Ақыл- парасат, ерік-жігер және жүрек № 2 сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақыл- парасат, ерік-жігер және жүрек № 2 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
7сынып Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ақыл- парасат, ерік-жігер және жүрек № 2 сабақ

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: мейірімділк, қайырымдылық

Сынып – 7


Сабақтың мақсаты: - ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: : - ақыл, қайрат, жүрек тәрбиесін сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету;

- адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту ;

- айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу)

Тыныштық сәтін. «Теңіз түбіне саяхат» баяу әуен тыңдау арқылы.

  1. Үй тапсырмасын тексеру: Шәкәрімнің шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу берілген.

Мәтіндегі «Тауып айтқан мініңді өзгертуден тек пайда ғана аласың, түзелесің, түрленесің, өзгересің, адамшылыққа жетесің» деген ойды қалай түсінесіңдер?

Руханилыққа, адамшылыққа талпыну парасаттылыққа апара ма? Неліктен?

Мәтіндегі автордың айтқан «Өз мініңді мойындап, оны түзеуге талпыну» адамға қандай игіліктер сыйлайды деп ойлайсыңдар?

Шәкәрімнің айтқан ақылынан парасаттылыққа тән қасиеттерді іріктеп алып, айтып беріңдер.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.



3. Дәйексөз:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек»- деген Абайдың қара сөзін оқушылар назарына ұсыну және жаттау. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Әл-Фарабидың сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.



АКТ-ны пайдалану.

  1. Әңгімелесу (сұхбат)

Әл-Фараби

«Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан- жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат» деген ойын талқылау

Әл-Фарабидің ойын талқылау арқылы сабақты аша түсу.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Өнер туындыларымен танысып, «Парасатты тұлғалар» немесе «Парасатты ұлт» тақырыбында пікір алысу жүргізіңдер.

Абайдың портреті. Әбілхан Қастеев. 1954 ж

Шоқан Уәлихановтың портреті. Әбілхан Қастеев. 1951 ж

Бауыржан Момышұлы. Әбілхан Қастеев. 1943 ж.


2. Өзің «Парасатты» деп санайтын адамдардың бірімен сөйлесіп, сұхбаттасып парасаттылықтың сырын және ол адамның бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, анықтап, дәптерге жаз. Түйген ойыңды сыныптастарыңның пікірімен салыстырып, қорытынды жасаңдар.

3. Мәтінді оқыңдар. Мәтінді жағдаятқа айналдырып, өз ойларыңмен толықтырып, рөлге бөліп орындаңдар.

Абай мен Әбіш

Ел аузынан

  1. «Жерұйық» фильмін кӛріп, фильмнің «Жерұйық» деп аталу себебін, ондағы адамдар мен халықтың бойындағы парасаттылықты тауып, әңгімелеңдер. Фильмдегідей қайырымды, пайдалы істер жасай алатындарыңды ойластырыңдар. «Асар» тобын құрып, «Көзге түсу үшін емес, адамдарға риясыз қуаныш сыйлап, пайда келтіру үшін жұмыс істейміз» деген мақсатпен өз ұзақ мерзімді жобаларыңның жоспарын дайындап, іске асырыңдар.

Қорытындылау

Парасатты адам – ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, ақиқатқа талпынады. Әрбір істе көрегенділік пен зерделілік, байыптылық пен байсалдылық танытып, дұрыс әрекет жасайды. Ешкімге оймен, сөзбен, іспен қиянат жасамайды. Адамшылық, кісіге пайда тигізу, ел қамын ойлау деген сияқты жақсы ой, таза ниетте болып, айнала қоршаған ортаға риясыз қызмет етеді.


Баяу әуен қойылады.

Постер, маркер,сызғыш, қаламсап.

6. Топпен ән айту. Ойлан, балам

Сөзін жазған Шөмішбай Сариев

Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев

Ойлан, балам,

өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

АКТ-ны пайдалану.

Әнді бірге шырқау рақылы балалар өз көңіл –күйлерін көтере түседі.

7.Үй тапсырмасы.

Шәкәрімнің ұждан туралы берілген шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу


Шығарманы оқып келу.

Күнделікке жазып алу.


8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

АКТ-ны пайдалану.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі