жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
А.Құнанбаев шығармашылын талдау 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай поэзиясының ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың ұлы ақыны, дана Абай Құнанбаевтың поэзиясына тоқталу. Ақын өмірін жалғастыра отырып, білімін толықтыруға, ізденуге, зерттеуге ықпал жасау, бағыт беру. Оқушыларға көркем сөздің асылы – поэзиядағы Абайдың жаңа үлгілерін таныту;
Тәрбиелік: Ақын өлеңдері арқылы поэзияны сүюге, оны түсіне білуге, табиғатты аялауға, махаббатты қастерлеуге тәрбиелеу, классикалық поэзия арқылы тәлім-тәрбие беру;
Дамытушылық: Абай поэзиясының ерекшеліктерін ұғындыру, лирикаларын талдай білуге дағдыландыру, ойларын тұжырымдап айта білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, дамыта оқыту технологиясы, тест жұмысы;
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалары, слайд, Пушкиннің суреті,үнтаспа;
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, музыка, тарих;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен жұмыс, амандасып, түгендеп, сабаққа дайындықтарын байқау, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқушыларды 3 топқа бөле отырып тексеру;
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Сабағымызды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» - деген сөздерімен бастағым келіп тұр. Ия, Абай ұлы, дана, дара ақын. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты да -
көркем сөздің асылы поэзиядағы Абайдың жаңа үлгілерін таныту, ерекшеліктерін ұғындыру болып табылады.
Өнердің түрі көп. Сөз өнері, бейнелеу өнері, кино өнері, театр өнері, мүсін өнері т.б. Осы өнерлердің ішіндегі ең құдіреттісі – сөз өнері. Абайдың таңдағаны, әлпештеп, аялап, алақанға салғаны да осы сөз өнері. Сол себепті де, Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. Сондықтан да Абайдың:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Жұмыр келсін айналасы, - деп жырлаған өлеңі ақынның
бағдарламасы тәрізді, өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді. Сол сияқты, осы өлеңінде:
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты, жоқтан қармап, - деп жаңа мақсат барын жариялайды. Тыңдаушыларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге, бағалауға шақырады. Өз өнерін халық мүддесіне жұмсауды мақсат етеді.
Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ – дейді. Осы ойын тереңдете ол:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абай поэзиясы кімді болса да рухани биіктерге жетелейтіні анық.
Бүгінгі сабағымызды біздер дамыта оқыту технологиясы арқылы жүйелеп отырмыз.
«Лирика – поэзияның жаны» дейді ұлы сыншыл Белинский. Ендеше, Абай сөз жоқ лирик ақын. Өйткені, оның өлеңдерінің денің лирика құрайды. Абай лирикасын бірнеше бөліктерге бөліп қарауға болады:
І. саяси-әлеуметтік лирика – оған қандай өлеңдері жатады? («Болыс болдым мінеки», «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым», «Адасқанның алды жөн», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» т.б.)
Мысалы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты өлеңінде өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп, дерттеніп, «қалың елі – қазағының» халіне жаны аши сөйлеген ақын бейнесін көреміз. Ел ұйтқысын бұзған, оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген көзқарасын:
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқпа елдің сиқың? – деген жолдардан анық
байқауға болады. Немесе «Сегіз аяқ» өлеңінде:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын,- деп қазақ өмірімен
байланысты мәселелердің әрқайсысына, өмір шындығының бетін ашып қана қоймай, одан шығудың жолдарын да қарастырады. Олай болса, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңімен, «Сегіз аяқ» өлеңінің тыңдап көрейік.
Ал, «Болыс болдым мінеки» өлеңін Абай Күлембай деген болысқа арнаған. Бірақ оның бойына ақын өз дәуіріндегі ел билеушілерге тән сипаттарды түгел жинақтаған. Оларды өз ортасынан бөліп алып, арнайы әшкерелейді. Өз ортасындағы осындай жағымсыз құбыластарды сынауда Абайға Салтыков-Щедрин үлгі болған. Арман мен Дархан бізге «Болыс болдым мінеки» өлеңін оқып берсін.
ІІ. Махаббат лирикасы. «Махаббат – өлімнен де күштірек» деп Мопассан жай айтпаған. Абай да мұны терең түсінген. Ақынның Отанына деген сүйіспеншілігі, махаббат, достық туралы сөздері осыны аңғартады.
Махаббат, достық – шексіз нәрсе. Сондықтан да оны барлық ақын-жазушылар жырға қосты. Өз заманында Абай да осы тақырыпты қозғады.
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар – деп немесе өзінің бозбала шағында Тоғжан сұлуға арнап жазған мына өлеңі:
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде маған сендей жар табылмас,
Саған жар менен артық табылса да – деген жолдардан осыны аңғаруға болады.
Махаббат тақырыбын жазуда Абайға Пушкиннің ықпалы мол болды. Себебі, адам баласын шексіз сүйген, халық поэзиясын жақсы білген Пушкин Абай бойындағы қуатты қозғап оятты. Сөйтіп, Абай жастық сезімді Пушкинше жырлады. Оны «Көзімнің қарасы», «Қызарып, сұрланып» өлеңдерінен байқауға болады.
Пушкин шығармаларын ұзақ оқып, терең зерттей келе Абай Евгений Онегиннен сегіз өлең аударды. Олардың көбі – Онегин мен Татьяна
арасындағы хаттар. Олай болса, «Татьянаның Онегинге» жазған хатын Абай аудармасында Азамат оқып берсін.
Енді, осы Абай мен Пушкин арасындағы аударма сапасына көңіл бөлейік.
Сол сияқты, балалар, Абай Лермонтов пен Крылов шығармаларын да кеңінен аударған. Мысалы, Абай мен Лермонтов арасындағы аударма сапасына назар аударайық.
Сонымен, Абайдың махаббат лирикасы өз кезінде де, өзінен кейін де жастар арасында кеңінен тарап, халық аузындағы ең сүйікті жыр, сүйіп тыңдайтын әні болды. «Көзімнің қарасы» әнін Темірболат пен Жалғас орындап берсін.
Міне, біздер, Академик Зәки Ахметов «Абай ақындығының теңдесі жоқ, сонымен бірге ол аса дарынды сазгер» деп айтқандай, Абайдың ән құдіретінің сөзбен жеткізгісіз сырын да аңғардық.
Басылмай бір құшып сүйіп./-А (8 буынды, 1 шумақты,
4 тармақты, қара өлең ұйқасы)
Немесе:
Қара көз, имек қас, /-А
Қараса, жан тоймас./-А
Ауызың бал, қызыл гүл,/-Б
Ақ тісің кір шалмас/-А (6 буынды, 4 тармақты, 1 шумақты, қара өлең ұйқасы)
V. Бекіту. Математикалық ойын.
VІ. Қорытынды: Сонымен, балалар, Абай – атаның баласы емес, халықтың баласы. Адамзаттың Абайы. Абай бізбен бірге мәңгі, өйткені Абай поэзиясы ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды өсиет етті. Сабағымызды Абай атамыздың мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келіп тұр:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
VІІ. Үй тапсырмасы. Кесте толтыру, өлеңдерін талдау.
VІІІ. Бағалау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген