Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ақылдылар мен тапқырлар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Айгүл» бөбекжайы
Бөбекжаймен қоштасу кешіне арналған ертеңгілік
Ұйымдастырған: Есбол ауылы «Айгүл» бөбекжайының
ІІ кіші топ тәрбиешісі А. Кажыгалиева
2017 жыл. Мамыр
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл - күйін сыйлай отырып, шығармашылқ қабілетін, дүниетанымын дамыту. Үлкендердің еңбегін бағалауға, өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Оқу-білімге қызығушылықтарын ояту. Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру
Көрнекілігі: Әсем безендірілген музыка залы, шарлар, ертегіге арналған қиімдер, атрибуттар,т.б.
Жүргізуші: -Армысыздар, құрметті қонақтар,аяулы ата-аналар, сүйкімді балапандар! Күні кеше ғана бөбекжай табалдырығын тәп-тәтти қылығымен баурап аттаған балапандарымыз бүгінгі күні есейіп мектеп қабырғасына оқушы болып аттанбақшы. Балаларымыздың қуанышты күніне арналған «Қош бол, бөбекжай!» атты ертеңгілік кешіне қош келдіңіздер!
-
Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады
Көңілді күндер туып алдан
әлі
Бүгінгі кештің аппақ
тілектері
Бөбектерім сендерге арналады,- дегендей бөбектерге арналған жылы тілек лебіз үшін сөз кезегін бөбекжай меңгерушісі Ғалия апайға жолдаймыз.
Жүргізуші:
-
Бізге сыйлап сыңғырлаған
күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр
тұнды,
Бізден ұшып қанат қағып
есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн
туды.
Толқимыз толқып тұрсыз,баршаңызда
Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда
Қол соғып,қошеметтеп шақырайық
Балдырған түлектерді ортамызға.
-Балаларымыздың өмірдің әр баспалдағына аттап, өмірге қанат қағуының маңызы ерекше. Ендеше, ортаға қошеметпен бөбекжай түлектерін шақырамыз:
1. Бөбекжайымыздың сабырлы да, салмақты, сұлу қызы Әділ Асылжан
2. Жүзінен күлкі шуағы кетпейтін, жаны жайсаң Алпысұлы Абдоллах
3. Бөбекжайдың әншісі, әжесінің алтыны, ерке қыз Әсетқызы Аягөз
4. Кішіге қамқор, ақылды да бауырмал Әскер Сағыныш
5. Баппен ғана жүретін, жанына шуақ төгетін Қаржау Санжар
6. Қылығы ерке, қимылы нәзік сұлу қызымыз Ардаққызы Гүлназым
7. Сәулелі де сымбатты, сөйлегені тым тәтті Ринатқызы Диана
8. Қылығы балдай, ісі дардай, ерке бала Хасан Диар
Жүргізуші:
- Алдарыңызда түрған жүздерінен мейіріммен нұр тамған, жауқазындай құлпырған бақытты балғын шақ бүлдіршіндеріміз осы бөбекжайдың табалдырығын жүрексіне аттаған кеше ғана кіп – кішкентай балдырғандар еді.
Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, оң мен солды танып, өздері киіне білуді үйреніп, алғашқы асуын аман – есен асып, бір жасқа тағыда есейді. Бүгінгі күні бөбекжаймен қоштасып мектеп табалдырығын аттағалы тұр.
Бізден ұшып талмай қанат
қағындар
Жүректерден арман отын
жағындар
Жақсы оқып алтын ұя
мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын
табыңдар
Ән: «Топ-топ, балақан» Орындайтын: бөбекжай түлектері
Бесіктегі баланың
Күлгенің көрген бір мұрат
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген бір мұрат
-Балалар, сендердің балғын тәтті қылықтарың осы бөбекжайда апайларың мен достарыңның ортасында өтті. Олай болса, ертеңгі күні мектеп табалдырығын аттамас бұрын сендердің қандай арман, тілектерің бар? Біздерге сол ойларың мен тілектеріңді айтып беріңдерші:
Абдоллах: Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін
Әрқашан да ақтаймыз
Аягөз: Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын табамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Сағыныш: Қош бол балабақшамыз,
Қимай кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап
Сағынармыз әлі біз.
Диана: Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді,
Мектепке барам мен енді
Балабақшам қош енді.
Асылжан: Ойыншықтарды
жинаймыз,
Бөбектерге
сыйлаймыз.
Өнер, білім
үйреніп
Бақшамызды
қимаймыз.
Гүлназым: Тәрбие берген
ұямыз,
Тәртіпті бала
боламыз.
Қоштасып
балабақшамен
Біз мектепке
барамыз.
Санжар: Мектепке енді
барамыз,
Оқимыз сауық
құрамыз.
Қашықта болмас
арамыз
Сіздерге келіп
тұрамыз.
