Ақын
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына
арналған әдеби - сазды кеш
Мақсаты:
Күні кеше ғана дүниеден поэзия падишасы
Фариза Оңғарсынованың шығармашылық
өміріне талдау жасай отырып, балалардың
сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін
арттырып, ақынның шығармаларын
насихаттау.
Қайырлы
кеш, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Өлең,
мен сені аялап өтем…» атты
поэзия кешімізге қош келіпсіздер!
Бүгінде ақын көп. Ақынның көп болмағы
–әдебиет үшін табыс. Бірақ осы өлеңдердің
қалай оқылып жатқанын ешкім саралап
жатпаса да уақыт атты тамаша таразы
бар. Жүректен шыққан туындыларды халық
жүрегіне жеткізетіні белгілі. Ұлттық
поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде
отты жырларымен дараланған Қазақстанның
халық жазушысы, Мемлекттік сыйлықтың
иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға, біртуар
суреткер Фариза Оңғарсынова.
«Поэзия
– әйелдей жұмбақ әлем,
Сиқыр
сырын түсінер тұлға де кем.
Жаны
–тұнған тұңғиық тереңдік те,
Қимылы
–ырғақ, әуен.
1-жүргізуші:
Поэзия – қасиетті ұғым. Ол — адамның
ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында
жатқан әсем әлемі. Жеке адамның ешкімге
айтпас құпия қастерлі ішкі сыры. Поэзия
тек қана ішкі дүние ғана емес, адам
жанының алаулаған алтын жалыны. Поэзия
– тарихтан да, тіпті философиядан да
жоғары екенін бағзы заманнан - ақ ұлы
Аристотель айтып бергені мәлім. Поэзия
– әлемнің жыршысы, ақылдың айнасы, халық
мұңы, өнердің шыңы.
2-жүргізуші:
Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Біреудің
бағы – тілінде, Біреудің бағы – уысында»-
демекші осы аталған бақтар бұйырған
поэзия ауылындағы қарагөз нәзік жандылар
қаншама десеңші! Қазақ қыздарының
поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде
алғашқы болып, поэзия шолпаны Фаризаны
атаймыз. Фариза туралы пікірлер толассыз.
Соның бірі жазушы Шерхан Мұртаза: Қазақта
ақын көп, Фариза жалғыз. Жаңа туған айдың
жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап
тұрады. Періште жұлдыз сияқты. Ақындығы
да, жаратылысы да ерекше, ешкімге
ұқсамайды. Ақын жалғыз. Перзенттері
сансыз. Олар миллиондардың жүрегін
жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері
сонысымен құдіретті.
1-жүргізуші:Фариза
сонау Нарын құмының арасында, асып -
тасқан байлығы болмаса да өзіндік
дәулеті бар отбасында дүниеге келген.
Әкесі
еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған.
Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер
шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып,
анасы Халиманың тәрбиесінде болады.
Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап
сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты,
сұлу адам болған.
2-жүргізуші:
Фариза апайымыздың сөзіне жазылған ана
туралы әнді тыңдайық! Алдарыңызды
кішкентай бүлдіршіндеріміз! Қарсы
алыңыздар!
1-жүргізуші:
Өлең - өмір, өлең - сезім десек, сырлы
лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын
жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс
арқылы жеткізу болып табылады. Ендігі
кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен
орын алған жырларына кезек береміз.
МҰҒАЛІМ:
Шатқалдарында
жар құздың,
Ақпан
жалында қар - мұздың,
Көлденең
көзден қорғарсың,
Жанымда
жүрші, жалғызбын.Осылай оқырманына өлең
арнаған парасатты поэзияның падишасы
Фариза ақын фәниден өтсе де ,соңында
өшпес ізі қалды. Қалай мақтасақ та, қалай
жоқтасақ та лайықты тұлға.
Ақынның
творчествосы бүгінде ұлттық мұраға —
ұлт, мемлекет мақтан ететін мұраға
айналды . Фариза әлемі — әлі өзіміз
сырына тереңдей қоймаған, бірақ
айтулылардың бірі болып қазақпен бірге
мәңгі жасайтын әлем.
Жүргізуші:
Бүгінгі
кешімізді Таныпова Ажардың әнімен
жабамыз.