«Әр бала жарық жұлдыз»
Әуен ойналады.
2 жүргізуші бала ортаға шығып:
Айым : Жантөре,
қарашы айналаңа, біздің музыка
залымыз ерекше әдемі, биік,салтанатты болып
тұр.
Жантөре: Ия, дұрыс айтасың, біздің балабақшамыздай әдемі әрі үлкен, біздің апайларымыздай мейірімді әрі қамқор тәрбиеші жоқ шығар
Айым: Әрине жоқ. Біз үш жыл бұрын балабақшаға келгенде қандай болдық? Сурет сала алмадық, дұрыс сөйлей де алмадық. Ән де ,би де айтпадық. Ал, қазір сайрап тұрмыз.
Жантөре: Қояр биік талабы,
Ашық жарқын қабағы.
Айдана Қазыбекқызының
Балалары саналы.
Айым Жантөре: Ендеше апайымызды қошеметпен сахнаның төріне шақырайық.
Музыкамен Айдана Казыбекқызы келеді
Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен
баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын!
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар,
ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен
мереке. Яғни, бұл мереке-қуанышы мен қызығы мол
балалардың «Балабақша мен
қоштасу» мерекесі.
Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Ендеше ду қол қошеметпен «Балапан» мектепалды тобын қарсалыңыздар.
Салтанатты түрде балапандарымызды қызыл кілемнен өтуге шақырамыз.
1.
Отбасының берекесі
Ата-анасының еркесі- Өмірзақова
Мейірім
2.
Бойына жиған өнерді
Әнші, биші өнерлі – Панина
Аяла
3.
Ана тілдің байлығын
Зердесінде ұстаған- Сабержанов
Мансур
4.
Инабатты,салмақты
майысып, жымиып үнемі жүретін-Қуатжан Бибі
Мариям
5.
Қайсар да,ол-қайратты
Талпынар алға әр қашан- Айдарұлы Алимжан
6. Достық деген сезімді
Қастерлеген асыл жан.
Құрман
Алия- біздің жұмбақ
жан
7.
Қарапайым салмақты
Өзгеше мінезі біздерден- Ануарұлы
Иманали
8.
Ойы
ұшқыр
Математиканы
сүйеді- Анбербек
Нұрали
9.Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді-Рамадин
Ахмад
10. Оқуда да,спортта
Сері жігіт болады. -Мақсұм
Заңғар
11. Ақылына көркі сай
Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры-
Нургалиева
Шахрият
12. Еңбек сүйгіш, таудай талап
бойында
Барлық істі тыңдау оның ойында-Кемал
Мадина
13. Сегіз қырлы,бір сырлы
Бойына жиған өнерді-Ғали
Аяулым
14. Асқан білімді болатын
Жақсы мақтау алатын -Даулетбаева Адина мен
Медина
15. Ата ананың тірегі
Әкесінің жүрегі –Нургалиева
Аминат
16. Бойына жиған өнерді
Терең ойда жүреді-Қуандық Жантөре
17.Әдемі ән айтатын
Көңілді боп үйге қайтатын – Бектұрғанова
Айым
(балалар кіріп өз орындарына келіп тұрады)
Музыка ойналады, еркебала келеді:
Еркебала:Маған мектеп мүлдем ұнамайды,осы мектепті кім шығарды екен? Бармаймын ден соң бармаймын, жұлқынады.
Жүргізуші:Ой, Еркебала не болды саған соншама айқайлап,мектепке бармаймын дегені несі?! Қарашы мына біздің балаларға, көңіл күйлері өте тамаша.Балалар мектепке дайын ән де айтады, жазады, есеп те шығара алады.
Еркебала:Ой қойыңдаршы, мына балалар ән айтып, есеп шығара алама?Күлкімді келтірмеңдерші ха-ха-ха (күледі ішін ұстап)
Жүргізуші:Қазір біз саған есеп шығара алатынымызды, ән де айта алатынымызды дәлелдеп береміз, солай ғой балалар?!
Балалар: ИЯ
Олай болса ойын ойнайық.
Ал сен Еркебала мұқият қарап ал.
Ойын: «Есептей білеміз»
Ойын шарты мен есеп айтып тұрамын ал балалар болса орындарын тауып есепті шаптаң шығаруы керек.
2+2=4 5-3=2
3+3=6 4+4=8
2+1=3 8-3=5
Жүргізуші: Еркебала кел сен де ойна бізбенен (Еркебала ойнайды, сандарды білмейді, бәрін шатастырады)
Жүргізіші: Ендеше келесі кезекте ән айтып берейік балалар.
«Балалық» әнін орындайық.
Еркебала: Ән тыңдап көңілім көтерілгендей болды, балалар мен қателескен екенмін сендердің қалай есеп шығарғандарыңды көріп,қандай ән айтқандарыңды көріп қызығып тұрмын. Мен бекер мектепке бармаймын деген екенмін. Кешіріңдерші?
Жүргізуші:Жарайды, Еркебала сен көңіліңді түсірме, біз мектептен келетін қонақты күтіп күтіп тұрмыз бізбен бірге бол.
Музыка ырғағымен Қонақ «Мұғалім» кіреді.Балбөбек:
Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар мен мектептен келген мұғалім боламын. Жыл сайын осы балабақшадан түлектерді қарсы алып аламыз, бұл жолы осы бүлдіршіндерді көруге өзім келдім.
Бөбектерім, оқы ,ойна
Оқу,білім саған пайда
Кітабыңның шетін жыртып
Сияменен бояп қойма
Қолыңды жу,тырнағыңды ал
Болсын таза бет орамал
Мұнтаздай боп мектепке бар,
Сабақтан тек бестік ал!
Жүргізуі: Сәлеметсіз бе Мұғалім?!
Біз №42 «Айналайын» балабақщасынан ұшқалы жатқан түлектері боламыз.
Ортамызға қош келдіңіз біздің балаларымыздың дайындаған әнін тамашалаңыз.
Мұғалім: Балалар қараңдаршы мына менің қолымдағы ӘЛІППЕ бұл әліппені сендер ертең мектепте оқып алғаш білім нәрін бастайысыңдар.
Жүргізуші: Мұғалім біздің балалар ән жаттаған еді орындап берсін.
(Мұғалім әліппен мұқабасын балаларға таратып береді)
ӘН: «Кел балалар оқылық»
Балбөбек: Қандай тамаша! Балалар сендер мектепте тек қана әріпті, есептеуді ғана үйренбейсіңдер осы кітапты жақсы оқысаңыздар апайлар сендерге баға қояды сендер білесіңдер ме? Ендеше мен сендермен ойын ойнайын.
Балалар: ИЯ
«Кім қандай баға алады» (Сөмке, сандар)
Балбөбек: Жарайсыңдар балалар. Ендеше мен сендермен қоштасайын мектепте күтемін.
Сау болыңдар. (Шығып кетеді)
Еркебала: Балалар мен сендерден көп нәрсе үйрендім сендер әбден дайын екенсіңдер мектепке баруға мен де үйге барып анама сөмке алып бер дейіндеп (мұғаліммен бірге шығып кетеді)
Жүргізуші: Ендеше
Әлемге той деп бүгін жар саламыз.
Оқушы боламыз деп мақтанамыз,
Төрлетіңдер аналар, апайларым.
Сіздер үшін бүгін біз ән
саламыз.
Сүйікті балабақшамызға арнаған дей келе келесі кезекті тақпақтарға
берейік.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда
Жаманнан безуге
Жақсылық жасауға Бибі Мариям
Қамқоры ұл-қыздың
Тәрбиеші ол біздің
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан. Заңғар
Оқып білім аламыз.
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін Мадина
Бақшаны қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Ата-анам қуансын. Айым
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.
Жүргізуші: Біздің бүлдіршіндер тек ойын ойнап ән айтып қана қоймай би бе билей алады.Ендеше ортаға ер балаларымызды шақырамыз.
БИ: «Жаяу» биімен
Жүргізуші: Осында отырған қонақтар, ұстаздар бұнымен біздің балалардың өнері бітпейді. Ойын ойнап алайық.
Ән: «Тәрбиеші апайға»
Жүргізуші
: Қандай керемет ән, жүргімізді
толқытты.
Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны бөлекше
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.
Ендеше, біздіздер сағат тілін алға сырғтып көрнйік.
Шағын көрініс: «20 жылдық кездесу» Шағын қойылым
Ойын: «Мектепке қандай баға аласың?!» (Сөмке сандар)
Балбөбек: Жарайсыңдар, достар! Қандай керемет!
Біз қандай бақыттымыз!
Қазақстан атты үлкен, тату тәтті, бейбіт мемлекетте өмір сүріп жатырмыз! Біздің сабақты жақсы оқымауымызға, тентек болып өсуімізге, ата анамызды тыңдамауымызға құқымыз жоқ! Сендер «Жаңа Қазақстанның» бақытты ұрпағысыңдар! Ендеше,
«Бақшамызға мың алғыс» әнін бәріміз шырқап берейікші:
Ән: «Бақшамызға мың алғыс»
Тақпақтарымызға кезек берейік
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап Алия
Оқып, жазып үйрендік
Қызық күндер өткізіп
Балабақша бағында
Көп оқыдық, көп білдік,
Әдепті бала боп өстік
Ән салғызып, билетіп, Аяла
Ылғи бізбен жүреді
Тақпақтыды үиретіп
Ойнатады күледі
Қызық-қызық ертектер
Біздерге оқып береді
Жылауық та,тентек те
Сол апайға көнеді.
Балабақша бесігім Алимжан
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық
Үлкендердей тап-таза, Аминат
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Мейірім
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл-құшағы тым ыстық,
Балабақша бастапқы!
Бұнда жақын туыстық,
Бұнда жақын дос таптық.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!
Келесі кезекті Ақтөбе қалалық өткен « Ханзада Ханшайым» грамм при жүлдегерлеріне берейік «Тәтті ару» қойылымымен қарсы алыңыздар.
Мөлдір таза
сезімсің Д
Адина
Ең бақытты кезімсің
Анашымнан кейінгі
Жанашырым өзіңсің
Тәрбие берген ұямыз, Ахмад
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біріншіге барамыз.
Бірдей біздің ойымызда да сырымыз, Шахрият
Бір бақшаның ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік ойыншықтармен ойнадық.
Күліп-ойнап бірімізбен-біріміз.
Қызық күндер өткіздік, Нұрали
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік,
Ел мен Отан
жайында.
Бұл қуаныш себебін Д Медина
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын
Ардақтаған
ақылшы Иманали
Жүрегімде жатырсыз
Мейірімді жанарың
Маған өте жақынсыз
Балабақша базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақта,
Өз үйіміз сияқты. Аяулым
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін Жантөре
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Қош бол «Айналайын» бақшамыз
Естен кетпес есімің
Алғаш ашқан есігім
Оқимыз білім аламыз,
Мансур
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Жүргізуші: Қарашы, бүгінгі күн
қандай,
Қалайша қаласың нұрланбай?
Вальс билесе түлектер
Жер шары айналып тұрғандай!
Жүргізуші: Өтті қызық көп
күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
Ән: « Балалақ»
Жүргізуші: Игі істерге бастаған, баға жетпес жақсы адам
Балабақша меңгерушісінің
қызметін атқарушы Шугаева Нургуль Габитовнаға құттықтау сөз кезегін
береміз.
Осы мерекені әдемі бимен аяқтағалы тұрмыз. «Балапан» мектепалды тобының бүлдіршіндерін ду қол қошеметпен қарсы алыңыздар.
Би «Вальс»
Марапаттау сәті. Құттықтау сө кезегін балабақа мңгерушісі Шугаева Нұргүл Габитовнаға береміз.
Балалар балабақшаға деген ойыншықтарын табыстайды.
Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға беремін.
Жүргізуші: Қош балалар сәт сапар,
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар
Жүргізуші : Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін біздің балалар балабақшамызбен қимастықпен қоштасады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әр бала жарық жұлдыз

шағым қалдыра аласыз