400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ақылды аң

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасқырлар өте ақылды. Олар топтасып өмір сүреді, бірін-бірі қорғайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп:

Күні: 22.04.2022ж

Сынып: 4 а

Сабақтың тақырыбы

Ақылды аң

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру, кесте толтыру/кластер құрастыру.

4.2.4.1 Жазбаларды қолданып, тақырыпты болжайды

Сабақтың мақсаттары

Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, сөйлемді толықтырады және түйінді тұстарын анықтап, кесте толтырады, кластер құрастырып, болжайды.

Бағалау критерийлері

1.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

2.Мәтін бойынша сөйлемді толықтырып жазады, оқиды.

3.Мәтін бойынша кластер құрайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

Сұрақ құрастыруда:

Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сенің пікіріңізше ....

Құндылықтарды дарыту

  • Ынтымақтастықта жұмыс жүргізу;

  • Қоршаған ортаны қорғау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарын пайдалану

Бастапқы білім

Қасқыр туралы біледі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

І Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Жарайсыңдар балалар!


Тренинг Психологиялық ахуал: «Нейро жаттығу» тренингі. Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі, амандасады.

Топқа бөлу: оқушыларға аты жазылған қағаздар арқылы І, ІІ (көкбөрі,арлан )топқа бөлінеді.


ІІ Үй тапсырмасын сұрау.Word Wall -әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.

1.Киік қандай жануар?

2.Киіктер неге ұқсайды?

3.Киіктер немен қоректенеді?

4.Грамматикалық тақырып антоним туралы сұрау. (Word Wall).

Мұғалімнің мадақтамасы (Жақсы! Тамаша! Керемет!)


ІІІ Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Қасқыр туралы видео көрсету.

1.Қандай аң көрдіңдер?

2.Қасқыр қандай аң?

3.Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

4.Тағы қандай аңдарды білесіңдер?

5.Қандай ертегілерде біз қасқырды кездестіреміз?

Мұғалімнің мадақтамасы (Жақсы! Тамаша! Керемет!)


Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін айту.

1.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

2.Мәтін бойынша сөйлемді толықтырып жазады, оқиды.

3.Мәтін бойынша кластер құрайды.

Сөздік жұмыс. Жаңа сөздер («Із» туралы түсіндіргенде, оны пысықтау үшін оқушыларға таныс жануарлар мен құстардың ізін көрсетіп, ажыратқызуға болады)

Үйір – стая

Жорыққа – на охоту

Шығу – выходить

Қоректену – питаться

Із қалдыру – оставить след

Жалғыз – один

Қасқырдың сырттаны – вожак волков

















Түрлі түсті үшбұрыш, дөңгелек



Қар кесегі






Видео



Суреттер Слайдтар









Слайдтар





Слайдтар




Сабақтың ортасы


25 минут




























Тыңдалым. Оқылым. Айтылым.

Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді тыңда. ТЖ

Қасқырлар өте ақылды. Олар топтасып өмір сүреді, бірін-бірі қорғайды. Жорыққа шыққан кезде ең алдында кәрі, ауру қасқырлар жүреді. Қалған қасқырлар алға шықпайды. Осылайша кәрі қасқырлар топтан қалып қоймайды. Олардан кейін ең мықты қасқырлар жүреді. Қалған қасқырлар ортада болады. Ал қатардың соңында тағы бір топ күшті қасқырлар жүреді. Ең соңында топтың басшысы жалғыз болады. Ол топты бақылап жүреді. Қасқырлар Қасқыр – дала санитары, өткені олар, әлсіз, ауру аңдармен қоректенеді.

Дескриптор:

- Мәтінді түсінеді .

- Сұрақтарға жауап береді

Мұғалімнің мадақтамасы (Жақсы! Тамаша! Керемет!)


2-тапсырма. «Educaplay»платформасы арқылы мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Мәтін не туралы?

а) Жыртқыш аң туралы

ә) өсімдік туралы

б) құс туралы

2. Қасқырды неліктен «Дала санитары» деп атайды?

а) олардың тұмсығы иісті жақсы сезеді.

ә) олардың тырнақтары өткір болады.

б) олар ауру жануарлармен қоректенеді.

3. Қасқырлар немен қоректенеді?

а) жануарлармен

б) өсімдіктермен

в) құстармен

Дескриптор:

- сұрақтарға жауап беру. /1/

3-тапсырма. Жазылым.

Сөйлемдерді толықтырып жазу.

Бос орындарға керекті сөздерді жазып, оқу.

Керекті сөздер: кәрі, ауру, мықты, күшті, қасқырдың сырттаны.

Дескриптор:

- берілген сөйлемдерді оқиды.

- бос орындарға керекті сөздерді қойып жазады, оқиды. /4/

Мұғалімнің мадақтамасы (Жақсы! Тамаша! Керемет!)


Сергіту сәті:

https://youtu.be/deHGOsnCwDA


4-тапсырма. Екі топқа «Жеті лақ», «Қызыл телпек» ертегісінен үзіндіні сахналау.

І-топқа: «Жеті лақ».

ІІ-топқа: «Қызыл телпек».

/1/

5-тапсырма. Сұраққа жауап беру. ТЖ

Қасқыр қандай аң?

қауіпті жабайы

жAutoShape 1 AutoShape 2 AutoShape 3 AutoShape 8 ыртқыш ақылды /3/

Дескриптор:

- сұраққа жауап береді

- кластер толтырады

- кластер қорғайды

6-тапсырма.Сөзжұмбақты шеш.


Тігінен:

1. «Біреу» сөзінің мағынасы – жалғыз.

2. Айналаны қарау – бақылау.

3. Қасқырлар тобының басқаша атауы – үйір.

4. «Жас» сөзіне қарсы мәндес сөз – кәрі.

5. Қасқыр терісінен тігілетін киім – тон.


Көлденеңінен:

1. Дала жануарының басқаша атауы – жабайы.

2. «Тамақтану» сөзімен мәндес сөз – қоректену.

3. Қасқыр қандай аң – ақылды. /1/

4. Қасқырдың табанынан қалған сурет немесе таңба – із.



7-тапсырма. «Көңілді шарлар» ойыны арқылы сабақты қорытындылау.

















Слайдтар
































Дәптермен жұмыс















Слайдтар




























Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: 124 бет. Жаңа сөздер жаттау.


Рефлексия




«Алма ағашы»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Кері байланыс

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
19.05.2023
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі