Материалдар / Ақылдың Одиссеясы интеллектуалды ойын сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақылдың Одиссеясы интеллектуалды ойын сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақылдың Одиссеясы интеллектуалды ойын сайысы болып табылады.Балаларға қызықты ойындар мен тапсырмалар беріледі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің Т.А.Ә.


Галимова Елена Фаритовна

Күні

03.01.2024

Өтілетін орны : Жігер шығармашылық клубы

Қатысушылар:

Қайнар шығармашылық клубтарының әдіскері . Жакупова А.С

Ұйымдастырушы-педагогтар Тәрбиеленушілер


Тақырыбы

Ақылдың Одиссеясы интеллектуалды ойын сайысы

Өтілетін формасы

Интеллектуалды ойын сайысы

Қажетті құралдар:

Лото сандар, түрлі түсті қаламдар, маркер, желім, қайшы, қызыл және сары жабысқақ таспа, қасық, шанышқы , А4 ақ кеңсе қағазы, шаблондар

Көрнекілігі:


Нақыл сөздер, слайдтар,логикалық сұрақтар



Мақсаты:

Тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру, жаңа білімге шыңдау.

Тәрбиелік:

Шығармашылық ойлау процесі мәселені шешудің құралы ретінде тәрбиеленеді әрі дамиды.


Дамытушылық:

Тәрбиеленушілер бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді және команда құру дағдыларын дамытады. Жаңа шешімдер мен нақты қиындықты анықтауды үйренеді




Жоспары: 1. « Алтын қақпа» викторина сұрақтары

2. « Креатив MAN» креативті идея

3. Ақыл айнасы

4. Флипbook

5. Мульти эмодзи

Жүргізуші: Қайырлы күн,асыл ұстаздар, қымбатты достар! Ақылдың Одиссеясы атты интеллектуалды ойын сайысына қош келіпсіздер! Бүгінгі күн ерекше болмақ. Себебі , бұл күн қаһарлы қыстың алғашқы күндерінің бірі. Ендеше, бұл күнге сай келіп отырған «Ақылдың Одиссеясы » атты интеллектуалды ойын сайысымызды ерекше көңіл- күймен бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасы «Қайнар » білім беру және бос уақытты қамту кешенінің шығармашылық клубтарының әдіскері: Жакупова Ағайша Сатыбалдықызы, қосымша білім беру педагогы: Сорокина Зинаида Викторовна!

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Сұрақтар мен бастарыңды қатырамыз

Ақыл- ойды ұғындырып, Аз да болса, білімдеріңізді толтырамыз.

1 сайыс : « Алтын қақпа» викторина сұрақтары: Сұрақтар саны – 9 Әр командаға 4 сұрақтан беріледі. Ең соңғы сұрақ жауаптары аз командаға қосымша балл ретінде мүмкіндік беріледі. Әр сұрақтың берілген жауабы 1 баллмен бағаланады . Ойын шарты: Алдарыңызда сандық лотоны командалар кезек-кезекпен алады. Сәйкесінше жауап береді. Ойлануға берілетін уақыт 20 сек. Ендеше бастайық.

Жүргізуші:

Мықты болсаң-алдағыны басып оз,

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе! деп « Креатив MAN» бөліміне кезекті береміз. Ойын ережесі мен таныстырып өтейін. Мұқият тыңдаймыз! Алдарыңызда екі плакат бір командаға бір плакат. Кубта өздеріңіз байқағандай түрлі сызықтар салынған. Кубты 8 рет айналдыру арқылы креативті адамның мүсінін салып шығамыз. Сәттілік тілеймін!

Жүргізуші:

Ақыл да ойлағанды ұнатады.

Ойланып толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.

Бауыржан Момышұлы

3 сайыс : Ақыл айнасы

Шарты: Менің қолымдағы фотода қасық, шанышқы 3 секунд фото көрсетіледі . Сіздердің алдарыңызда қасық пен шанышқыны фотодағыдай рет-ретімен орналастыру қажет. Берілетін уақыт 1 минут

Сайыскерлерімізге сәттілік тілеп қошемет көрсетейік!

Жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой саналады- демекші кезекті 4 сайысымыз Флипbook.

Ереже: Құрметті тәрбиеленушілер бұл командалық жүмыс . Берілетін уақыт 10 минут . Ең алдымен қайшының көмегімен қиып аламыз. Тапсырмаларды орындаймыз . Қорытынды блокнот жасап шығару керек. Іске сәт!

Жүргізуші:

Интеллектуалды ойынның көп сұрағы ,

Әр шәкірттің білгірі алға шығады

Асықпаңдар, ойланайық , балалар.

Көп жауап бар, біреуі дұрыс шығады .

Келесі 5 сайысымыз Мульти эмодзи деп аталады. Шарты: Үлестірме қағазда мультфильм жасырылған эмодзиларды мұқият қарап, мультфильм атауын дұрыс табуларыңыз қажет. 1 жауап -1 балл деңгейімін өлшенеді.







Жүргізуші;

Интеллектуалдық сайысымыздың қорытынды баллы мен жеңген команданы жариялап,марапаттау үшін сөзді сарапшы-мамандар алқасына береміз





Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты. Тек қана төзімділік еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар!







.



:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!