400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақылдылар мен алғырлар. ( топтық сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖОББМ ұстаздарына және өнер мектебі ұстаздарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені







Ақылдылар мен алғырлар.

( топтық сайыс)







Өткізген:Баян және музыка пәнінің мұғалімі Андирова А.Б





30.12.1899















Сайыстың өту кезеңдері:

  1. Таныстыру.

  2. Әуенді тап.

  3. Ойлан тап.

  4. Өз өнерін көрсету.

  5. Ғұлама сөз, жаңылтпаш, мақал-мәтел.

  6. Жоғалған бөлшектерді табу.

  7. Топ басшыларға сұрақ.

  8. Ребусты шешу.

  9. Қорытынды.

Мақсаты: Оқушылардың өзара пікір талас кезінде, өз ойларын жеткізіп айта білуге дағдыландыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін іс-жүзінде шыңдау.Бір-бірін тыңдауға ұйымшылдыққа, бірлікке, ізденімпаздыққа баулып, ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыларын қалыптастыру.





Тақырыбы: «Ақылдылар мен Алғырлар»

Армысыздар құрметті көрермендер! «Ақылдылар мен Алғырлар» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі мына сайысымыз 3 топтың жарысы түрінде өтпек.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер қазылар ортамызда,

Сіздерге қошеметпен қол соғады.

Әділдікті ту еткен қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1. Ғылыми-әдістеме бөлімінің меңгерушісі: Шонбаев Жеңіс Меңдіғалиұлы.

2. Өнер бөлімінің меңгерушісі: Құсайнова Зәуреш Қайдарқызы.

3. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Рахметов Амантай Орынғалиұлы

Ал енді «Ақылдылар мен Алғырлар» сайысының бағдарламасымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 9 кезеңнен тұрады.

I.Таныстыру (Әр топ оқушылары өз топтарының атауын, ұранын, эмблемасын таныстырады)

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір сәт серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып алайық, ̶ деп әр топты өздерін таныстырудан бастайық.

Таныстыру сайысын біз бастайық.

Көрерменді бір селпілтіп тастайық

Өзіңіздің кім екеніңді атап шық,

Білгендерді ду қол соғып қостайық.

(Әділ қазы алқасынан ұпай саны сұралады)

1.Жетіген 2.Домбыра. 3.Қобыз.

Кімдер жүйрік, өнерпазын білейікші,

Жеңімпазы өнердің деп жүрейікші.

Қазыларға әділ баға беріңдер деп,

Үш топқа да сәттілік тілейікші, ̶ деп екінші кезеңімізді бастайық.

II. Әуенді тап.

Екінші шарт бізге әуенді тап дейді,

Көрермендер алға-алға шап дейді.

Ал көрелік қай топ жақсы табарын,

Білсең егер қол көтеріп шық бері.

Мұнда 2 түрлі ән беріледі. Мысалыː

I. Лирика. 1.Бір бала. 2.Қарлығаш. 3.Желсіз түнде жарық-ай.

ІІ. Балалар әні. 1.Қошақаным қайда екен? 2.Домбырасыз сән қайда? 3.Айгөлек.

Ән толық ойналмайды 5-6 нотадан ойналады.Әннің атын білмесе, әуенді жалғастыруы керек. Әр тапқан әнге 1 ұпайдан беріледі. (Әділ қазы алқасынан ұпай саны сұралады)

ІІІ. Ойлан тап.(Енді үшінші кезеңімізде әр топқа үш жұмбақтан жасырылады.)

Жетіген тобына:

1.Сызылған үні, сүйкімді тілі.

Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі (сыбызғы)

2.Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған (домбыра)

3.Бас, құлақ,мойны бар,

Үп-үлкен шанағы бар.

Ысқышпен ысқанда,

Әндетіп шығар тағы ән бар.(қобыз)

Домбыра тобына:

1.Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мұң шығар.

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар

Бұл аспап қай аспап? (Жетіген)


2.Даусы бар, жаны жоқ,

Шертсе күйі, әні көп.

Құлағын он бұра,

Ол не? (Домбыра)

3.Тілшікті аспап, қобыздай асқақ.

Ерекше үні бар, бұл қандай аспап?(Шаңқобыз)

Қобыз тобына:

1.Сазымнан жасалған,

Өрнектеп қашалған.

Сырнайдың үніндей,

Бұлбұлдың біріндей. (сазсырнай)

2.Боз арғымақ, аузы жоқ,

Мұрны жоқ, екі құлақ.

Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ,

Шүу деп, саусақпенен шертіп қалсаң,

Шабады жүйрік әуен тулап-тулап. (домбыра)

3.Ел қорғайтын ерлікке,

Әуенімен шақырған.

Батылдыққа, елдікке,

Әуенімен шақырған. (дабыл) (Әділ қазы алқасынан ұпай саны сұралады)

ІV.Өз өнерін көрсету. (яғни әр топтан бір оқушы шығып, өз еркімен өз өнерлерін көрсетеді)

(Әділ қазы алқасынан ұпай саны сұралады)

V. Ғұлама сөз , жаңылтпаш, мақал-мәтел. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, үйлесімді ғажап шын.

Мақал-мәтел жаңылтпашты айтайық,

Тілімізді жаңартудан қашпайық.

Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырулы ( табу керек)

Жетіген тобына:

1.Жақсыны сыйласаң есіңнен кетпейді,

Жаманды сыйласаң есігіңнен кетейді.

2.Досыңның көзінде болғанша. көңілінде бол.

3.Жан қиналмай, жұмыс бітпес,

Талап қылмай, мұратқа жетпес.

