400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақынға арнау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын-жазушыларға құрмет көрсету мақсатында жазылған өлең
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақынға арнау

Қасиетіңмен қазақты əлемге таныттың,
Қара сөзіңмен қалауы болдың халықтың.
Өлеңім менен өнерім өрбіп жүрсе де,
Ұлыға сендей сөз табуға да ғаріппін.

Атам-ау мен де ұрындым дертке өзіңдей,
Ақын атанып жыр жазғым келер көз ілмей.
Болсам да ақын, жазсам да тоқсан толғауды,
Болмас ешқашан сенің бір ауыз сөзіңдей.

Сенің өлеңің ісіме шабыт сыйлаған,
Түсіме кіріп талай түн мені қинаған.
Асық қылды ғой сендегі тұнған қасиет,
Сұрарым, ата-ау, сол қасиетіңді қи маған.

Бүгін өзімді жайсыз сезіндім неліктен?
Не көрінген, не екен маған кезіккен?!
Мың сүрақ бар, жауап таппадым, білерім -
Мен - жас ақынмын сенің жырыңа желіккен!

Өлеңің сенің - қиялым менің құмарым,
Қара сөздерің - қасиет тұнған тұмарым.
Қолымды жайып бір Құдайымнан сұрарым -
Берсе екен маған сендегі шабыт құралын.

Хəкім дер сені, Абай деп санар данасын,
Жыр жазса егер, жырыңа арнар санасын.
Ұлықтар ұрпақ, тарихың жаяр тереңге,
Туса жалғыз ұл Абай деп қояр баласын.

Қазақтан жаным, қаным да қазақ тілім де,
Қазақ болған соң, қазақ қаздайын үнім де.
Жауқазындайын жырларың жақын жаныма,
Неге қазақпын, білмесем соның бірін де.

Ұқтырдың ұлтқа надандық пенен хақтықты,
Жақсыға үйір, жаманшылықтан сақтықты.
Өзің жазғандай иманды адам көш бастап,
Ардан безгендер бəлеге талай қақтықты.

Бүгінгі ұрпақ атыңды мейлі мақтасын,
Поэзияда тарихың тұнып жатқасын.
Ескерткіш қойып есіне сені алғанша,
Шын қазақ сені жүрек төрінде сақтасын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі