Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақыл парасат, ерік-жігер және жүрек

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсариннің білім беру жүйесіндегі прогрессивті педагогикалық идеялары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ыбырай Алтынсариннің білім беру жүйесіндегі

прогрессивті педагогикалық идеялары

 

Қазақ даласындағы алғашқы ағартушы педагог - Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының білім көкжиегінің кеңеюіне, рухани-мәдени жағынан гүлденуіне, экономикалық дамуына игі ықпал етті.

ХІХ – ХХ ғасырларда Қазақ елі Ресей империясының құрамына толық енгеннен кейін қазақ даласын басқаруға тәжірибелі қазақ шенеуніктері қажет болды. Сондықтан қазақтарға арнап орыс- қазақ бастауыш мектептері ашыла бастады. Осындай мектептердің бірінде Ыбырай Алтынсарин де білім алды. Ерте жетім қалған Ыбырай атасы Балғожаның тәрбиесінде болады. Балғожа Жаңбыршин ел басқару ісінің шебері, би, аса бай адам болған. Немересін жасынан адалдыққа, тура сөйлеуге, шешендікке баулиды. Ыбырай өзі де табиғатынан алғыр, зерек, еңбекқор болды. [1]

Ыбырай оқыған мектепте жаратылыстану, гуманитарлық пәндер оқытылған: ана тілі, орыс тілі, татар тілі, география, арифметика, геометрия, ән-күй, гимнастика. Бұл мектепте баланы қорқытып, сескендіруге тыйым салынған, қорыққан баланың тілі кекеш болады деп білген, балаларды шындықты бағалай білуге, еңбекті қадірлей білуге кішіпейіл, ұқыпты болуға шақырған.

Ыбырай Алтынсариннің прогрессивті педагогикалық идеялары ХІХ ғасырдың екінші жартысында демократиялық орыстың қоғамдық ой-пікірлерінің ықпалымен қалыптасып, өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шамшырағын жақты, педагогтік-демократиялық көзқарастың негізін салды.

Тәуелсіз ел тірегі - білімді, еңбекқор ұрпақ екені даусыз. Білімсіз елдің ертеңі жоқ екені айдан анық. Білім беру ісі қазірдің өзінде де өзекті мәселе. Болашақ маман:

  1. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланған, әр түрлі мәселелерді өздігінен шеше алатын, алған білімін пайдалана білетін;

  2. Шығармашылық пен кез келген жағдайда дұрыс әрекет ете білетін, жаңа технологияны игеруге қабілетті;

  3. Адамдардың әр түрлі топтарымен тиімді карым-қатынас орната білетін, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланған болуы керек.

Атақты ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деген сөзі бәрімізді қатты ойландыруы керек. Ұлттың рухани-экономикалық, әлеуметтік тұрғыда өсіп- жетілуі білімнің мазмұндылығы мен маңызына, оған деген көзқарасқа тікелей қатысты. Ал жеке тұлға мен қоғам кұндылықтарын калыптастыру барлық кезеңдерде өзекті мәселе болып келгені мәлім. Олай дейтініміз, осы рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы ғұламалар, ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин өз еңбегінде құнды ой-пікірлерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. [2]

Ғасырлар қойнауынан жеткен жәдігерлердің өнегелік сипаттарын, тәлімдік тәсілдерін тиімді қолдансақ, ғибраттың нағыз кайнар көзінен сусындаймыз. Ыбырай Алтынсарин еңбектеріңде баланы елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа, еңбек етуге тәрбиелеудің ұлт табиғатына лайық небір тамаша әдістері ұсынылады. Себебі, Ыбырай бүкіл өмірі, еңбектері, негізінен үлгілі-өнегелі адам тәрбиелеу ережесі десе болады. Ыбырай Алтынсарин мұрасын «мәңгілік өнеге мектебі» дейміз. Ыбырай шығармаларындағы терең ойды мұғалім өзі терең түсінгенде ғана баламен жүгізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ.

Қоғамның санасын Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйемен баяндап, эстетикалық таныммен пәлсапалық қағидаларымен тұжырымдап отырды.Қазіргі таңда ұстаздың сабағында жаңа технология әдіс-тәсілдері оқушыларды ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын еркін айтып қорғай білуге, әдептілікке, жауапкершілікке, өнерге, еңбектенуге үйретеді.

Білім берудегі демократиялық, ізгілендіру, ынтымақтастық идеясы, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертті. Мұнда мұғалімнің кәсіби-әдістелік шеберлігінің маңызы зор. Қазіргі жаңалық деп жүрген ынтымастық, ізгілендіру идеясын сол кездің өзінде-ақ Ыбырай Алтынсарин қалыптастырған болатын. Ыбырай Алтытынсариннің ізгі ойлары, талғамы, педагогикалық идеялары көптеп саналады.

Педагог қазақ халқының өзіне тән ұлттық-тәрбие үрдістерін ағарту ісімен ұштастыра отырып, бүгінгі педагогика саласындағы бірнеше бағыттардың негізін салды. Халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесі негізінде ол Қазақстандағы ұлттық мектептердегі оқыту ісінің әдістемесінің іргетасын қалады. Ол Қазақстандағы мектептердегі оқыту, білім беру ісін бір жүйеге келтіруді талап етіп, соны белгілі жолға қойды. Оның жаңашыл әдістерінің бірі - оқытудағы оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып, орыс тілін меңгеру болса, оқу үрдісіндегі жаңашыл идеясының бірі – оқулықтар мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде жасау болды. [3]

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылыммен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.

Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларында  адамның бойындағы ұлы қасиет – адамгершілік, рухани тәрбиенің маңыздылығын ең басты құндылық деп санады. Ыбырай әңгімелерінің құрылымы, мән-мағынасы, тәрбиелік мәні бала санасына ерекше әсер етіп, баланың қызығушылығын оятып, баланың бойына тереңінен тәрбие нәрін құйып, қоғамда адамгершілігі жоғары адамдар қалыптастырады. «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі», «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені»  деп келер ұрпаққа тәрбие беріп, адал ниет,  ақ тілек  білдіріп отырған. Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»,- деп бекер айтылмаған. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Әдебиет» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.

«Әдебиет» арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, ұлттық құндылықтарымызды құрметтейтін, бір - біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиеленеді. Ы.Алтынсарин өзінің барлық оқулықтарында, әдістемелік еңбектерінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін көтеріп, өзектілігін шешуге ұмтылады және қазақ халқына білім берудің рөлін және оның маңызын, оның әлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін көрсетеді. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол.

Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.

Ыбырай Алтынсарин - Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлесін қосқан, алғашқы ұстаз. Жаңа мектептер ашып, жаңаша білім беру жүйесін құруға еңбек сіңірген ұстаз. Қазақтың оқу-ағарту саласының апостолы Ы.Алтынсарин мұраларын көздің қарашығындай сақтап, оны «ұстаздардың ұстазы» деп қастерлеу, құрмет тұту-біздің абыройлы міндетіміз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Іргебаева Н. Ыбырайдың ұрпақтары байдың тұқымы ретінде қуғындалған . // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. —— № 17 (77). — 7–9 б

  2. Азмұханова А. Ұлт ағартушылары жəне ұлттық мүдде // Қазақ тарихы. — 2011. — № 4 (109). — 11–13-б

  3. 2.     «Қазақ тілі мен әдебиет » журналы. 2019ж, № 4,5





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2021
444
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12