4.Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,

Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,

Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

5.Бір түлікке бай болғанша болғанша,

Әр түлікке сай бол.

Домбыра тобына:

1.Келістік жерде кемдік жоқ,

Кеңессіз жерде теңдік жоқ.

2.Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады.



3.Бой жетпеген жерге-ой жетеді,

Қыран жетпеген жерге қиял жетеді.

4.Еріншектің ертеңі бітпес.

5.Дос басқа қарар,

Дұшпан аяққа қарар.

Қобыз тобына:

1.Алыс жол атты сынайды,

Ауыр жол ерді сынайды.

2.Қаhарлы сөз ̶ қамал бұзар.

3.Ақыл көпке жеткізеді,

Өнер көкке жеткізеді.

4.Қүлақтан кірген суық сөз,

Көңілге барып мұз болар.

5.Өнер алды бірлік,

Ырыс алды тірлік.

Ғұлама сөздерді оқып мағынасын ашу керек.

1.Құтты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде. (Жүсіп Баласұғани)

2.Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан. (Жүсіп Баласұғани)

3.Жеңемін деп біреуді,

Өтірік сөзбен қостама. (Асан Қайғы)

Жаңылтпаш бір деммен екі рет айту. (дайындалуға уақыт беріледі) Сайыскерлеріміз жаңылтпашқа дайындала тұрғанша, біздер ортаға Есімов Бекасылды Нұрғиса Тілендиевтің «Туған ел» әнімен ортаға шақырайық.

Жетіген тобына:

1Shape1 .Мына сайда отырған бай Бағланбай,

Бұл қай бай Бағланбай? 2рет

Домбыра тобына:

2Shape2 .Асхат жамап жасқап,

Жасапты ақ сапты аспап. 2 рет

Ақ сапты аспабы,

Жап-жақсы аспап.




ҚShape3 обыз тобына:

3.Толғанайдың торы ала аты бар,

Толғанай торы ала атыңды тағалатып ал. 2 рет

VI. Жоғалған бөлшектерді табу.

Бұл суретте саз-аспаптар салынған,

Әрбіреуі әртарапқа жарылған.

30 секунд ішінде сіздер үлгеріп,

Құрастырып шығыңдаршы қайтадан.

Мұнда 3 топқа 3 түрлі сурет беріледі, әр сурет бөлшектелінген. 30 секунд уақыт ішінде тез құрап үлгеруі керек. (Әділ қазы алқасынан ұпай саны сұралады)

VII. Топ басшыларға сұрақ.

Біз қазақпыз өнерге бай, жасы кең,

Сусындаған ақыл, білім нәрімен.

Ұландардың білімдерін байқайық,

Сұрақтарға жауап берші, қане, сен.

Қазақ халқында салт-дәстүр көп, солардың бірқатарын атап өтемін, сіздер шағын анықтама беру керексіздер.

1.Сүйінші сұрау дегенді қалай түсінесің?

( Шын қуанғандықтың белгісі )


2. Байғазы дегенді қалай түсінесің?

(Балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый)

3. Базарлық дегенді қалай түсінесің?

(Алыс сапарға сауда жолына шыққан адамдар туыстарына, балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық - деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі) (Әділ қазы алқасынан ұпай саны сұралады)

Тұрақты тіркестер (Фразеологизмдер)

1.Асығы алшысынан түсті дегенді қалай түсінесің? (Жолы болды)

2.Екі көзі төрт болды дегенді қалай түсінесің? ( Ұзақ күтті )

3.Жүрегі зу етті дегенді қалай түсінесің? (Қорықты )

VIII. Ребусты шешу. Әр топқа слайдтан ребус көрсетіледі, қай топ тезірек шешетінін қадағалаймыз.

1.Өнер – ағып жатқан бұлақ.

2.Өнерліге өріс кең.

3.Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді.

IX. Қорытынды:

Кімдердің жауаптары кәміл шықты,

Қазылар орнықтырар әділдікті.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба,орта жолда қалыспа.

Әділ қазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыспа.

Олай болса әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша, әнге кезек берейік. Луизаны «Дәстүрлерім» әнімен ортаға шақырайық. (Қорытындысы айтылып, жеңімпаз топқа диплом беріледі)

Біздің қазылар алқасы қорытындысын шығарып бола келді.Енді ду қол соғып қазылар алқасын ортаға шақырайық.

Білім теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім менен өнерде егіз дейміз.

Әдебімен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа негіз дейміз.

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол ашылар -демекші

Осымен «Ақылдылар мен алғырлар» топтық сайысы аяқталды. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!















Мақал- мәтелдер.

1 топ

1.Жақсыны сыйласаң есіңнен кетпейді,

Жаманды сыйласаң ......... кетпейді.

2 топ

2.Кестік жерде кемдік жоқ,

Кеңессіз жерде ........ жоқ.

3 топ

3. Алыс жол атты сынайды,

Ауыр жол ........ сынайды.

Ғұлама сөздер.

1 топ

1.Құтты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Жүсіп Баласағұни.

----------------------------------------------------------------------------------------------------2.Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Жүсіп Баласағұни.

----------------------------------------------------------------------------------------------------3.Жеңемін деп біреуді,

Өтірік сөзбен қостама.

Асан қайғы.



Жаңылтпаштар.

1.топ. 1.Мына сайда отырған бай Бағыланбай,

Бұл қай бай Бағыланбай.

2 топ.

2. Асхат жамап жасқап,

Жасапты ақ сапты аспап.

Ақ сапты аспабы,

Жап-жақсы аспап.

3 топ.

3. Толағайдың торы ала аты бар,

Толағай торы ала атыңды тағалатып ал.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 тамыз
2213
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі