400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақын-ұстазбен жүздесу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


№ 1 орта жалпы білім беретін мектеп









Сазды кеш

«Ақын-ұстазбен жүздесу»
















Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Аскарова К.Б.




Чапаев ауылы



2019-2020 оқу жылы

«Ақын-ұстазбен жүздесу»

Кештің мақсаты:
Оқушыларды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Өткізілетін орны: мектеп
Көрнекілік құралдар: нақыл сөздер
Шақырылған қонақ: ақын Берді -Әлі Мәлік Тұрсынұлы, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.

І. Ақынды ауызша таныстыру

ІІ. Күй «Балбырауын» орындайтын 9 сынып оқушысы Елнұр

Жүргізуші:

Жерлесіміз ақыны, ұстаз Мәлік Тұрсынұлының қатысуымен ұйымдастырылған «Ақын-ұстазбен жүздесу» атты әдеби - сазды кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші:
Бүгінгі өтіп жатқан іс - шарамыздың мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
1 жүргізуші:

Олай болса, Мәлік Тұрсынұлы бүгін бізде қонақта.

1 жүргізуші:
Батыс Қазастан облысы,Ақжайық ауданының құрметті азаматы;
2 жүргізуші:
Ұстаз,ақын ,журналист,әдебиетші
1 жүргізуші:

Бұрынғы Тайпа(қазіргі Ақжайық) ауданының тумасы,.
2 жүргізуші: Калмыков (қазіргі Қ.Байсиқов ) орта мектебінің шәкірті

1 жүргізуші:

Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының филология факультетінің түлегі

2 жүргізуші:

Мұғалім, мәдениет бөлімінің меңгеруші қызметін атқарған .

Аудан әкімдігінде ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі болған.

Білім бөлімінің орынбасары , газет редакторының қызметін атқарған. Аудандық, облыстық, Республикалық басылымдарда мақалалары мен өлеңдері жарияланып жүрген,Ұлы Абайға, Ж.Молдағалиевке арналған облыстық мүшайраларға қатысып, жүлделі орын алып жүрген, 2001 жылы «Қос ғасырдағы бір ғұмыр»атты жыр жинағы бар, «Ақжайық өлкем», «Жұбайлар серті», «Жүрегім өзің ғана кінәлісің» т.б. өлеңдеріне жазылған әндер (композитор Ғ.Хибашев)кеңінен айтылып жүр. Қазіргі таңда Чапаев ауылының тұрғыны ұстаздық қызметте жүрген жерлес ақын ағамыз ортамызда.

1 жүргізуші:

Ал ,аға, қош келдіңіз тағы да.

Сөз кезегі өзіңізде:

Ақын сөз басын биылғы Абай Құнанбайұлы ның мерееә тойына орай өзінің зерттеу жұмысының қорытындысымен бөлісті. Абай атамыздың шығармаларын өзге тілдерге аудару жұмысының қай жылдары қарқынды дамығаны, қай жылы бәсең болғанын зерттей келе өкінішке ақынның шығармаларын шетел тілдеріне кеңес одағы кезінде қарқынды дамып, кейін бәсеңдегеніне қынжылғандығын атап өтті. Қазір уақытта осы кемшіліктің орныны жауып , Абай шығрмаларын өзге тілдерге аудару жаңа –жаңа қолға алынғанын қуанышпен жеткізді. Кейінгі ұрпақты кітап оқуға, Абай шығармаларын білуге шақырды.

1 жүргізуші:

Бүгін бір сәті түскен күн болды.Осыдан 10 жыл бұрын Жайық негізгі мектебінде жұмыс істеген кезде әріптесім Сағызбаев Назгүл апай шақыруымен , осындай шәкірттермен кездескен едіңіз. Сол кезде осы бір кездесуді жоспарлағанмын. Қазір бүгін сол сәт келіп тұр.

Ал , оқушылар ақын ағаларыңызға сұрақтарының болса қоюға рұқсат

1 жүргізуші:

Олай болса қонағымызға оқушылардың сіздің «Айналайын»атты өлеңдер жинағыңыздан алған өлеңдеріне сөз кезегін берейік

5 а сынып оқушысы Әдемі, Айару,Мейрамбек

Келесі кезекті

Ақын шығармаларынан үзінді тыңдап көрейік

Сізді ұстаз ғана емес, ақын ретінде құрметтейміз.

«Ақылды қарға» шағын әңгіме оқитын Динара

Оқушылар бүгінгі кешке бір кісідей атсалысып,өз пікірлеріңізбен бөлісіп жатсыз.Бүгін сіз үшін тарихи күн болуы тиіс өйткені сіз жерлес ,ақын ,өнегелі ұстаз Мәлік ағамызбен жүзбе –жүз кездесіп отырсыз.Өз атымнан кешке қатысып, көркем шығарма оқуға ниеттенген шәкірттеріме шағын сыйлық . Бұл жаңа үлкен бастамаларға жол сілтер, жол көрсетер іс –шара болсын . Шағын кітапшалар үлкен көркем әдебиет әлеміне апарсын деген үміт.

Мәлік Тұрсынұлы рұқсат етсеңіз ,осы мүмкіндікті жіберіп алмай шәкірттерім сізден үлгі- өнеге алар деген үмітпен сізден өз қолыңызбен жазған қол таңбаңызды беруіңізді сұраймын.

Ән: «Ұстаз» орындайтын оқушылар тобы.

Сізге көп-көп рахмет.

Сізге шығармашылық табыс, шәкірт жетіктігін , отбасылық бақыт тілеймін.

Естелікке фото


Қош сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 шілде
613
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі