жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақыл-ой мен ақындықтың киесі –Абай (Ұлы ақынға арналған сайыс)
Ақыл-ой мен ақындықтың киесі –Абай
Төлеков Әуелбай Жұмағалиұлы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні оқытушысы
Мақсаты: Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көздерін жеткізу, даналық сөздеріне талдау жасату, шығармашылық жұмысқа баулу. Оқушылардың ой еркіндігін, байқампаздығын, эстетикалық сезімін ояту, сөйлеу мәдениетін дамыту, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу. Ойшыл ақынның даналық сөздері арқылы жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Түрі:
сайыс
Өту барысы:
«Ақыл-ой мен ақындықтың киесі –Абай» (слаид көрсету)
1-жүргізуші:
Парасатты
болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән
мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның
Абайы.
2-жүргізуші:
Нақылымен
сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен
дана болған,
Бүкіл әлем Абайы
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті өлең сүйер, өнер сүйер қауым!
2-жүргізуші:
Армысыздар ардақты көрермен !
1-жүргізуші:
Қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының
данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты
бойына жинаған тамаша суреткер Абай
Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына
арналған «Ақыл-ой мен ақындықтың киесі
–Абай» атты сайысымызға
1-2 жүргізуші бірігіп: қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен
бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз
алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа
үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен
шықса да бұқарашыл тілектегі халық
ақыны болды. Ол шығармаларында сол
халықтың мүддесін, арман - мұңын
жырлады.
2-жүргізуші:
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой
алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді
деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз шалдырған,- деп төрелігін
өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен
де, жалынды жырымен де бізбен бірге
жасасып келеді.
1-жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы топтармен таныс болыңыздар
1-топ «Талап» тобы
2-топ «Еңбек» тобы
3-топ «Қанағат» тобы
2-жүргізуші:
Сайыстың
шарты:
1-кезең
«Абай шығармаларындағы
рухани әлем» сұрақ -
жауап (сұрақтарға жауап беру, әр дұрыс
жауап- 1 ұпай)
2. «Өлең
-сөздің патшасы, сөз сарасы»
( Ақын өлеңдері мен аудармаларын мәнерлеп
жатқа оқу) 5 ұпай
3. Үй тапсырмасы «Жыр жазамын Абайдың үлігісімен» ( ақынға арнау, эссе, хат т.б жазу) 5 ұпай
4. «Асыл сөзді іздесең , Абайды оқы ерінбе» (Ақынның мақал-мәтелге айналған өлең жолдарын жалғастыру, әр жауапқа 1ұпай )
1-жүргізуші:
Бүгінгі сайысқа баға беруші әділ-қазылар алқасы
1-топ «Талап» тобы
2-топ «Еңбек» тобы
3-топ «Қанағат» тобы
2-жүргізуші:
Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген
жаңалықтар көп. Абай-қазақта суретті
сұлу сөздің атасы, терең сырлы, кең
мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ
өлеңіне үлгі, өрнек берген-Абай. Олай
болса, сайысымыздың 1-кезеңі «Абай
шығармаларындағы рухани әлем» атты
сұрақ – жауап кезеңіне
береміз. Әр топқа 5 сұрақ, әр дұрыс
жауапқа - 1 ұпай
1-топ
Абай атамыз атап көрсеткен бес дұшпанды атаңыз ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ)
2.Ақын орыс ақындарынан кімнің шығармаларын аударған? (Лермонтов, Пушкин, Крылов)
3. 1855-1858 жылдары Абай оқыған медресе ( Ахмет – Риза )
4.« ...Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім» -деген өлең жолдары қай өлеңінен алынған? («Жасымда ғылым бар деп ескермедім» )
5. Ұлы ақынға арналған «Абай-қазақтың бас ақыны» деген мақала авторын атаңыз (Ахмет Байтұрсынұлы)
6. Абайдың руы. (Тобықты)
7.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
8. Алғашқы қар жауған кезде аңға шығу сәтін суреттеген өлеңін атаңыз («Қансонарда бүркітші шығады аңға»)
2-топ
Абай атамыз атап көрсеткен бес асылды атаңыз ( талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Абайға екінші атты берген кім? (әжесі )
Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдарын атаңыз (1845-1904ж)
«... Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй!» -деген өлең жолдары қай өлеңінен алынған? («Құлақтан кіріп бойды алар» )
Бес арыстың бірі, Абай атамыздың ақын немере інісінің атын атаңыз (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
Мұхтар Әуезов Абай туралы қандай роман жазды? («Абай жолы-роман эпопеясы»)
«Көзімнің қарасы» өлеңін Абай кімге арнаған? (Әйгерімге)
Аттың сынын суреттеген өлеңін атаңыз («Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»)
3-топ
Абай әндерін атаңыз ( «Көзімнің қарасы», «Желсіз түрде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ»)
2. Ақынның неше қара сөзі бар? (45)
3. Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим)
4. Ақынның туған жері (Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау жерінде)
5.
...Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
» -деген өлең жолдарын қай өлеңінен
алынған?
(«Жазғытұры»)
6. Абайдың поэмаларын атаңыз . («Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».)
7. Абай «Татьянаның Онегинге жазған хаты» шығармасын кімнен аударған? (Пушкин)
8. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
1-жүргізуші:
Өлең
- сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан
қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,
жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр
келсін айналасы.
2-жүргізуші: Ендеше, 2-кезең «Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталады. Бұл кезеңде студенттер ақын өлеңдері мен аудармаларын мәнерлеп жатқа оқиды. Жоғары ұпай- 5 ұпай
1-топ «Талап» тобы
2-топ «Еңбек» тобы
3-топ «Қанағат» тобы
1-жүргізуші:
Әр сөзің өнеге ғой ұрпағыңа,
Теңеймін мен өзіңді биік шыңға.
Арманым болмас еді бұл өмірде,
Сіз секілді кіре алмас жыр бағына.
2-жүргізуші: 3-кезең Үй тапсырмасы «Жыр жазамын Абайдың үлігісімен» ақынға арнау, эссе, хат түрлерін оқу. Жоғары ұпай- 5 ұпай
1-топ «Талап» тобы
2-топ «Еңбек» тобы
3-топ «Қанағат» тобы
1-жүргізуші:
Құлақтан
кіріп бойды алар
Жақсы әнмен тәтті
күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді
сүйсең , менше сүй ,-деп Абай атамыз
жырлағандай, ұлы ақынның «Желсіз
түнде жарық ай» әнін
қабыл алыңыздар
2-жүргізуші:
Асыл сөзді іздесең ,
Абайды оқы, ерінбе !
Адамдықты көздесең,
Жаттап оқып, тоқы көңілге! –деп Сұлтанмахмұт айтқандай,
Абай-туған халкының, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.
1-жүргізуші: Олай болса, 4-кезең «Асыл сөзді іздесең , Абайды оқы ерінбе» деп аталады. Бұл кезеңде ақынның мақал-мәтелге айналған өлең жолдарын жалғастыру, әр топқа бес сұрақ, әр жауапқа -1ұпай
1-жүргізуші:
1-топ
1.Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.)
2. Өлең жолдарын жалғастырыңыз.
Әсемпаз
болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң –
арқалан.
( Сен де бір кірпіш
дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан)
3. Сақалын сатқан кәріден, (Еңбегін сатқан бала артық)
4.Қара
сөздерінен: «Жаман дос - көлеңке, басыңды
күн шалса, (қашып құтыла алмайсың, басыңды
бұлт алса, іздеп таба алмайсың...»)
5.
Тамағы тоқтық, (Жұмысы жоқтық, Аздырар
адам баласын.)
2-жүргізуші:
2-топ
1. Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, (Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.)
2. Өлең жолдарын жалғастырыңыз.
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
(Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.)
3.Қара сөздерінен: Адамның адамшылығы –( ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.)
4.
Еңбек етсең ерінбей, (Тояды қарның
тіленбей)
5. Қайратсыз (ашу – тұл,)
тұрлаусыз (ғашық –тұл), шәкіртсіз (ғалым
–тұл.)
1-жүргізуші:
3-топ
1.Досы
жоқпен сырлас , (досы көппен сыйлас. )
2.Өлең жолдарын жалғастырыңыз.
Ақырын жүріп анық бас,
(Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.)
3.Қара сөздерінен : «Тегінде адам баласы адам баласынан (ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.»)
4. Тіл өнері (дертпен тең.)
5. Сөзіне қарай кісі ал, (Кісіге қарап сөз алма.)
2-жүргізуші: Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
1-жүргізуші:
Көрерменмен
жұмыс «Абай жаққан сәуле сөнбеу үшін...»
(
Логикалық тапсырмалар)
1. Абай
балаларын медресеге не үшін берді?
(-
Баламды медресеге біл деп бердім)
2.
Шешендігі жөнінде өзін қалай бағалады?
Өзім де басқа шауып, (төске өрледім,
Қазақта
қара сөзге дес бермедім)
2-жүргізуші:
3.
Абай сөз өрнегін өре алды ма?
(Толғауы
тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең
өзің біл,
Өткірдің жүзі,
Кестенің
бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.)
4.
У ішкен күндері болды ма?
(- Мен ішпеген
у бар ма?)
5. Ол жалғыз
ба еді?
(Жоқ.. Атадан алтау, Анадан
төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ)
1-жүргізуші:
Қазылар орнықтырар
әділдікті,
Кімдердің дайындығы кәміл
шықты.
Білім мен тапқырлықтың
арқасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты.
Әділ-қазылар
алқасына сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші: Абай жолы – халық жолы. Абай атамыз қашанда келешектің өлмес, өшпес күн шуағы.
1-жүргізуші:
Қазақтың
асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп
еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай –
ұлы себебі!
2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген