Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ақыл көркі-тіл,тілдің көркі сөз"

Материал туралы қысқаша түсінік
көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Ақыл көркі -тіл,тілдің көркі-сөз»

Тәрбиешілермен сайыс

«Басқаларды оқытып,үйретуі нәтижелі болсын десе,ең

әуелі педагогтың өзі оқуы керек.

Оқығанда да әбден қартайғанша оқуы тиіс. :

Е.О. Патон


Тақырыбы: «Ақыл көркі -тіл,тілдің көркі-сөз» сайысы.
Білімділік: Тәрбиешілерді халқымыздың асыл сөздері мақал - мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу.
Дамытушылық: шапшаңдыққа, ептілікке төселдіру, тіл байлық - тарын арттыру.
Тәрбиелік: Тәрбиешілерді туған елін, жерін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Шешендік сөздер, мақал - мәтелдер жазылған слайдтар
Жоспары:
1. - тур Кім жылдам
2 .- тур Жалғасын тап
3. - тур Мағынасын түсіндір
4 .- тур Аударып көр
5 .- тур Көрермен көзайымы
6 .- тур Үй тапсырмасы. «Талмай ізденген таппай қоймайды». (Суреттерде бейнеленген заттарға мақал айту
7. - тур Қорытындылау
Сайыс барысы:

Жүргізуші: Құрметті әріптестер! тәрбиешілер!

Бүгінгі балабақшамызда Болашаққа бағдар « Рухани жаңғыру аясында

« Білім мен тәрбие» кіші бағдарламасы негізінде өткізгелі тұрған

« Ақыл көркі -тіл,тілдің көркі-сөз» атты тәрбиешілер арасында мақалдар сайысына қош келдіңіздер!

Шараның әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Балабақша директоры Г.О Шабаева, балабақша әдіскері: А.Балтабаева, балабақша ның орыс тілі маманы: Р. Төлеева

Сайысқа екі топ қатысады. Бүгінгі біздің ойынымыз6 турдан тұрады. Ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтемін.

Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазынаның бірі- мақал-мәтелдер.Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, жинақталған, өтімді түрде айтылатын күрделі ойдың қорытындысы, бейнелі тіл байлығымыз. Қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, мақал –мәтелдердің шығуына негіз болған. Мақал- мәтелдердің бала тәрбиесінде маңызы өте зор.



1-тур Кім жылдам

2-тур Жалғасын тап

3-тур Мағынасын түсіндір

4-тур Аударып көр.

5-тур Көрермен көзайымы

6-тур Әріптермен жұмыс

7-тур Үй тапсырмасы. “Талмай ізденген таппай қоймайды”

Суреттерде бейнеленген заттарға байланысты мақал айту.

Әр команда қарсы команданың салған суретімен жұмыс жасайды
Суреттерде бейнеленген заттарға байланысты мақал айту.

Қорытынды

Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл” Әр тәрбиеші өз аттарын, ұрандарын таныстырып өтеді.

Топтарды ортаға шақырамыз. «Тапқырлар» «Алғырлар» тобы. Топ жетекшілерімен танысайық.

1-ші топ «Тапқырлар» жетекшісі, - Искакова А

2-ші топ «Алғырлар» жетекшісі,-Төлеева Р.

Топ ұраны

«Салемдесу» .


1-топ Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.


ІІ-топ.

Арманмандарға қол созумен келеміз,

Өмір-теңіз жүріп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.


Жүргізуші: Жарайсыңдар. Топтардың салемдесуін қабылдадық топ ұранына кезек берейік.

І-топтың ұраны:

Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады.

ІІ-топтың ұраны:

Оқы да біл,

Ойна да күл.


(Бір-бірімен қол алысып,орындарына жайғасады.)

Жүргізуші: Жарайсыңдар,дайын болсаңдар сайысымызды бастайық.
1 - тур. «Кім жылдам» - деп аталады. Бұл турда әр топтан бір тәрбиешіден шығып, таңдаған тақырыптары бойынша мақал айтады. Әр мақалға 10 ұпайдан беріледі.

Әділ қазылар алқасы бағаларын көрсетіп жіберсеңіздер.
2 - Тур
«Жалғасын тап». Мақалдың жалғасын табу, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі

І-топқа:

1. Көзі соқырдан қорықпа,...(Көңілі соқырдан қорық).
2.
Әдептілік, ар-ұят,-Адамдықтың  белгісі.(Тұрпайы мінез, тағы ,жат-Надандықтың белгісі).

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,...(Егін екпесең, жерге өкпелеме).

4.
Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді: (Атадан жаман ұл туса,Елінің малын жейді)

5. Егіннің жайын еккен білер(Арбаның жайын жеккен білер).

6. Жат елдің жаксысы болганша, ( Өз еліңнің сакшысы бол.)

7. Есік алды тау болса, Ерттеп қойған атпен тең. (Ауылыңда қария, Жазып қойған хатпен тең).

8. Есі бар жігіт елін табар, ( Есі жок жігіт жаттың отын жагар.)

9. Ер картайса, казаншы болады, (Бүркіт картайса, тышканшы болады)

10. Токтығында жараспаған, (Аштығында караспайды.)

ІІ-топқа

  1. Ынтымаксыз елді –Ұрысы билейді (Ынтымакты елді –Дұрысы билейді.)

  2. Токтығында жараспаған, (Аштығында караспайды.)

3 Ер даусыз болмайды, ( Ер жаусыз болмайды.)

4. Жау жокта батыр көп, (Дау жокта акыл көп. )

  1. Акылсыз адам айкай келеді, Жан-жағын жайпай келеді.
    (
    Акылды адам жай-жай келеді, Жан жағын байкай келеді.)

  2. Болар адам – он бесінде бас болар, (Болмас адам – кырык бесінде жас болар.)

  3. Сактыкта корлык жок, (Сәлемде зорлык жок.)

  4. Балалығыңды сағынсаң,Нағашыңа бар.(Жігіттігіңді сағынсаң,Кайныңа бар.)

  5. Түйе ботасымен жарасты, (Тамак батасымен жарасты. )

  6. Сыйыр сыйпағанды білмейді, (Жаман сыйлағанды білмейді.)


3 тур. «
Мағынасын түсіндір». Бұл турда әр команда өзіне берілген мақалдардың мағынасын ашып, түсіндіріп берулері керек.
1. Жаста оқыған оқуың, тасқа жазған сөзбен тең
Қартайғанда оқыған оқуың мұзға жазған сөзбен тең.

2. Еңбекке бейім болсаң,
Қатарыңнан кейін болмассың.

3.Керек тастың ауырлыгы жок,
Барар жердің алысытығы жок.

4. Жаксы сыйлағанның кұлы,
Жаман корыкканның кұлы.

.
5 тур.
Аударып көр. Бұл турда орыс тілінде оқылған мақалдың қазақша баламасын табу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балдан беріледі.

1. Кто молоко украл – тот спасся,
Кто чашку облизал – попался.
2. Две головы бараных целиком,
Не умещаются в котле одном.
3. В родной долине лучше прахом быть,
Чем на чужбине падисшахом быть.
4. Даже мышка, что жива,
Лучше мёртвого льва.

5 тур. Көрермен көзайымы.                       

Тіліп түсер нар кескен, Сөз  өткір жебе тау кескен”

1.Берілген сөздерден көрермендер мақал құрастырады.(ата, гүл,бала,жақсы,еңбек,өзен, Отан,       ат, ер батыр, тас, ел, ана).


4 тур. Үй тапсырмасы. “Талмай ізденген таппай қоймайды”

Суреттерде бейнеленген заттарға байланысты мақал айту.

Әр команда қарсы команданың салған суретімен жұмыс жасайды
Суреттерде бейнеленген заттарға байланысты мақал айту.
Әр команда қарсы команданың салған суретімен жұмыс жасайды



Жүргізуші : Жарайсыңдар,осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті.

Марапаттау кезеңі: жеңімпаз топты анықтап, жүлделерін тапсыру және келесі топқа ынталандыру сыйлықтарын беру.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12