Диар: Қазіргі мынау
мереке
Бәрінен де
ерекше
Өйткені біздің
балалар
Барады енді
мектепке.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балапандар! Талаптарыңа нұр жаусын. Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Ия» «Жоқ» деп аталады. Балалар сендер ойын ойнауға қарсы емессіңдер ме? Ендеше мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауап бересіңдер:
1. Сендер мектепке барасыңдар
ма?
2. Кілең бестік аламыз
ба?
3. Айтқан тілді аламыз
ба?
4. Ақылды бала боламыз
ба?
5. Нан жеймін деп
жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз
ба?
7. Сабақта отырып
ұйықтаймыз ба?
8. Мектептен үйге
қашасыңдар ма?
9. Екі алғанда
жылайсыңдар ма?
10. Оқушы болуға
дайынсыңдар ма?
Ән: «Кап-кап, тук-тук-тук»
Жүргізуші:
Гүлдей болып жайнаған
балғындарым
Бақшамыздан тәрбие
алғандарым.
Біздер үшін бір бақыт
балапандар
Достарыңмен мектепке барғандарың
- Балапандар, сендер бөбекжай табалдырығын аттаған сәттен бастап сендермен бірге жүрген бөбекжай апайларының еңбегі зор.Ендеше келесі кезекті өздеріңнің апайларға арналған ақ тілектеріңе берсек.
Аягөз :
-Бақшамыздың
тірегі
Ұлы-қызы
сүйеді
Қарсы алады
келгенде
Жылы жүзбен
күледі.
Жайдары жүз, ай
қабақ
Жүреді бізді
аймалап
Тобымызға жиі
келіп
Білгенінді
сұрайтын
Білмегенін
үйретер
Кетеміз сізден
алыс
Меңгеруші
бақшамызда
Ғалия
апай
Сізге мың
алғыс!
Санжар:
-Баулап-баптап
өсірдіңіз
Бұзықтық етсек
кешірдіңіз
Ұмытпаймыз
сөзіңізді
Ұмытпаймыз
өзіңізді
Сүйген өз
ұл-қызындай
Бөбегім деп
аянбай
Балабақша өз
үйім,
Тәрбиеші
апамдай
Аялаған
анадай
Мәпелеген
біздерді
Ұмытпаймыз
сіздерді
Тәрбиеші апайларға мың
алғыс!
Гүлназым:
-Бізді баптап
қараған
Күлімдеген жақсы
адам
Ақ төсекке
жатқызған
Басымыздан
сипаған
Маншүк апайымызға көп
рахмет
Сағыныш:
-Ойыншық та, кесе
де,
Шанышқы мен
тәрелке
Орындық, шкаф,
төсекте
Бәрі өзі келе
ме?
Соның бәрін
табатын
Шаршамайтын
күлетін
Зыр жүгіріп
жүретін,
Назира апайға мың
алғыс!
Аягөз:
-Үйретіп бізге
әндерді
Тақпақтар мен
күйлерді
Өткізуді
кештерді
Дайындайтын
біздерді,
Әсел апайға мың
алғыс
Диана:
-Қайнаған су
әкеліп
Іш деп дәрі
береді
Жылтындатып
инесін
Түршіктірер
дененді
Витамин жеп
қолынан
Өскен сәби
баламыз
Гүлбану апайға мың
алғыс
Диар:
-Тәтті тамақ
пісіретін,
Айран сүтін
ішкізетін,
Аспазшы Сырға
апайға
Баршамыздан мың
алғыс
Абдоллах:
-Төсек орын
тап-таза
Аппақ жуған
сүлгісі
Гүлнар
апай сізге
де
Балалардан мың
алғыс!
Бәрі: -Апайларға мың
алғыс!
Ән: «Балабақша»
Аягөз:
-Балабақшам
бесігім,
Қайсысын айтып
бітейін
Қабыл алшы
әнімді,
Саған сыйлап
кетейін!
Жүргізуші: Ән: «Жау,жау,жаңбыр»
Орындайтын: Аудандық «Айгөлек-2017»
фестивалінің жүлдегері, кішкентай әншіміз Әсетқызы
Аягөз
Қуаныңдар әрқашан
шаттаныңдар
Барлығыңда болашаққа
аттаныңдар
Жүздеріңнен күлкі нұры
арылмасын
Ешқандайда қиындық
жолықпасын
Келесі кезекті ІІ кіші топ бүлдіршіндерінің «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісінің қойылымына береміз.
Жүргізуші: Бәріңді де сәбиім деп
сүйетін
Өздеріңді сағынып біз
жүрейік
Құтты болсын қадамдарың
аттаған
Біз сендерге сәтті сапар
тілейік!
-Бөбекжай түлектерінің әрқайсысының өз орындары бар. Осы мақсатта балапандарға алғыс білдіру үшін сөз кезегін бөбекжайымыздың І санатты тәжірибелі тәрбиеші Шалапиева Күлән апайға беріледі.
Балаларды марапаттау
Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің,
Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар! - деп бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей
отырып, осымен ересектер тобының «Қош бол, бөбекжай» атты
ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар, жолдарың болсын жас
достар! Сәт сапар тілейміз!