400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақылдылар сайысы: Тіл - ақылдың өлшемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақылдылар сайысы

«Тіл – ақылдың өлшемі»


Мақсаты:

  1. Бар халықтың ең бірінші бақыты – ана тілі екенін студент санасына сіңіру. Оларға тіліміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы жөнінде түсінік беру.

  2. Ана тілі туралы өз ой-пікірлерін, көзқарастарын ашық, еркін айтып, жеткізе білуге баулу.

  3. Ана тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Өту түрі: сайыс

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, нақыл сөздер, кітап көрмесі.

І. Ұйыдастыру.

ІІ.Кіріспе сөз.

Алтынай

Армысыздар құрметті қонақтар!

Аружан

Тіл – ақылдың өлшемі атты ақылдылар сайысын бастайық!

Алтынай

Ұлы жазушы М.Әуезовтың «Бұл дәуірде өз тілін, өз әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес»- деген қанатты сөзі бәрімізге мәлім. Ана тілі – атаңның, ананың тілі, туған халқының тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке – шешемізгі, әжемізге бен атамызға, айналамыздағы ересек адамдарға еліктеп жүріп үйренеміз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Ана тілі - біздің өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құраламыз.

Аружан

Ана тіл, ана сүтім, арым менің

Баяным, бақ – дәулетім, барым менің

Өзіңменен рухым көтеріліп,

Өзіңменен атады таңым менің...дей келе бүгінгі «Тіл – ақылдың өлшемі» атты ақылдылар сайысын бастайық.

Алтынай

Қатысушы топтар: «Бастауыш білім беру» мамандығы, « Шетел тілі мұғалімі» мамандығы, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы , «Ақпараттық жүйелер» мамандығы, «Құқықтану» мамандығы

Бастамас бұрын келісімшарт жасап алайық.

  1. Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.

  2. Бір – бірімізді тыңдаймыз.

  3. Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.

  4. Уақытты үнемді пайдаланамыз.

  5. Ойлануға 2 минут, пікір қорғауға 2 минут, толықтыруға 1 минут.

Аружан

Сайымыздың әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Колледж директоры – Бакиева Майсам Мусретовна

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – Джумагалиева Бахтыгуль Нусупбековна

Колледждің қаржы директоры – Амангелдина Сауле Викторовна

Колледж кітапханашысы – Хусаинова Қапаш Баймухановна

Арнайы пәндердің оқытушысы – Абдыманапова Шолпан Бектурсыновна

Алтынай

Ал, бастайық.

1 кезең

«Тіл тағдыры – ел тағдыры» бұл кезеңде әр топ басшылары әділқазылар алдында жатқан сұрақтарды алып, сұрақтарға жауап беруі тиіс. Ойлануға 1 минут

1 топ. Қазақ тілінің деңгейі қандай дәрежеде деп ойлайсыңдар?

2 топ. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру үшін не істеу керек ?

3 топ. Ана тіліміздің ертеңгі болашағын қалай елестетсіз?

4 топ.  Қазақ тілінің болашағы бар ма?Қалай ойлайсыңдар?

5 топ. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата?

Түйін: Тіл тағдыры – ел тағдыры екендігін біздің ата – бабаларымыз ежелден – ақ ұққан. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

Аружан: «Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» – деп бекер айтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркедеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстандағы мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - өз ана тілімізде таза сөйлеп, оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюміміз керек деген сөз.

Алтынай

2 кезең

«Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» бұл бөлімде бір-бірімізді тыңдаймыз, тыныщтық сақтаймыз! Осы шаттар бұзылса әділқазылар алқасы 1 ұпайдан кемітеді

Практикалық бөлім (көріністер көрсету, мағынасын ашу)

1 – топ. «Ең ащы да – тіл, ең тәтті де тіл»

2 – топ. «Тілден қымбат қазына жоқ»

3 – топ. «Менің тілім өлмейді»

4 – топ. «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»

5 – топ. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Аружан

3 кезең

«Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады»

Шарты: (Шашыраңқы сөздерден 30 секунтта сөйлем құру) әр топқа алдын ала тапсырма берілген. Бұл тапсырмада қанатты сөздер берілген , сол қанатты сөздердің мағынасын ашу өз еріктеріңізде
1. XXI, ғасыры, техника, ғасыр.
2. “Ақпарат”, латын, алынған, термині, тілінен.
3. Ақпарат, газет, радио, телевизия, журнал, интернет, құралдарына, жатады.
4. “Қазақтелеком”, байланыс, көрсететін, қызметін, кәсіпорын.
5. Фототелеграфтық, “факс”, байланыс, деп, аталады.


Алтынай

4 кезең

«Өнер алды қызыл тіл». Шарты: (тіл туралы қанатты сөздер, мақал-мәтел айту жарысы, әр топтың топ басшысы шығады.) Әділ-қазылар алқасы осы қанатты сөздер және мақал – мәтелдің қайталанбауын қадағалауларыңызды сұраймыз! Әр қанатты сөздерге 1 ұпайдан беріледі.

Осымен біздің кезеңдеріміз аяқталды.

Аружан

Әділ қазылар алқасы, өз шешімдерін шығарам дегенше

Бастауыш білім беру мамандығының студенттері Гулдана мен Бақнұрдың орындауында «Әсем ән» әнін қабыл алыңыздар!

Алтынай

Сайысымыздың қонағы Сайлауов Қуанышты «Қазақстаным» әнімен ортаға шақырамыз!

Әділ – қазылар алқасына сөз берейік!!!

Бірге: Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі