|
Ой
қозғау
КӨКЖИЕГІ АЙҚЫН ҚҰСТЫҢ
ҚАНАТЫ ТАЛМАЙДЫ
|
«Көк жиегі айқын құстың
қанаты талмайды» -бұл қазақтың халық
даналығынан алынған нақыл сөздердің бірі. Бұл сөз адамның
арман-мақсаттарың айқын болуын, өз жолынан таймай, табанды түрде
алға ұмтылуын білдіреді. Құстың қанаты талмайтын сияқты, адам да
өзінің мақсаттарына жету үшін еңбек етіп, өз жолынан адаспай,
талмай күреседі деген мағынаға
ие.
|
Мүғалімдер бейнебаянды көре
отырып, тақырып қояды, тұжырым
жасайды.
Бұл сөздің күнделікті өмірде
адамға өзінің мақсатына жету жолында еңбек етуге, қиындықтарға
мойымай алға ұмтылуға деген мотивация ретінде қолдануға болатынын
айтып өтеді.
|
Нақыл сөздің терең
мағынасы:
Көкжиектің айқын болуы-
мақсаттың анық, жоспардың нақты болуын
білдіреді.
Құстың қанаты талмауы- бұл
адамның қажырлы еңбегін, табандылы-ғын, қиындықтар-ға қарамастан
алға жылжуын
көрсетеді.
|

https://vm.tiktok.com/ZMkG2q47g/
|
|
Кіріспе
|
Ақылды сабақ — білім беру
сапасын көтеру тақырыбында мұғалімдермен өткізілетін коучинг
жоспары мұғалімдерге білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған
инновациялық әдіс-тәсілдерді үйретуді мақсат етеді. Бұл коучингтің
барысында мұғалімдер жаңа педагогикалық құралдарды пайдалану,
тиімді оқыту әдістерін қолдану және оқушылармен белсенді
ынтымақтастық орнату туралы тәжірибе
алмасады.
«SMART мақсат: дұрыс
бағдар-нақты
нәтиже»
S - нақты
мақсат –
сәттілікке жартылай қол
жеткізу. Бұл не деген сөз? Мұғалім осы мақсатта қандай нәтижеге
болу керек екендігін нақты білуі
керек.
М -
мақсаттар -
Smart жүйесі бойынша мақсаттар
өлшенуі тиіс. Олардың сипаттамалары болуы керек, нәтижесінде олар
мақсатқа қалай қол жеткізгенін
көрсетеді.
A -
Smart жүйесіндегі мақсаттарға қол
жеткізу қажет. Бұл сабақты жоспарлау кезінде қол жетімді ресурстар
мен оқушылардың мүмкіндіктерін (қызығушылық, білім, дағды, уақыт)
қажетті нәтижемен байланыстыру маңызды екенін
білдіреді.
R -
мақсаттар шынайы, өзекті және оқушы үшін
маңызды болуы керек.
T -
мақсатқа жету уақыты шектеулі және
нақты белгіленуі керек. Қажетті жоспар жүзеге асырылуы керек, уақыт
аралығы сақталуы
маңызды.
Білім берудің қазіргі кезеңі
мұғалімнен кәсіби деңгейін, әсіресе оқушылардың сабақтағы танымдық
іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін, жаңартылған білім
технологияларын тұтастай жетілдіруді талап етеді. Осы міндеттерді
шешу үшін оқу процесін ұйымдастыруда ұтымды технологиялар мен
негұрлым икемді тәсілдерді табуға қажеттілігі
туындайды.
|
Қысқаша Ақылды сабақтың
анықтамасы, оның оқушылар үшін пайдасы мен тиімділігі туралы
айтылады.
Сұрақ-жауап «Ақылды сабақ»
дегеніміз не? Білім беру сапасын көтеру үшін қандай әдістер мен
құралдар қажет?
Мұғалімдерге сабаққа мақсат қоюдың тиімді
жолдарын
үйренеді.
-
мұғалімдер
сабақтарына SMART
ақылды тапсырмалары арқылы мақсат қоя
біледі.
-
мұғалімдер сабақтың мақсатын нақты, өлшенген,
қолжетімді етіп
қояды.
-
дұрыс қойылған мақсат арқылы оқушылардың
сабақты дұрыс игеруіне жағдай
жасалады.
|
|


https://avatars.mds.yandex.net/i?id=8691b032f81c8b1585bd5885d8e3ba0c8e6d6d42c3bc2b33-11931026-images-thumbs&n=13
|
|
|
Ақылды сабақтың
элементтері
-тақырып бойынша
презентация:
-ақылды сабақтың құрылымы және
оның негізгі
компоненттері.
Интерактивті әдістер мен
технологиялар
Технологиялар арқылы сабақ
беру:
Қолданбалы
тапсырма:
Практикалық
тапсырма
Мақсаты: Ақылды сабақты жоспарлау мен оны жүзеге
асыру дағдыларын дамыту.
Тапсырма.
Мұғалімдерге белгілі бір тақырып бойынша қысқаша
ақылды сабақ жоспарын құру
ұсынылады.
Мұғалімдерге арналған
тапсырмалар
Бұл
тапсырмалар ақылды сабақтарды жүргізудің негізгі қағидаттарына
сүйеніп, әртүрлі пәндерге байланысты үлгі
ұсынылады.
Математика пәні бойынша
тапсырма:
Функциялар тақырыбында ақылды сабақ жоспарын
құрыңыз.
Қазақ тілі және әдебиеті бойынша
тапсырма:
Мәтіннің түрлері мен жанрларын оқытуда жаңа
технологияларды қалай қолдануға болады? Оқушылардың мәтінді терең
түсінуін қалай қамтамасыз етесіз?
Ғылыми пәндер (химия, физика, биология)
бойынша тапсырма:
Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер тақырыбын
ақылды сабақ форматында қалай жүргізер едіңіз? Қандай технологиялық
құралдарды қолданар едіңіз?
Қоғамдық пәндер (тарих, әдебиет) бойынша
тапсырма:
Әлемдік тарихтағы маңызды оқиғалар тақырыбын
талқылай отырып,. креативті ойлауын қолдайтын
әдіс-тәсілдері
ұсынылады.
"Ақылды сабақ — білім беру сапасын көтеру"
тақырыбында мұғалімдерге арналған тапсырмалар мен бағалау
дескрипторларын пәндер бойынша әзірлеу мақсатында, әр пәнге тән
әдіс-тәсілдер мен нақты бағалау критерийлерін пайдалану қажет.
Мұндай тапсырмалар мұғалімдерге сабақтың сапасын арттыру жолдары
мен әдіс-тәсілдерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
бағалау дескрипторлары мұғалімдерге білім сапасын объективті түрде
бағалауға көмектеседі.
|
Мақсаты: Мұғалімдерге жаңа
әдіс-тәсілдер мен технологияларды көрсету, оларды тәжірибеде
қолдану дағдыларын
дамыту.
Топтық
жұмыс:
Әр топқа ақылды
сабақтың белгілі бір бөлігін ұсыну (мысалы, оқушыларды топтастыру,
кері байланыс, жеке жұмыс жасау әдістері) және оларды
талқылау
Интернет ресурстарын тиімді
пайдалану (мысалы, Kahoot, Quizlet,
Padlet).
-Ақылды тақталар, мобильді
қосымшалар, бейнемазмұндарды
қолдану.
Мұғалімдерге жаңа
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қысқаша сабақ жоспарларын дайындау.
Мысалы, «Ақылды сабақты қалай жүргізуге болады?» деген тақырыпта
жоспар жасау.
Олар сабақта қандай
технологияларды қолданатындығын, оқушылардың белсенділігін қалай
арттыратынын және оқу нәтижелерін қалай бағалайтынын
анықтайды.
Сабақтың интерактивті
элементтерін енгізіп, түрлі технологияларды (Kahoot, Quizlet,
Padlet) пайдаланады
Мұғалімдер өз пәні бойынша
ақылды сабақтың жоспарларын құрып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану
жолдарын айқындайды.
Топтар өз сабақтарын бірге
жоспарлап, әрқайсысы өз ұсыныстарын ортаға салып, бірлесіп жұмыс
істейді.
Әр мұғалім өз тәжірибесінде
қолданған инновациялық әдістер мен құралдарды ортаға
салады.
Талқылау: Қандай әдіс тиімді болды,
неге? Қандай қиындықтар
туындады?
|
Талқылау
сұрақтары:
- ақылды сабақтың басты
қағидаттары қандай?
-Ақылды сабақты өткізу үшін
қандай технология-лық құралдар мен әдістер қолдануға
болады?
Әр топ есеп шығару кезінде
онлайн тест жүргізіп, оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін
бақылайды.
Мәтіндермен жұмыс жасауда
интерактивті жаттығулар мен платформаларды
пайдаланады.
Padlet қолдану арқылы пікірталас
ұйымдасты-рып, сол арқылы сабақтың тиімділігін
арттырады.
Қосымша зерттеулер мен
тәжірибелер үшін виртуалды зертханалар-ды қолдану жолдарын
талқылайды
|


|