"Ақындар әлемі" сайыс

Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Ақындар әлемі" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар арасында сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақындар әлемі:Жырдан туған ғалам» атты сайыс

Мақсаты:Барлық ақындардың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру, ақынның бұрын сирек жарияланған өлеңдерін оқушылар назарына ұсыну;

Ақындардың шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Қатысқандар: 5,6,7,8- сынып оқушылары

1 - жүргізуші:

Сырым да - осы,

Жырым да - осы,

Алдыңда.

Байқашы бір

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты -

Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп айтып кеткен еді.

Ойлы жас, өлеңменен сырласымдай,

Сырлассам да құмарым тұр басылмай

Айтып өткен ақында арман бар ма,

Жүрегінің түбіне кір жасырмай» - деп айтқандай бүгінгі«Ақындар әлемі: Жырдан туған ғалам» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ақын,жазушыларымыздың көзін көрген, өлеңдерімен сусындап өскен, ақындар жайында естелік айту үшін мектебіміздің директоры Таласбаев Бектұрған Аққозыұлына сөз береміз.

Арнап саған өлеңімді бастайын,

Айтқаныңды оқып тоқып қостайын.

Даналығын ұлы ақынның қашанда,

Мәңгілікке жүрегімде сақтайын.Ортаға оқушыларымызды нөмірлері бойынша шақырайық.

Сайыстың кезеңдері 3 кезеңнен тұрады.

1-кезең.

"Сөз шебері". Бұл сайыста оқушылар өздерінің дайындап келген жыр-шумақтарын оқиды.

2-кезең.

Білгірлер. Бұл сайыста оқушылар сұрақтарға жауап береді.

3-кезең.Ойлан тап. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің тапқырлығымен көзге түседі.

Бұл сайысқа төрешілік ететін Құлмағанбетова Бақыт апай.

1-кезеңді бастаймыз.

Оқушылар жыр-шумақтарын кезек кезегімен айтуға шақырамыз.(Бәрі кезек кезек айтады).

2-кезең.Қазылар алқасының алдында тұрған қобдишадан сұрақты таңдап жауап бересіздер.Бұл сұрақтар қазақ әдебиетіне зор үлесі тиген жазушылар арасында қойылады.

1. Абайдың "қара сөздері" мен өлеңдерінің байланысы: "Қара сөздер" философиялық ойларды, ал өлеңдер эмоцияны ашады. Олар бір-бірін толықтырады.

2. Жамбыл Жабаевтың жырларындағы ұлттық құндылықтар: Жамбыл батырлықты, елдің бірлігін дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттады.

3. Мұқағали Мақатаевтың табиғат бейнесі: Табиғат адамның ішкі сезімін ашады, оның өлеңдерінде табиғат пен адамның рухани әлемі үйлеседі.

4. Шоқан Уәлихановтың шығармашылығы: Ақындық пен ғалымдық өзара байланысты, ол халықтың мәдениетін, тарихын зерттеп, әдебиетке енгізген.

5. Қасым Аманжоловтың уақыт пен тұрақтылық мәселесі: Өмірдің өткінші екеніне қарамастан, адам өзінің құндылықтарын сақтауы тиіс.

6. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әлеуметтік теңсіздікке қатысты ойы: Ақын әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздікті сынға алып, халықтың теңдігін жақтады.

7. Ілияс Жансүгіровтың дәстүр мен қазіргі заман арасындағы байланыс: Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заман өзгерістерін бейнеледі.

8. Поэзия мен эпиканы біріктірген ақындар: Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы эпикалық және поэтикалық жанрды біріктірген.

9. Ақындар үшін тәртіп немесе шабыт маңызды ма?: Ақындар үшін шабыт маңызды, бірақ тәртіп те шығармашылық процеске әсер етеді.

10. Ақындардың шығармашылығында әлеуметтік тақырыптардың орны қандай?

Ақындар қоғамдағы әділетсіздік, теңсіздік, халықтың әлеуметтік жағдайы туралы жазып, қоғамдық ой-пікірді қалыптастырған.

11. Абайдың қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан ең үлкен үлесі не?

Абай қазақ әдебиетінде философиялық ойлар мен орыс классиктерінен алған әсерді ұштастырып, ұлттық әдебиетті жаңа деңгейге көтерді.

12. Жамбыл Жабаевтың жырларын бүгінгі жастар үшін қандай мағынасы бар?

Жамбылдың жырлары елдің ерлігі мен бірлігін, қазақ халқының мәдениеті мен тарихын насихаттап, жастарға патриотизм мен ұлттық рухты жеткізеді.

13. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріндегі басты тақырып не?

Мұқағали шығармаларында өмір мен өлім, махаббат, табиғат пен адамның өзара байланысы басты тақырып болып табылады.

14. Шоқан Уәлихановтың шығармаларында ғылым мен әдебиет қандай байланыста?

Шоқанның ғылыми зерттеулерінде халықтың мәдениетін, тарихын және фольклорын бейнелеуде әдебиет пен ғылым бірігіп, ұлттық құндылықтарды ашты.

15. Қасым Аманжоловтың поэзиясының ерекшелігі неде?

Қасымның өлеңдерінде ұлттық поэзияның бейнелі суреттері мен адамзаттың мәңгілік сұрақтары терең бейнеленеді.

16. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әлеуметтік тақырыптарға деген көзқарасы қандай?

Сұлтанмахмұт қоғамдағы теңсіздіктер мен надандыққа қарсы күресіп, әлеуметтік әділетсіздікке қарсы шықты.

17. Ілияс Жансүгіровтың поэзиясындағы адамның рухани дамуы қалай көрінеді?

Ілияс адам рухының шыңдалуын, адамгершіліктің, ұлттың болашағы мен рухани байлықты жоғары бағалауды насихаттаған.

18. Жамбыл Жабаевтың ақындық дәстүрі қалай жалғасқан?



3-кезең.Өлең жолдарын жалғастыру.

1.Ілияс Жансүгіров Майдан:

"Алдымда айқын айнам бар,

Алдымда жойқын майдан бар"..

Ағарту елді - майданым!

Майданда қан ішпеймін,

Майданда іс істеймін,

Майданда майда майдамын!

2.Болар де елең дап - дайын,

Тыңдамай - ақ бұлбұлды.

Білмей - ақ сұлу мән - жайын

Жазар едім бір жырды.

3.Қозғауы қозған қоғамым,

Қолқалап әңгіме айт десең,

Қобалжимын, қозғалам,

Қозғайын десем далаңды,

Домбыраң емес, қаламды,

Қобалжимын, қолға алам.

4.Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба?!

О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!

Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?!

5.Фариза!

Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

6.Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол - ақынның білімсіз бишарасы.

7.Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағына жетіп қайырған-

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл.

8.Сәуірде көтерілер рахмет туы,

Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.

Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,

Жайылар жер жүзіне қардың суы...

9.Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым,

Тең етті бәрімізге күн мен айын.

Адамның адам біткен баласымыз,

Қайсың бөлек тудың деп айырайын,

Бәріміз бір адамның баласымыз,

Жігіттер бір - біріңе қарасыңыз.

10.Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,

Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.

Сияқты қара қарға шуылдаған

Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.



Бақыт апайға сөз береміз. Осымен біздің «Ақындар әлемі Жырдан туған ғалам" атты сайымыз аяқталды.































87 орта мектеп















«Ақындар әлемі: жырдан туған ғалам"











Дайындаған: П.Пазылбекова

Уақыты: 10.02.2025ж.



























2025-2026 оқу жылы



Анықтама



87 орта мектебінде «Парламент», «Жас ұлан» мүшелерінің ұйымдастыруымен,

«Ақындар әлемі: жырдан туған ғалам" тақырыбында 5,8 – сыныптар аралығында поэзиялық кеш өткізілді.


Мақсаты: Барлық ақындардың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру, ақынның бұрын сирек жарияланған өлеңдерін оқушылар назарына ұсыну;

Ақындардың шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.



Shape1 Shape2 Shape3

Shape4









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.03.2025
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі