұмыста мәтіннен үзінділер қолданады;

Тілдік мақсаттар

Лексикалық бірліктер:
Ғақлия- араб сөзі. «Дана сөз»,даналық маржан сөздер.

Ғақлия-көркем қарасөз,нақыл сөздің бір түрі,дүниенің құпия сыры терең таразыланған ойлар мен пікірлер,трактат.

Хұзур хасил-тыныштық,рахатшылық, Хасудшілікті-күндеу,күндеушілікті

Хирслану-ашқарақтану,қомағайлану,сараң болу.

Ғурурлық-менмендік,мансапқорлық,

Мұлахаза-ойласу,пікір алысу.

Мұхафаза-сақтау,қорғау.

Жаһатінде-барлық күшті жұмсау,тырысу.

Зинһар-қалайда,әйтеуір.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбаевтың өлеңдері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт


Дереккөздер

Сабақтың басы



5 минут







5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару

  • Кезекшімен сұхбат

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру


ІІ.Қызығушылықты ояту

Отыз екінші қара сөзінің аудионұсқасын тыңдату. Оқушылар өздеріне ерекші әсер еткен үзінділерін жазып, пікірлерімен бөліседі.

Ерекше әсер қалдырған үзінді.

Менің пікірім




Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады.

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/32-abajdyng-otyz-ekinshi-qarasozi

bilimland.kz

сайтынан қара сөзін тыңдау

Сабақтың ортасы











10 минут











10 минут













5 минут

Сұрақтарға жауап беру

  • «Толық адам» деген кім?

  • Отыз екінші қара сөзінде «толық адам» ілімі қалай көрініс табады?

  • Абайдың «толық адам» идеясының қазақ ұлттық дүниетанымындағы көрінісі қандай?

(Жауап беруде төмендегі сызбаны пайдаланады )

Толық адам

Прямая со стрелкой 2


Білім-ғылым

Прямая со стрелкой 1


Талап

Дескриптор

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Ойын дәлелді жеткізеді;

  • Ұлттық дүниетаныммен байланыстырады;




Тапсырма

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал сіз «Ұлы ғұлама тереңінен тек қана дәм таттым» деген оймен келісесіз бе? Келіссеңіз, өз ойыңызды дәлелдеп, ұрпақты оқу-білімге, үнемі ізденіске шақыратындай аманат хат жазыңыз. Хат жазуда қара сөздің міәтінен үзінділерді қолданыңыз.


Дескриптор

Жанрлық ерекшелігін сақтап хат жазады;

Мәтіннен үзінділер келтіреді;

Тақырыпты ашып жазады;

Сөз санын сақтайды; (150 сөз)




Сабақты бекіту

3 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім


Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі



Үй тапсырмасы

Отыз екінші қара сөзінен үзінді жаттау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
26 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
5648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі